- •Әдістемелік нұсқаулықтар
- •Көтерім қондырғысын есептеу
- •Көтерім канатын таңдау
- •1.3 Көтерім машинасын таңдау және есептеу
- •1.4 Көтерім кинематикасы
- •Беспериодты тахограмманы есептеу және сызу
- •Көтерім жүйелерінің динамикасы
- •Көтерім қондырғысының және машинасының пәк-ін есептеу
- •Сутөкпе қондырғысын есептеу
- •2.1 Сутөкпе қондырғысының негізгі жабдығын таңдау және есептеу
- •2.2 Сутөкпе қондырғысының құбырларын есептеу
- •Сутөкпе қондырғысының сипаттамаларын сызу
- •Сутөкпе қондырғысының пәк-ін есептеу
Кіріспе
"Тұрақты жабдықтар" пәні 5В072400 – «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» мамандығының мамандық модульдері циклына кіреді.
Пәннің мақсаты – өнеркәсіпті мекемелердегі көтерім, желдеткіш, сорғыш, компрессорлы, вакуумды-сорғыш қондырғыларының теория негіздерін және пайдалану тәжірибесін оқып- білуді мақсат етіп алға қояды.
Курстық жобаны орындау міндеттері келесідей.
- көтерім, желдеткіш және сутөкпе қондырғыларының негізгі түрлерінің жұмыс режимдері туралы түсінікке ие болу;
- жабдықтардың таңдалуымен байланысты инженерлі-техникалық мәселелердің шешілуін білу;
- іске қосу және тоқтату, сынауларды жүргізу, пайдалану параметрлерін анықтап жұмыс істей білу;
- электр механикалық қондырғыларының сипаттамалары бойынша практикалық дағдыларды меңгеру.
Берілген пәнді оқу барысында студенттердің шахталық немесе кеніштік көтерім қондырғыларын, желдету және сутөкпе қондырғыларының жұмыс істеуінің негізгі заңдылықтары туралы түсінігі болуы керек.
Көтерім қодырғыларын есептеу алгоритмі жоғарғы «Шахталық стационарлық машиналар және қондырғылар» курсы бойынша тәлім алатын тау- кен мамандықтары үшін курстық жобаны есептеу барысында колданылады.
Ұсынылған әдісте шахталық көтерім қондырғыларының технологиялық жобалауының жаңа қағидалары көрсетілген; курстық жобада қолдануға арналған жаңа қондырғылардың сипаттамасы енгізілген.
Екіскипті цилиндрлік барабаны бар көтерім қондырғысының және сутөкпе қондырғысының есептеу алгоритмі егжей-тегжейлі жасалған, келесі алгоритмдер жұмыс ерекшеліктері бойынша есептеліп және әр түрлі көтерім және сутөкпе қондырғыларын есептеу үшін көрсетілген.
Курстық жобаны орындау «Тұрақты қондырғы» пәнінен студенттердің білімін бекітуге және тереңдетуге мүмкіндік береді және нақты міндеттерді шешу кезінде студенттер алған білімдерін қолдана білетінінің дәлелі болып табылады.
Жалпы ережелер
Берілген курстық жобаның тақырыбы «Шахталық көтерім және сутөкпе қондырғыларын есептеу» болып табылады.
Курстық жобаның түсіндірме жазбасын және графикалық бөлігін ресімдеу осы әдістемелік нұсқау бойынша жүргізіледі.
Курстық жобаның түсіндірме жазбасының көлемі мәтіні машинамен басылған 20-30 бетті құрауы тиіс және графикалық бөлігі А1 форматындағы 1 сызбадан тұрады.
«Шахталық немесе кеніштік көтерім және сутөкпе қондырғыларын есептеу» тақырыбындағы курстық жоба екі бөлімнен тұрады. Бұл курстық жобаның бөлім атаулары:
1- бөлімі: Шахталық немесе кеніштік көтерім жүйесін жобалау;
2- бөлімі: Шахталық немесе кеніштік сутөкпе қондырғысын есептеу болып келеді.
Курстық жобаның 1- бөлімінде шахталық көтерім жүйесін жобалау үшін цилиндрлік барабаны бар екі скипті көтерім қондырғысын есептеу, көтерім канатын есептеу, көтерім машинасын есептеу және таңдау және т.с.с есептеулер жүргізілген.
2- бөлімінде сутөкпе қондырғысының негізгі жабдығы таңдалады және сутөкпе қондырғысының құбырлары есептелінеді. Бөлімнің соңында сутөкпе қондырғысының ПӘК-і есептелінеді.
Курстық жобаның графикалық бөлімінде шахталық көтерім қондырғысының оқпан маңындағы орналасу схемасы, насос қондырғысының схемасы және сутөкпе қондырғысының құбырларының орналасу схемасы А1форматтағы бетке сызылады (қосымша А қараңыз).
Курстық жобаға жеке тапсырмаларды алғаннан кейін әр студент курстық жоба бөлімдерін сапалы және уақтылы орындауға міндетті және курстық жоба жетекшісі белгілеген мерзімде есеп беріп тұруы тиіс.
Жобалау және есептеу үшін бастапқы деректер 1 - кестеде берілген, әр нұсқа сынақ кітапшасының нөміріне немесе топ журналының реттік нөміріне сәйкес таңдалады.
Әдістемелік нұсқаулықтар
Көтерім қондырғысын есептеу
Көтерім қондырғысының сағаттық өнімділігі келесі формула бойынша есептелінеді:
|
|
(1.1) |
мұндағы N – бір жылдағы жұмыс күні, күн;
t – бір тәуліктегі көтерім жұмысының уақыты, сағат;
С – көтерім жұмысының тұрақсыз коэффициенті.
Көмір шахталары үшін бірканатты көтерім скипінің жүккөтергіштігі Г.М. Еланчиктің формуласымен анықталады:
|
|
(1.2) |
мұндағы Нш –шахта тереңдігі;
θ- көтерім сауытын тиеп- түсіруге кететін уақыт (шамамен 10 сек деп алуға болады).
Скиптің жүккөтергіштігін анықтаған соң, Қосымшадағы, 2- кесте арқылы жүккөтергіштігіне сүйене отырып, скиптің белгілі бір моделін таңдаймыз. 2- кестедегі таңдалған скиптің техникалық сипаттамаларын жазып аламыз.
Ауысымды түсіріп – көтеруге қажет циклдар саны
|
|
(1.3) |
Ауысымды түсіріп- көтеруге қажет уақыт
|
|
(1.4) |
Көтерім ыдыстарының қозғалысының ұзақты
|
|
(1.5) |
мұндағы θ- 1*- кестесінен таңдаймыз;
Көтерім биіктігін келесі формула арқылы есептейміз:
|
|
(1.6) |
мұндағы hтиеу – тиеу биіктігі, м;
hтүс – жер бетіндегі скиптің түсіру биіктігі, м;
hр – скип рамасының бункер жиегінен асуы, скип сипаттамасынан алынады, шамамен аударылмайтын скиптарға 0,3м.
Көтерім сауытының орта және максималды жылдамдығы
|
|
(1.7) |
|
|
(1.8) |
мұндағы, α – жылдамдықты еселегіш, скиптарда 1,25-1,35;
Көтерім канатын таңдау
Канаттың сызықты массасы төменгі формулалар бойынша анықталады. Егер Н<600м болса:
|
|
(1.9) |
Ал егер Н>600м болса:
|
|
(1.9*) |
мұндағы
- тиелген скип массасы, кг;
Есептеу барысында Q0, Q, Qm мәндері кг-мен алынуы керек;
γ0 – канаттың фиктивті тығыздығы, жанама сызықтыға γ0=9400кг/м3;
Н0=Hш+hтиеу+hк – канаттың вертикалды ұзындығы (канаттың шкивтан түсу нүктесінен көтерім ыдысының ең төменгі орнына дейінгі ара қашықтық), H0=557м
m=6,5 – беріктік қор коэффициенті;
hқк – қайта көтеру биіктігі, ҚЕ ережесі бойынша скиптар және аудармалы клеттер үшін hқк=6м;
Копер биіктігін анықтау:
|
|
(1.10) |
Канаттың вертикалды ұзындығы
|
|
(1.11) |
Берілген
мәліметтерге сүйене отырып, қосымшадағы
3, 4 кестелерден
канаттың сызықтық массасына байланысты
көтерім
канатын таңдаймыз. Канаттың МЕСТ-ке
сәйкес сызықтық массасын р,
диаметрін
және үзілу күшін
жазып аламыз.
Таңдап алынған канат нақты беріктік запасына тексеріледі. Егер Н<600 м болса:
|
|
(1.12) |
Ал егер Н>600 м болса, онда үстіңгі қимасында
|
|
(1.12*) |
Ал астыңғы қимасында
|
|
(1.12**) |
Яғни, жүк көтерім қондырғысы үшін 4,5, ал клеттер үшін 5- ке тең.
Канат тармағының максималды статикалық керілуін есептеу
|
|
(1.13) |
Максималды статикалық теңестірілмеген аймақтық күшті есептеу
|
|
(1.14) |
Теңестіргіш канат шахта оқпанының тереңдігі 500 м асқан жағдайда және келесі теңсіздік орындалған жағдайда пайдаланылады
(1.15)
Теңестіргіш канат ретінде дөңгелек қималы беріктігінің таңбалау тобы 1372 мПа (140 кг/мм2) кем емес канаттарды пайдалану ұсынылады.
Егер шахта шарттары дөңгелек қималы теңестіргіш канаттар үшін вертлюгтарды пайдалануға мүмкіндік бермесе (абразивті шаң), онда жалпақ канаттарды немесе жалпақ резинотросты таспаларды пайдаланған жөн.
Теңестіргіш канаттың сызықтық массасын q МЕСТ- тарға сәйкес көтерім канатының сызықтық массасына жақын не тең қылып алады.

,
м