Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз силлабус ОЗ 07.02.17.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
290.91 Кб
Скачать

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ

УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ASFENDIYAROV KAZAKH NATIONAL

MEDICAL UNIVERSITY

«Қоршаған орта нысандарының ластануынан тұрғындар денсаулығына қауіп-қатерді бағалау» негізгі пәні бойынша силлабус

05110200 – Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы

Курсы: 4 Семестр: 7-8

барлық сағат саны: 3 кредит/135 сағат

Бақылау түрі: емтихан

Алматы, 2017

Силлабус «Қоршаған орта нысандарының ластануынан тұрғындар денсаулығына қауіп-қатерді бағалау» Жұмыс бағдарламасына сәйкес 5B110200 – Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы үшін кафедра меңгерушісі, профессор Кенесариев Ү.И., доценттер Амрин М.К., Досмухаметов А.Т., оқытушы Баялиева Р.А. құрастырды.

­­­­­­­­­­­­­Жалпы гигиена және экология

кафедрасының мәжілісінде талқыланды:

«10» қаңтар 2017 ж. Хаттама №6

­­­­­­­­­­­­­

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.д.,профессор _____________ Кенесариев Ү.И.

­­­­

1. Жалпы мағлұмат:

1.1 ЖОО-ның аталуы: С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

1.2 Кафедра: Жалпы гигиена және экология

1.3 Пән: «Қоршаған орта нысандарының ластануынан тұрғындар денсаулығына қауіп-қатерді бағалау»

1.4 Мамандық: 5B110200 – Қоғамдық денсаулық сақтау

1.5 Оқу сағатының (кредиттің) көлемі: 135 сағат (3 кредит).

1.6 Оқытушылар туралы мәлімет

№ п/п

Ф.А.Ә.

Ғылыми дәрежесі, қызметі, атағы

Басым заттарды ғылыми қызығушылықтары

Қол жеткізген еңбектері

Кенесариев Ү.И.

м.ғ.д.,

кафедра меңгерушісі, профессор

Республиканың мұнай-газ аймақтарындағы және ракеталық-ядролық сынақ полигондары аймақтарындағы қоршаған орта мен халық денсаулығы жағдайларын зерттеу және өзекті халықаралық бағдарламаларды іске асыру.

Республикалық медициналық ЖОО арналған жалпы гигиена және экология жөніндегі типтік бағдарламаларды дайындаушы, 300-ден асатын еңбектердің, оның ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі «Экология және халық денсаулығы», «Коммуналдық гигиена» оқулықтарының, «Тағамтану гигиенасы» оқу құралының және қазақ тілінде жазылған «Радиациялық гигиена» оқу құралының авторы. Жалпы гигиена және экология бойынша барлық факультеттерде дәрістер оқиды.

Амрин М.К.

м.ғ.к.,

доцент

Мұнай-газды аймақтарындағы және ракеталық-ядролық полигондар аймақтарындағы қоршаған орта мен тұрғындардың денсаулық жағдайын зерттеу, тұрғындар денсаулығына қауіп-қатерлерді бағалау.

Медико-профилактикалық және фармацевтикалық факультеттерге арналған медициналық экология жөніндегі типтік және жұмыстық бағдарламаларды дайындаушы. 50 ден астам ғлыми еңбектің авторы. Орыс және қазақ тілдерінде жазылған «Ауа гигиенасы» оқу құралының авторы. Медико-профилактикалық және басқа да факультеттердің студенттеріне жалпы гигиенадан, медициналық экологиядан дәрістер оқиды. «Әлеуметтік-гигиеналық мониторинг және тұрғындар денсаулығына қауіп-қатерлерді бағалау» циклы бойынша РФ-ның Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігі Ресейдің дипломнан кейінгі білім беру медициналық академиясының ГОУ ДПО оқытудан өтті.

Досмухаметов А.Т.

к.м.н.,

доцент

Қоршаған орта мен халық денсаулығы жағдайларын зерттеу, тұрғындар денсаулығына қауіп-қатерлерді бағалау

Қоршаған орта және халық денсаулығы саласындағы мәселелермен айналасады. Мемлекеттік тілінде жалпы гигиена және экология пәндер бойынша дәріс оқиды және сабақ береді. 40 тан астам ғлыми еңбектің авторы. «Әлеуметтік гигиеналық бақылау және тұрғындар денсаулығына қауіп қатерді бағалау» циклі бойынша «ресей медициналық дипломнан кейінгі білім беру академиясы» оқыту курсынан өтті.

Баялиева Р.А.

Магистр, оқытушы

Мұнай-газды аймақтарындағы қоршаған орта мен тұрғындардың денсаулық жағдайын зерттеу, тұрғындар денсаулығына қауіп-қатерлерді бағалау.

Барлық факультеттерде жалпы гигиена, экология және қауіп қатерді бағалау пәндері бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде тәжірибелік сабақ жүргізеді. Кафедраның оқу әдістемелік құралдарын өңдеу мен аударуға қатысады.

Кенесарина М.И.

Магистр, оқытушы

Мұнай-газды аймақтарындағы қоршаған орта мен тұрғындардың денсаулық жағдайын зерттеу, тұрғындар денсаулығына қауіп-қатерлерді бағалау.

Барлық факультеттерде жалпы гигиена, экология және қауіп қатерді бағалау пәндері бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде тәжірибелік сабақ жүргізеді. Кафедраның оқу әдістемелік құралдарын өңдеу мен аударуға қатысады.