- •Тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •Тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •Тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •Тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •Тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •Тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •Көлдің тартыла бастауы
- •Көлдің тартылуы
- •Тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қолданылған әдебиеттер
- •Тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- •Тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •Тексеруге арналған сұрақтар:
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
|
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті |
Пәннің оқу-әдістемелік кешені |
Басылым: төртінші |
Дәріс 1
Тақырыбы: Топонимика және оны зерттеу нысаны.
Жоспар:
Кіріспе. Топонимика ғылымының зерттелу тарихы.
Қазақ топонимдерінің қалыптасуы мен дамуының теориялық және әдіснамалық негіздері.
Топонимиканың зерттеу бағыттары.
Топонимика ғылымының зерттеу принциптері.
Сабақтың мақсаты: Топонимика ғылымның қалыптасуы мен дамуының теориялық және әдіснамалық негіздерін зерттеу.
Кіріспе. Топонимика ономастикасының географиялық атаулар зерттелу бөлігі. Topos (грекше) – орын, onomo – есім, ат деген сөздерден пайда болған. Жер-су аттары дегеніміздің өзі ертеде, сол өлкені мекендеген халық тілінің кірінісі. Ол халықтар кейіннен жойылып кетсе де, немесе басқа өңірлерге қоныстанса да, топонимдер ғасырдан-ғасырға ауысып өміір сүре берді. Сонымен топонимика сол жерді мекендеген этностың тарихын ашып, тілі, тұрмыс-салты туралы мәлімет береді. Халық елді-мекен, жер-су, өзен, көл атауларының мағынасы мен мәніне, шығу тарихына аса зор мән берген. Бұл кездейсоқ құбылыс емес, өйткені әрбір географиялық атаулар әр заманның ескерткіштері ретінде халық туралы хабар беретін зерттеу нысаны болып табылады. Тарихи деректерге жүгінсек, Қазақстан аумағында әртүрлі тайпалар мекендегені анық. Сақ, сармақ, кейінірек ғұндар, түркілердің болғандығын әсіресе араб, парсы, қытай жазбалары арқылы және тарихи этнографиялық, археологиялық деректер негізіндеанықталып отыр. Ертіс, Баянауыл өңірлерінде осы тайпалардың болғандығы жөнінде деректер академик Ә.Марғұлан, Қ.А.Қадырбаев еңбегін қарастыруға болады. Араб саяхатшысы әл-идриси, әл-Варди және парсылық (Иран) Гардези еңбегін орыс тіліне аударған шығыстанушы Б. Көмековтің зерттеулерінде Ертіс өзенінің орта ағысында Қимақ қалалары болғандығы жөнінде деректер бар. Онда 16 қала көрсетілген және олардың шаруашылығы, салт-дәстүрі жөнінде деректер бар.
Қимақтар Ертіс өзенінің VIII-X ғғ. Гамаш деп аталатын және олар тәңірге сиынып, Ертіс суына сиынғаны жөнінде мәліметтер келтірген. Топонимдер арқылы біз көптеген ғасырлардан ақпараттар аламыз. Кейбір топонимдер бірнеше жүздеген аралығ. Жойылып, кейбіреулері әлі күнге дейінмағынасын жоғалтпай келе жатыр. Рим, Афины, Александрия, Самарқанд, Тараз т.б. Ал Ассирия, Вавилон, Карфаген, Финикия, Қимакия және Сақ-сармақ мемлекеттерінің болғандығы тарихи деректер арқылы аңғаруға болады. М.Қашғари жазбалары Ертіс (Артыш-Иемек даласындағы өзен). Ол бір көлге барып құяды, ал Артыш Ерту етістігінен туындайды. Ертіс өзенінің этимологиясы жөнінде көптеген лингвистер түсініктеме берген. Олардың ішінде Е.В. Мурзаев, А. Қайдаров, В.Н. Попова т.б.
1. XVIII-XX ғғ. Аралығында қазақ жерінің топографиясы тарих пен этнография орыс оқымыстыларының еңбектерін ерекше орын алды. С.У. Ремезовтың Сібірдің сызба кітаптарында Қазақстанның кейбір географиялық атаулар көрініс тапқан. Ертіс қалабалғасын мұнарасы, Ямыш т.б., ал А.Макшеевтің 1627 ж. жарық көрген Үлкен сызба кітабының мәліметтеріне, 1716-1730 жж. құрастырған Швед Ренаттың Жоңғария карталарына талдау жасап, қомақты деректер келтіргені анық. Қазақстанның ұлан-байтақ жері оның сан мыңдаған жер-су атаулары Ресей империясының географиялық карталарына XVII-XX ғғ. аралығында тиісті дәрежелер көрініс тапты. Сол тұстағы орыс ғалымдары П.П.Рычков т.б. А.Гумбольд қазақ жерінде жүргізілген ғылыми зерттеу экспедициялық тәжірибесін бастады. Бұлар жекеленген топонимдерін этимологиялық асып шыға алмады. П.П.Семеновтың басшылығымен шыққан Ресей империясының географиялық статистикалық сөздіктерінде (1863-1885) қазақ жерінің географиялық атаулар жинақталды.
XIX ғ. аяғы мен XXғ. Басында Қазақстан аумағында Ф.А.Щербина бастаған экспедиция кешенді түрде жүргізілді. Соның нәтижесінде 13 томдық әрбір уездің аумағы кешенді түрде сипатталды. Ресей тарихшыларының ішінен С.В. Веселовский, Н.Н.Надеждиннің ерекше атауға ие болады. Н.Н.Надеждин: «Топонимика жерінің тілі, ал жер адамзат тарихы жазылған кітабы» деген. Топонимика пәні соғыстан кейінгі жылдары біршама дами бастады. Одақтас республика Ғылым Академиясында тіл білімі институты жанында ономастика бөлімдері ашыла бастады. Әсіресе ономастиканың ірі өкілдері А.В.Суперанская, Э.М.Мурзаев, В.А.Жучкеевич, А.И.Попов, В.Н.Топоров, М.Н.Мильхеев, А.К. Матвеев, В.Н. Никонов т.б. атайды. Олардың жеке монографиялары мен жеке жеке ғылыми еңбектері, ғылыми конференциялары мен одақтық журналдар басылымында 50-80 жж. аралығында жарық көрді.
Қазақ халқының географиялық терминологиясы аса бай болуымен ерекшеленеді. Бұл жүйенің қалыптасу тарихы халықтың тарихымен, мал шаруашылығын ұйымдастыру сипатымен, табиғат жағдайларымен, қазақ тілінің құрылымымен тығыз байланысты болғандықтан, оны жеке-дара құбылыс ретінде қарастыру мүмкін емес. Халықтық географиялық терминдердің топонимикалық зерттеулердің маңызын белгілі географ, топонимист Э.М. Мурзаев былайша түсіндіреді. Терминдер топонимиканың негізі, олар географиялық атаулардың мағыналық мазмұнын анықтайтын бөлігі болып табылады. Кез-келген топонимикалық зерттеу халықтық географиялық терминдерді талдаудан басталуы қажет және қазіргі, сол сияқты түбірлі(субстратты) жергілікті терминдерге міндетті түрде ескерілуі қажет. География ғылымдары тұрғысынан қазақ географиялық терминдерін алғаш топтастырып, мағынасына анықтама берген Ғ.К.Қоңқашбаевтің зерттеу жұмыстарының маңызы да өте зор. Географиялық орталығы табиғат жағдайларын нақты бейнелеуге топонимдер құрамында болған халықтық және жергілікті географиялық терминдер себепші болды. Топонимика ғылымында индикатор-терминдер деп аталатын мұндай сөздер тобы физөикалық-географиялық нысандардың типін, ландшафттық-белдемдік ерекшелігін, морфологиялық сипатын, шығу тегін (генезис) сипаттады. Осы тұрғыда алғашқыда, табиғат жағдайларын сипаттайтын жер-су атауларында жергілікті жердің ландшафттық келбеті бейнеленіп, халықтың географиялық білімін жинақтайды. Ғ.Қоңқашбаевтің мәліметтеріне сәйкес, қазақ халқыынң 600 географиялық терминдері және Қазақстандағы жергілікті топонимдерінің жартысына жуығы халықтык терминдер негізінен жасалған.
2. Қазақ топонимикасының кейбір мәселелері, оны зерттеудің алғашқы қадамдары көптеген орыс және қазақ ғалымдарының еңбектерінде көрініс тапты. Мәселен, ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, кейбір жер-су атаулары (топонимдер) мен этнонимдер жөніндегі аса құнды деректерді Ш. Уәлихановтың, сондай-ақ, орыс ғалымдары Ф. Байков, С.У. Ремезов, П.И. Рычков, Г.Ф. Миллер, В.В. Радлов, А.В. Левшин, В.П. Семенов Тянь-Шанский, Н.А. Аристов, Г.Н. Потанин, А. Гумбольдт, А.М. Макшеев, А.Я. Ханыков, М.С. Чернышев, В.В. Бартольд, сол сияқты кешенді зерттеулер жүргізген Ф. Щербинаның еңбектерінен кездестіруге болады. Географиялық карталарда сақталған құнды деректер қатарына С.У.Ремезовтың «Сібірдің Сызба кітабын» жатқызуға болады. 1697 жылы құрастырылған картада Қазақстан аумағына қарасты 200-ге жуық географиялық атауларға тарихи-географиялық тұрғыдан сипаттамалар берілген. Мысалы: Мұғалжар (Айрюк), Жем (Гем), Есіл (Ишим), Арал теңізі (Синее море), Ұлытау (Улутова гора), Жәміш (Ямыш) т.б.
Орыс зерттеушілері кейбір топонимдердің этимологиялық мәнін де қарастырады. Дегенмен, Қазақстан топонимиясының бұл пионерлері халықтық этимология шеңберінен асып кете алмады. Қазақстан картасындағы географиялық атаулар соңғы жүз жыл ішінде Патшалық Ресей тарапынан әділетсіз түзетулерге ұшырағаны мәлім. Ол қоғамның идеологиялық, саяси мүддесіне сай жүргізілді және ономастика мәселесін ғылыми жолмен реттеуге көңіл бөлінбеді. Нәтижесінде қазақ ономастикасының өзіндік болмысына, ұлттық болмысына, ұлттық ерекшелігіне, әсіресе оның топонимиялық жүйесіне орасан зиян келтірді. В.А.Никонов: «Атау нысанаға танылып қалған нәрсе емес, бірақ ол тек қана қоғамда өмір сүреді және әрбір әлеуметтік құбылыс сияқты әрқашан тарихи заңдылықтарға бағынады»деп жазды.
Түркі халқы тіліндегі ономастиканы жан-жақты зерттеуді батыл насихаттап, күрделі еңбектер жазып қалдырған Н.А.Баскаковтың еңбектерін ерекше атап көрсетуге болады. Ол этнонимия, антропонимия саласын зерттеуде көптеген еңбектер жазды. Топонимикалық зерттеулер талай ғылымның деректеріне сүйенеді. Көп жағдайда лингвистика, тарих, география, этнография, картография т.б. ғылым мәліметтерін пайдаланады. Демек, өзге ғылымдардың да топонимиядан алары көп. Қазақстан топонимиясын зерттеудің алғашқы қадамдары ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталды. Атап айтсақ, П.П. Семенов Тянь-Шанский, Г.Н.Потанин, Ш.Уәлиханов т.б. ғалымдар өзен, көл, тау, жота, асу т.б. географиялық таулардың шығу тарихын зерттеп мақалалар жазды. Халқымыздың данышпан ғалымы Ш.Уәлиханов өзінің «Қазақ халқының космогониялық ұғымы» атты мақаласында ай мен күн, жұлдыздар туралы тамаша пікір айтқаны баршамызға мәлім. Әсіресе Темірқазық, Жетіқарақшы, Құс жолы, Үркер, Сүмбіле т.б. космонимдер туралы айтқан ойлары топонимикада ойып орын алады.
Шоқан өзінің еңбектерінде 3000-нан астам топонимдерді пайдаланған, оның 2600 түркі тілдес болып келеді, оның еңбектерінде 500-ден астам сол кездегі микротопонимдер кездеседі. Мысалы Таскүнгей, Қыземшек, Қойтас, Ащысу, Жыланды, Көктас, Қарауылшоқы, Бұрақ, Суықжон, Бассай т.б. атаулар жатады. Ол топонимдердің шығу тегін зерттеулер арқылы дәлелдеген. Ғалымның еңбегі қазіргі ғалымдар үшін мұра болып отыр. Космонимдер жөнінде деректер М.Шорманов, В.В.Радлов, Г.Потанин, Б.А.Куфтин, А.Диваев, Х.А.Әбішев, П.Полатбеков, А.Машанов, Х.Арғынбаев т.б. еңбектерінде кездеседі. ХХ ғасырдың басында қазақ топонимдерінің ерекшелігі жайында Қ.Халид, М.Ж.Көпеев арнайы ғылыми еңбектер мен мақалаларды жарыққа шығарды. М.Ж.Көпеевтің «Сарыарқаның кімдікі екендігі» (1907) еңбегінде көптеген қазақ атаулары, тіпті ноғайлы заманындағы атаулар да кездеседі. 1910 жылғы Шағатай тілінде жарық көрген «Тауарих-и хамса-йи шаркит» кітабында Қ.Халид: «Менің өте таң-тамаша болатыным, қазақ оқымаған халық халық деп лақап айтылады. Ал, жағрафия, астрономия сияқты арнаулы пәнді оқымай, білуге қиын соғатын жердің белгілерін айырып, соған дәлме-дәл ат қойып сөйлейді» - деп пікір түйіндеген. ХХ-ғасырдың 30-40 жылдары топонимикалық зерттеулерге қазақ ғылымдары да қызығушылық танытып, оның мазмұны мен әдіс-тәсілдеріне айтарлықтай үлес қосты. Атап айтсақ Қ.Қ.Жұбанов, Ә.Марғұлан, С.А.Аманжолов, С.Алиев, Н.Баяндин т.б.
1950 ж. Б.Аспандияровтың «Кейбір топонимикалық атаулардың этимологиясы» атты мақаласы жарық көрді. Автор Қазақстан аумағындағы кейбір топонимдердің: Ертіс, Ырғыз, Қимақ, Жайық т.б. топонимдердің этимологиясын тарихи тұрғыдан сипаттап жазды. Қазақ ономастикасының, оның ішінде топонимика саласының ғылыми бағыт ретінде қалыптаса бастауына географ-ғылым Ғ.Қонқашбаевтың 1949 жылы «Қазақтың халықтық географиялық терминдері» атты тақырыпта қорғаған кандидаттық диссертациясы мен осы тақырып төңірегінде жазылған көптеген мақалалары ұйытқы болды. Еңбектерінде ғалым географиялық терминдердің шығу тегіне ерекше мән беріп жіктеп топтастырады. Ол ең алғашы «Қазақ географиялық атаулар сөздігі» атты топонимикалық еңбекті жарыққа (1963) шығарды. Сонымен қатар, басқа тілден енген топонимдерді (араб-иран, моңғол-қалмақ т.б.) ажыратып, топонимдердің табиғат жағдайларында бейнелену дәрежесіне географиялық тұрғыдан сипаттама берді. Географ Ғ.Қонқашбаевтың осы бастамасы келесі кезекте қазақтың лингвист ғалымдары Ә.Әбдірахмановтың (1955), Т.Жанұзақовтың (1961), В.Н.Попованың (1966), Е.Қойшыбаевтың (1967), О.А.Султаньяевтың (1967) т.б. іргелі еңбектерінде жалғасын тапты. Келесі онжылдықта ономастикалық зерттеу мәселелерінің аясы кеңи түсіп, топонимия саласындағы ареалдық, аймақтық тұрғыдан зерттеу қарқынды дами бастады.
ХХ ғасырдың 60-жылдары бұрынғы КСРО көлемінде «Топонимикалық бум» кезеңі өз мәресіне жетті, яғни ғылыми орталықтарда жер-су атауларын зерттеу жұмысы қолға алынып, ұлттық ономастикалық мектептер қалыптаса бастады. Атап айтсақ Ресей мен Украинада, Белорусия мен Өзбекстанда да белгілі бір жүйеде дами бастады. Кеңес көлемінде ономастикалық жұмыстарды атқаруға ортақ үлес қосқан белгілі орыс зерттеушілерінен В.Н.Топоров, О.Н.Трубачев, Н.И.Толстой, А.И.Попов, В.А.Никонов, А.К.Матвеев, А.П.Дульзон есімдерін атауға болады. Бұл кезең одақтық ономастикада топонимиканы лингвистер, географтар, тарихшылар мен этнографтардың әр қайсысының өзіне тартуы, әр сала маманы өз саласының әдіс-тәсілін тиімді деп санауы жөнінде пікір-талас, кереғар көзқарастар оның (топонимиканың) ғылыми сала, пән ретіндегі мәртебесін толық айқындап бере алған жоқ. Топонимика-ономастиканың өзіндік ерекшеліктері мол, негізгі саласының бірі. Ономаст ғалымдар «географиялық атауларда халықтың тарихы, тілі және тарихи география жөніндегі қыруар бай материал, құнды деректер сақталған» деп бағалайды. Оның айғағы Т.Жанұзақовтың, Ә.Әбдірахмановтың, О.Султаньяевтың зерттеулерінде қазақ ономастикасы халықтың тарихы мен мәдениеті, этнографиясымен байланысты қарастырылса, Е.Қойшыбаевтың зерттеулерінде қазақ топонимиясына, теориялық, әдістемелік жетістіктері едәуір болғанмен, бір жақтылық байқалады.
1971 жылы Қазақ ССР ҒА жанындағы Тіл білімі институтында ашылған ономастика бөлімі осы күнге дейін қызмет етіп келеді. 1981 жылдан бері ономастика бөлімін басқарып келе жатқан профессор Т.Жанұзақовтың бастамасымен 300 мыңнан астам картотекалық қор жасалған. Тіл білімі институтының жүргізген есебіне қарағанда, 1949-2004 жылдар аралығында Қазақстанда 40-тан аса докторлық және кандидаттық диссертациялық зерттеулер қорғалды. Топонимика қазіргі кезде дербес ғылым саласы ретінде қалыптасып қалғанымен, ол әуел бастан тіл білімі, тарих және география ғылымдарына тәуелді болып келеді. Жер-су аттары осы аталған нысаны бола алады. Ареалдық әдіс топонимиканы географиямен тығыз қарым-қатынасқа түсіріп, атау мен нақты реалийді бірге қарауға мүмкіндік берді. Географиялық атауларды алғаш зерттеушілердің көбі тарихшы мен географ-ғалымдар болғаны да содан, карта жасау жұмыстарына байланысты болса керек. Алдымен картаға топонысана түсіріліп, одан соң оның аты жазылатыны аталған ғалымдардың назарын жер-су аттарына аударуға мәжбүр етті. Мәселен, түркі топонимикасына елеулі еңбек сіңірген ғалымдар Э.М Мурзаев, Е.М. Поспелов, Ғ. Қоңқашбаевтар, негізінен, география саласының мамандары еді.
Географиялық атауларды зерттеуге картографиялық әдістің дендеп енуі қалай болса солай жүрмей, бірізді болу үшін, Е.М. Поспелов 1971 жылы «Топонимика және картография» атты еңбегін жазды. Мұнда жер-су аттарын зерттеуде картографиялық әдістің алатын орнын көрсетіп, оның топонимикамен ажырамас бірлікте болатынын дәлелдеп берді. Жалпы топонимдердің табиғи ортамен байланысы Э.М.Мурзаев, Ғ.К.Қонқашбаев, С.А.Әбдірахманов, Қ.Б.Базарбаев, Б.А.Будагов, А.П.Горбунов, Ж.Достай, К.Д. Каймулдинова, А.С.Омарбекова, Ә.Е.Аяпбекова, А.У.Мақанова, З.К.Мырзалиева т. б. ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапты. Біздің зерттеулеріміздің Э.М. Мурзаев, Е.М. Поспелов т.б. ғалымдардан айырмашылығы белгілі бір облыс, өңір аумақтарына қарасты барлық географиялық атаулар геоақпараттық жүйе (ГАЖ) негізінде карталарға түсіріп, олардың таралу ареалдарын бірізділікке келтіру болып табылады. Қазіргі уақытта масштабы 1:100 000 топокарталар негізінде Павлодар облысының (8 карта). Қазақстанның шығыс, солтүстік-шығыс өңірлерінің физикалық-географиялық, геоэкологиялық ерекшеліктерін бейнелейтін (м-бы 1: 3 000 000, 1: 3 500 000 болатын) топонимикалық карталарын (9 карта) құрастырдық. Кез келген топонимикалық зерттеулер жүргізген кезде, географиялық атауларды жинақтау, бұрыңғы атауларын қалпына келтіру мәселері туындайды. Дегенмен, мұрағаттық, тарихи-географиялық, картографиялық, лингвистикалық, палинологиялық деректер атауларды қалпына келтіруге мүмкіндік туғызады. Географиялық карталарда көптеген, өткен тарихтан мол ақпарат беретін олар топонимдердің жазылуы, орналасқан жерін анықтауға мүмкіндік береді. Топонимикалық зерттеулерде картаның маңызды рөл атқараты ерте заманда белгілі болған. Мәселен, ежелгі қытайлар, римдіктер, гректер құрылыс жолдарын, егістік, каналдар қазу т.б. жүргізген уақытта топонимикалық әдісті (оның ішінде картографиялық) пайдаланған. М.Қашқаридың құрастырған картасында (шеңбер тәріздес) көптеген көне топонимдер жөнінде мол мәлімет берілген. География ғылымдарының әдіснамалық мәселелерін қарастыруда академик Қ.И. Сәтпаевтың география ғылымына қосқан үлесін, оның шінде географ ғалым ретіндегі қызметін атап кету орынды. Ол өзінің зерттеулерінде топонимикалық әдісті пайдаланды. Алтынтапқан, Қорғасынтау, Кеңгір, Кеңқорытқан, Мыңшұңқыр, Теміртау т.б. атаулар арқылы көне қазба орындарын анықтап, топонимиканың ғылым ретінде қалыптаспай-ақ тұрып, ол бұл әдісті тәжірибе жүзінде іске асыра алды. Қазақстанда кең орындарының мейлінше бай болып көне замандардан белгілі екендігі, олардың кеңінен өрістегені бұл күнде ғылымда толық анықталып отыр. Бұл жөнінде Ә.Марғұлан: «Біздің заманымызға дейінгі ХІІ-ХІ ғасырларда-ақ темірдің молынан өндіріле бастағанын спектралды талдау анықтап беріп отыр», - деп жазды. Оған Қалайықазған, Алтынтапқан, Жезді, Рудный, Жезқазған т.б. географиялық атаулар дәлел бола алады.
Топонимдерді зерттеу барысында географиялық терминдердің алатын орны ерекше. Халықтық географиялық терминдер тек тәжірибелік ғана емес, үлкен ғылыми маңызға ие. Терминдер географиялық атаудың мағыналық мазмұнын анықтайтын топонимнің негізі болып табылады. Топонимдердің әр түрлі үлгілері осындай терминдердің көмегімен жасалған, яғни жергілікті географиялық терминдерсіз бірде-бір елдің топонимдері жасалмаған және жасалмайды. Еліміздегі көптеген ғасырлар бойы қазақ тілінде жасалған миллиондаған жеке атаулар халықтың арқасында бүгінгі күні біздерге жетті. Қазақстанда шамамен 2,7-3 млн. шамасында әртүрлі географиялық атаулар бар деп есептелінеді. Өкінішке орай, осындай халықтың рухани байлығы қазіргі уақытқа дейін толық жүйелі түрде жинақталмаған. Еліміздің толық және бірден-бір географиялық атаулардың сақтаушысы ретінде осы кезге дейін ірі масштабты топокарталар саналып келеді. Алайда топографиялық карталардағы атаулардың жартысынан көбі үлкен бұрмаланумен берілген.
Қазақстан картасын қазақша сөйлетеміз деп жүрген азаматтар тілді жетік білмегендіктен, тілші және топонимист мамандармен ақылдаспағандықтан, олардың еңбектерінде өрескел қателер кездеседі. Мәселен, бір ғана Шығыс Қазақстан облысының топокартасында Үржар – Ұрыжар, Өрел – Өргіел, Берел – Бергіел, Шанағаты – Шанағатты болып заңсыз өзгеріске ұшыраған. Ал, Листвяга тау атауын жотасын Қоржынтау, Тарбағатай (Барқытбел), сілемін Таутекелі деп өзгерту – аймақты жақсы білмеуден туған қателіктер. Орыс саяхатшылары Листвяга түрінде картаға түсірмес бұрын және қазір де ол тау жотасы – Қоңыржон деп аталады. Таутекелі болса Тарбағатай жотасының бір ғана сілемі екені жергілікті тұрғындардың бәріне аян.
В.Н.Попованың «Словарь географических названий Казахстана. Павлодарская область» (2001, I, II том) атты ғылыми еңбегінде 5000-ға жуық атаулар қамтылған. Алайда, осы атаулардың қай картадан алынғаны белгісіз, атаулардың этимологиясын анықтаған уақытта көптеген өрескел қателіктер жіберілген. Оны зерттеушілер мен жергілікті өлкетанушылар құптайды. Арбаиген атауы Кеңес үкіметі тұсында Арбиген болса, В.Н. Попованың сөздігінде–Арбөген мағынасында беріліп, су қоймасымен байланыстырылады. Бұл жерде ешқандай су нысаны жоқ, атау «арбаны иіп жасау» мағынасында қалыптасқан. Аталмыш сөздікте географиялық атаулардың орналасқан жерін бұрынғы болыс атауларымен байланыстырады. Болыс атауларын қазіргі кезде зерттеушілер де біле бермейді. Сонымен қатар қазақ халқы орналасқан аудандардың (Баянауыл, Май, Лебяжі, Ертіс, т.б.) жер атауларының көпшілігі бұрмаланып берілген.
Жер-су атауларын жинақтау, оларды реттеу, дұрыс таңбалау, тарихи атауларды қалпына келтіру, аймақтық сөздіктер шығару сияқты топонимиялық, теориялық және қолданбалы мәселелеріне республика үкіметі үлкен мән беріп, оны мемлекеттік тілде қолдану аясына қарап, көптеген тиісті заң нұсқаулар қабылдады. Бүгінгі күні география ғылымының алдына қойылып отырған міндеттер ҚР «Тіл туралы Заңы» (11.07.1997 ж.), басқа да әкімшілік, құрылыс, елді мекендер мен физикалық-географиялық нысандарды қайта атау туралы ережелік жарлықтар мен қаулыларға және ҚР Президентінің 2007 жылғы 28 ақпанындағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» деп аталатын Қазақстан халқына жолдауында қойылған талаптарға сәйкес келеді. Бұл бағдарламада терминологиялық және ономастикалық сөздіктер шығаруға, әкімшілік-аумақтық карталарды мемлекеттік тілде сөйлетуге жан-жақты көмек көрсету, қаржыландыру мәселелері көрсетілген. Оның айғағы, ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің тапсырысы бойынша алғаш рет қазақ тілінде «Павлодар облысының топонимикалық кеңістігі» (2007) атты монография, Павлодар облысы тілдер дамыту жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша алғаш рет қазақ тілінде «Павлодар облысының әкімшілік-аумақтық бірліктері мен физикалық-географиялық атауларының көрсеткіш анықтамалығы» (2007), «Ертістің – Аққулы өңірінің жер-су аттары» (2007), Екібастұз өңірінің жер-су аттары (2008), Павлодар облысының ономастикалық атауларының көрсеткіш анықтамалығы (2009), Әкімшілік-аумақтық карталар топтамасы (м-бы 1:300000, Ақсу, Екібастұз, қ.ә, Ақтоғай, Ертіс, Баянауыл, Железин аудандары 2008), Қ.Т. Сапаровтың басшылығымен жарыққа шықты. Бұл ғылыми еңбектерде Павлодар облысының топонимдерінің пайда болуы, дамуы, қалыптасу тарихы, тілдік қабаттарының құрамы, оның тарихи өзгеру, қалыптасу заңдылықтары, жергілікті халықтың өткен өмірімен, тіршілік болмысы, экономикалық-әлеуметтік байланыстары жан-жақты баяндалады. Облысымызда алғаш рет жарық көріп отырған әкімшілік-аумақтық бірліктері мен физикалық-географиялық атауларының көрсеткіш анықтамалығы барынша сарапталған аттарының дұрыс жазылуын негізге алды.
Қазіргі таңдағы ең маңызды мәселелердің бірі аумақтардағы Павлодар, Өскемен қала аттарын өзгерту болып табылады. Өскемен қаласы тұрған жер ертеректе Дөм (Дөң), кейде Тасқұйған аталған көрінеді. Ал, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында Ертіс бойлап Қарадөң жерге жеттік. Бейне Теңіз (Жайсаң) дейтұғұн көлге жеттік-деген жолдар кездеседі». Тасқұйған түріндегі көне атау «тасты құйылыс» яғни Ертіс пен Үлбінің құйылысы деген мағынада тұрғанымен,қаланың мәнін ашпайды.Б.Н.Бияров Тасқұйғанның орнына Тасқорған деп өзгертуді ұсынады.Мыңжылдық тарихы бар Ертіс өзені атауын оның жағасында орналасқан Павлодар (Ертіс) қаласына берсе, ешқандай күмән туындамайды. Семей қаласы атауы мағынасыз,бірақ қазақ тіліне бейімделген сыңайлы. Дегенмен,бұрынғы Жетішатыр (Жетікит) атауын Жетікент деп өзгертсе мағыналы атау болар еді. Тәуелсіздік алғаннан бері Павлодар облысы бойынша 85 елді мекен атауы өзгертілсе, Шығыс Қазақстан облысында 142 қалпына келтірілген топонимдер пайда болды.
Қазақстан топонимикалық кеңістігінің әлі шешімін таппаған мәселесі көп. Топонимика бірнеше ғылым саласымен тоғысатындықтан, географтарға да мамандықтың талабына байланысты топонимдермен айналысуға тура келеді. Қазақстанның қандай да болмасын географиялық карталарындағы қателіктер дәп осыдан, яғни тілшілер мен тарихшылар, географтардың бірлесіп жұмыс істемеуінен туындап отыр десек артық болмас. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы географиялық атауларының каталогтары құрастырылуда және әрбір облыстың карталары жарыққа шықты. Оны жасау да әлемге ұсынатын ұлттық мәртебемізді таныстыратын құжат болып табылады. Оны жасауды бірер ғана адамға сеніп тапсыруға болмайды. Осы орайда Йан Маклеодтың «Тарих – тым жауапты іс, оны тарихшыларға сеніп тапсыруға болмайды» деген қанатты сөзі еске түседі.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы БҒМ жанындағы география институтының топонимика тобы географиялық зерттеулердің тәсілдері мен әдістерін пайдаланып, карталардағы топонимдерге объективті түрде ғылыми баға беріп, қалпына келтіруде. Оларды дайындауға осы институттың қызметкерлері С.Әбдірахманов, К.Базарбаев сынды тәжірибесі мол азаматтарымыз ана тілін қадірлеп, қазақ топонимиясы аясының кеңеюіне және оны дамытуға өз үлестерін қосуда. Барлық облыстардың каталогтары жарық көріп, ел қолына тигеннен кейін, Қазақстанның жер-су, елді мекен, т.б. атауларының орыс және басқа тілдерде жазылуы бір ізге түсіп, халықаралық стандартқа сай келетіндігіне күмән жоқ. АҚШ ғалымы Д.Харрисонның пікірінше жер бетінде бар 7000-дай тіл мен диалектілердің үстіміздегі ғасырдың ортасына дейін тең жартысы өлі тілдерге айналады екен. Қазақ тілі осы тізімге кіріп кетпес үшін жұмыс істеу керек. Әрине бұрынғы қазақ атауларының қайта оралуы болашақ ұрпақ үшін, үлкен мұра болып қалмақ. Әрбір географиялық атау, географиялық картада, ресми құжаттарда өз орнын табуы керек. Ол үшін ел болып жұмылып, түзетіп, қалпына келтіру, зерттеулер жүргізу, баршамыздың басты міндетіміз болып табылады.
3. Қазіргі география ғылымдарының даму тенденцияларына талдау жасау негізінде және топонимиканың қоғамдағы орнын ескере отырып, жалпылама түрде топонимиканың төмендегідей зерттеу бағыттары бар:
1. Ландшафтылық-топонимикалық зерттеулер. Соңғы жылдары географтардың аймақтық ландшафтылық зерттеулерінің аясы физикалық география шеңберінен шығып, географияның басқа бағыттарымен, басқа ғылым салаларымен ақпарат алмаса бастады. Қолданбалы сипаттағы ландшафтылық зерттеулер қатары өсті. Осы жағдайда жеке ландшафтар шегіндегі географиялық терминдер мен атаулардың жиынтығын зерттеу, оларға жан-жақты (семантикалық, этимологиялық, хронологиялық және т.б.) талдау жасаудың маңызы зор. Көпшілік жағдайда жергілікті топонимдер (әсіресе микротопонимдер) ландшафт сипатын дәл бейнелейтіндіктен, ондағы өзгерістердің индикаторлары бола алады. Қазақстан ландшафтарының алуан түрлілігін және өзгеру дәрежесін ескерсек, бұл бағыттағы топонимкалық зерттеулердің маңызы мен болашағы зор деуге болады.
2. Табиғат қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану бағытындағы топонимикалық зерттеулер. Бұл бағыттағы топонимикалық зерттеулердің қажеттілігі географияның қазіргі таңдағы өзекті мәселелерінен туындайды. Қоғамның табиғатпен қарым-қатынасының географиялық атауларда көрініс табуына қатысты В.С. Жекулин былай дейді: «географиялық атаулар өзінің семантикасы жөнінен утилитарлы. Олар сан ғасырлық шаруашылық әрекеттің нәтижесінде қалыптасатын табиғатқа деген көзқарасты бейнелейді. Мысалы, қазақ халқы ерекше табиғи, тарихи нысандарға айрықша аттар берген. Атаулардың айрықша сипатында ежелгі қазақтардың дүниетанымына сәйкес, табиғатқа табыну арқылы оны қорғау әрекеті жүзеге асқан. Қазақ топонимдерінің құрамында кездесетін жануар және өсімдік атауларын зерттеудің де тарихи география үшін қолданбалы мәні зор».
3. Мемлекеттік тілде география ғылымдарын терминдендіру бағыты. Қазақ тіліндегі ғылыми терминологияны қалыптастырып, бір жүйеге келтіру қажеттілігі туындап отырған қазіргі кезеңде топонимдер құрамындағы жергілікті географиялық терминдердің нақты мағынасын анықтаудың маңызы өте зор. Ғылыми айналымға түсетін географиялық терминдердің мағыналық жүктемесі мен аумақтық ерекшеліктерін ажырату олардың пайда болу жағдайлары мен қолданылуы ауқымын терең зерттеуді қажет етеді. Соңғы жылдары мемлекеттік тілде терминдендіру ісінде жіберілген кемшіліктер осы ойымызды қуаттай түседі. Топонимдер құрамында сақталып қалған байырғы халықтық географиялық терминдерді жинастырып, олардың түсіндірме сөздіктерін құрастыру топонимикалық зерттеулермен қатар жүргізілуі тиіс.
4. Халықаралық терминдер мен басқа тілден енген географиялық атаулардың мемлекеттік тілдегі дұрыс транскрипциясын қамтамасыз ету бағытындағы топонимикалық зерттеулер. Ұзақ жылдар бойы халықаралық терминдер мен географиялық транскрипциясы арқылы қазақ тілінде енгізіліп, қолданылып келеді. Дегенмен, Қазақстанның халықаралық қатынастарының аясы кеңіп, қазақ тіліндегі бөгде сөздерге терең талдау жүріп жатқан қазіргі кезеңде көптеген атаулар мен терминдердің жазылып, айтылуына қатысты ғылыми таластар туындайтыны сөзсіз. Осы жағдайда шет тілдерін және қазақ тілін жете меңгерген географтар ғылыми негізделген қорытындылар беруі қажет. Кей жағдайда мектепке, жоғары оқу орындарына арналған география оқулықтарына, карталарға тиісті өзгерістер жасау қажеттілігі де туындайды.
Сонымен, дербес ғылым саласы болып табылатын топонимиканың география, тарих, лингвистика сияқты ғылымдарға тән әдіс-тәсілдерді үйлестіру мүмкіншіліктерін нақты ғылыми мәселелерді шешуге жұмылдыру керек. Топонимикалық зерттеулердің маңыздылығы атаған мәселелердің қазіргі география ғылымдары үшін өзектілігімен және география ғылымында соны бағыттарды дамыту қажеттілігімен анықталады.
4. Топонимика ғылымының зерттеу принциптері. Топонимиканың географиялық бағытының жалпы теориялық принциптері ең алдымен зерттеу нысаны мен құбылыстарды ғылыми ізденіс пен ғылыми тұрғыда түсіндірудң жалпы ғылыми принциптеріне негізделеді. Басты принциптер қатарында біртұтастылық, детерминизм, жүйелілік, сәйкес келушілік, тарихи және абстракциялау принциптерін жатқызуға болады. Енді осы принциптердің негізгілерінің географиялық топонимикаға қатысты алғандағы мазмұнына тоқталайық.
Сурет 1 - Топонимикалық принциптер
Біртұтастылық принципі географиялық топонимиканың зерттеу нысанына қатысты алғанда, құрылымы күрделі нысандарды олардың байланыстарына, өзіндік дербестігіне, басқалармен салыстырғанда айырмашылық жасауына негізделіп, жалпы сипаттау. Топонимиканың жалпы зерттеу нысаны географиялық таулар мен олардың белгілі бір аумақтағы жиынтығы (топонимия) десек, осы аймақтық біртұтас топонимикалық жүйенің өзі құрылымы күрделі (тілдік, хронологиялық, типологиялық және т.б. тұрғысында әртүрлі болуы) болады, оның құрамбөліктері (оронимия, гидрономия және т.б.) дербестігімен сипатталады. Сонымен қатар, бір аумақтың топонимиясы жалпы алғанда екінші бір аймақтың топонимиялық жүйесінен айырмашылық жасайды.
Детерминизм принципі. Алпы ғылыми маңызын сақтай отырып, нақты ғылым салаларында өзіндік ерекшеліктерге ие болады. Жалпы алғанда, география ғылымдарының бүкіл дамуы бойында детерминизм идеясы географиялық құбылыстардың себеп-салдарлық байланыстарын анықтауға, табиғи және қоғамдық құбылыстар арасындағы себептік байланыстарды ашуға тырысу бағытында қолданылып келеді. Топонимиканы география ғылымының құрамдас бөлігі ретінде қарастыру географиядағы осы бір басты танымдық принциптері топонимикалық зерттеулерде де басшылыққа алу қажеттілігін негіздейді. Бұл мәселеде топонимиканың географиялық бағыты географияның көптеген басқа салалары тәрізді «қоғам»-«қоршаған орта»-«топонимиялық жүйе» тізбегіндегі себеп-салдарлық байланыстарды зерттеумен айналысады. Өйткені географиялық атаулар тілдік құбылыс болумен қатар, экстралингвистикалық факторлармен, яғни адамның қоршаған ортаны танып, оған баға беруі арқылы қалыптасатын жүйе болып табылады.
Жүйелік принципі топонимиялық жүйенің біртұтас құрылымын оның ішкі байланыстарын ескере отырып, зерттеуге негіз болатын ғылыми таным болып табылады. Күрделі жүйе ретінде зерттелетін қазақ топонимиясының жалпы сипатын айқындау мақсатында алдымен құрамдас бөліктері жіктеледі; бұл бөліктердің өзіндік ерекшеліктері анықталады; ең соңында зерттеу міндеттеріне сәйкес, алынған ғылыми нәтижелер топонимиялық жүйенің жалпы заңдылықтары туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Белгілі географ, ландшафттанушы В.С. Жекулин әдіснама деп дүниені ғылыми тұрғыда танып-білудің әдістері мен кез келген зерттеудің негізін құрайын жалпы теориялық қағидалар туралы ілімді түсінеді. Осы тұрғыдан алғанда, географиялық топонимиканың әдіснамалық негізінің қалыптасуына байланысты мәселе бұл ғылыми дамуны қатысты проблемаларға талдау жасауды қажет етеді.
Топонимиканың географиялық бағытының қалыптасуы мен дамуы әсіресе аумақтық топонимикалық зерттелерде тарихи география әдістерін кең қолдана бастауымен қатысты өріс алды. Топонимиканың географиялық бағыты туралы сөз қозғағанда, топонимиканың жалпы ғылыми категориялары мен түсініктерінің теориясын құруда бір жағынан басқа ғылымдардың (лингвистика, тарих, этнология және т.б.) осы салаға қатысты тұжырымдамалық-әдіснамалық негіздерін басшылыққа алу, екінші жағынан географиядағы теориялық ойлаудың негізгі қағидаларын ескеру қажет.
Тексеруге арналған сұрақтар:
Топонимика ғылымының зерттелу тарихын анықтаңыздар?
Қазақ топонимдерінің қалыптасуының ерекшеліктерін сипаттаңыздар?
Қазіргі топонимиканың зерттеу бағыттарын қарастырыңыздар?
Топонимика ғылымының зерттеу принциптерінің (детерминизм, жүйелік, біртұтастылық) рөлін анықтаңыздар?
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Аспандияров Б. Этимология некоторых топонимических названий (к вопросам исторической топонимики) // География в школах и ВУЗах Казахстана, Алматы, 2007. №1. – С. 38-43
Қонкашпаев Г.К. Словарь казахских географические названий. - Алма-Ата: Изд-во АН КазССР, 1963. – 185 с.
Мадиева Г.Б., Иманбердиева С.К. Ономастика: зерттеу мәселелері. -Алматы, 2005. – 240 б.
Поспелов Е.М. Топонимика и картография. – М: Мысль, 1971.-255с.
Маргулан А.Х Джезказган – Древний металлурческий центр // В кн.: Археологические исследования в Казахстане. – Алма-Ата, 1973. – С. 5.
Мурзаев Ә.М. Очерки топонимики. - М: 1974. – 382 с.
Достай Ж., К. Мәмбеталиев. Қазақтану және топонимика. Қазақтану өрісі: оқу құралы. / ред. Басқарған Ж. Молдабеков. - Алматы: Қазақ университеті, 2005. – 204 б.
Сапашев О., Құсманова Г, Құлыштаев Е., Темірбеков Е.Е. Шығыс Қазақстан облысының ономастикалық атауларының көрсеткіш анықтамалығы. – Өскемен: Рекламный Дайджест, 2009. – 138б.
Каймулдинова К.Д. Топонимика. -Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. -336 б.
Сапаров Қ.Т. Павлодар облысының топонимикалық кеңістігі. –Павлодар: «ЭКО» ГӨФ, 2007. -308 б.
Дәріс 2
Тақырыбы: Географиялық атаулардың топтамасы
Жоспар:
Географиялық атаулардың ерекшеліктері және олардың құрылымы, қалыптасу заңдылықтары.
Зерттеу әдістері.
Географиялық атауларды топтастыру.
Халықтық географиялық терминологиядағы метафоралық терминдердің рөлі.
Сабақтың мақсаты: Географиялық атауларды зерттеу, қалыптасу заңдылықтарын анықтаудағы халықтық-географиялық терминдердің рөлін анықтау.
1. Географиялық атаулар құрылымындағы халықтық терминдердің оларға жалғанған әртүрлі есімдік етістік тұлғада сырт көзге байқалмайтын заңдылықтар бар. Бұларды ескеріп үлкен мән бермеген жағдай қазақ тілін төл тілі деп есептейтін адамның өзі топонимиканың нақты мағынасын аша алмауы мүмкін. Мысалы, кейбір зертеушілердің мәліметтеріне сәйкес ағаш және су есімдері сөз тіркестерінде бірегей атрибутты сөз ретінде қатысады. Ағаш лексемасының су сөзіне симантикалық жағынан эквивалент болуы Е.Жанпейісов көптеген зерттеулерді талдау негізі былай түсіндіріледі: судың қозғалысын белгілеуде ағ, ақ қолданылады. Бұл ағаш сөзінің негізін құрайды. Сондықтан тарихи тұрғыдан алсақ, бұл сөз су дегенді білдіреді. Шындығында да қазақтар мекендеген шөлейт далаларда ағаштар негізінен су көздерінің маңында ғана шоғырланған. Кавказдағы Терек өзенінің шығу тегі көне түрік тілінде су деген мағына білдіреді. Сондықтан біз тек қана тілдік тұрғыдан қарастырмай, топонимдердің табиғи орталығы өзара байланысын көруге болады.
Ағаш терминін анықтаушы есім сөздер топоним құрамында орманның түрлі құрамын (шұбар ағаш, қызыл ағаш, сары ағаш), сыртқы көрінісін бейнелейтін (сұлуағаш, ұзынағаш), сандық ерекшеліктерін (қосағаш, бесағаш) т.б. анықтаған. Арқа термині Ғ.Қоңқашбаевтің еңбектерінде жота түріндегі белгілі бір бағытта созылып жатқан ірі ұзынша қырат, ал Орталық Қазақстанда суайрық ретінде деп түсінік берген. Құрманғали Халидтің (“Тауарих-Хамса”) жануар мүшесінің үстіңгі бөлігі, сондай-ақ жердің жоғарғы бөлігін арха деп атайды. Ірі орографиялық нысан Сарыарқаның құрамында Арқа терминінің кездесуі оның көне тұрғыда қалыптасқанын анықтайды. Қырғыздарда және кейбір түрік халықтарда (А.Н.Кононов) арқа – солтүстік ұғымды қалыптастырады. Шапырашты Қазбек Тауасар ұлы “Тұқияннан бір өзіме дейін”. Ол жазады: Арқа - өз үйіміз сияқты. Өйткені жазды осында өткіземіз. Сондықтан арқа – арғы бет көшпелілердің географиялық тұрғыдан бағдарлау көшу маршрутына байланысты туындаған деген пікірге келуге болады. Ащы - өзен, көл бойындағы сортаңды ойыстарды атайды. Ғ.Қонқашбаевтің пайымдауынша, мұндай ойыстарда тұз бен ылғал сүйгіш өсімдіктер өседі. Мал үшін жақсы азық болып табылады. Ащы сөзі қазақтарда жиі пайдаланады. (Мыс., “мал ащыда жатыр”-деген сөзді жиі естуге болады). Сонымен ащы сөзі ландшафттық терминге айналған. Бас – дене мүшесі. Халықтық географиялық терминологияда бас ұғымы жоғары, биік, шық деген мағынаның жүктеме берген. Қазақтың жер-су атауларында бас сөзінің мағынасы жоғарғы, биік мағына байланысты анықталады.
Бидайық – жауын-шашын, еріген қар суымен қоректенетін суы тұщы немесе минералдану дәрежесі төмен болатын жылы мерзімде тартылып қалатын уақытша таяз көлдер. Жазда бидайықты шалғын шөптер басады. Терминнің шығу тегі ойыстарда қаулап өсетін өсімдіктер ретінде халыққа ежелден белгілі бидайық фитонимімен байланысты (Мысалы, қарабидайық, ақбидайық, ерке бидайық т.б.). Қарқара (Қарқаралы) – Сарыарқадағы тау атауы, биіктігі 1340 м) – жер бедерінің ерекшелігі пішінін анықтау нәтижесінде пайда болған. Ғ.Қонқашбаев көшу кезінде түйеге қондырып қоятын асыл заттар салынған сандық, ал Е.Қойшыбаев қыздың бас киімі осылай аталғандығын жазады. Э.М.Мурзаевтің мәліметтерінде (1984) ауған тілінде қар түбірі – жартас, ежелгі үнді тілінде Қарқара қиыршық тас мағынада айтылады. Сондықтан Қарқара ұғымын орографиялық термин ретінде қарастыруға болады. Қоңыр, бұл ландшафттық термин ретінде жер-су аттарының құрамында жергілікті жердің табиғат ерекшеліктерінен хабар береді. Қоңыр термин ретінде өсімдікпен бекіген құмдар ретінде деген білдіретіндіктен, қолайлы жайылымдық жерлер туралы мәлімет береді. Басқа да орографиялық, гидрографиялық, жайылымдық терминдер туралы мәліметтер Ғ. Қоңқашбаевтің сөздігінде қарастырылған.
2. Қазіргі уақытта топонимика саласы белгілі бір дәрежеде дамып келеді. Жер-су атауларының этимологиясын анықтау үшін көптеген құжаттар тарихи-мұрағаттық деректер қажет. Өйткені топонимдерді құрайтын сөз тіркестерінің шығу тегін анықтау үшін қомақты жұмыстар істеу қажет.
Тарихи әдістер – тарихи деректер (этнографиялық, археологиялық, мұрағаттық) топонимдердің нақты орналасқан жерін көне атауын, оның этимологиясын анықтауға мүмкіндік туғызады. Тарихи деректерде көптеген топонимдер сақталғанымен, кейінгі ғасырларда жоғалып кетуі мүмкін. Ғылыми тұрғыдан алғанда, тарих топонимінің тірегі – лингвистика мен географияны бағыт ретінде қарастыруға болады.
Лингвистикалық әдіс – топонимнің шығу тегін, этимологиясын анықтауда лингвистикалық әдіс-тәсілдер жиі қолданылады. Өйткені әрбір топонимиканың өзі әртүрлі мағына беруі мүмкін, сондықтан оның көне атауын өзгеріске ұшырау формасын анықтау, қай тілден енгенін тағы да басқа зерттеуде маңызды рөл атқарады.
Саратов – Сарытау сөзінің орыс тілінен өзгерген формасы. Кокчетав – Көкшетау сөзінің баламасы. Царицын – Волгоград (Сталинград), царь – патша сөзінен емес, көне түркі Сарысу негізінде қалыптасты. П.П. Рычковтың XVIII ғасырдағы шыққан Орынбор топографиясында көрсетілген. Сондықтан Кереку – Коряков, Өскемен – Устье реки Каменная, Қосағаш – Грабова, Оймакөл- Котельникова орысшадан қазақшаға, қазақ тілінен орыс тіліне транскрипцияға ұшыраған географиялық атаулар. Қазақстан аумағында, иран, араб, монғол (қалмақ), славян басқа тілдерден енген топонимдер жергілікті диалекте сөйлейтін қазақ тіліне сіңісіп төл сөзіндегі болып сіңісіп кетті.
Картографиялық әдіс – көне картада бейнеленген жер-су аттары, топонимдерін нақты этимологиясын анықтауға негіз болды. Өйткені мұнда көптеген ақпараттар жүйесі бар. Карта – географияның екінші тілі, ал географиялық атаулар картада өз орнын табуы керек.
Картографиялық әдістің таста ерекшелігі, топонимнің ақпарат жүйесін, сол картада нақты түрде бейнеленеді, маңызды сипаттармен толықтырылады. Топонимдердің – табиғи ортамен байланысын және бейнелену дәрежесін анықтайды. Алғаш рет топонимика саласында – картографиялық әдіс – Е.М.Поспелов, В.А.Жучкевич еңбектерінде қолданылды. Қазіргі уақытта бұл әдіске қызығушылық туындап отыр. Сонымен қатар ономастикалық зерттеулер көптеген аспекттері осы мәселелерге жатады.
1) географиялық, тарихи, лингвомәдени, лексикографиялық, лексикалық, логикалық, психолингвистикалық, оноамасиологиялық, этнолингвистикалық, терминологиялық т.б.
3. Географиялық атаулар топонимика саласында екі (ғылыми) үлкен топқа бөлінеді. Олардың бір бөлігі ірі географиялық нысандар атаулары болса, екінші – ұсақ нысандар айырымы болып табылады. Макротопоним (грекше - үлкен) – халыққа кеңінен танылып ресми тұрғыда белгілі ірі физикалық-географиялық нысандар – Еуропа, Азия, Кавказ, Памир т.б. Ал микротопонимия (грекше - ұсақ) – белгілі аумаққа тән ұсақ физикалық-географиялық нысандардың, яғни өзендер мен көлдер, көлшіктер, жырға, сай, төбе, құдық, қыстау, шабындық, жайылым т.б. атаулары. Бұл ұғымдарды Кеңестік тіл білімінде алғаш рет А.В.Суперанская мен Э.М.Мурзаев қолданды (Халықтық-географиялық терминдер. Москва, 1984). Қазақстанның географиялық картасында бірнеше жүз, мыңдаған топонимдер кездеседі. Олардың ішінде орографиялық, гидрографиялық, саяси-әлеуметтік және мәдени объектілер, қалалар мен поселкелер, селолар бар. Осы көсетілген географиялық нысандардың өзіне тән атаулары бар.
Кесте 1 - Қазақтың халықтық-географиялық терминдері (Ғ.Қонқашбаев бойынша)
№ |
Оронимдер |
|Гидронимдер |
Ойконимдер |
Дромонимдер |
Фитонимдер |
Онемонимдер мен метеонимдер |
Жайылмық терминдер |
Метафоралық терминдер |
Спелонимдер |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
1 |
Адыр |
Ағын |
Аймақ |
Даңғыл жол |
Ағаш |
Ақжауын |
Ақтебін |
Ауыз |
Қобы |
2 |
Адыр-бұдыр |
Ағыс |
Астана |
Жол |
Бақ |
Ақпан-Қаңтар |
Алатамыр |
Аяқ |
Кебек |
3 |
Айдала |
Айдын |
Асар |
Жол |
Бақша |
Ақпан-Топқан |
Алатебін |
Бауыр |
Үнгір |
4 |
Айдарлы |
Айнабұлақ |
Аудан |
Қаражол |
Бау |
Ақшақар |
Аңыз |
Баурай |
|
5 |
Айлықжер |
Айналма |
Ауыл |
Соқпақ жол |
Бостан |
Алабұлт |
Аран |
Беделік |
|
6 |
Айыржол |
Ақсу |
Балғасын |
Орман |
Емендік |
Алайтүлей боран |
Атыз |
Бел |
|
7 |
Айрық |
Алап |
Доча |
Шоқу |
Қайындық |
Алатегенек |
Ашық қора |
Бет |
|
8 |
Алатау |
Алаң |
Заимка |
Шоқа |
Кең |
Алақар |
Ашылауыт |
Беткей |
|
9 |
Алқап |
Апан |
Кент |
Шеку |
Орман |
Амал |
Ащы |
Босаға |
|
10 |
Анғар |
Арасан |
Кит |
Шұбар |
Сапсын |
Анызақ |
Ащы |
Енекен-қосағы |
|
11 |
Арал |
Арна |
Кордон |
Шоқ |
Сапсын ағаш |
Аптап |
Ая |
Есік |
|
12 |
Арқа |
Арық |
Қала |
Шоқағаш |
Орман |
Атбойы борасын |
Бидайық |
Естек |
|
13 |
Арқалық |
Атырау |
Қамал |
Шұбар |
Таспалы ормандар |
Аяз |
Биебау |
Жамбас |
|
14 |
Арна |
Ауыт |
Қақпа |
Шытырман |
|
Бесқонақ |
Боз |
Қолтық |
|
15 |
Асқар |
Аща |
Қоныс |
|
|
Боран |
Жайылма |
Көмей |
|
16 |
Асқартау |
Балқаш |
Қорған |
|
|
Борасын |
Жайлау |
Мойнак |
|
17 |
Асу |
Балшық |
Қотандану |
|
|
Буылдыр |
Егің |
Мұрын |
|
18 |
Атанақ |
Бақанас |
Құлақтану |
|
|
Бұлт |
Егіндік |
Өркештітау |
|
19 |
Байыр |
Бастау |
Қорған |
|
|
Бүрікпе жауан |
Жабық қора |
Сандықтау |
|
20 |
Байтақдала |
Батпақ |
Мекен |
|
|
Бұрқақ |
Жайлау |
Сандықтас |
|
21 |
Балақтау |
Бидайық |
Орда |
|
|
Бүркеу |
Жайылма |
Тамақ |
|
4. Қазақтың халықтық географиялық терминологиясын метафоралық терминдер (анатомиялық-лексикалық) толықтырып, географиялық объектілердің ерекшеліктерін айқындап отыр. Адамзат дүниені танып-білмей тұрып, ең алдымен өз тәнін бақылағанын анатомиялық атаулардың көнелігінен байқаймыз. Өйткені дене мүшелерінің аттары жер-суға метафоралық жолмен ауыспас бұрын, анатомиялық терминдердің болғаны айтпаса да түсінікті. Мұндай атаулар оронимдер мен гидронимдерде айрықша көрініс тапқан. Тауды адамға, малға ұқсатып, дене мүшелерінің аттарын атау етіп беруіне қарағанда, адамзат әуел бастан тауға табынған. Адам, жануар дене мүшелерін, киіз үй т.б белгілейтін сөздер ішінен ұқсастыру арқылы көшпелі қазақтар (жал, мойын, саур) географиялық термин ретінде пайдаланған . Ғ.Қоңқашпаев жазады: мәдени-тұрмыстық заттар, Адам және жануарлар дене мүшелері атауларымен байланысқан метафоралық-терминдер жер бедері пішіні, гидрографиялық объектілерді сипаттайды. Х.Арғынбаев қазақтарда ертеде ислам дініне дейін табиғат құбылыстары мен әртүрлі күштеріне, жануарларға табыну болғанын атап көрсеткен. О.Т:Молчанова алтай топонимиясында метафоролық (адам денесі-табиғи нысан) ауысу жиі кездесетін айта келе, 30 шақты анатомиялық терминді анықтайды.(бас, төбе, ауыз, тіл, тамақ, тіс, мұрын т.б) . Аумақтар және тілден тәуелсіз,адам және жануарлар мүшелерін бейнелейтін мағынасы заңды түрде ауысатын анатомиялық лексикалар жиынтығы метафоралық-терминдер қолданысында алдыңғы орынды алады. Э.М.Мурзаев метафоралық терминдерді сегіз қатарға жіктеп атап көрсеткен. Арқа, көз, ауыз, мұрын, мүйіз, тамақ, бас, жал т.б .Қазақ орографиялық терминологиясының осындай байланыстарын анықтау, осы географиялық аппелятивтік лексикалық тобының семантикалық ерекшеліктерін айқындау болып табылады. Аталмыш лексикалық-семантикалық ерекшеліктер халықтың ұлттық өмірінің шаруашылық, этнографиялық ерекшеліктерінен туындайды. Павлодар облысы аумағында кездесетін метафоралық терминдерге: айдар, арқа, ауыз, аяқ, бас, бауыр, бел, бет, бүйрек, ерін, жал, жон, қабақ, қас, кіндік, құлақ, маңдай, мойнақ, мойын, мұрын, сүйек, тұмсық т.б жатады.Жануарлардың және адам дене мүшелерінің аттары топонимдерге ертеден заңды түрде ауысатынын және арқа сөзінің ( арқа, арх, архаа формаларында) өзге түрлі түркі-монғол тілдерінде кездесетінін ескерсек, Арқа, «Сарыарқа» топонимдері түркі-монғол тіл бірлестігі заманында пайда болуы мүмкін деп болжаймыз . Арқа-батысы Торғай ойпатынан басталып, шығысы Тарбағатайдың батыс сілеміне дейін жалғасқан, солтүстігі Батыс сібір жазығына, оңтүстігі Балқаш көліне ұласқан дала. Мұны- Сарыарқа деп те атайды. Түркі-монғол тілдерінде жиі кездесетін «арқа» сөзі көшпелілердің жер бедерін бағдарлау әрекетінде қалыптасқан сыңайлы. «Арқаның» алғашқы мағынасы қазіргі кездегі «батыс не солтүстік» ұғымы болмақшы. Түркі тілдерінде ертеректе жоталы, үстіртті жерлер «арқалық» сөзімен аталған деуге болады. К.Каймулдинова дене мүшелеріне сәйкес келетін метафоралар «аяқ, бауыр, бөктер, қойын,» қыс кезінде малды суық желдерден қорғайтын тау етектеріндегі жайылымдарғы қатысты пайдаланылса, «қабақ, тепсең, жарық, өзек, төскей» терминдері жергілікті жердегі жер бедерін нақты сипаттайды деп жазады. Ертіс-Баянаула өңірінде кездесетін метафоралық терминдердің топонимдердегі бейнелену активтілігін кесте түрінде көрсетуді жөн көрдік (2 кесте).
2. Кесте 2 - Ертістің Баянаула өңірінде кездесетін метафоралық терминдер топтамасы.
№ |
Термин |
Географиялық мазмұны |
Топонимикалық активтілігі |
Орналасқан ауданы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Айдар |
жоғары шыңы конус тәрізді тастармен ерекшеленетін қыраттар |
Айдар құдық Айдарлы(2 тау),қоныс атауы. |
Екібас.ауд.
Баян. ауд. |
2 |
Арқа |
Белгілі бір бағытта жота тәрізді созылып жатқан қыраттар |
Балаарқалық- тау Итарқа тау, қыстау |
Екібас. ауд. Баян.ауд. Май ауд. |
3 |
Ауыз |
Тау өзенінің шатқалға кіретін немесе, тау өзенінің жазық жерге ағып шығатын жерін айтады. |
Ауызкөл көл |
Баян. ауд. |
4 |
Аяқ |
Тау етегіндегі өзен сағасы, төменгі ағысы мағынасында айтылады. |
Аяқ шілік ойк., Аяқ сор көл Аяқ малайсор көл Аяқ көл. 2жайлау Аяқ құдық қоныс Сегіз аяқ. Қоныс. Құтаяқсор. Көл т.б атаулар бар. |
Баян.ауд. Екібас. ауд. Май. ауд. Екібас.ауд Екібас. ауд. Железин. ауд. Екібас. ауд. |
5 |
Бас |
Өзен, бұлақ суының ағып шығатын бастауы, таудың, төбенің жоғары бөлігі, басы мағынасында айтылады.Бас термині 30-дан астам орографиялық, гидрографиялық объектілерде кездесіп отыр. |
Айбас. көл.құдық. Ақ бас батпақ Алабас қыстау Басшілік қыстау Баскөл көл, қоныс Бассор көл. Қарабас көл Басқамыс. ойк. Басқайың. көл Итбас көл. т.б.. |
Шарбақ. ауд. Май. ауд. Железин. ауд Баян. ауд. Май. ауд. Екібас. ауд. Железин. ауд. Ақтоғай. ауд. Аққу. ауд. Ақсу. ауд. |
6 |
Бауыр |
Тау беткейі, Таудың табаны.Төмен жатқан жері, үнемі соғып тұратын жерлерден ықтасындау жерлер.(мал баурайда жайылып жүр.) |
Бауыртал кордон Бауыршілік қоныс Бауыр қамыс көл Бауыртал сырты қон, Бауырталдың Бауыры қон. |
Шарб. ауд. Успен. ауд. Ақт. ауд. Шарб. ауд. |
7 |
Бел |
а) Оңтүстік Қазақстан және орта Азияның тау. жоталарындағы кең жайпақ асулар. б) Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстан өңірлерінде табаны мен жонының көрінісі айқын емес, аласа келген жайпақ созылып жатқан қыраттар |
Ақбел тау Белді өзек өзен Белағаш. ойк. Бозбел тау Мұзбел тау Белағаш қон. |
Баян.ауд.
Екібас.ауд.
Ақтоғай. ауд. |
8 |
Бет |
Таудың немесе қыраттың жоғары жағы, беткейі. Бет-таудың ерекшеленіп тұратын көрінісі.(жылқы беткейде жатыр). |
Бет.тау Ақбет.тау Бетағаш қыст., Бетқараған құд.,
Келбет қон., Айбет қыст., |
ББаян. ауд.
ММай. ауд ААқсу ауд. ЕЕкібас. ауд. ААқсу ауд. .
|
9. |
Бүйрек |
Белдің аты. Көне түрк. Бүй ерек-ойық, беткей мағынасында айтылады.(Е.Қойшыбаев 1985) |
Орта Бүйрек қон.,
Үлкен. Бүйрек жой., |
Май. ауд. |
10. |
Ерін |
Шығанаққа сұғына еніп жатқан өзен сағасы. «шығанақ», «ағынсыз қолтық» мағынасында қарастырады.(Э.М.Мурзаев 1984). Жергілікті жерде бір-біріне ұқсас қатарласа орналасқан көлдерді қарастырамыз. |
Ерін қоныс.
Қос ерін ( 2 көл) (е/а) |
Баян. ауд.
Ақт. ауд |
