2.2 Сызбаны орындау
Сызбаны орындауды төменде келтірілген инструкцияларға сәйкес қадамдар бойынша орындаймыз.
1 қадам. Вспомогательный (Көмекші) қабатында ORTHO (ОРТО) режимін қосып,сызба өрісін 4 бөлікке бөлетін тік және горизонталь сызықтар жүргіземіз. Төменгі сол жақ бөлікте бұрандамалы біріктірудің үстіңгі көрінісі, үстіңгі сол жақ бөлікте фронталь тілігі және үстіңгі оң жақ бөлікте профиль тілігі кескінделеді.
Горизонталь және тік сызықтардың қиылысу нүктесінен 45 бұрышпен түзу кесіндісін жүргіземіз, ол бұдан ары қарай байланыс сызықтарын жүргізу үшін (2 суретті қара) пайдаланылатын болады.
Осевые_линии (Өстік_сызықтар) қабатында 2 суретте көрсетілгендей өстік сызықтарды жүргіземіз. Бұдан ары қарай оларды тиісті командаларды (үзу, кесу, «тұтқалар» (ручки) көмегімен реттеу) пайдалана отырып, өс сызықтары зат контурынан шамалы ғана шығатындай етіп реттеу қажет.
2 қадам. Основной (Негізгі) қабатында берілген масштабты ескере отырып үстіңгі көріністе келесі тұрғызуларды орындаймыз: диаметрі dшеңбер, радиусы D'/2=d шеңберді іштей сызылған алтыбұрыш, диаметрі D'ш шеңбер. Біріктірілетін бөлшектердің сызбасын тұрғызу үшін, алдымен біріктірілетін бөлшектер ені b тең диаметрдегі шеңбер тұрғызуға, бұдан кейін Snap to Quadrant (Квадрант) объектілік байланыстырушысын (привязка) пайдаланып, горизонталь сызықтар (бұл жерде бір сызық тұрғызып алып, сонан соң оны шағылу өсі арқылы кескіндеуге болады) жүргізуге болады. Бұдан кейін бұл сызықтармен шеңбердің сол жақ бөлігін қию қажет (3 суретті қара).
3 қадам. Вспомогательный (Көмекші) қабатында байланыс сызықтарын 4 суретте көрсетілгендей етіп жүргіземіз. Сызбада сызықтар үймелеп қалмау үшін, байланыс сызықтары көріністің тек бір жағынан ғана жүргізілген, бұдан ары қарай кескіннің контур сызығы үшін шағылу өсі арқылы кескіндеу пайдаланылатын болады.
|
|
|
|
4 қадам. Вспомогательный (Көмекші) қабатта берілген масштабты ескеріп, берілген және есептелінген өлшемдерді: бұрандама басының биіктігі h', біріктірілетін бөлшектер қалыңдығы t1 және t2 , тығырық қалыңдығы Sш, сомын биіктігі H, бұрандама ұзындығы Lпайдаланып горизонталь сызықтарды жүргіземіз. Горизонталь сызықтарды Snap From (Ығысу), объектілік байланыстырушысын пайдаланып, және базалық нүкте ретінде бұрын тұрғызылған горизонталь сызықтардың біреуінің соңын қабылдап жүргізген қолайлы. Бұл тұрғызулардан кейін сызба 5 суретте көрсетілгендей түрде болады.
|
|
|
|
5 қадам. Основной (Негізгі) қабатта контур сызықтарын бастыруды 6 суретте көрсетілгендей фронталь және профиль тіліктерінің сол жағынан жүргіземіз.
|
|
|
|
6 қадам. Вспомогательный (Көмекші) қабатын сөндіреміз және Основной (Негізгі) қабатта контур сызықтарын, оларды тік бұрышты контурмен белгілеп және шағылу өсі арқылы кескіндеудің өстері ретінде кескіндердің өс сызықтарын пайдаланып саламыз. Фронталь тілігінде жоғарғы бөлшектің оң жақ шекарасын және төменгі бөлшектің сол жақ шекарасын жүргіземіз, содан соң олармен біріктірілетін бөлшектердің шығыңқы сызықтарын кесеміз. Профиль тілігінде сомын қабырғасы мен бұрандама басының қабырғасын жүргіземіз. Сызба 7 суретте көрсетілгендей түрде болады.
7 қадам. Тонкие_линии (Жіңішке_сызықтар) қабатында фронталь мен профиль тіліктерінде бұранданы кескіндеу үшін сызықтар, үстіңгі көріністе және фронталь тілігінде – біріктірілетін бөлшектердің үзу сызықтарын жүргіземіз.
Сонан соң сызықтауды орындаймыз, және де мұнда сызықтау бағыты қарама-қарсы жақтарға бағытталуы үшін үстіңгі бөлшек үшін көлбеулік бұрышын 0˚ деп, ал астыңғы бөлшек үшін көлбеулік бұрышын 90˚ деп пайдаланамыз. Сызба 8 суретте көрсетілгендей түрде болады.
8
қадам. Размеры (Өлшемдер)
қабатында 9 суретте көрсетілгендей
сызбада өлшемдер қоямыз,және де мұнда
сомынның кілт өлшемі S бұранда
диаметріне (ол нақты өлшемге дәл келмейді,
өйткені бұрандамамен біріктірудің
қарапайымдандырылған кескінінде
стандарт емес, жуықталған өлшемдер
пайдаланылады) сәйкес 1 кестеден алынады.
Түпкілікті бұрандамамен біріктірудің қарапайымдандырылған сызбасы 10 суретте көрсетілгендей құрастыру сызбасы түрінде безендіріледі.
Е
септік-сызбалық
жұмысты қорғауға арналған бақылау
сұрақтары
1. Винттік сызық деп нені айтады ?
2. Винттік сызық жүрісі деп нені айтады ?
3. Бұранда деп нені айтады ?
4. Көп кірмелі бұранда дегеніміз не ?
5. Винттік сызық бағытына байланысты бұранданы қалай бөледі ?
6. Бұранда профилі қандай пішінде болуы мүмкін ?
7. Сыртқы бұранданы қалай кескіндейді ?
8. Тесіктегі бұранданы қалай кескіндейді ?
9. Қандай бұранда түрлері бар ? Олардың қаріптік белгілеуі ? Метрикалық, трапециялық және тіректік бұрандалар белгілеулеріне не кіреді ?
10. Қандай бөлшектерді біріктірмелілерге жатқызады ?
11. Бұрандама дегеніміз не ? Оны қалай сызады ?
12. Сомын дегеніміз не ? Сіз қандай сомын түрлерін білесіз ?
13. Тығырық дегеніміз не ? Олар не үшін пайдаланылады ?
14. Бұрандамамен біріктірулер қалай сызылады ?
15. Бұрамасұқпа ( шпилька) көмегімен бөлшектерді біріктіруді қалай орындайды ?
16. Бұрандамамен біріктіруді қарапайымдандырып кескіндеу кезінде қандай шарттылықтар мен қарапайымдандырулар пайдаланылады ?
17. Құрастыру сызбасы неден тұруы керек ?
18. Құрастыру сызбаларында тұрақтарды (позиция) көрсету ережелері қандай ?
19. Құрастыру сызбаларында қандай өлшемдер қойылады ?
20. Сипаттізім (спецификация) дегеніміз не?
21. Сипаттізімге нені және қандай ретпен енгізеді ?
22. Сипаттізімді қандай пішінде және қандай өлшемдермен сызады?
23. Сипаттізімнің негізгі жазуы қалай орындалады ?
