Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛекцииТопонимика Казахстана каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.02 Mб
Скачать

Тексеруге арналған сұрақтар:

1. Топонимдер жүйесінің ерекшеліктерін анықтаңыздар?

2. Адам әрекетінен қалыптасқан топонимдер бірлестігі. Қ.Т.Сапаровтың еңбектерін пайдаланып, антропогендік әрекеттердің гидронимдердегі көріністеріне сипаттама беріңіздер?

3. Елді-мекендер атауларының қоғам өзгерісіне байланысты ерекшеліктерін анықтаңыздар?

4. Антропогендік әрекеттерді айқындайтын микрогидронимдерді кескін картаға түсіріңіздер (Қазақстанның шығыс, солтүстік-шығыс өңірлері)?

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Каймулдинова К.Д. Топонимика. -Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. -336 б.

  2. Поспелов Е.М. Топонимический словарь мира (около 5000 названий). М.: «Астра», 2001. -543с.

  3. Сапаров Қ.Т. Павлодар облысының топонимикалық кеңістігі. –Павлодар: «ЭКО» ГӨФ, 2007. -308 б.

  4. Мурзаев Э.М., Словарь народных географических терминов, М.: Мысль, 1984.- 653 с.

  5. Қонкашпаев Г.К. Словарь казахских географические названий. - Алма-Ата: Изд-во АН КазССР, 1963. – 185 с.

  6. Уәлиханов Ш.Ш. Таңдамалы шығармалар. 2-бас. – Алматы, 1985. – 560 б.

  7. Көпеев М.Ж. Сарыарқаның кімдікі екендігі // Қазақ тілі мен әдебиеті. 1994. - №4. – Б.110-124.

  8. Нақысбеков О. Жергілікті халық тіліндегі арық‑атыз түрлеріне байланысты қолданылып жүрген сөздер жайында // Қазақ диалектологиясы. Алматы. 1965. 160 - 179 бб.

  9. Керейбаев Қ. Қазыналы Қалба. – Алматы . 2003.- 464б.

  10. Румянцев П.П. Материалы по обследованию туземного и русского старожильческого хозяйство и землепользования в Семиреченской области. т.1. вып. 1. Лепсинский уъезд.- Спб., 1911.- 633с.

  11. Каталог географических названий Республики Казахстан. Восточно-Казахстанская обл. Алматы 2004. том 1,2.

  12. Егорина А.В., и др. Физическая география Восточного Казахстана. Учебное пособие. - Усть-Каменогорск. 2002-182 с., ил.

  13. Тілемісов Х., Рамазанов Е. Ауыл шаруашылығы сөздігі.‑Алматы: Қайнар, 1992.- 496 б.

  14. Құсайынов С.А. Жалы геоморфология. Алматы: ҚазҰУ, 2004. – 256б.

  15. Джаналиева Г.М. Антропогенное ландшафтоведение. Алматы, 2000. – 120 с.

Дәріс 4

Тақырыбы: Палеотопонимдер

Жоспар:

1. Палеотопонимика ғылымы нені зерттейді?

2. Ресми белгілі палеотопонимдер.

3. Көне және кейінгі жазу ескерткіштердегі деректер.

Сабақтың мақсаты: Палеотопонимиканың топонимика ғылымын зерттеудегі рөлін анықтау.

1. Палеотопонимдер (жергілікті жердің көне атаулары), яғни бұрыннан қалыптасқан географиялық атауларды зерттейтін ономастиканың бір бөлігі палеотопонимика ғылымы зерттейді. Палеотопонимдер өткен мыңжылдықтарда өмір сүрген халықтар мен тайпалар жөнінде толық мәліметтер алуға болады:

  1. тарихы белгілі кейінгі кездерде жоғалып кеткен палеотопонимдер;

  2. басқа аудандарға өтіп кеткен;

  3. басқа аумақтардан келіп, бірақ жергілікті халыққа түсініксіз палеотопонимдер;

  4. транзит ретінде қалыптасқан палеотопонимдер (монғол, иран, славян тілдерінен еңген);

  5. жергілікті тайпа халықтар арқылы бұрмаланып, өзгеріске түскен палеотопонимдер;

  6. басқа ұғым беретін, бірақ жергілікті халықтарда қолданылатын палеотопонимдер;

  7. ғылыми тұрғыдан қарастырған кезде мағынасы түсініксіз палеотопонимдер.

Бірнеше ғасырлар арасында пайда болған палеотопонимдер көптеген ақпараттарды ала жүре, өткен тарихтан сыр шертеді. Палеотопонимдер 3 топқа бөлінеді. Олар:

  1. географиялық карталар, ресми құжаттар және ғылыми емес лингвистикалық тарихи жұмыстарда табылған ресми палеотопонимдер;

  2. жергілікті халықтар пайдаланатын, бірақ та өткен халықтар жадында есте қалған палеотопонимдер;

  3. көне картографиялық деректер, тастардағы жазу және таңбаларда қалған палеотопонимдер.

2. Тарихта әуелгі темір дәуірінде б.з.д. VII-IV ғғ. Қазақстанда мекендеген көне тайпалар және олардың қоныстануы жөнінде жазба деректер ұшырай бастады. Б.з.д. Vғ. Басында 9 кітаптан тұратын тарихи еңбек жазған грек Геродоттың еңбегі бұл салада үлкен орын алады. Оның еңбектерңнде тарихи атаулар жөнінде мәліметтер кездеседі. Мысалы, этнонимдер, тиграхаут, дах (дайлар), батыста – савроматтар (аорыстар), орталық Қазақстанда – исседондар, солтүстік-шығыста – аримаспылар мекендеген. Ондықтан біз грек жазбалары арқылы Қазақстандағы өткен сақ-сармат тайпалары жөнінде толық мағлұмат ала аламыз. Зерттеушілердің көпшілігі бұл тайпалар иран (парсы) тілінде сөйлеген деп топшылайды. Башқұртстандық профессор Д.Киекбаев «асхи» сөзі қазақ тіліндегі біртүбірлі «ас» сөзімен түбірлес. Өйткені Геродот «асхи» деп жеміс шырынынан жасалатын сұйық затты айтып отырса, қазақтардаға «ас ішейін» деген сөз тіркесі сұйық асты ішерде айтатын болғандықтан, осыған қатысты болса керек. Геродоттың мәліметтеріне қарағанда Viғ. Аяғында парсы патшасы Дарий сақ тайпаларына соғыс ашқан және Дарий әскерлері лик, Оар, танаис, Сиргиз өзендері бойымен өткен деп баяндайды. Сонымен дарий жорығыныңжеткен соңғы орны Оар өзені (ор), Лик (Елек), Сиргиз (гиргиз, Ырғыз). Бұл жерлер шөлейтті, құмды жерлер; екіншіден, Елек, Ор, Ырғыз өзендерінің аты осы күнге дейін сақталған. Ал Танаис немесе Танаит топонимінің этимологиясы және оның орны туралы пікір айту қиын. Ал кейбір зерттеушілер бұны Дон өзенімен қатар қойса, ал кейбіреулері сырдария өзені деп есептейді.

Ор өзенінің этимологиясы жөнінде П.И.Рычков (1762) былай деп түйіндеген: «Ор – түркі сөзі. Бірінші мағынасы (перекоп, линия) Екінші – саға (устье, отверстие, ворота). Ал нақты түркі тілінде «ой, шұңқыр» мағынасына сәйкес». Ырғыз – Чулын татарларда Эргизу – ескі арналы су. Сонымен, Ырғыз, Ор, Елек өте ертеде пайда болған деуге болады. Ресейдегі Енисейөзенінің түркілер - -Енисай (қырғыздар), ненецтер – Энасия (кең өзен), эвенклер – Эне, Иэнэ – үлкен өзен, тувалықтар – Улукхем (жоғарғы өзен, мәртебелі мағынасын қарастырады). Өзбектерде – Янгису тарихи деректерде, мысалы, Монас эпосында Ш.Айтматов еңбектерінде қырғыздардың Енисай маңынан келгендері жөнінде деректер бар.

3. Көптеген географиялық объектілер, әсіресе, гидрографиялық көптеген атаулары бар. Өйткені бастауы, сағасы, салалары бойында орналасқан халықтар өз тілінде атаулар беріп отырған. Мысалы, Обь – А.К.матвеевтің пікірінше, қар, қаржамылғысы ретінде берілген. Иран тілінде Обь – «су», ненецтерде – «соля-ям» (мүйісті өзен), угорларға жататын ханцы-манцы тілінде – Обь (ас - ірі өзен) мағынасында қарастырылады. Түріктердің Сібірге қоныстануы бір мың жылдан астам болған. Олар Обьті – Амар (Умар, Омар), том татарлары қазіргі уақытқа дейін Ақ-Көк Омар дейді. Қазан татарларының ұғымы бойынша, Обь – үлкен өзен мағынасында қарастырылады. Амур өзенен, керісінше, Эвенклер, Амар деп атайды. Иир (иір) және Мень, Ман компоненттері «су» сөзінің эквиваленті болып табылады. Иірмень, Ульмень т.б. кішігірім өзендер Сібірде көптеп кездеседі. Лена өзенін орыстар Элуэнэ деп атайды (XVIIIғ.), бірақ та этимологиясы түсініксіз болғанымен жергілікті халықтар қойған ұғымға саяды. Ертістің оң жақ саласы Катун және Бия өзендері, тувалықтар – Биихем (үлкен өзен), ал түркі тілінде «Бие» мағынасында қарастырылады. Инья өзені Сібірдің сызба кітабтарында Уень (үйең) деп берілген. Катунь – түркі тілінде «қатын сөзінен шыққан. Күлтегін ескеркіштерінде мәртебелі биік «Катын» деген жазу бар. Ол өз анасын осылай атаған деуге болады. Мысалы, Катунқарағай. Катоңқарағай - кейде оны қотаңқарағай дейді, кейде оны қатынқарағай дейді. Сондықтан бұл көне түркілік ұғым негізінде қалыптасты.