- •Тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •Тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •Тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •Тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •Тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •Тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •Көлдің тартыла бастауы
- •Көлдің тартылуы
- •Тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қолданылған әдебиеттер
- •Тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- •Тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •Тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
Тексеруге арналған сұрақтар:
1. Палеотопонимика ғылымының топонимикадағы рөлін анықтаңыздар?
2. Ресми белгілі палеотопонимдердің қоғамдағы рөлі?
3. Көне карталардағы және кейінгі жазу ескерткіштеріндегі және деректердегі атаулардың этимологиясын анықтаңыздар?
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Малолетко А.М. Географическая ономастика: для студ.спец. "География". Томск, 2004. - 198 с.
2. Поспелов Е.М. Топонимический словарь мира (около 5000 названий). М.: «Астра», 2001. - 543с.
3. Никонов В. А. Введение в топонимику. - М.: Наука, 1965. - 179 с.
4. Мурзаев Э.М. Словарь народных географических терминов, М.: Мысль, 1984. - 653 с.
5. Жучкевич В.А. Общая топонимика. Минск, 1964. - 432 с.
Дәріс 5
Тақырыбы: Географиялық атаулардың ақпараттылығы
Жоспар:
1. Топонимиялық номинацияның негізгі белгілері.
2. Топонимдік аталымдар (номинация).
3. Позитивтілік және негативтілік.
Сабақтың мақсаты: Географиялық атаулардың ақпараттық негізін және аталымын анықтау.
1.Қандай да болмасын географиялық нысан өзінің физикалық қасиеті орналасқан жерімен ажыратылады. Қандай да болмасын топоним сол жердің бейнесін дәл бейнелейді. Мысалы, адыр, шоқы, сай, төбе т.б. Егер географ маамн ландшафт және жер бедерін гидрография түрлерін ажыратып бағдарласа, жергілікті адамдар ол жердегі нысандарды шаруашылыққа пацдалана алады. Табиғатты танып білу құралы ретінде ойлау қызметін алсақ, ойлаудың бейнелеу әрекет бекітуде тілдің маңызы зор. Қоршаған табиғат туралы білім адам санасында белгілі бір түсініктер абстракциялар түрінде сақталады. Сонымен табиғи объектілерге және құбылыстарға ат қою процесін адам біздің жағдайда халық ізденісіінң тәжірибесінің тілдік көрінісі деуге болады. Көпшілік халықтарға қарағанда отырықшы халықтарға географиялық нысан көбірек берген атау сынайлы.
Ежелгі гректер әртүрлі себеп-салдар, саяси-экономикалық тұрғыдан алғанда жанында орналасқан ірі географиялық нысан және басқа мемлекеттер аумағында грек тілінен еңген атауларды еңгізуге себебін тигізді. Гректер Қара теңіз жағалауының солтүстік бөлігін біршама игеріп, жергілікті нысандарда дәстүрлік тұрмыс тіршілік ізін қалдырды. Олар физикалық-географиялық нысандардың орналасуы, қасиеті және оларға нақты ұғым беретін атаулар берді. Сонымен олардың жазбаларда кавказ бойы, Каспий маңы орналасқан жерлер, тайпалар жөнінде тарихи мағлұматтар қалды. Мысалы, тавор (таур) ежелгі мәдениеті бар халықтарда «тау»сөзін білдіреді.
Түркияда тавр және антитавр Қырымның көне аты Таврида, сонымен қатар Украинада Таврия деген елді-мекендер көп. «Кентавр» (адам басты жылқы). Оның мағынасы «жүз тау». Византия империясының Конституциясы Богдянародный (905-959) күнделіктерінде Киев Русі және печенегтер, қыпшақтар жөнінде мол деректер келтірілген. Ол өзінің еңбектерінде көшпелілердің көшуінің екі жолы бар екеннін жазады. Шындап қарасақ, көптеген көшпелі тайпалар жылдың маусымдық ерекшеліктеріне байланысты дәстүрлі көшу маршруттар болды.
Дәстүрлі шаруашылық. Мал жайылымы үшін жыл бойы сол өңірлерді мекендеейтін тайпалар қысын оңтүстікте, жазда суы, шөбі шүйгін солтүстік далалы өңірлерге қоныс тепті. Xiғ. Араб саяхатшылары Қазақстан және Орта Азия елдеріне саяхат жасады. Аль-Идрисидің «Нұсхат аль-Мушках» деген еңбектерінде Қимақ қалалары жөнінде мағлұматтар бар. Ең үлкені Карантия, Гаган, Дамурия, Сарыауыс, Даглан, Ханауш, Астур (Гамаш өзенінде тұр), Сисан, маншанок қалалары бар. Болат Көмековтің пікірінше Гаган(ала көл), Гиргир, Тарбағатай таулары, Дардан тауы (Жоңғар Алатауы).
Итальян саяхатшысы В.Рубрук өзінің саяхатында XIIIғ. Батый Ордасы қаңтардан тамызға қарай солтүстікке, ал қаңтардан тамызға қарай оңтүстікке көшіп отырған деп жазады. Көшпелі шаруашылықтың бұл формасы XIX-XXғғ. Дейін өз орнын жоғалтпай келді. Мысалы, орта жүз қазақтары: арғыындар қысын Қаратау Арал маңында, жазын солтүстікке қарай Құлында даласына, Бараба далалары аралығында жыл маусымдарына байланысты көшіп отырды. Бұл әдіс сақ, ғұн, қыпшақ, қимақ, оғыз т.б. түркі халықтарында сақталған.
2) әртүрлі жағдай деңгейінде (апат, соғыс) маңында жаңа күшті, көрші империяның жандануы т.б. себеп-салдарға байланысты жүргізіліп, халықтар басқа орындар іздеп, қоныс аударды. XIIғ. Қыпшақтар Дон мен Кавказ және Алтайға дейін аралықта (Дешті-Қыпшақ) көшіп-қонып жүрді. Оңтүстігі Арал маңындағы оғыздарға қарағанда қыпшақтар үшін батысқа баратын жол арқылы мол жайылым су игерілуіне ықпал жасалды. Цинь және Қазақ хандығын жеңіліс кейін Сібір өзендері арқылы көшіп, жоңғарлар 1609 жылы Еділ маңына қоныс аударды.
2. Әрбіреулерге тілінің аталған функциясының маңызы географиялық шындықты бейнелеуге анықталады және ақпараттық ерекшеліктер сақталған. Тілдік танымның рөлі оның қатысуынсыз адам санасында болмыстың бейнеленуі мүмкін еместігін түсіндіреді. Яғни тілде бекітілген табиғат туралы білім адамдардың дүниетанымы мен мәдениет сипатын анықтайды. Қазіргі уақыттағы қалыптасқан түрік тіліндегі Ақсу, Қарасу. Қытай-Шуй-Хей шуй, Коми тілінде Ва-ворва, Детва, Водва, Обва, Лобва, Ханты-Манси (фин-угор тілі), ман, мень – су. Әр тілде гидрографиялық нысандар жөнінде толық ақпарат береді. Ертеде тастау, жота ұғымына сәйкес келген. Сахара араб тілінде сахра – шөл, Гоби-Гов (сусыз жер), Пиреней – тау (баск тілінде).
Ландшафт ерекшеліктері:
1) шөлді таулар;
2) биік таулар әртүрлі өсімдіктер өскен және тік ландшафтты белдеулері бар.
Онда қар және мұздықтар болғандықтан ала болып көрінеді. Әртүрлі диалкке әдеби тілге еңбеген номинацияның салыстырмалы сипатын кейбір ғалымдар былай бөліп қарастырады:
а) позитивтік;
б) негативтік;
г) калька;
д) қатарлас;
е) халықтық этимология.
3. Позитивтік – географиялық нысанның бейнелеуінің шындық көрінісі болып табылады. Физикалық географиялық белгісі және сипаттамалы ерекшеліктеріне байланысты географиялық нысандар нақты сол жердің көрінісін сипаттаған. Мысалы, Қарағанда, Алматы, Аршашты, яғни бұл жерлерде өсімдік түрлерінің көптеп өсетініне хабар береді. Қарағанды егер орыс нұсқасаында Караганда болса, (тура аударма – когда ты смотришь на меня), бұл теріс пікір. Қарғалы-Қарғалық және қарғалар көп деген сөз, орысша Карга (старая карга) жаман, қатыгез кемпір бейнесінде айтылады. Қазақ халқының этностық ерекшелігі негізінде астарлап сөйлеу, абстрактілі ойлау, сипаттау, күшті дамығанын Энд зилант пікірлері дәлелдейді. Қырғыздар (қазақтар) айнала қоршаған ортаны адамдар, жерлерді есте сақтау жөнінен мәдени адам артта қалдырды. Сонымен географиялық атауларда позитивтік принциптер үнемі алда тұрады. Жер-су аттарын бейнеленуінің өзі сол белгілердің шаруашылық маңызымен анықтайды деуге болады.
Негативтілік жөнінде профессор Ф.Н.Саваренск жазады: Еловка, Сановка, жазғы жерлерде керісінше Степная, равнинная кездеспейтінін айтады. Бұл ұғымдарда В.А.Никоновтың зерттеулерінде салыстырмалы негативтілік негізінде жалғасын тапты. Батпақты жерде батпақ селосы немесе қаласы болуы мүмкін емес, барлық өзеннің бойында балықшы, жағалаулы аттар болуы мүмкін емес. Сонымен бұл заңдылық бойынша, географиялық атаулар жергілікті жерге тән емес ерекшелік жасайтын табиғи құбылыс бейнелену мүмкін. Бұл құбылыс географиялық нысандарда жиі кездесіп отырады.
Тексеруге арналған сұрақтар:
1. Топонимикадағы номинация принципінің негізгі белгілерін анықтаңыздар?
2. Топонимдік аталымдардың (номинация) ерекшеліктерін анықтаңыздар?
3. Позитивтілік және негативтілік ұғымына сипаттама беріңіздер?
