- •Тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •Тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •Тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •Тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •Тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •Тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •Көлдің тартыла бастауы
- •Көлдің тартылуы
- •Тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қолданылған әдебиеттер
- •Тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- •Тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •Тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
Батпақкөл,
Қарақамыс,
Сасықкөл, Толастар
Көлтабан, Қайраңкөл,
Қараңкөл, Үлкен Қосқұр, Қуқамыс, Құркөл
матос
Көлдің тартыла бастауы
Көлдің тартылуы
Көлдің
қалыпты даму сатысы Үлкенкөл,
Шалқар, Тұзкөл, Ұзынкөл
Сурет 3 - Көлдердің даму сатыларының лимнонимдердегі көрінісі
Көлдердің бұл циклдық өзгерістері көбінесе қайтымды сипат алады. Сол себепті көлдің қалыпты даму сатысын білдіретін Қаракөл, Қапшықкөл, Жалғызкөл және т.б. атаулар қазіргі кезде батпақ атаулары болып табылады. Бұл көлдің кейіннен батпаққа айналғандығын көрсететін дәлел болып табылады. Керісінше, Қалғыркөл, Үлкен Көлтабан, Үлкен Қосқүр атаулары қазіргі кезде дамудың қалыпты сатысындағы көлдерге тән. Мұның өзі бұл көлдердің бүрын тартылып, кейіннен қалпына келгендігінен хабар береді. XX ғ басындағы ғылыми-экспедициялық зерттеулердің мынадай деректері бар:
1) қазіргі Солтүстік Қазақстан облысындағы Алуа көлі XIX ғасырдың екінщі жартысында 50 жыл ішінде 3 рет тартылып, қайтадан суға толған, ал 1901 ж қайта қүрғап қалғанына 5-7 жыл болған (қазіргі кезде бұл тұзды көл ретінде сақталған);
2) қазіргі Солтүстік Қазақстан облысындагы Алабота көлі XIX ғ 70-жылдардың ортасында тартылып, кейіннен қайта суға толып, 1891 жылы қүрғауын қайта бастаған (қазіргі кезде ол ащы көл түрінде сақталған);
3) қазіргі Қостанай облысындағы Қойбағар көлі XIX ғ 30-жылдары тартылып қалып, ғасырдың ортасында қайта суға толған, ал 1891 жылдан бастап қайта тартылуын бастаған (қазіргі кезде бұл көл ретінде сақталган).
Әдетте тұзды көлдер тартыла бастағанда, алдымен сорға, кейіннен сортаңдарға айналады. Тұзды және ащы көлдер атауларында саумал, сор, тұз терминдері кездеседі. Түщы көлдердің тартылуы барысында суындағы органикалық қалдықтар жоғары температура әсерінен қарқынды түрде шіри бастайды, жағалаулары тартпа батпақтарға айналады. Осылайша томарлар қалыптасады. Шіріген органикалык қалдықтар судың жағымсыз иісін шығарады. Сол себепті деградацияға ұшырап жатқан кол атауларында сасық, камыс, қопа сөздері кездеседі. Жалпы алғанда, тұщы көлдер атауларында көл, томар терминдері басым болады. Бұл зонада Қазақстанның басқа зоналарымен салыстырғанда, батпақтар көп таралған. Олар негізінен кішігірім ойыстарды алып жатыр, тартпа батпақтар басым, кейбірінде органикалық заттардың шіруі әлі де қарқынды болғандықтан газ шығару жалғасуда. Батпақтардың осы ерекшеліктері олардың атауларында көрініс тапқан: мұнда Бұрқылдақ (Мамлют ауд.), 2 Былқылдақ (Жамбыл жэне Шал Ақын ауд.), Оппа (Шал Ақын ауд.), Шұңкыр (Мамлют ауд.), Қарасутомар (Шал Ақын ауд.), Сасықкөл (Тимирязев ауд.) батпақтары бар. Батпақтардың ауық-ауық құрғауы байқалатын аудандарда батпақ атауларында шалғын термині кездесетінін анықтадық: Нәншалғын (батпақ, Тимирязев ауд.), Кеңшалғын (батпақ, Мамлют ауд.).
Орманды дала зонасында жер бедерінің ойыс пішіндері («қазаншүңқырлар») 3 түрлі болады: құрғақ ойыстар - жарық, батпақты - томар, қысқа сай түріндегілері - өзектер. Шығыс бөлікте негізінен ойыс жер бедері жагдайында қалыптасатын шілікті батпақтар таралған, ал батыстағы жонды, салыстырмалы түрде айқын ажыратылатын жер бедері тән аумақта жарықтар жиірек кездеседі. Батпақты өңірлердің алғашқы түрі ылғалды ойыстарда өсетін ұсақ шілікпен байланысты болса, екіншісі салыстырмалы түрде қүрғақ, кедір-бұдырлы, шөптесін өсімдіктер тән болатын жарықтар түрінде болады. Орманды далада қыстың суық болуы, жерасты суларының салыстырмалы түрде жақын орналасауы жылым құбылысына себепші болады. Осы ерекшелік Солтүстік Қазақстан облысындағы Жылымды лимнониміне себепші болған. Орманды далаға орман мен даланын аралығындагы табиғат зонасы ретінде осы екі зонаның да ландшафтылық ерекшеліктері тән болады: орман массивтері далалармен кезектесіп келеді. Қазақстандық орманды дала Ресейдің еуропалык бөлігі мен Украина жеріне тән орманды даланың сипатынан айырмашылық жасайды. Бұл ерекшеліктер табиғи кешендердің барлық құрам бөліктерінде де айқын байқалады және жергілікті атауларда көрініс тапқан.
XX ғ. басында негізгі бөлігін орманды дала алып жаткан Петропавл уезінің табиғат жағдайларын шаруашылык мақсатта зерттеген орыс ғалымдары бұл аумақтың солтүстік-шығысын қайың шоқтары араласқан дала өсімдіктері басым екендігін, ал оңтүстік-батысқа қарай бұталы өсімдіктер араласатыны туралы жазған. Орманды алкаптардың таралуы топонимияда агаш (Басқараағаш, орман; Аралағаш, орман; Бояуағаш, қоныс; Бүйірағаш, коныс; Қараағаш, орман; Ұзын Қызылағаш, орман; Шұбарағаш, қоныс), дүм (Қапандүм, қоныс), қарагай (Берікарағай, қоныс; Қарағай, қоныс), кайың (Жарқайың, қоныс; Шолаққайың, қоныс), щоқ (Екішоқ, қоныс; Қарашоқ, орман; Шоккарағай, коныс) терминдерімен байланысты атауларда көрініс тапкан. Осы топтамадағы терминдер арасында агаш лексемасы басым еді. Мұны орманды далада дәстүрлі қазақ ортасында «ағаш» деп атайтын ұсақ жапырақты ормандар басым өсетіндігімен түсіндіруге болады. Ал қарагай сөзі мұнда тек нақты ағаш түріне ғана емес, жалпы қылқан жапырактыларға қатысты қолданылған деп пайымдауға толық негіз бар. Дегенмен, орманды далаға тән басым ағаш түрлері арасында қарағайдың орны ерекше болғандығын да ескеру кажет. Солтүстік Қазақстанға тән орманды дала ландшафтылардың жалпы көрінісін өсімдіктер жамылғысын сипаттайтын атаулар ғана емес, төсеніш қабат ерекшелігін бейнелейтін атаулар жүйесі де көрсетеді. Тас (Ақтас, коныс), жарық (Жарық, сай; Жарықкөл, коныс; Қосжарық, қоныс), бор (Борлы, коныс), жалаңаш (Жалаңаш, қоныс), қоңыр (Жаманқоңыр, батпақ; Жантыққоңыр, қоныс; Қатарқоңыр, қоныс; Кожакоңыр, батпақ), құм (Құмды, қоныс; Құмел, қоныс; Қүмтөккен, тау). шым (Өзекшым, қоныс), саз (Саз, қоныс; Сазсай, қоныс), сор (Сор, қоныс) терминдер орманды далаға тән ландшафт ерекшеліктерін сипатгайды.
Дала ландшафтыларыныц топонимикадағы көріністері туралы сөз козғамас бұрын дала ұғымының мазмұнына тоқталайык. Орыс және украин халықтарында «степь» сөзі (дал атерминінің орысша баламасы) XVII г пайда болды. Бұған дейін славяндар даланы «поле» (алаң) деп атайтын. Бұл екі термин ұзак уақыт бойы қатар қолданыста болды. Бірнеше ғасырлар бойы «степь» деп аталатын ғаламдық құбылыс туралы қалыптасқан ұғымдарды XIX ғ басында А.Гумбольдт қорытып, даланы айрықша географиялык кеңістіктер ретінде «Воззрение на природу с научными пояснениями» деп аталатын еңбегінде сипаттаған болатын. Жалпы алғанда, дала ландшафтыларын сипаттаған кезде нені алдымен ескеру керек екендігі ғалымдар арасында талас тудырған болатын. Геоботаникалық бағытты ұстанғандар даланың негізгі белгісі ретінде өсімдік сипатын атайды. Бұл бағыттың негізін салған Қазан университетінің ботаника және зоология профессоры Э.А. Эверсманн болатын. Ғалымның 1840 жылы жарық көрген «Естественная история Оренбургского края» еңбегінің 1-томында дала ұғымына анықтама беріледі; дала ретінде тек кана аласа өсімдіктер өскен, кең-байтақ, салыстырмалы түрде тегіс және құрғақ кеңістік сипатталған.
Ғалым далада бұталы өсімдіктердің кездесетінін,бірақ дала ұғымына орманның мүлде болмауы тән екендігін атап көрсеткен, сонымен қатар селеу өскен далада астық дақылдарын өсіру мүмкіндігі жоғары екендігін жазады. Осы бағытты ұстанушы Е.М. Лавренко кейіннен даланың өсімдік жамылғысы «ксерофильді көпжылдық шөптесін өсімдіктердің басым болуымен» ерекшеленетінін атап көрсеткен болатын. Сонымен, геоботаникалық бағыт ұстанушылар дала зонасы деп табиғи өсімдік жамылғысында осындай өсімдік типі басым болатын зонаны атаған. Дала сипатын анықтауда ландшафтылық бағытты ұстанушы ретінде көзге түскен А.Н. Красновтың аныктауынша, дала - әртүрлі климаттык белдеулерде таралған, шөптесін өсімдіктер өскен ашық кеңістіктер. Ғалым шөптесін далалардың кеңістік таралуына жер бедері әсер ететінін, ал жалпы сипатын климат анықтап беретінін атап көрсетті. А.Н. Красновтың анықтамасына Л.С. Бергтің дала туралы пікірі ұксас болды. Л.С. Берг даланы «салыстырмалы түрде тегіс, ормансыз, су баспайтын, батпақтанбаған, кара топырақтарда вегетациялық мерзім бойы азды-көпті шөптесін өсімдіктер басып жататын кеңістіктер» ретінде сипаттады. Бұл жағдайда А.Н. Краснов та, Л.С. Берг те даланы өсімдік типі емес, табиғи географиялык ландшафт ретінде қарастырған. Біз осы екінші бағытты ұстанушы ғалымдардың концептуалдық маңызы бар анықтамаларына сүйене отырып, дала зонасын ландшафтылык құрылым тәрізді танып, ондағы ландшафт ерекшеліктерінің топонимикалық көріністеріне тоқталатын боламыз.
Қазақ даласы туралы ұғымды 1856 жылы осы аумақта болған орыс ғалымы П.П. Семенов-Тян-Шанский нактылай түсті. Ғалымның Семей және Жетісу облыстарындағы дала келбеті Есіл мен Бараба, Ресейдің оңтүстігіңдегі далаларға мүлде ұқсамайтындығы, мұнда дала өсімдіктерімен көмкерілген порфирлерден түзілген шағын тау топтары мен бұйраттардың, ірілі-ұсақты сортаңдардың кездесетіндігі жайлы ақпараты қазақ даласының ландшафтылық ерекшеліктерін айкындауга негіз болды. Дала терминінің орографиялық жағдайға катысты семантикалык жүктемесі тауалды жазықтарына қатысты қолданылады. Шөл және шөлейт зоналарында орналасқанымен,батыс пен оңтүстіктег іаллювийлі, пролювийлі жазықтар мен Сарыарқадағы шоқылар аралығындағы жазык кеңістіктердің атауларында осы терминмен байланысты атаулар топтамасы анықталды.
Кесте 7 – Дала термині негізінде жер бедерін сипаттайтын атаулар
Атау |
Нысан түрі |
Жиілігі |
Орны |
Ақдала |
қоныс |
24 |
Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары |
Алтындала |
қоныс |
2 |
Алматы облысы |
Байдала |
қоныс |
1 |
Қарағанды облысы |
Баладала |
қоныс |
1 |
Жамбыл облысы |
Дала |
қоныс, құдық, төбе |
3 |
Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстары |
Бетпақдала |
географиялық аймақ |
1 |
Жамбыл, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстары |
Боздала |
аңғар, қоныс |
2 |
Қарағанды облысы |
Жазықдала |
қоныс |
1 |
Қарағанды облысы |
Жамандала |
қоныс |
1 |
Оңтүстік Қазақстан облыстары |
Жусандала |
дала |
1 |
Алматы, Жамбыл облыстары |
Көкдала |
қоныс |
6 |
Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары |
Көкпекдала |
қоныс |
1 |
Алматы облысы |
Қызылдала |
қыстау |
1 |
Алматы облысы |
Сарыдала |
аңғар, қоныс, қыстау, тау, төбе |
10 |
Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары |
Сексеуілдала |
дала |
1 |
Жамбыл облысы |
Сордала |
қоныс |
2 |
Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстары |
Тегісдала |
қоныс |
2 |
Қарағанды облысы |
Тұздала |
қоныс |
1 |
Жамбыл облысы |
Ұзындала |
қоныс |
1 |
Қарағанды облысы |
Шөлдала |
қоныс |
3 |
Жамбыл облысы |
