Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛекцииТопонимика Казахстана каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.02 Mб
Скачать

Тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Ландшафттық топонимиканың зерттелу тарихына баға беріп, топожүйедегі рөлін анықтаңыздар?

  2. Орманды дала зонасының топонимдер топтамасы?

  3. Дала зонасының топонимикасы. Қазақстанның фитонимдер мен зоонимдер картасын құрастырыңыздар?

  4. Өсімдік және жануар атауларының табиғат зоналары бойынша таралуына сипаттама беріңіздер?

Қолданылған әдебиеттер

1.Молчанова О.Т. Проприальная номинация в свете когнитивизма//Вопросы ономастики.-2006.-№13.-С.718

2.Каймулдинова К. Топонимическая активность ландшафтных терминов Казахстана//ІV Жандаевские чтения. Проблемы экологической геоморфологии: матер. Межд. Науч.-паркт. Конф.-Алматы: Қазақ ун-ті, 2007.-С.233-235

3.Каймулдинова К. Топонимическая активность казахских ландшафтных терминов//Perspektywiczhe opracowania sanauka I technikami-2009: mater. V miedzynar. nauk.-prakt. Konf.-przemysl. Nauka I Studio, 2009.-Vol.8.-S.70.73.

4.Бондарь Ю.Н., Калуцков В.Н. Природные и культурные ландшафты в топонимии Кенозерского национального парка//Культурный ландшафт: Теория и практика: матер. Юбилейный науч. Конф.-М.: МГУ, 2003.-С.24-30

5.Калуцков В.Н. Ландшафт в культурной географии.-М.: Новый хронограф, 2008.-320 с.

6.Меркулов П.И. Концепция культурного ландшафта и становление представлений, об этнокультурном ландшафтоведении//Актуальные проблемы географии и геоэкологии.-2008.-№1

7.Викторов С.В., Чикишев А.Г. Ландшафтная индикация.-М.: Наука, 1986.-96 с.

8. Чибилев А.А. Лик степи: эколого-географические очерки о стенной зоне СССР-Л.: Гидрометеоиздат, 1990.-192 с.

9. Сапаров Қ.Т. Павлодар облысы ландшафт ерекшеліктерінің топонимдерде бейнелену дәрежесі. // Қаз.ҰУХабаршысы. География сериясы №1. Алматы, 2011. –3-8 бб.

10. Сапаров К.Т. Камкин В.А. Топонимика региона – как основа восстановления и развития ландшафтов Павлодарского Прииртышья. ПМУ «Кереку» баспасы, 2012. – 127 с.

Дәріс 12

Тақырыбы: Шөлейт және шөл зоналарының ландшафт ерекшеліктерінің топонимияда көрініс табуы

Жоспар:

1. Шөлейт өңірлер топонимиясы.

2. Шөл зонасының топонимиясы.

3. Қазақстанның шөлейт және шөл зоналарының фитонимдер мен зоонимдер топтамасы.

Сабақтың мақсаты: Шөлейт және шөл зоаналарының ландшафт ерекшеліктеріне байланысты топонимикалық кеңістігін зерделеу.

1. «Шөлейт» атауы географиялық эдебиетте кеңінен таралған. Шөлейт зонасы жіңішке жолақ түрінде Қазақстанның батысындағы Солтүстік Каспий маңынан Зайсан қазаншүңқыры мен Тарбагатай тауына дейінгі аралықты алып жатыр. Шөлейтті ландшафтарды А.Г. Исаченко «дала мен шөлдің ерекшеліктері үйлескен өтпелі ландшафт» ретінде сипаттайды. Мұның өзі шөлейттерде ландшафтылардың кеңістік қүрылымы ала-қүла, күрделі болуына негіз болады. Шөлейттің негізгі ландшафтылары батыста биіктігі 100-320 м аралығында болатын өзендермен тілімделген неогендік үстірттің бетінде қалыптасады. Ашық күрең топырақтарда таралған жусанды-астық тұқымдасты шөлейт өсімдіктерінің кеңістіктері мүнда күрделі кешен қүрайды. Әсіресе жусанның саралжын деп аталатын түрі айрықша кең тараған, оның таралу аумағы Батыс Қазақстан облысында 33 топонимде көрініс тапкан.Ойпатты жазық жағдайында өзендер көктемде күшті тасып, орасан үлкен аумақты су басады. Бұл Шыжың Жайылмасы, Дүре Жайылмасы, Балықты Жайылмасына тэн болады. Геоморфологиялык жағынан Солтүстік Каспий маңы ежелгі теңіздік аккумулятивті жазық болып табылады. Мұнда жер бедерінің сипатын бейнелейтін ой терминімен байланысты атаулар саны да біршама көп. Эолдық фактордың үлесі де біршама болғандықтан, мұнда шағыл, құм терминдерімен байланысты топонимдер тэн болады. Мысалы, Батыс Қазақстан облысындағы шөлейтті аудандарда 30-ға жуық шагыл термині негізінде қалыптасқан атаулар анықталды. Жалпы алғанда, даламен салыстырғанда өзен торы элсіз дамыған, ұсақ тұзды көлдер басым болады. Далалармен салыстырғанда эрозияның әлсіреуі, керісінше эолдық эрекеттің күшеюі, тұздану, карбонаттық үгілу қыртысының түзілуі, жерасты суларының минералдануы, ашық күрең топырақтардың басымдылығы - шөлейт ландшафттарының басты белгілері. Жем мен Сағыз өзендерінің алаптарында, даланың астық тұқымдас өсімдіктері жамылғыда жусанмен тең жағдайға ие болады; мұнда нағыз шөлейт орналасқан. Орталық Қазақстанда шөлейтті ландшафтылар Сарыарқадағы абсолютті биіктігі 300-400 м болатын тасты-қиыршықтасты жазықта қалыптасады. Шөл өсімдіктерінің шелейттікке ауысуын Қарсакпай үстіртінде көріп, сипаттаған Н.В. Павлов болатын. Бетеге, жіңішке жапырақты ксерофилді селеулермұыдаТерісбұтақозеніменСарыторғай-Жыланшықсуайрығында пайда бола бастайды. Шығыс Қазакстанда астықтұқымдасты-жусанды ландшафт Аягоз маңынан шығыстағы мемлекеттік шекараларға дейін созылып жатыр. Көкпек геоботаниктердің зерттеулері бойынша, шөлейтті кұбылыстардың индикаторы қызметін атқарады. Ол Үстірттен оңтүстікке қарай Сам құмдарына дейін таралып, шығысқа қарай жазық алкаптарда 45° с.е. бойымен өтіп, Орталық Тянь-Шань тауларына дейін көтеріледі. Белгілі қазақстандық геоботаник Б.А.Быков (1969) көкпектің шөлейт зонасында, сонымен қатар шолдің солтүстігіндегі сортаң топырақтарында таралғанын, доминанта осімдік ретінде «көкпекті жайылымдар» деп аталатын жайылым түрін қалыптастыратыны туралы жазған. Көкпекті негізінен күз бен қыста қой жейді, онімділігі гектарына 1-2 центнерге жетеді.

XX ғасырдың басында Жетісу аймағын зерттеген В.Н.Шнитников Лепсі уезінде тұзды көлдің кұрғаған орнында қалыптасқан сорды тұтасымен көкпек басып жатқандығына куэ болғаны туралы жазған. Сонымен, кекпек негізінен сортаңдар мен сор топырақгарда әсетін галоксерофитті өсімдік түрі болғандықтан, онымен байланысты атаулар негізінен шөлейттер мен шөлдердің сортаңды әңірлерінде шоғырланған. Осімдік жамылғысы шамамен 3000 км бойы шөлейттік кешеннің сипатын сактап қалатыны, осылайша ірі географиялық құбылыс мәртебесіне ие болатыны анықталған. Жер бедерінде жазықтар басым болғандықтан, оныңтеріс пішіндері (сай, өзек, ой жэне т.б.) мен оң пішіндері (төбе, тас және т.б.) міндетті түрде топонимияда өзіндік керінісін тапқан. Осыған мысал ретінде кейбір эндемик атауларды мысалға келтірейік. Жайық езенінің оң жак жағалауында Л///уа/;/ы топонимінің таралу ареалы анықталды. Мұнда 7 топоним тіркелді. Аңқаты атауы өте ежелгі топонимдердің бірі болып табылады. Кейбір деректер бойынша, бұл топоним ибн Фадланның 922 жылы жазған еңбегінде де кездеседі. Тіл зерттеушілері бұл атауды көне түркілік «ор, жыра, сай» мағынасындағы ац (ацца) сөзімен байланыстырады. Шындығында да, осы топонимнің шоғырланған ауданы өзен, КҮ-рғақ арналар тілімдеп жатқан, абсолютті биіктігі 200 метрге дейінгі жазық болып табылады. Осы тұрғыдан алсақ, топонимнің мағыналык жүктемесі жер бедерінің сипатымен байланысты деп топшылауға болады.Қазақстанның жазық бөлігінің оңтүстігін шөл лаидшафтылары алып жатыр, бұл зона республика аумағының 44%-ға жуығын камтиды. Шөлдің солтүстік шекаралары шамамен 47 және 48° с.е. аркылы отеді. ол батыстан шыгысқа карай 3000. солтүстіктен оңтүстікке қарай 900км-ге созылған. Ғалымдар шөл ландшафтыларын адам эрекетіне төтеп беруі жағынан тұраксыз деп бағалайды. Қазақстанда солтүстікжәне типтік шөлдер тараған. Төсеніш бетінің сипаты бойынша құмды, сазды, гипсті, тасты-қиыршық тасты шөлдер жіктеледі.Қүмды шөлдер аллювийлі, атыраулық жэне сирек жагдайда теңіздік құмдардан түзіледі. Басқа шөл ландшафтыларына карағанда, құмды шөлдер қолайлы су режимімен ерекшеленеді: мұнда бар болғаны 2-5 м тереңдікте ылғалды қабат жатыр. Нарын құмдары, Арал маңындагы кұмды массивтер, Мойынқұм, Балқаш маңы құмдары осы топтағы шөлдерге жатады. Қазақстандағы құмды шөлдердің ландшафт ерекшеліктерін олардың атауларындағы «ақ», «қара», «қызыл», «мойын» сөздері айқындай түседі.

Ақкұм Э.М.Мурзаевтың (1984) анықтауы бойынша, «өсімдіксіз сусыма, шағыл құмдар» болып табылады. Семантикалық тұрғыдан алғанда «ақ» анықтауышына қараганда, «ағу» етістігімен байланысты болады. Құмдардың сусыма, қозғалғыш болуы өсімдік жамылғысымен бекімеуімен түсіндіріледі. Дегенмен, Аққұмның пайда болуына табиғи факторлар ғана емес, антропогендік ықпал (малды шамадан тыс бағу, сексеуіл шоқтарын, бұталарды отау) да болуы мүмкін. Аккұм аталатын кұмдар өте үлкен аумақтарды қамтымайды, эдетте шағын жолақтүрінде таралады.

Қарақұм шөл типін білдіретін ландшафтылық термин ретінде «өсімдікпен бекіген кұмдарға» қатысты қолданылады. Қазақстанда ірілі-үсақты оншақты Қаракұм бар. Кейбір зерттеушілер Қарақұм атауы құмдардыңжалпы түсіне мүлде сэйкес келмейді, өйткені олар сарғыш қоңыр немесе қызғылт реңкте болатынын айтады. Балқаш жэне Сасықкөлдің аралығындағы Қарақұм туралы «... үсті өсімдікті болып келеді де, алыстан, көз жеткен жерден карайып көрініп жатады» деген мэліметтер бар. Осы деректер негізінде Қарақұм аталатын құмды өңірлер өсімдік жамылғысымен бекіген, кұм бетін өсімдік жауып жатқандықтан күңгірт болып келетін жерлер деп қорытынды жасаймыз.

Қызылқұм аталатын құмды өңірлердің аталымын көбінесе түспен байланыстырады. Ғылыми эдебиетте, саяхатшылардың жолжазбаларында құм атын түспен байланыстырганымен, эртүрлі бағыттағы ақпарат берілген. Е.К.Мейендорф бойынша, «Қызылқүм топырақтары сазды қызғылт жыныстар, олар кейбір жерлерде құм бетіне шығып жататыидықтан жалпы күмды Қызылкұм деп атаған». И.В.Мушкетов Қызылқұмның үштік дэуірдің құмтастарының бұзылуынан пайда болған қызғылт түсті құмдардан тұратындығын атап көрсеткен. В.Н. Масальский Қызылқұмның ерекшелігі ретінде «Қарақұмға қарағанда сумен жақсырақ қамтамасыз етілгенін, қактар мен құдықтардан басқа, бастаулар болуын» атайды. Біздің ойымызша, дэстүрлі геосимволикадағы оңтүстікті білдіретін «қызыл» ұғымы қазақ тіліндегі «қызу» етістігімен жаратылысы жағынан байланысты болуы мүмкін, сондықтан Қызылқұм шөліне қатысты «оңтүстіктегі ыстық құм» деген анықтама беруге болатын тэрізді. Қызылқұмның Қазақстан аумағындағы баска құмды оңірлерге қарағанда оңтүстікте орналаскандығы шол атауына түсінік береді.

Мойынкұм құмды өңірдің ландшафт ерекшелігін анықтайтын, метафоралықтиптегі атауға жатады. Қазақ халқында «мойын» жіңішке, енсіз географиялық нысандарға қатысты колданылады. Осы тұрғыдан алсақ, Мойынқұм - «жолақ түріндегі құм». Д.И. Яковлев (1941) қазақтардың жалды құмдарды Мойынқұм деп атайтынын хабарлаған. Е.П. Коровин Мойынқүмда ылғалданудың айрықша режимі эсерінен оңтүстіктегі құмдарға қарағанда, дефляцияның әсеріне онша ұшырамайтындықтан, бұл өңірдің жер бедерінде сусыма құмдардың маңызы онша еместігін атап корсеткен. К.М. Мыңбаев (1948) солтүстік шәлдер қатарына жататын Мойынқұмда жерасты сулары жақын орналасатынын, есімдік жамылғысының салыстырмалы түрде қалың болатындығына назар аударған. Ғалым Мойынқұмның енді бөлігінің жазық екендігін, ал шет жақтары құм қырқалартүрінде болатынын, қүдықтары 1,5-3 м тереңдікте орналасқан шұраттар тэн екендігі гуралы жазған. Осы деректер негізінде Мойынкұм аталған құмды оңірлер салыстырмалы түрде шағын аумақты қамтитын, табиғат жағдайы оңтүстік құмдарына қарағанда қолайлы болады деп қорытынды жасаймыз.

Құмды шөлдердің географиялық атауларыныңжиынтығы да озіндік ерекшеліктерге ие. Олардың бастыларын атап отейік:

  • Құмды шөлдерде «құм» терминімен байланысты атаулар тобы басым болады, бұл эсіресе оронимдер мен қоныс атауларында айқын байқалады.

  • Өсімдікпен бекіген құмды шөлдерді цоцыр, цара деп атайды, бұл терминдер Мойынқұмда, шағын құмды массивтерде географиялық атаулартоптамасынқұрайды,бекімеген сусыма құмдардың атауларында щ, цызыл анықтауыштары жиі кездеседі.

Құмды шөлдерде жер бедерінің оң пішіндері жал, цүмац, төбе, шагыл терминдерімен, ал ойыс пішіндері ой, цобы, өзек, сагі, түлей терминдерімен, кедір-бұдырлығы шоцат, шоцалац терминдерімен белгіленіп, географиялық атауларды құрауға қатынасады. Құмды шөлдерге тэн фитонимдерді негізінен жыңгыл, жиде, сексеуіл, жусан, көкпек: тораңгы, шагыр, шеңгел өсімдіктерінің атаулары калыптастырады. Құмды шөлдердегі жерасты сулары жақын жаткан аудандар шүрат терминінің катысуымен жасалған атаулар аркылы белгіленеді. Мойынқұмда Көкшұрат, Қыстык Қосшұрат, Өршұрат, Сарышұрат, Іленің төменгі ағысында Мыңшұрат деп аталатын қоныстар бар.Қазақстан шөлдеріндегі климаттың аридті сипаты жер бедеріыің дамуында (оның тұрақсыздығы, қозғалмалылығы) нақты көрінеді. Жер беті жэне жерасты ағындарының, желдің бірлескен әрекетінен тұнбалы тасындылармен толатын ойыстар, тақырлар, үстірттерде кездесетін ойыстар, ернектер қалыптасқан. Бұл жер бедерінің сипаты әсіресе гипсті шолдер тэн болатын Маңғыстау облысы аумағында айқынкөрінеді.Беткі тасындылардың қозғалгыштығы - шөл табиғатына тэн ерекшелік. Тасты жэне гипсті шөл жағдайындажазыкаумақтардағы жер бедерінің қалыптасуы сортаңдану, гипсті-ангидриттену жэне карстык процестер нәтижесінде жүреді. Сортаңдануды ғалымдар тез еритін хлоридті, сульфатты және карбонатты тұздардың сілтіленуі, миграциясы жэне жинакталуымен түсіндіреді. Бұл жағдайда жер бетіне шығып, жинақталатын тұздар ауа райының құбылуына байланысты біресе құрғап, біресе гидратацияға ұшырап тұратын тұздар тау жыныстарының ұсақ шаң жағдайына дейінүгеді. Аридті климат жағдайында жел әсерінен үрленіп, тасылып экетілген жыныстар жер бедерінің ойыс қана емес, дөңес пішіндерін де қалыптастырады. Шөлді аумақтардағы сақталып қалған калдык үстірттер айрықша төртбұрышты пішінге ие болады, "оларды түркі тілдес халықтар төрткіл деп атайды. Төрткілдердің таралу аймағы осы термин негізінде қалыптасқан атаулардың ареалымен анықталады. Маңғыстау облысыида осы терминмен байланысты 12 атау, Оңтүстік Қазақстан облысында 4 атау тіркелді.Әктастардан кұралған немесе құрамында басқа да карбонатты жыныстар бар үстірттерде гипсті ангидреггену эсерінен құргақ сульфитті сортаңдар - бозінген қалыптасады. Бозінген батыс өңірдің қазақтарыарасында«борбасжер, жауын-шашыынан кейін батпақболып жататын жер» деген мағына беретін диалект сөз болып табылады. Бұл кеуекті ақшыл гипстік құрылымдар эрозия мен дефляцияға төзімді. Бозінген таралған аумактардың шаруашылық маңызы жоқ болғандықтан, халықтопонимдерде белгілемеген.Карстық процестер Маңғыстаудың эктасты үстірттері мен Үстіртте айкын байқалады. Бұл өңірде карстық пішіндер қатарында үңгірлерді, дөнгелек ойыстарды жаткызуға болады. Олардың атауларының мағынасы кейде жергілікті диалектіліктер мен сөздерді талдау барысында ашылуы мүмкін. Осы ретте шел ландшафттарында қалыптасатын айрықша жер бедерінің микропішіні - көктемгі ағын эсерінен ойылған жыралар таралған жерлерді белгілеу үшін қолданылатын аң сөзін мысалға келтіруге болады.Диалектолог ғалымдар аң лексемасын оңтүстік және батыс қазактарында «шұңқыр, жыра жер; аққан судың күшімен ойылған жер» дегенді білдіретін диалектсөз ретіндетүсіндіреді. Осы дерек негізінде біз батыс өңірлердегі аң сөзі негізінде қалыптасқан атауларды зооним ретінде емес жер бедерінің жергілікті ерекшеліктерін көрсететін атаулар тобына жатқызуымыз керек деп есептейміз. Осы қатарға біз Аңкөл (қоныс, Атырау облысы), Аңдъщарасай (құрғақ арна, Маңғыстау облысы) топонимдерін жатқызамыз. Екі атаудың да гидроним болуы атаулар кұрамындағы аң созінің су эрекетімен байланысты құбылысқа қатысты екендігіне дэлел бола алады.Карстық шұңқырлар тараған аудандарда шүқыр (Шұқырой, қоныс, Маңғыстау облысы), жары(Қарынжарық, ойыс, Маңғыстау облысы), жергілікті диалект создер болып табылатын шойнақ (Ақшойнақ, қоныс, Маңғыстау облысы) негізінде қалыптасқан атаулар анықталды. Осы нысандар арасында эсіресе Қарынжарық ойысы козге түседі, ол Маңғыстаудағы ең ірі ойыс болып табылады, теңіз деңгейінен 70 м темен орналасқан оның ұзындығы 90 км-ге жетеді.Шол ландшафтылары жағдайында кез келген ойыс жер бедері топырақ ылғалының артуына, соның нэтижесінде ойыстарда қоршаған ортамен салыстырғанда неғұрлым қалың жэне биік осімдік жамылғысының қалыптасуына алып келеді. Бұл ойыс жер бедерінің сипаты атауларда ои, ойык терминдерінің катысуымен бейнеленеді, олардың құрамында жогарыда атаған себепке байланысты фитонимдер жиі кездеседі, ал эктасты жыныстардың таралуын ақ, бор онимдері анықтайды.