Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛекцииТопонимика Казахстана каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.02 Mб
Скачать

Тексеруге арналған сұрақтар:

1. Ландшафттық топонимикалық карталардың рөліне баға беріңіздер?

2. Көне карталардағы географиялық атаулардың көрінісін анықтаңыздар?

3. Картографиялық әдістердегі топонимдердің жазылуына мән беріңіздер?

4. Топонимикалық зерттеулердегі картографиялық әдістердің қолданылуын карта жүзінде анықтаңыздар?

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Каймулдинова К.Д. Қазақ топонимдерінің этноэкологиялық негіздері. (оқу құралы) – «Ғылым» Алматы, 2001, 92б.

  2. Макшеев А. Географические сведения Книги Большого Чертежа о Киргизских степях и Туркестанском крае // Записки ИРГО по отд. Этнографии, т.6., отдел ІІ. – Спб., 1880. С.1-41.

  3. Макшеев А. Карта Джунгарии, составленная Ренатом 1716 – 1733гг //Записки РГО по отдел. Общей географии том ХІ, 1888. – с. 105-145.

  4. Артықбаев Ж.О., Ерманов А.Ж., Дауенов Е.Н. Орта Ертіс өңірінің топонимиялық мәселелері. Павлодар, «Алтын кітап», 2006. – 151б.

  5. Усов Ф. Статистическое описание Сибирского казачьего войска. Спб., 1879. С.46.

  6. Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений: в 5т. Алма-Ата.: Главная редакция казахской советской энциклопедии., 1984. – т.4 – 460с.

  7. Поспелов Е.М. Топонимика и картография. М: Мысль, 1971. – 255с.

  8. Малявкин А.Г. Историческая география Центральной Азии (материалы и исследование), Новисибирск: Наука, 1981. – 336с.

Дәріс 7

Тақырыбы: Табиғат жағдайларының топонимдердегі бейнелену дәрежесі

Жоспар:

1. Табиғат жағдайларында топонимдердің бейнелену жағдайлары.

2. Орографиялық атаулар.

3. Орографиялық терминдер топтамасы.

Сабақтың мақсаты: Топонимдердің табиғат жағдайларындағы бейнелену ерекшеліктері мен заңдылықтарын анықтау.

1. Тарихи уақыт аралығында жануарлар мен өсімдіктердің жеке түрлерінің біртұтас ареалын анықтау, ландшафт өзгерістерін зерттеу, табиғат пен табиғи ресурстарды қорғау, қазіргі кезеңдегі адамзат алдында тұрған басты мәселелердің бірі болып табылады. Бұл мақсатта ғылыми зерттеуде әр түрлі әдістер қолданылып, соның ішінде топонимиялық әдіске қызығушылық артып келеді. Нақты тарихи кезеңде және табиғи ортада қалыптасқан қандай да болмасын географиялық атаулардың көпшілігі жергілікті жердің физикалық – географиялық ерекшеліктерін құнды тарихи мәліметтермен сипаттайды. Кез келген аймақтың топонимиялық жүйесінде жергілікті табиғат ерекшеліктерінен хабар беретін атаулар тобы көрнекті орын алады. Физикалық – географиялық нысандарды атауда халық ең алдымен табиғат жағдайларының шаруашылық үшін маңызына қатысты белгісін таңдап алады. Бұл жөнінде проф. В.С.Жекулин былай деп жазады:»географиялық атаулар өзінің семантикасы жөнінен утилитарлы». Олар сан ғасырлық шаруашылық әрекеттің нәтижесінде қалыптасатын табиғатқа деген көзқарасты бейнелейді. Қазақтың географиялық атаулары жергілікті жердің бедері, ландшафт, тау, шың, жағалаулық терассаның геоморфологиялық құрылысын бейнелеп көрсетеді. Көпшілік терминдер Қазақстанның жер қойнауындағы пайдалы қазбалары, өсімдік және жануарлар негізінде пайда болды. Сондықтан қазақтың географиялық терминдерін оқып білудің халық шаруашылық маңызы бар.

Көшпелілердің күн көрісіне жергілікті жердің табиғи жағдайы: жер бедері элементтері, гидрография және климат ерекшеліктері, өсімдік жамылғысының құрамы және жабайы аңдар септігін тигізген. Табиғат жағдайларын бейнелейтін географиялық атауларды топтастырудың топонимиялық, тарихи – географиялық зерттеулер үшін маңызы зор. Қазақстан топонимиясында бұл мәселе тіл мамандары зерттеулерінде қозғалған. Е.Керімбаев: «географиялық апеллятивті топонимдерде географиялық ортаның жан – жақты белгілері, қоғамның рухани, шаруашылық өмірі бейнеленеді» – деп жазады. Сонымен табиғи – географиялық ортаның бейнеленуі тек қана апеллятивті, географиялық лексика деңгейінде емес, ономастикалық, яғни топонимдер деңгейінде қалыптасып пайда болады екен. Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуына, жерінің кеңдігімен бірге қолайлы географиялық орта яғни табиғат жағдайлары ықпал етті.

Гидронимдер жүйесінің байлығы көшпенді шаруашылықтың табиғи су көздеріне деген сұраныстарынысымен анықталады. Судың қажеттілігі мен жетіспеушілігі су нысандарының қасиеттеріне қарай терең танып жіктеуге себепші болған. Қазақ халқы өзен, көл, бұлақ, құдықты жер бедері, айналасындағы өсімдік және жануарлар дүниесі, ағыстың жылдамдығы, тереңдігі, ұзындығы, көлдер: пішіні, ащы – тұщылығына, бұлақты суының қозғалысы, қасиетіне т.б. белгілеріне қарап ажыратқан. Табиғат жағдайларының сан түрлігі, ландшафт ерекшеліктері, өсімдік жамылғысының сипаты және т.б. , мал шаруашылығы үшін маңызды рөл атқарған. Өсімдік жамылғысының зоналық таралу ерекшеліктері оны пайдаланудың маусымдық жүйесін қалыптастырды. Көшпелі мал шаруашылығымен шұғылданған қазақтар осы өңірдің табиғи жағдайына бейімделе отырып, төрт түлік малды өсіруге қолайлы екеніне, қандай түлікке қай шөптің жұғымды болатынын ертеден аңғарған. Жылдың қай мезгілі болсын, ландшафттық ерекшеліктеріне байланысты төрт түлік жағдайына дұрыс баға беріп, өсімдік жамылғысының экологиясына нұқсан келтірмегені анық. Пайдалы қазбалардың жергілікті топонимдерде бейнелеуінде, тарихи – археологиялық және геологиялық негіздеме бар. Сан ғасырлар бойы халқымыз табиғат аясында тіршілік етіп, тұрмыс құра жүріп, оның сан алуан құпия сырларына көңіл бөлді және қазақ халқының мінез құлқы оны қоршаған ортаға кең далалық кеңістікке, географиялық жағдайға, баққан малға, оның шаруашылығына байланысты қалыптасты. Әртүрлі жағдайларының ерекшеліктерін ескере отырып, қазақ халқы мал басының неғұрлым тиімді түріне көңіл аударған.

Мал шаруашылығымен айналысқан жергілікті қазақтар жылқы мен қойға ерекше мән беріп, түйе мен сиыр өсіріп, дәстүрлі мал шаруашылығының дамуына біршама ықпал етті. Қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығын жүргізу ерекшеліктері географиялық атауларды көрініс тапты. Бұл тұрғыдан алғанда «шаруашылықты ұйымдастыру» шеңберінде халықтың көшіп – қонуы, маусымдық қоныстар мен жайылымдарды пайдалану ерекшеліктері ескеріліп, топонимдерді, маңызды сипаттармен толықтырып отыр. Жергілікті жерде шаруашылықты жүргізуде, қазақтардың көшпелі өмір бейнесі, қажетті табиғат ерекшеліктерін пайдалануда бақылау өзгешелігін біршама дамытты. Жергілікті жердің табиғи отасына бейімделу арқылы жер бедерін, климат ерекшеліктерін, су көздерін анықтау, өсімдік жамылғысы, жайылымдардың егжей – тегжейлін біліп пайдалануда қазақтардың көшпелі өмірі ықпал жасады. Табиғат жағдайының қолайсыздығынан туындайтын қауіп – қатерден малды аман алып қалуда ландшафт ерекшеліктерін белгілеу арқылы жүзеге асырды. Көшпелі мал шаруашылығын ұйымдастырудың өзі жер бедерін ажыратып, бір орыннан екінші орынға көшу барысында ерекше жер бедері пішіндерін бағдарлаушы нүктелер ретінде таңдап алуға негіз болды.

Осы аталған факторлар әсерінен қазақ орнимиясы күшті жіктелген, метафораларға бай, жергілікті ландшафт ерекшеліктерін дәл бейнелейтін атаулардан тұратын жетілген жүйе ретінде қалыптасты. Яғни, Қазақстан оронимдері мен орографиялық терминдерінің шығу төркіні мен пайда болуы, дамуына тұрақты түрде әсер етуші факторлар – географиялық орта мен қазақ этносының көп ғасырлық мәдени – тарихи, шаруашылық кәсібімен тікелей байланысты көшпенді өмірі және де халықтың экономикалық – шаруашылық әлеуметтік – мәдени тірлігінің жер шаруашылығы, ескі дін және т.б. себеп болды деуге болады. Оронимдер құрамындағы терминдер жер бедерінің жіктелу сипатын дәл бейнелейді: бұл мәліметтер табиғатты пайдалану барысында маңызды рөл атқарды. Су қорларын қорғау дәстүрі ерте заманнан бастау алады, көне заманның өзінде халықтар табиғат қорының сарқылатынын білгеннен кейін, табиғаттан тек қана ала бермей, оның орнын толықтырып, қайтадан қалпына келуіне көмектесу керектігіне көздер жеткен. Қазақ халқында халықтық табиғат қорғау дәстүрі ертеден сақталған. «Елім бай болсын десең, жеріңнің бабын тап» деген халық мақалын есте ұстаған ата – бабамыз күзеуге, көктеуге, жайлауға және қыстауға көшіп, қонысын аударып отырған. Қоныстарды бөліп, орын ауыстырудың негізгі себептері, табиғат қорларын қорғап, табиғи ортадағы экологиялық тепе – теңдікті бұзбаған.

Қазақ халқының табиғатты пайдалану, мәдени – шаруашылық дәстүрлерінің, мәдениеті, өзіндік сипатының қалыптасуы қоршаған мекен ортасындағы мүмкіншіліктерді пайдалану барысында жүрді. Қазақтардың көшпелі мал шаруашылығын талдау барысында оның дәстүрлі қазақ қоғамы үшін адаптацияның (бейімделу) барынша жетілген формасы болғандығын айтуға болады. Географиялық фактордың адаптациямен байланысы биологиялық сатысында ғана емес, әлеуметтік – экономикалық даму барысында да айқын ажырытылады. Әрбір қазақ руында өзінің белгілі көшетін жолы бар. Оның бағыты тек топырақ және климат жағдайларына емес, рулық қатынастарға байланысты болады. Жазғы жайылымнан қазақтар күздеуге орын ауыстырған, ал қараша айында қысқы қонысқа (қыстау) көшіп барып күн жылынғанға дейін (наурыз, сәуір) сонда тұрған. Табиғи ортаға нұсқан келтірмей, меридиандық бағытта көшіп, жайылымның өнімділігін арттыруы, маусымдық экологиялық сипат негізінде туындаған.

Жазғы жайылым үшін шұрайлы шөбі мен тұщы суы мол өзен – көл, бұлақ маңы таңдап алынады. Мал жайылымы мен шабындықтар жер бедеріне литологиясына, климатына, сулылығына және ондағы өсімдік жамылғысының сипатына қарай, маусымдық ерекшелікке ие болған әртүрлі малдың қажеттілігіне қарай жіктеген. Жайылымдық атаулар, көшпелі қазақ халқының көп жылдық тәжірибесі негізінде қалыптасып отыр. Аумақтың табиғат жағдайлары ерекшеліктерін жетік білетін қазақ халқы жайылымдарға ат қою (номинация) принципі арқылы ажыратып, жайылымдарды әр малға тиімді түрлік құрамын анықтағанын аңғаруға болады. Жайылымдық терминдер арқылы фитонимдер мен ландшафт ерекшеліктері жөнінде мол ақпарат алуға болады. Уақыт санатында жергілікті табиғат жағдайлары өзгеріске ұшырағанымен топонимдер құрамында кездесетін жайылымдық терминдер ландшафт ерекшеліктері туралы толық мәлімет бере алады. Мал шаруашылығының көшпенді сипаты, жайылымдардың пайдалану ерекшелігі жергілікті топонимдерде көрініс тапты.

2. Орографиялық жағынан Қазақстан аумағының оңтүстік-шығыс бөлігінде орта және биік тау жүйелері (Тянь-шань, Сәуір-тарбағатай, алтай, Орталық бөлігін аласа таулы ұсақ шоқылы, денудациялық жер бедері (Сарыарқа, Шу, Іле таулары)). Оңтүстік-батысы мен батыс бөліктерін ойпатты жазықтар, Каспий маңы, Тұран ойпаттары. Солтүстік пен солтүстік-шығысын жазықтар (Батыс Сібір жазығы) алып жатыр. Жаратылысы, көнелігі қалыптасуы жөнінен бір-бірінен өзгеше болып келетін орографиялық бірліктегі жер бедері алуан түрлі болады. Жер бедерінің пішіндерінің әркелкілігі орографиялық терминологияның мейлінше бай болуына алғышарт жасады. Көшпелі мал шаруашылығын жүргізу өзі жер бедерін жақсы ажыратып, бір орыннан екінші орынға көшу барысында ерекше рельеф пішіндерін бағдарлаушы нүктелер ретінде таңдап алуға негіз болады.

Қазақ оронимдер құрамындағы терминдер рельефтің жіктелу сипатын нақты бейнелейді. Сонымен, қазақ тілінде жер бетіне ат қоюының (номинация) өзіндік ерекшеліктері бар. Сарыарқада салыстырмалы түрде биік тауды Ұлы, Сораң (биік, ұзын), Қарқара деп ерекшеленеді. Орташа және биік таулардың шыңдары тас, шоқы сияқты терминдермен белгіленеді. Ұлытау атауының этимологиясы жөнінде мынандай деректер бар: қырғыздардың (пікірінше) қырғыз даласындағы барлық таудан биіктігі асып түсетіндіктен айтылады. Дегенмен, Ұлытау (1133 м) Сарыарқаның батысындағы ең биік тау болғанымен, басқа таулы аудандар үшін аласа тау қатарына жатады. Сарыарқа аталған бұл аймақ Құрбанғали халиди «Тауарих-Хамса-и-Шилхи» атты еңбегінде (шығыстың 5 қаласының аты) Қазан қаласы, 1913ж. Алтай тауынан Оралға дейін ұзындығы 2500 шақырымнан артық келеді де, екі салаға бөлініп, сонымен қатар өзара тау елі ой елі деп аталады. Сарыарқанаң шығыс және солтүстік жағындағы таулардың ең биік саналатындарының бірі Қарқаралы, Ұлытау, Баянаула, Көкшетау, Оқжетпес, Ерейментау, Қызылтау, Қызылрай, Шыңғыстау т.б.

Орал тауының Қазақстанға енетін бөлігі қалдық массивтер қоршаған ойпаттардан ерекшелігіне байланысты тау терминімен сипатталады. Мысалы, Қарғалы тау, Текетау, Қызбел тау, Қоңыр тау, Жылан тау т.б. Керісінше, биік таулы аудандарда аласа, орташа биіктігі атулардың өзі «төбе» терминімен белгіленеді. Тауалды жазықтар мен биік жазықтардың аттарында «дала» термині жиі кездеседі. Бетпақдала, Жусандала, Ақдала. Бұл заңдылықты халықтың тау мен жазықтың арасындағы жер бедерінің айырмашылығын нақта мақсатын көздеумен түсіндіруге болады. Жазық далаларда оқшау тұрған биіктерді әрқашан «қара» терминімен байланысты атаулар қояды. Қарауыл шоқы төбелер арасындағы бағдар алу жаудың келе жатқанын алдын ала хабарлау мақсатында қойылған деуге болады.

Оронимдерде түсті білдіретін атаулар көп жағдайда шындығында тауды құрайтын тау жыныстарының түсімен тікелей байланысты болады. Қызылтау, Ақбет, Ақшоқы, Қаратау т.б. пайдалы қазбалар, яғни тау жыныстарының түсі оларға өзіндік сипат берді деуге болады. Мысалы, Көксай (көк – таза, геологтардың пайымдауынша, «көк» - компоненттері бар оронимдер мыс рудаларының бар екендігінен хабар береді. Ал кейде басқа ұғымғы сәйкес. Мысалы, Көкшетау – таудың көкшіл тартып көрінуінен, ал екіншіден, көк аспан таласқан биіктігіне байланысты болуы керек).

3. Әрбір аумақтың өзіне тән орографиялық терминдері болады және халық тілінің өзіндік ерекшеліктеріне ие. Мысалы, қолат, қорым, құз, қуыс, қия, мүйіс (мыс), өзек, ой, ойпаң, ойпат, өлке, ор, өр, сала, сарыдала, сахара (Қазақ сахарасы), сеңір (биік), доңғал, дөң, дөңес, дала, далашық, жазық, жапандала, жартас, жыра, жыраша, даңғар (биік), қапшағай, қапсағай, қатпар, кезең, кемер, қобы, бұлтақ, бұдыр, даба, дабан, индер (биік), ола, рай (Қызылрай), толағай, хамар, хамур (монғол-қалмақ сөздері), аңғар, алқап, адыр, айыр, айрық, сырт, тақыр, тарам, тарау, арт, асу, байтақ дала, байыр, атанақ, айя, ылди, ық, шыдырман, шырым, шың, шұрат, шүйгін, шұқыр, шұңқыр, шұқанақ, сораң, суағар, көтерме, құлама, құлау, қыспақ, жайылма, жар, жарық, жартас, жырық, қағыл, бүгелме, бөктер, боз, көгал, қоңыр, қоңырқай, көк қара, борбас, борпық, тас, төмпей, төмпешік, томар, төбе, теріскей (солтүстік), тепсең, тебін, шабарты, айдала (сайын дала), алаң, алаб, ала тамыр, алқап, аңыз, былқылдақ, шөл, шөлейт, шақат, шоқы, шиір, шет, шаңырақ, шалғын, шоқат, шабынды, үстірт, үрме, үңгір, үйік, түрме, тұмық, бидайық, бұтақ, арқа, тастақ, шат, биік, ашық, тау, сандықтас, сандықтау, балақ тау, төс, төскей, бауыр, өртең, қорған, қорық, көкорай, жайлау, отар, сопы. Құрамында үй-мүлкіне киім-кешек, жалпы алғанда, тұрмыс тіршілікті бейнелейтін топонимдерде керегетас, босаға, есік, шаңырақ тас, үй-дене, емел, етек, сандық, кебеже, қарқара т.б. сөздермен қалыптасқан оронимдер қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін сипаттайды. Көрсетілген оротерминдердің көпшілігі жайылымды жерлерді анықтап, кейде гидроним қызметін атқарады. Мысалы, кемер, сай, құлама, айыр, айрық т.б. Жайылым мен топырақ түрін анықтайтын тлопонимдер құмды дала, топырақ т.б. орографиялық терминологияның қалыптасуында маңызды рөл атқарады.

Кесте 3 - Топонимдер құрамындағы орографиялық терминдердің таксономиялық топтамасы

Жер бедері кластары

Жер бедері типтері

Жер бедері тип тармағы

Кең таралған терминдер

Таралу ареалы шектеулі терминдер

1

Жазықтар

Акумуляциялық жазықтар

Теңіздік аккумуляциялық

Қара, қызыл, ой,сай, сор, тау, төбе,түп,шағыл

Дөн,жота, қыл, оба, тайпақ, шоқы, шошақ, шың

Көлді-аллювийлі

Алаң, батпақ,ой,сай,сор,шұңқыр

Асар,жарық, құм, оба, тұз, шат.

аллювийлі

Байтақ, дала, жон, ой, ойык, қопа, шұңқыр,

Асар, құмақ, табан, шоқат

пролювийлі

Адыр, бас, бауыр, дала, жазық, жон, қара, қыр, ой, өзек

Бөктер, жайма, етек, қаңқай, шойырылма

эолды

Домбақ, жал, қоңыр, құм, төбе, шағыл, шоқат

Асар, байыр, жар, құмақ, тұран, шошақ

Денудациялық жазықтар

құрылымдық

Бел, жазық, жон, ой, тақыр, тау, төбе, шағыл, шоқы

Адыр, қия, қолқа, оба, төбе, төрткүл, шоңғал

Мүсіндік

адыр, дала, жал. сай, тас

Нұра,серек, шат

2

Төбелер,ұсақ, шоқылар

Тектоникалық

Биік, дің, жартас, қара, қия, қызыл, сеңгір, сораң, төбе, шақпақ, шат, шошақ

Биік, дің, жартас, қара, қия, қызыл, сеңгір, сораң, төбе, шақпақ, шат, шошақ

Домбақ, көктас, саяқ

Денудациялық

Адыр, бұйрат, жал, жартас, керегетас, қойтас, қоңыртас, найзатас,,сеңгір, серек, сораң, шоқы

Адыр, бұурат, жал, жартас, керегетас, қойтас, қоңыртас, найзатас, сеңгір, серек, сораң, шоқы

Доғалаң, қойнақ, қылы, қыр, тұқыл, шат

эрозиялық

Адыр, жар, қара, қыр, қырқа, мойын, оба, тау, төбе, шоқы, шолақ

Кемер, қабақ

3

Таулар

Аласа таулар

Адыр, арқалық, бас, бел, жар, қара, қыр, қырқа, мойын, оба, тау, төбе, шоқы, шолақ

Домбақ, мойнақ, нұра, сеңгір, серектас, сораң, тақыр, төрткіл, шошақ

Орташа таулар

Бел, жота, кезең, саты, тас, тау, текше, тұмсық, шоқы

Қайқаң, қия, оба, қобы, мұрын, нұра, ой, сандық, шошақ, шұқыр

Биік таулар

Асу, жота, кезең, керегетас, тау, төр, шақпақ, шоқы

Тексеруге арналған сұрақтар:

1. Табиғат жағдайларында топонимдердің бейнелену заңдылықтарын анықтаңыздар?

2. Орографиялық атаулардың басқа түрлерімен салыстырыңыздар?

3. Орографиялық терминдер топтамасындағы басқа тілден енген терминдерді топтастырыңыздар?

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Қонкашпаев Г.К. Словарь казахских географические названий. - Алма-Ата: Изд-во АН КазССР, 1963. – 185 с.

  2. Мадиева Г.Б., Иманбердиева С.К. Ономастика: зерттеу мәселелері. -Алматы, 2005. – 240 б.

  3. Поспелов Е.М. Топонимика и картография. – М: Мысль, 1971.-255с.

  4. Маргулан А.Х Джезказган – Древний металлурческий центр // В кн.: Археологические исследования в Казахстане. – Алма-Ата, 1973. – С. 5.

  5. Мурзаев Ә.М. Очерки топонимики. - М: 1974. – 382 с.

  6. Достай Ж., К. Мәмбеталиев. Қазақтану және топонимика. Қазақтану өрісі: оқу құралы. / ред. Басқарған Ж. Молдабеков. - Алматы: Қазақ университеті, 2005. – 204 б.

  7. Каймулдинова К.Д. Топонимика. -Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. -336 б.

  8. Сапаров Қ.Т. Павлодар облысының топонимикалық кеңістігі. –Павлодар: «ЭКО» ГӨФ, 2007. -308 б.

Дәріс 8

Тақырыбы: Гидронимдердің табиғат жағдайларында бейнелену дәрежесі

Жоспар:

1. Гидронимиялық ақпарат және гидрографиялық терминдер жүйесі.

2. Гидронимдік индикатор терминдер. Патомонимдер, лимнонимдер.

3. Көл және гелоним (батпақ атаулары). Микрогидронимдер.

4. Қазақстанның жайылымдық терминдері мен атаулары.

Сабақтың мақсаты: Гидронимдердің табиғат жағдайларындағы ерекшеліктері мен заңдылықтарын қарастыру.

1. Қазақстан топонимдері әр уақытта қамтылып, әртүрлі тілден еңген. Монғол; қалмақ, араб, иран, түркі, фин-угор, славян тілі негізінде пайда болған оронимдер мен гидронимдер қаншама? Өткен дәуірде Қазақстанның табиғаты мен климаты қазіргі қарағанда әлдеқайда ылғалды, өзеннің суы мол болған. Ертеден ата-аналарымыз көбінесе қазіргі Арал теңізінің солтүстік-шығысында, яғни Жетісу өңірін Қостанай мен Торғай аралығы көлдер ақлқабын, сол сияқты Ертіс, Тобыл, Есіл, Каспий теңізінің маңындағы Жайық, Жем, Сағыз, Ембі, Сарысу, Шу өзендерінің жағалауында мекендеген. Осыған орай біздің Ертіс өзеніміздің бойында қимақ тайпаларының орын теуіп, олардың көшіп-қону жолдары және олардың қалалары болған. Оны араб жазбалары аль-Идриси, парсы Гардизи еңбегінде жазылған баламасын Б.Е.Көмеков өзінің еңбегінде атап көрсеткен. М.Ж.Көпеев еңбегінде XIV-XVғғ. аралығында Өлеңті мен Шідерті аралығында Ноғайлының елі болған. Бұл жерден мынадай түсініктерді қалыптастыруға болады: қандай да болмасын тайпа, халық үшін ең маңызды минералдардың бірі су қажет болған. Сондықтан олар өзен, көл, бұлақ, жылға маңын паналап, тіршілік еткен. Бұл күнде Қазақстан аумағында 85 мың өзен бар, оның 90%-ы ұзындығы 10км-ден аспайды. Ал көпшілік өзендер жаз айларында тартылып, арнасы құрғап қалады. Павлодар облысы 1958 жылы деректер бойынша, Ертіс өзенінің алабына жататын 199 өзен зерттелген. Сонымен қатар Қазақстанда 48 мың көл бар, оның 1200 Павлодар облысына да келген. Көшпелілер кең даланың табиғат ерекшеліктерін әр төбенің, әр жыраның өзіндік сипатын тани білді және көшпелі өмірлерінде оны жер жағдайын анықтайтын белгі ретінде пайдаланды. Осындай жер-су аттарының өзінен-ақ көп жағдайда ол маңының жер бедерінен, жануар мен өсімдік дүниесінен, климат ерекшеліктерінен, табиғи байлықтарынан мол мәлімет алуға болады. Қазақстанның су-өзен, көл атауларында көбінесе адам, ру, тайпа аттары жиі кездеседі және олардың осы өңірлерде өмір сүргенінен мол хабар береді. Мысалы, Керей көлі (Ақмола облысы), Атығай көлі (Павлодар облысы), Бура көлі (Шарбақта ауданы (найман)). Шу өзен атауы сол жерді мекендеген ертеде шу тайпасынан (этноним) туындаған.

Павлодар облысындағы ең ірі көлдер: Қызылқақ, Жалаулы, Үлкен Әжболат, Қалқаман, Маралды, Жаман-тұз, Шүрек сор, Құдай көл, Сейтен, Малыбай, Алқа Мерген, Сабындыкөл, Жасыбай, Біржан-көл, Торайғыр көлі. Өзендерден Төртқарасу, Түндік, Ащысу, Шідерті, Өлеңті, Сілеті, Ертіс т.б. Сонымен ауыз суымен мал суаруға қажетті су қорының тапшылығы қазақ халқында гидрографиялық терминологияның күшті жіктелуіне себепші болды. Қазақ гидронимиясын зерттеуге зор үлес қосқан В.Н.Попованың еңбегі индикатор-терминдерінің Ғ.Қоңқашбаевтің жинақтап түсінік берді. Терминдердің өзі қаншама өзен атауынан хабар береді.

Кесте 4 – Гидронимдер құрамындағы индикатор‑терминдер

Гидронимдер

Индикатор‑терминдер

Өзен аттары (потомонимдер)

айрық, ақсу, ағын, аща, ащысу, бақанас, еспе, ирек, жайма, жайылма, жарма, кемер, қобы, қарасу, құйған, мұқыр, нұра, өзек, өзен, сала, саға, сай, соқыр, тұщысу, тұйық, тентек, сарқырама, шолақ

Көл аттары (лимнонимдер)

ащы, балқаш, батпақ, бидайық, былқылдақ, жалаңаш, жалпақ, жалтыр, көп, қақ, қайыр, қамыс, қопа, ми, ой, сор, томар, тұз, шұқыр, шығанақ, теңіз, татыр

Микрогидронимдер

Индикатор‑терминдер

Табиғи

арасан, бұлақ, бастау, көз, қайнар, жылға, жыра, тамшы, тұма, үйірім, шүмек

Антропогендік әрекетті бейнелейтін су нысандары

апан, арық, бөгет, бөген, еспе, канал, кемежай, күп, қауға, құдық, суат, сэс, су қоймасы, тоған, шыңырау

Гидрографиялық метафаралар

ауыз, аяқ, бас,ерін, қолтық, көз, кіндік, құлақ, қолқа, мойнақ, тамақ

2. В.Н.Попова Павлодар облысының гидронимін зерттеген уақытта өзен атауларын 5 топқа, көл атауларын 6 топқа жіктеп қарастырды.

Өзендер:

1.Өзен-су.

2.Ақсу, Қарасу, Тұщы су суының дәміне сапасы, иісі үстіне қарап жіктеген.

3. Өзек-сай. Жазда тартылып қалатын дала өзендері (Ғ.Қоңқашбаев Қарасу терминін Попова В.Н. сияқты жазда тартылып қалатын және жылымдарға айналып кететін өзендерді қарастырды).

4.Айрық, аша – бұл өзен ағындары. Өзен ағындары немесе екі өзеннің қосылатын жері және бөлініп кетуін ағысына қарай топтаған.

5.Еспе, соқыр, мұқыр, өзек, яғни өзендегі су режимінің тұрақсыздығын бейнелейді. Мұқыр – суы аз, дала өзені, жаз айларында тартылып қалады.

Соқыр – бұл да осыған сәйкес, арнасы жоғалып кететін өзендер. Су сөзі – Қазақстанда өзен ұғымына сәйкес және Қазақстандағы ең жиі кездесетін термин. Мысалы, Шолақ су, ыстық су, суық су, ұзын су, яғни судың температурасына байланысты. Құла су, тентек су - өзеннің ағысына байланысты қойылған. Сол сияқты Қызылсу, Сарысу, Көксу, Ақсу, Қарасу бар. Суының физикалық қасиетіне байланысты қойылған. «Көктемгі сары қардың суын ішкен мал семіреді, өлеңді жерде өгіз семіреді» деген ұғым қазақ халқында жиі қолданылады.

Көлдер:

1.Көл, теңіз, шалқар, жалтыр, жалпақ.

2.Сор – жазда тартылып қалатын саяз сулы көлдерді атайды. Мысалы, батпақ, ми, балқаш, яғни бату деген ұғымға сәйкес келеді.

3.томар, былқылдақ, қопа төмен жатқан батпақты, шалғында, еспе суы шығып жатқан жергілікті алқапты атайды. Ғ.Қоңқашбаев былқылдақ – жүріп өтуге болмайтын жер деп атап көрсеткен.

4.Бидайық, ой, шұңқыр, шығанақ. Бидайық – жауын-шашын, еріген қар суымен қоректенетін суы тұщы немесе минералдану дәрежесі төмен болатын жаз айларында тартылып қалатын көлшіктер. Ой-шұңқыр – жергілікті географиялық атауларда жиі кездесетін индикатор-терминдер. Шығанақ – құрлыққа еніп жатқан бөлігін атайды.

5.Жазда кеуіп қалатын, таяз сулы көлдерді жатқызады. Бұл көлдердің суының топырағы тұздануына байланысты кермектігі жоғары болғандықтан, қақ, өсімдік дүниесінен айырылғандықтан, тақыр, татыр деп аталады.

6.Судың құрамындағы тұздануына байланысты ащы, тұз терминдері арқылы жіктеген. Ащы, тұз терминдерімен байланысқан географиялық атаулар Қазақстан аума,ында көптеп кездеседі. Бір ғана Павлодар облысында 1200 көлдің 90%- ы ащы, тұзды көлдер болып саналады, яғни олардың кермектілігі жоғары.

Сонымен индикатор терминдері көшпелі қазақ малшысы үшін географиялық ақпарлар жинақталды. Бұл ақпараттардың негізінде су нысандарының басты сипаттамалары сулылығы, суының сапасы, тереңділігі, көлемі, ұзындығы, жылдамдығы, жер бедері, қаіпсіздігі, өсімдікпен қамтамасыз етілуі және т.б. жатыр. Сонымен гидронимдердің мағынасын талдауда индикатор терминдерінің зерттеудің маңызы зор.

3. Микрогидронимдерден бұлақ, құдық атаулары қарастырылған. В.А.Казакевич түркі-монғол халықтарында, көшпелі мал шаруашылығы қолданылып, бұлақ, құдық термині жиі атап көрсеткен. Бұлақ индиккаторымен бірге қайнар, қара, ақ, ақан. Бұлақтың жылдамдығына, сипатына, түсі, үйірім суының айналуы көзі ретінде қарастырылған. Павлодар облысында көптеген көлдер, өзендер, батпақ, бұлақтар бар, еспе сулары жер бетіне жақын жатқандықтан құдықтар көптеп жиі кездеседі (К.Т.Сапаровтың микрогидронимдер картасына шолу). Құдықтар тереңдігіне қарай саз және шынырау болып екіге бөлінеді. Шынырау – терең құдықтар, көбінесе Маңғыстау түбегі, Арал маңында тереңдігі 30-40 м-ге жететін құдықтар. Алон – бұзылған ескі құдықтар орны, қауға-құдық қазщақтар сиырының бас терісінен жасаған шелекпен су алған. Оларды қауға құдық,орыстардың «журавец» құдығына ұқсас. Сонымен Алан термині ескілігін, кендігін білдірсе, шұңқыр құдықтың ойлы-шұңқырлы жерінде орналасқанынан хабар береді. Қазақ халқының гидронимиялық жүйесінің дәстүрлі мал шаруашылығымен байланысы табиғи су объектілерінің тек су көзі болуымен ғана емес өзен-көл, бұлақ маңындағы қоныстарының жайылымдық шабындық мақсатта пайдаланғанымен де түсіндіріледі. Сондықтан гидронимдердің құрамында өсімдік атаулары жиі кездеседі. Табиғи су көздерінің атауларында мал шаруашылығының қажеттіктерінен туындайтын жіктелуді байқауға болады. Гидронимдер құрамындағы «жақсы» және «жаман» антонимдері арқылы өзен-көлдердің шаруашылыққа қолайлылық дәрежесі сипатталады. Өзен-көл, бұлақ атауларындағы «жақсы» сөзі суының сапасы мен өткелдігін, жайылымдық мүмкінділігін білдірсе, «жаман» сөзі суының жарамсыздығы, өзен бойындағы жайылымдардың құнарсыздығы сипатталады. Тентек сөзі (су ағысының жылдамдығы, өткелсіздігі, апатты су толқындарының болу мүмкіндігі) бейнеленеді.Гидронимдерде су объектілері маңындағы жайылымдар мен шабындықтардың орналасуы да сипатталған, оның мысалдары Ағашкөл, Аққоға, Аршалы, Қайындыкөл, Қамыстыкөл, Талдыкөл, Қарағайлы көл т.б. Көшпелі қазақтар қоғамында құдықтар мен бұлақтар белсенді рөл атқарған. Қазақстанның батысында жиі кездесетін орпа және Үстіртке тән күю термині мұндағы құдық атауларда кездеспейді. Құдық атауларынан біз ландшафттық жіктелуді байқаймыз. Қола дәірінде мекен еткен халықтардың да қауғаны пайдаланғаны жөнінде археологиялық деректер бар. Қауға термині – (теріден жасалған шелек) құдықтағы су мөлшері жөнінде мәліметтер береді. Бесқауға құдығына қарағанда, мыңқауға құдығында су молырақ болады. Құдықтар көшпелі қазақтар қоғамында меншіктік сипатта болғанын тарихи деректер растайды. Құдық атауларында антропонимдердің жиі кездесетіні осыған байланысты. Сонымен, шаруашылық айналымындағы жердегі су көздерінің (табиғи және жасанды) атауларда индикатор-терминдердің кездесуі олардың сипатынан хабар береді: су көзденрінің шаруашылыққа пайдалану мүмкіндіктері гидронимдерде көрініс тапқан деуге болады.

4. Қазақстанның ұлттық байлығы болып саналатын жайлымдық жерлер 182 млрд. га тең, яғни жердің 67% алып жатқан еліміздің геоэкологиялық жағдайын сипаттайды. Яғни адамның қоршаған иортамен қарым-қатынасын,осы мал шаруашылығымен анықтайды. Жайылымдардың семантикалық үлгісін қарастыру, олардың табиғат ерекшелігі (рельеф, литология, ылғалдану дәрежесі, өсімдік дүниесі) және шаруашылықта пайдалану дәрежесі мен мүмкіндіктер жөніндегі мүмкіндіктерді жинақтаға болады. Бұл үлгілерді топтастыру арқылы жайылымдар туралы көптеген мағлұматтар алуға болады. Жайылым атауларының негізінде географиялық терминология жатыр. Қазақстанның құмды шөліндегі жайлымдар, құмдар, қоңырлар және ұшыраттар болып бөлінеді.

«Қоңыр» термині Ғ.Қоңқашбаевтің пікірінше, өсімдіктермен бекіген құмтөбелер. Жүзінде түсіндірсе, ал мЕ.Қоңқашпаев фитоним ретінде қарастырады. Қазақстанға маңызды аты әлемге белгілі Байқоңыр топонимін Т.Жанұзақов оның мағынасын топырақ пен өсімдіктің үстіне (қоңыр) және қоңыр көмір кенінің бай болуымен түсіндіріледі. Егер дұрыстап, топтстырып қарастырсақ, бұл атаудың этимологиясы «бай жайылым» мағынасында түсіндіріледі. Сондықтан қоңыр кейде терминнен басқа анықтауыш түрінде атаулар құрамында кездеседі. Мысалы, қоңыр су, қоңыр қақ т.б.

«Шұрат» термині төбешікті қырқалы құмдар арасында шұрайлы жайылымдарға қарсы пайдаланылады. Қазақтардың шұраттар орналасқан жерлерді ерекше бейнеленуін олардың астындағы сулы қабаттардың бар болғаны 1-5 м тереңдікте орналасуымен түсіндіруге болады. Құмдар Қазақстанның оңтүстігінде, қазақтардың мал шаруашылығында қысқы жайылым ретінде пайдалануға келді. Оның басты ерекшелігі күзгі жаңбырдан кейін өсімдіктер қаулап өседі, қыста қар жамылғысы тұрақтамайды. Сонымен қатар биік-биік құмтөбелер мал жаю үшін қорғаныш ретінде пайдаланылады.

Е.П.Ковалевский, Б.А.Вольская 1839-1840 жж. Батыс Қазақстанды аралаған уақытта ө здерінің еңбектерінде Үлкен Борсық құм, Ақ құм және Қазақ малшыларының қыстайтындығы туралы мәліметтер кездеседі. Сонымен, құм сөзінің ландшафттық термині ретінде қалыптасуында құмдардың шаруашылық маңызы, яғни жайылымдық мүмкіншіліктері белгілі дәрежеде рөл атқарған.

Саздар – географиялық термині ретінде екі мағынадан тұрады:

1) ұсақ құрылдымды, сарғыш түсті, борпылдақ шөгінді тау жынысы. Ылғал күйінде тұтқыр қойыртпақ түзеді.

2) Жерасты сулары шығып жатқан жерлерді, батпақты шалғынды жерлер, сулы шалғындар. Құрамында саз термині бар географиялық атаулар, әсіресе, Жетісу өңірінде көп кездеседі. XXғ. басында П.П.Румянцев Жетісу өңірін зерттегенде, жайылымдық қоныстардың атаын: жалпақ саз, қара саз, ой саз, қал саз, талғар саз т.б. Сонымен қатар саздардың қалыптасуы үшін мол ылғал қажет. Сондықтан Жетісуда саздардың таралуы өзен-көл жағасында және жауын-шашын көп түсетін таудың биік бөктерінде (тау саздары) шоғырланған.

Павлодар облысының аумағының 89,5%ауыл ьшаруашылық жерлер, оның 8153,2 га жайылымдар құрайды. Облыс аумағына кең таралған бетегелі-бозды, жусанды жайлымдар, қарашірігі аз қара-қоңыр, құмайттты топырақты жерлерде кездеседі. Дала белдемінде жатқан аумақтың өсімдік жамылғысы әртүрлі шыңды, астық тұқымдасты, бозды-селеулі, бетегелі-бозды болса, Ертіс маңы жайылмасы көпжылдық мезофитті : айрауық бидайық, шилі, қияқты т.б. өсімдіктер бірлестігінен тұрады. Тұзды көлдерге бай өңірлер сортаңды және сор топырақта өсетін галофитті-шалғынды, бұталы-өсімдікті, оңтүстікке қарай жусанды-селеулі, шалғынды өсімдіктер дүниесі таралып, жайылым түрлерінің келбетін қалыптастырады. Павлодар уезінің қазақтвары кезінде жыл мезгілдеріне қарай көшіп өсімдік жамылғысының сипатына қарай жайлымдарды әртүрлі мавлдың қажеттеріне байланысты жіктеген. Мысалы, жазғы кезеңдерде жайылымдарға байланысты терминдер: көк, көк орай, өртең, саз, жоң, боз, жарық, отар, өріс, сопы т.б. атауға болады.

Қазақ халқы қысқы қоныстанған жазғы уақытта тапталуынан мұқият қорғап отырған, қысқы кезеңдерге тән терминдер: тебін, тепсең, бауыр, күнгей, қопа, құм, жайылымдық терминдер өзіндік жүктемеге ие болып және экологиялық ақпарат көзіне айналып отыр. XXғ. Баянауыл қазақтары Баянауланың таулы беткейлерінде соғатын оңтүстік-батыс желдері әсерінен Қарашұрылған бектегелі-жусанды жайылымдарды қой жаю үшін пайдаланған. Олар жайылымның ерекшелігін бағалап, қараш, жер қар, қағыл деп атаған. Бұл терминдер қыста таудың күнгейбеткейлерінде және тауаралық бөктерде, жайылымдық беттегі қардың желмен ұшырылып, қара жер болып жатуынан туындаған. Павлодар уезінде жүргізген зерттеу, мәлімет жинау жұмыстарының қорытындысын Ф.А.Щербина былай тұжырымдаған: «Қазақтар өз жеріне иелік етеу құқығынан айырылған. Өз жерін біреуге не сата алмаған, не сыйлыққа бере алмаған. Жалға алынған жерді пайдалануға ретінде жалақылардың мынандай түрлері төленетін болған: түтін ақша, шабындық алым, жайылым ақы».

Түтін ақша - әрбір үйленген ер адамнан алынған. Жайылым ақы, көк алым, тұяқ ақша, ақ торық т.б. ақы төленетін болған. Көк алым – жайылымға мал жіберу үшін төленетін ақша. Тұяқ ақша – шөбі шабылмай қалған тоғай арасындағы ашық жерлерге көбінесе қар түскен соң мал жаю үшін төленетін төлем. Ақ торық – Ертістің жағалауындағы өсетін бзды-селеулі жайылымдар саудаға түсіп, жалға беріліп отырған. Павлодар облысында кездесетін жайылым терминдер: тебін, күнгей, аяқ, қабақ, өзек, тақыр, ащы, құм, боз, қараот, шұбар, қоңыр, саз, тоғай, жайма, жал т.б.

Жайма – А.С.Титованың пайымдауынша, жайпақ, тегіс, өзен жайылмасы. Ғ.Қоңқашпаев жайылма (жайма) суарма шалғын мағынасында қарастырса, Х.Тілемісов жазады: суарма шалғын өзен аңғарында орналасқан және су басатын шабындық алқап. Сопы – құйқалы жер (шөбі мол) қалың өскен, мал тісі тимеген қауданды жайылымдар. Сонымен қатар шақат термині географиялық тұрғыда тас грунтты және сортаңды топырақтар кездесетін өсімдік жамылғысы сирек жерлер ретінде сипатталады. Павлодар облысындағы Шақат селосы және Лебяжі ауданындағы Жаңа ауылы шақат термині негізінде қалыптасты.

Түсіне байланысты кездесетін жайылымдар – ақ тебін, ала тебін. Яғни, тебін – қармен жабылған қысқы жайылым. Қара от – жайылым түсіне емес, өсімдік жамылғысынан ақпарат береді. Ала тамыр, крі ала, шұбар атауларымен Қазақстанның әрбәр бөліктеріндегі жергілікті халық сортаңды жолақтар қатар кездесетін жайылымдарды атайды. Шұбар термині – ландшафттық-территориялық жіктелуін айқын көреміз. Бұл термин Қазақстанның солтүстігінде қайыңды-көктеректі шоқтар деген мағынада берсе, оңтүстікте, әсіресе, Жетісу-Алакөл маңында құрғақ сортаңды білдіреді. Боз – селеулі-бетегелі өсімдік басым өскен астық тұқымдасты өсімдіктерден тұратын далаларды анықтайды. Боз – жылқы малының жайыылмы болып табылады.

Тексеруге арналған сұрақтар:

1. Қазақстанның гидронимиялық жүйесін карта жүзінде құрастырыңыздар?

2. Гидронимдік индикатор терминдердің таралу ареалдарын анықтаңыздар?

3. Құдық, бұлақ түрлеріне сипаттама беріңіздер?

4. Қазақстанның жайылымдық терминдері мен атауларының қоғамдағы рөлін анықтаңыздар?

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Қонкашпаев Г.К. Словарь казахских географические названий. - Алма-Ата: Изд-во АН КазССР, 1963. – 185 с.

  2. Мадиева Г.Б., Иманбердиева С.К. Ономастика: зерттеу мәселелері. -Алматы, 2005. – 240 б.

  3. Поспелов Е.М. Топонимика и картография. – М: Мысль, 1971.-255с.

  4. Мурзаев Ә.М. Очерки топонимики. - М: 1974. – 382 с.

  5. Каймулдинова К.Д. Топонимика. -Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. -336 б.

  6. Сапаров Қ.Т. Павлодар облысының топонимикалық кеңістігі. –Павлодар: «ЭКО» ГӨФ, 2007. -308 б.

Дәріс 9

Тақырыбы: Дәстүрлі шаруашылық пен табиғатты пайдалану мәселелерінің жер-су атауларындағы көрінісі

Жоспар:

  1. Кен өндіру ісі.

  2. Егіншілік атаулары.

  3. Аңшылық түрлері және бұғы шаруашылығына байланысты атаулар.

  4. Омарта шаруашылығы.

  5. Қазақстандағы географиялық нысандарды атаудағы табиғатты қорғау принциптері.

Сабақтың мақсаты: Дәстүрлі шаруашылықтың топонимика ғылымын зерттеудегі рөлін анықтау.

1. Жалпы алғанда, табиғи ортаны игерудің өзі адам қоғамының тіршілік етуінің алғышарты болып табылады. Кез келген халықтың қоршаған ортаны игеруі оның заңдылықтарын танып‑білу және ол ерекшеліктерді өзінің тұрмысы мен тіршілігі барысында пайдалана білуі деуге болады. Әлемді танып білудің басты құралы ретінде ғалымдар осы әлемнің заңдылықтарын бейнелейтін ойлау қабілетін атайды .

Адамның шаруашылық әрекет ету, өмір салты және шаруашылық – мәдени дамуына байланысты қоршаған ортаның, яғни физикалық – географиялық факторлардың тікелей ықпалдық әрекеттері ғасырлар бойы әсер етеді. Зерттеушілердің тарихи кезеңдерде қоғамның әрекетімен табиғи жүйенің әртүрлі құрылымдық және функционалдық байланыстарымен өзара әрекеттесуін білуі шарт. Бұл тек тарихи ғана емес қазіргі замандағы географиялық ғылымдар негізіндегі мәселелерді шешуге қажет. Олай болса, «тіршілікті қамтамасыз ету» ұғымын нақтылы түрде көрсететін термин «табиғатты пайдалану», яғни адамның өз ортасының табиғи қорын игеруі. Әр түрлі этностардың мәдениеті мен салты табиғатпен қарым‑қатынастың қалыпты жағдайын анықтайды .Олар бір жағынан, қазіргі экологиялық мәселелердің пайда болуына қатысты болса, екіншіден ортаға бейімделу және қайта қалыптасу тәжірибесін әрі табиғи қоршаған ортамен тепе‑теңділік қалпын сақтайды. Осы көзқарас бойынша, өткен тарихи дәуірлердің этномәдени салттарын экологиялық маңызды тәжірибені сақтау әдісі ретінде талдау пайдалы.

Б. В. Андриановтың пайымдауы бойынша этноэкологияның басты мәселесі табиғи ортадағы әр алуан мәдениеттердің қалыптасуына тигізетін әсері болып табылады. Еуразияның Ұлы даласындағы көшпелі өмір салттың алғашқы нышаны б.з.д. V-IV мыңжылдықтарда белгі бере бастаса, б.з.д. II-I мыңжылдықтар аясында көшпелілердің шаруашылық‑мәдени типі қалыптасып үлгерген . Ұлы дала төсінде соңғы үш мың жыл бойы салтанат құрған көшпелі өмір салтының ең соңғы мұрагері қазақ халқы. Содан да болар, көшпелі қазақтың материалдық және рухани мәдениеті тікелей байырғы өмір салтпен шендесіп жатыр .

Кен өндіру. Байтақ дала төсінде мекен еткен ұрпақ көшпелі мал шаруашылығының ырғақты жүйесіне түскенге дейін отырықшы болып келгені Андрон, Беғазы‑Дәндібай, арғы жағы Арқайым мәдениеттері оның нақты дәлелі. Бір ғана Орталық Қазақстан өңіріндегі Жезқазған, Саяқ, Ақшатау, Кеңгір (Кең үңгір), Мыңшұңқыр, Жосалы т.б. жер аттары сол алыс заманның пайдалы қазбалардан ақпар беретін орындары . Мұндай деректер көне жазбаларда жиі кездеседі. Ғұндардан тарайтын Ашина тайпасы кезінде жужаньдарға темір өндіруші болған. Бұл пікірді белгілі ғалым С. Аманжолов та мақұлдайды. Бірақ сол түркілер көп кешікпей‑ақ мұздай қарулануды үйреніп, төңірегінен иық асырғаны тарихтан мәлім. Олардың қару‑жарағы мүйізді садақ, жез сауыт, найза, қылыш, семсер, желбегей болған . Көне кен орындары жөнінде мол мәліметтерді Академиктер Қ. И. Сәтбаев, Ә. Х. Марғұлан еңбектерінен кездестіруге болады. Қазақ даласында көне заманның өзінде‑ақ металлургия өндірісінің кеңінен дамуы осынау байтақ көшпелілер өңірінде кең тараған даналық өрнегіндегі (аң стилі) өнер туындыларының дүниеге келуіне де себепші болды. Скифтердің даналық өрнегінде жасалған бұйымдар мыс, қола, алтын, күміс сияқты түсті металдардан жасалған. Ескі металлургия Ертістің жоғарғы ағысында, Алтай тауларында, Нарын, Қалба қыраттарында жақсы дамыды. Сақ тайпалары арасында металл өндіру және өңдеу, әсіресе қола құюға байланысты кәсіпшіліктер де жоғары дәрежеде дамығанын тарихи‑археологиялық деректер дәлелдеп береді .

Аумақта ежелден кен орнының ізі болып табылатын Бөке, Ақтау, Ескі Қанай, Ақжал т.б. атаулар бар. Металл өндірісіне байланысты қазақ тілінде күні бүгінге дейін сақталып қалған сөздер: кен, кеніш, (жер асты қазынасы), кенші, кең ошағы, кең қазған, қалайы, қалайышы, қалайылау, қола, қолаба (металл құймасы), мырыш, мыршым, қорғасын, жез, мыс, бақыр т.б. географиялық атаулармен үндесіп жатыр .

ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында жер бетіне көрініп жатқан Кендірліктің (Зайсан маңы) қоңыр көмірін ауыл қазақтары отын ретінде пайдаланған. Бұл кен орнын зерттеп білуге орыс ғалымдары ертеден-ақ көңіл бөлді. Өйткені, бұл көмір пароходқа пайдалануға қажет отын еді.

Соңғы уақытқа дейін көптеген зерттеушілер отырықшы мәдениетті көшпелі мал шаруашылығына қарағанда шаруашылық‑мәдени дамудың неғұрлым жоғары сатысы ретінде бағалап келді. Бірақ соңғы кездегі зерттеушілер көшпелі мал шаруашылығының қатал табиғат жағдайларына бейімделудің өзіндік бір жолы болғандығын және оның құрғақ аудандардың мардымсыз табиғат қорларын неғұрлым тиімді пайдалануға негізделгенін көрсетіп отыр. Сол себепті бұл шаруашылық салаларын және олардың негізінде дамыған мәдениетті бір‑біріне қарсы қоюдың өзі орынсыз деуге болады .

Егіншілік. Қазақтардың егіншілікпен айналысқаны жөнінде М. Шорманов жазады: жер өңдеу жұмыстарын қазақтар да орыстар секілді атқарады; соқамен жыртып, тырмамен тырмалайды. Орыстар сияқты көбінесе бидай мен тары егеді. Ыстық күндері жыртылған жердің қасынан тартылған арықтарға тоған, өзендерден су жіберу арқылы суарады. Олар егінді күту үшін жаз бойы оның басында болады. Егінді орыстар сияқты орады. Орылған егінді сол жерде бастырып, бидайды қыстаққа тасып қол диірменімен ұнға айналдырады. Кейбір диқандар егін басында қыстап қалады . Қазақ егіншілігінде егілетін дақылдардың әр түрлі болғандығын мұрағаттық деректерден кездестіреміз. Кей жазбаларда: 1910 жылы қырғыздардың егістік жерлерінде бидай, тары, арпа және бұршақ, сондай‑ақ, сұлы, қара бидай, картоп, ал май алатын дақылдардан кенеп пен қыша егілді делінген.

Шығыс Қазақстан таулы аймақ болғандықтан, климаты салқын әрі егіншілік дамымаған деген пікір тууы мүмкін. Алайда Андронов дәуіріне жататын Малокрасноярск (Үлкен Нарын ауданы) қазбасынан табылған орақтың жүзінен бидай дәндерінің таңбалары табылған. XIX ғасырдың 80 жылдары Өскемен уезінің қазақтары жер өңдеуді жақсы меңгергенін Н. Коншин жазған еді. Олардың жерді «тіс ағаш» деп аталатын соқамен жыртатынын, «топырақ су», «мойын су», «орақ су» деп аталатын суару кезеңдері болатынын айтады .

Тағы бір зерттеуші В. Кузнецов Өскемен уезінің қазақтары 100 жылдан бері егін егетінін, олардың 4-5 ұрпағы жермен айналысатынын жазған. Территориясы түгелдей Өскемен уезіне қараған Өр Алтайдың таулы аймағы болмаса, егіншілік ерте дамығаны орыс қоныс аударушыларының әсері болса керек. Бұл өңірде ағаштан үй салып, отырықшы өмірге ерте кіріскен жатақтардың болғанын М. С. Мұқанов та атап өтеді . Оның айғағы Ертіс өзені арқылы Өскеменнен төмен орналасқан станица, кент, елді мекендерден Семейге қара бидай, бидай т.б. астық түрлері тасымалданған. Ал өзен бойымен бал, май, балауыз және қарбыз тасу үшін сал жасалып оларды Омбыға дейін жеткізіп отырған. Сенное селосынан жыл сайын Бұқтырма арқылы 8000 пұт бал, 500 пұт балауыз тасымалданады. Ал Өскеменнен Семейге 10 000 пұт түрлі астық тамыз айында барлығы 5000 пұт шамасында бал, шай, балқарағай жаңғағы т.б. тасымалданады. Ертіс өзені туралы арнайы мақала жазған «Брокгауз‑Ефрон» оның бойындағы кәсіпшіліктің жай‑күйіне егжей‑тегжей тоқталады . Дегенмен, Орталық Ресей жерінен көшіп келген «переселен» мұжықтар ен жатқан қазақ даласының тау бөктерлерін пайдаланып, тезірек баю амалымен өз үлесіне тиген жерлерді жаппай жыртып, егін егумен шұғылданды. Бірақ түрлі өсімдік шөптердің тамырларымен бекіп, ғасырлар бойы малдың тұяғы мен дауылдарға бой бермей келген жердің қара топырақты үстіңгі қабаты жылма‑жыл соқамен жыртуға, аударып‑төңкере беруге шыдамады. Бұл жерлерден келімсектердің өздері де тұрақтамай көшіп жатты. Сөйтіп, қазақтың көк майса бетегелі жерлері, жайылымдары өсімдік өспейтін шөлейтке айналды .

Зерттеу аясы болып отырған Өр Алтайдың салқын климаты, қыстың ерте түсуі, жазық алқаптардың аздығы егіншіліктің жаппай дамуына септігін тигізбеген. Биік таулы кейбір ауылдарда бидай түгіл, картоп пісіп үлгермейтін жағдайлар кездеседі. Егіншіліктің нашар дамығанын, соған байланысты топонимдердің аз кездесетінінен де көруге болады: Диірмен, Диірментас, Егіндібұлақ, Егінтөбе, Қырман, Қырықтоғай, Стан, Таран, Тараншы, Төретоған, Кесік т.б.

XVIII ғасырда Ұлан өңірінде Жантас деген адам егіншілік мәселесімен шұғылданып, егіншіліктен мол өнім алу үшін жерді суару қажеттілігіне ерекше көңіл бөлген. Техниканың жоқтығына қарамастан адамдарды ұйымдастырып, арық қазу жұмыстарын жүргізген. Егінді суарып, бидай, арпа, тары дақылдарынан мол өнім алуға қол жеткізген. Оның осындай жақсы бастамасын қолдаған ауыл тұрғындары дәнді‑дақылдардан мол өнім алып, оны қолдаушылар көбейе түскен. Сондай‑ақ, Жантас, қазіргі Асубұлақ руднигінің маңайында да тоғандар тартып, жер суарумен шұғылданған. Тарғын өзенінен тартылған арықтың ұзындығы – 3.5 шақырымға созылған. Ертістің сол жағалауында Серебрянка қаласына жақын жерде қазу жұмыстары жүргізілгендіктен, бұл тоғандардың ізі сақталмаған . Шығыс Қазақстанның Тарбағатай, Үржар, Ұлан, Көкпекті, Аягөз, Жарма аудандары мен Шар бойында егіншіліктің біршама дамығанын аңғарамыз. Өзендерден ағып шығатын бұлақ, тұмалар, олардың бойындағы арық, тоғандар шаруашылықты негіздеуге септігін тигізген.

Егінбұлақ (13 рет), Егіндік, Егіндібұлақ (17 рет), Егінсу (5 рет), Егінші (2 рет), Қарақырман (2рет) атаулары осы орайда қалыптасқан деуге болады.Орыс тілінен енген Пашенная (2рет), Пашенные Борки, Пашня, Пахотная (3рет), Пахотное (2рет) атаулары егін шаруашылығы жөнінде мол ақпар береді. Біздің зерттеулерімізде Өскемен және Зайсан уездері деректері негізінде (350-ге жуық) арық, тоған атаулары қарастырылды. Шар, Бұқтырма, Күршім, Ертіс, Нарым, Аягөз, Қызылсу, Ұлан, Сібе, Үлкен Бөкен, Шорға, Ұрыжар, Қусақ, Бақанас т.б. өзендердің алабында орналасқан арық, тоғандарды жергілікті қазақтар шаруашылықта пайдаланған. Ақтоған, Беларық, Бұрғанарық, Жаңатоған, Қазынатоған, Көктоған, Қоңыртоған, Тасарық, Тастоған, Оң, Сол Жаңатоған т.б. Сонымен қатар тоған, арық аттарында ру‑адам аттары да белгілі дәрежеде көрініс тапты. Мамыс, Несіп, Қанай, Байжан, Бердібай, Шортай, Бозамбай, Есір, Манат, Жидебай, Ноғайтоған, Төретоған, Тарақты, Жанқара, Уақ, Төлеңгіт тоған, арық атауларын кездестірдік.

Аңшылық. Ең алдымен аңшылық – саятшылық көшпелілер үшін күнкөріс –тіршілігінің өзекті бір саласы болған. Екіншіден, әскери жаттығудың, шынығып – шыңдалудың, мергендік пен алғырлық-төзімділікті сынаудың тамаша үлгісі болған. Үшіншіден, әсем табиғат аясындағы ең көңілді демалыс, әсерлі қызығы саналған .Байтақ даладағы көшпелі рулардың осынау жойқын аңшылық дәстүрін кейін Ұлы Далаға үстемдік құрған Шыңғыс хан әулеті дәстүр еткен. Аңшылық – саятшылықтың мұндай қанқасап дәстүрі аңның күрт сиреп. Кейбір тұқымдарының құрып кетуіне себепші болды. Моңғол шапқыншылығынан кейінгі кезеңде де көшпелі елдің өмірінде аңшылық – саятшылықтың алған орны айрықша болып қала берді. Қазақ арасындағы аңшылықтың кең тараған түрлі аңды бүркітпен аулау, бүркіт ұстап саятшы болу. Аңшылыққа ден қойып, салбурынға шығу. Қазақ арасында жыртқыш құстардың әр түрін қолға үйрету дәстүрі болған. Солардың ішінде ең бір қасиет тұтатыны – қыран бүркіт. Бүркіт деп қазақ аңшылары жыртқыш құстардың ішіндегі аса тектісін. Адам қолына тез үйренгіш естісін алған. Қазақстанда бүркіт ұясы көбінесе Алтай, Тарбағатай, Алатау, Көкшетау, Шыңғыс Баянауылы сияқты сілемді тауларда сонымен бірге орманды алқаптарда әсіресе, биік қарағайлы, үйеңкілі жерлерде кездеседі. Қазақ құсбегілерінің қолға түскен бүркітті, «ой құсы» немесе «қыр құсы», «таулы жердің құсы» деуі де осыдан . Қазақ құсбегілері ұстаған бүркіттердің «Алтайдың ақиығы», «Қарағайдың қызыл балақ сарысы» немесе «Қанішер қара», «Түменнің сары құсы» деп аталуы да жаңағыдай мекен-жайына қарай қалыптасқан бітім ерекшеліктерінен туған. Түз қыранын қолға түсірудің қазақ құсбегілері арасында әр түрлі әдісі белгілі. Олар: аумен ұстау, тор жаю, табыттап алып тұтқиылдан басып қалу, шеңгелдестіру, ұядан алу т.б.

Қазақ Құсбегілері бүркіттің ерекшелігіне қарай атаулар берген. Мәселен: «Ақшегір», «Күйшіл», «Қүң табан» «Шүңірек», «Кекшіл», «Садақ сан», «Ақиық», «Қанды балақ», «Сабалақ», «Шәулі», «Сар сүмбі» тағы басқаша. Бұларды құстың тегіне қарай қойылған аты дейді. Қазақ аңшылары жүйрік ат, қыран бүркіт, алғыр тазы, болат қақпанын, қыл тұзақ, жібек торын сақадай сай етіп, айлап-апталап аңшылық құруды «Салбурын» деп атаған . Оның айғағы Бүркітті, Бүркітауыл, Бүркітсай, Ақшәулі (4 рет), Сұңқар (6 рет), Қаршыға (2 рет), қоныс, тау атауларынан белгілі . Аңшылық кәсіптен хабар беретін мынадай атаулар: Аюалған, Аюбасқан, Аюбаспа, Бөрітастаған, Бүркіт ұя, Қабанатқан, Киікқашқан, Қоянды, Құлан ойнақ, Құланкенен, Маралқашқан, Аюқашқан, Аюлы, Бұғылы, Бұланды, Сусарлы, Бұлғынды, Қарасуыр, Қақпанқұрған, Сонар, Сәрсенбі тосқауыл т.б. аумақта жиі кездеседі. Мұндағы баспа – аюды жемтікпен алдап ұстайтын ағаштан қиылған үй. Аю кіріп жемтікті тартқанда, ауыр бөренелер басып қалады. Алтайлықтар аютартқы дейді .

Бұғы шаруашылығы. Алтайдағы бұғы шаруашылығын зерттеген А. А. Силантьев жабайы бұғыны ұстап, алғаш өсіре бастаған Катонқарағай ауданындағы Фыкалка хуторының тұрғындары Савелий Ушаков, ағайынды Шарыповтар деген шаруалар екенін жазады. Оңтүстік Алтай шаруалары шаруашылығында XIX ғ. ортасында пайда болған марал шаруашылығы кәсіпшілік іс болды. XX ғ. басында Бұқтырма өлкесінің 16 және Қата тауы (Марқакөл) аумағында орналасқан 9 елді мекен марал шаруашылығымен тікелей айналысты. Қазіргі уақытта тек Катонқарағайда теңбіл бұғы мен марал өсіріледі . Бұғы семірген күзгі уақытта немесе қалың қар түскенде атпен, шаңғымен қуалап, болдыртып барып ұстайды, суы бар тауды қоршап, ішіне жібереді. Маусым-шілде айларында еркек бұғының мүйізін кесіп, кептіріп, Қобда қаласындағы жәрмеңкеде қытайларға сатып отырған. Бұл мүйіздерден «пантокрин» деп аталатын дәрі жасалады. Панта саудасы үлкен пайда келтірген, ұялы марал мүйізінен 100 рубльге дейін, яғни 4 аттың құнын төлеген. Кеңес үкіметі бұғы ұстаған орыс байларын тәргілеп, ол бұғыларды өсіріп, тұтас кеңшарлар құрды. Қазір осындай екі шаруашылық бұғы өсіріп отыр. Бұл кәсіпке байланысты атаулар мыналар: Бұғымүйіз, Маралсаты, Мүйізкескен, Кербұғы, Сатықыстақ, Маралды, Ақмарал, Жаңасаты т.б. Мұндағы саты – бұғы өрісін қоршайтын биік шарбақ (маральник).

Омарта шаруашылығы. Алтайда омарташылық кәсіп 1786 жылдан басталады, алғаш Өскеменнен 27 шақырым жердегі Бобровка деревнясына бал аралары әкелініп, кейін бүкіл Алтайдан Сібірге дейін таралып, маңызды шаруашылыққа айналды. Алтайдың ормандарында кездесетін жабайы араларды ұстап, балын алуды кәсіп еткен де орыс қоныс аударушылары болды. Ақсу, Коробиха жақта мекендеген орыс шаруалары бал өндіріп, Бұқтырма өзенімен жүзе отырып, Өскемен, Семей қалаларына әкеліп сатқан. Кейін Коробиха кеңшары тұтас бал өндірумен айналысты. Абайдың досы Михаэлис кезінде Алтай омарташылары жайлы арнайы мақала жазған .

Кенді Алтай Сібірлік және Қазақстандық ара шаруашылығының орталығы болуы 1900 жылы Өскемен уезінде 23 817 ара ұясынан 4818 пұт бал және 286 пұт балауыз алынған. 1917 жылы уезде 1000‑нан астам ара өндіруші болған. Олар үшін бұл кәсіп маңызды бір кіріс көзіне айналды. Қазір бұл кәсіп қазақтар арасында да кең тарап отыр. Омарта шаруашылығына байланысты мынадай атаулар кездеседі: Араның ұясы, Арашы, Кенді Алтайда Климов, Логин, Түбектегі пасека т.б атаулар бар. Тұзды көлдердің маңында тұз өндірілсе, Зайсан, Марқакөл көлдері және Ертіс өзенінде дәстүрлі балық аулаудың орталықтары болды сонымен қатар балық аулау ісінде маңызды рөл атқарды. Е.П. Михаэлис Зайсан көлінен балық аулаудың қолайлы орнын ашып, топографиялық картасын жасаған. Біздің зерттеулерімізде мал шаруашылығынан басқа да дәстүрлі шаруашылықтың (егіншілік, аңшылық, бұғы, омарта, балық, кен өндіру ісі т.б.) түрлері қазақ халқының өмірінде негізгі шаруашылықтардың бірі болғанын тарихи – географиялық, экологиялық тұрғысынан жинақталған деректер айғақтайды.

5. Түркі халықтарының табиғатпен өзара қарым-қатынасы әртүрлі діни сенім-нанымдар мен түсініктерде бейнеленген табиғатты құрметтеу, оны анимациялау, яғни пір тұтудан айқын көрінеді. Мұның негізінде табиғатты қорғауға бағытталған іс-әрекеттің жатқанын байқау қиын емес. Өйткені Ш.Уәлихановтың атап көрсеткеніндей, шамандық сенім-нанымның пайда болуының негізінде табиғатқа деген шексіз махаббат, оны қадыр тұтып, қастерлеу жатыр. Қазақ халқы ежелгі түркілерден туған жерді, яғни атамекендіқұрметтеу дәстүрін еншіледі. Қасиетті жер-суды пір тұтудың, ежелгі «глобальдысокрализацияның» нәтижесінде ерекше атаулар қалыптасты. Рухани мәдениеттің ауызша сипаты жағдайында қорғалуға тиіс табиғатескерткіштері ерекше аталуы қажет болды. Географиялық объектілерді «қасиетті» деп жариялау арқылы халық ғасырлар бойы қазақ жеріндегі орман қорын, өзен-көлді, таулы аймақтың табиғат қорын, ежелгі тарихи археологиялық ескерткіштерді қорғауға алды.

Спелеонимдегі (үңгір атаулары) «қорғау жөніндегі ақпар» «әулие, «ата», «қожа», «жеті» сөздерінің қатысуымен беріледі. Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан Ақ мешіт Әулие үңгірі Қаратау жотасының оңтүстік-шығыс беткейіндегі әктастарды пайда болған. Шығыс Қазақстандағы Шаған өзенінің оң жағалауында орналасқан Қоңыр әулие үңгірі де ерекше табиғи объект. Үңгірде мөлдір суы, тұщы көл орналасқан. Үңгірдің ерекше табиғат ескерткіштері екендігін ескерсек, спелеонимдердің табу-топонимдер сипатын алуы. Халықтың «ата», «әулие» атын беруі нәтижесінде әсем табиғаты ғасырлар бойы сақталған таулы өңірде қазіргі кезде демалыстар орналасқан.

Табиғат пен қоғам арасындағы күнделікті қарым-қатынасты зерттеудің географиялық негіздері табиғи ортаның қазіргі жағдайларына баға беру болашақтағы жай-күйін болжау және табиғатты қорғау мәселелерін де қамтиды. Қазақ топонимдерін табиғи ортаны қорғау, оның өзгерісін болжау ісінде дерек көзі ретінде пайдалоануға қатысты төмендегідей жұмыстар жүргізу қажет:

а) табиғат жағдайын сипаттаған жергілікті микротопонимдерді жинақтап, мағынасының қазіргі географиялық жағдайларға сәйкес келуін анықтау;

ә) байырғы табиға көріністерінен хабар беретін атауларды іріктеу, басқа деректер көзімен салыстыру, тексеру;

б) диахронды сараптаулар негізінде топонимдердің пайда болу мерзімін анықтау, табиғат өзгерістерін анықтау ісінде пайдалану;

в) мағыналық жүктемесін талдау барысында іріктелген топонимдерді картаға түсіру;

г) «арасан», «ата», «әулие», «баба», «мола»және фито, зоонимдер негізінде жасалған географиялық атауларды тіркеп, тарихи-географиялық деректер жинақтау;

д) өсімдік және жануар түрлерінің таралу ареалын қалпына келтіргенде, сирек кездесетін түрлерді қайта жерсіндіру ісінде топонимикалық деректерді пайдалану.

Сокралды атаулармен аталатын географиялық объектілердің басым көпшілігінің емдік маңызы бар. Орталық Қазақстандағы Атасу, минералды суларының құрамында емдік компоненттерінің (фтор, радон, бром т.б.) негізінде сауықтырушы орындар ашылып, «Сарыарқа» деп аталатын минералды су шығарады. Шығыс Қазақстан облысындағы Баршатас селосының маңында орналасқан темірлі, сульфатты магнийлі минералды сулардың көзі Әулиеқыз деп аталады. «Әулиелік» сипатқа ие болған басқа су объектілерінің (Әулие бұлақ, Әулие) маңына мал бақпаған, суын ластамаған. Табиғаттың айырықша объектілеріне табынудың, оларға ерекше ат берудің өзі соқыр сеніммен емес, табиғатты қорғау қажеттігін сезінуден. Қазіргі кезде Қазақстанда Алмаарасан, Жаркентарасан, Барлықарасан, Қапаларасан, Қуарасан сияқты ірі сауықтыру орындары жұмыс істеген. Қазақ халқында ағаштарды қорғау мақсатында оларды «қасиетті» деп жариялап, тиісуге болмаған. Табыну объектілеріне айналдыру жиі кездеседі. Жер атауларында кездесетін «мола» сөзі де халықтың жергілікті жердегі табиғат объектілерін қорғауға бағытталған әрекеттің нәтижесі болып табылады.