- •Терапиялық стоматологиядан фантомды курсы бойынша силлабус
- •Алматы, 2016
- •1. Жалпы мәлімет:
- •1.7 Оқытушылар туралы мәлімет:
- •1.8 Байланыс ақпараты:
- •2. Бағдарлама.
- •2.2 Пәннің мақсаты:
- •Оқыту мақсаттары:
- •2.4 Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі.
- •7 Тәжірибелік сабақтың тақырыптық жоспары
- •3 Семестр
- •4 Семестр
- •Сөж тақырыптық жоспары
- •3 Семестр
- •2.8 Оқыту әдістері:
- •Дағдыларды бағалау кестесі
- •Ауызша (жазбаша) сурауды бағалау критерийлері
- •Логико-дидактикалық схеманы (кестені) бағалау критерийлері
- •Рефератты бағалау критерийлері
- •Мультимедиялық форматтағы презентацияның бағалау критерийлері
- •Тақырыптық кроссвордты бағалау критерийлері
- •2.10 Әдебиет:
1.8 Байланыс ақпараты:
Кафедраның орналасқан жері: Алматы қ., Толе би көш, 92; ҚазҰМУ, №3-ші оқу корпусы 3 этаж.
Телефон: 292-50-25 (вн. 7293)
1.9 Пәннің саясаты оқу процессінің бірізділік және мақсатты іске асыру болып табылады. Оқытушылардың студенттерге қоятын талабы медициналық жоғарғы оқу орнындағы оқудың жалпы қағидаларына сай.
1.Дәрістерге,тәжірибелік сабақтарға міндетті түрде үнемі қатысуы керек
2.Оқу үрдісіне белсенді түрде қатысу (тәжірибелік сабақты конспектілеу, теориялық материалды даярлау, ситуациялық есептер мен тестілерді шешу, тәжірибелік жұмысжұмыстарды фантомды блоктарда орындау, альбомда тапсырмаларды орындау, науқастарды емдеуде, кансультацияда қатысу, науқастарды қабылдау)
3.Тест түріндегі тапсырмаларды, ситуациялық есептерді тапсыру,берілген бөлім бойынша СӨЖ -тақырыптарын дәл уақытында қорғау.
4. Аралық бақылауды белгіленген сабақтарда тапсыру.
5. Студенттің істеген барлық жұмысы туралы жеке дара альбомы, жұмыс дәптері, фантомды блогы, стоматолгиялық ұштығы және борлар комплектісі болуы керек.
6.Студент сабаққа кесте бойынша, кешікпей келуі керек.
7. Таза, үтіктелген калпак, ақ халатпен хирургиялық костюм, ауыстырып киетін аяқ киімі болуы және шаштары жиналып тырнақтары алынған болуы қажет.
8. ПОҚ мен студенттердің арасындағы силасатық қатынас.
9. Каф. меңгерушісі немесе оқу бөлімінің меңгерушісі қатыса отырып топтардағы конфликті жағдайларды ашық талқылау.
10. Оқу бөлімінің кестесі бойынша – емтихан.
Айыптық санкциялар:
Жіберілген дәріске (себепсіз) – рейтингтен 1 балл алынады.
Сабақтың теориялық бөлігіне 15 минуттан көп кешігіп келсе – теориялық рейтингінен 1 балл алынады.
Сабақтың теориляқ бөлімінде болмаса – 0 балл (теориялық білімдер үшін).
Сабақтың практикалық бөлімінде болмаса (тапсырманы орындамаса) – 0 балл (орындалмаған тапсырма үшін).
СӨЖ ді уақытында тапсырмаған әр күні үшін 1 баллдан алынып отырады
2. Бағдарлама.
2.1 Кіріспе.
Фантомды курс терапиялық стоматологияның клиника алды бөлімінің стоматологиялық профилдегі маманды даярлауда алдыңғы орын алады
2.2 Пәннің мақсаты:
Терапиялық профильді стоматологиялық кабинеттің жұмысын ұйымдастыру, стоматологиялық жабдықтар және аспаптар, тістердің анатомо-топографиялық құрылысы, тісжегі қуыстарды егеп тазалау кезеңдері және қағидалары, құрамдары, қасиеттері, пломбылық материалдарды таңдап және дайындау технологиясы үшін студенттерде кәзіргі білімдерді қалыптастыру.
Оқыту мақсаттары:
дәрігер-стоматологты дайындағанда фантомды (клиникаға кіріспе) курстың мағынасы үшін түсінік құрыстыру;
терапиялық профильды стоматологиялық көмегін ұйымдастыру негіздері, терапиялық стоматология кабинетті құралдандыру және жабдықтау, стоматологиялық жабдықтармен жұмыс істегенде қауіпсіздік, стоматологиялық кабинеттің медициналық қызметшілердің міндеттері үшін түсінік беру;
тістердің әр түрлі анатомиялық топтардың құрамын және қызметтерін оқу;
тістердің тісжегі, тісжегінің жүйесі,
тісжегі қуыстарды егеп тазалау кезеңдері , қағидалары және техникасы туралы түсінік;
пломбылық материалдардың түрлерін, құрамдарын, қасиеттерін, қолдану корсеткіштерін және қарсы көрсеткіштерін, дайындау және пломбылау әдістерін оқып білу.
