Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каржылык талдау - лекция.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
672.26 Кб
Скачать

Бақылау сұрақтары

1 Қаржылық есептің формаларын анықтандар.

2 Қаржылық есептің формаларына қатысы бар заңдық және нормативтік құжаттарды атандар.

3 Бухгалтерлік баланстың маңыздылығы неде?

4 Бухгалтерлік баланстың құрылым тәртібі қандай?

5 Қаржылық есептің № 2 формасында қандай ақпарат бар?

6 Қандай ақша айналым есебін жүргізудің тәсілдерін білесін?

7 № 3 форманың құрылуы кезіндегі тура және қосымша тәсілдердің ерекшелігі қандай?

8 Кәсіпорынның операциялық қызметінің мағынасы неде?

9 Кәсіпорынның қаржылық қызметі өзіне не қосады?

10 Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің негізгі бағыттары қандай?

11 Кәсіпорынның № 4 қаржылық есеп нысанында қандай ақпарат бар?

12 Қаржылық есептілік жүйесінде бухгалтерлік баланс қандай роль атқарады?

13 Бухгалтерлік баланстың экономикалық маңызы қандай?

14 Баланстық тепе-теңдіктің маңызы неде?

15 Баланстың активі өзінен не ұсынады?

16 Баланстың пассивінде не орналасқан?

17 Кәсіпорынның қандай қаржылық құжатында кірісі мен шығыны көрсетілген?

18 Кәсіпорынның кірістерін ата.

19 Кәсіпорынның шығынын ата.

20 Кәсіпорынның таза және қосымша пайдалары қалай есептеледі?

21 Қандай есепті құжатта қолма-қол ақша қаражатының келіп түсуі және шығындалуы туралы мағлұмат көрсетіледі?

22 Ақша қаражатының айналымында көрініс табатын, кәсіпорынның қандай негізгі қызмет бағыттарын білесін?

4.2 Кәсіпорын қызметінің қаржылық есебі

1-тақырып. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын экспрес-талдау

Пәннің мақсаты: қаржылық есепте талдау әдістерін оқу; аналитикалық негізгі рәсімдерді жүргізе білу және машықтану; аналитикалық есептілікті рәсімдеуді үйрену; жеке дара жұмыспен машықтану.

1-тапсырма. 1, 2 қосымшада берілген мәліметтер бойынша кәсіпорынның есептік қаржылық экспресс-талдауын келесі ретпен жүргізіндер:

1) талданатын кезең бойынша баланстық валютаның бағамын;

2) валютаның өсу қарқынының балансын өнімнің көлемінің өсу қарқынымен, өнімді сатумен, қосымша және таза пайдамен салыстыру;

3) бөлімшелердің негізгі, топтық және жеке мақалалардың баланстық байланыстарын оқу;

4) баланстың жеке және мақалаларының өзгерісі, талдаулық мінездемесі.

Осыған қатысты қорытынды жасандар.

2-тапсырма. Қаржылық есептілік формасы негізінде кәсіпорынның мүліктік ынтасына талдау жүргізіндер және оның қаржылық-шаруашылық қызметінің қорытындысына талдау жасандар.

Бақылау сұрақтары

1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын экспресс-талдаудың мәні неде?

2. Экспресс-талдаудың негізгі кезеңдерін атаңыз.

3. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын экспресс-талдаудың мақсаты қандай?

4. Қаржылық есептің экспресс-талдау әдісі қандай?

5. Балансты оқу деген не?

6. Қаржылық есепті тексеру жөнінде аналитикалық жұмыс деген не?

7. Бухгалтерлік баланстың бөлімдері мен жеке статьялары арасында қандай байланыстарды табуға болады?

8. Кәсіпорынның қаржы жағдайын терең талдау дегеніміз не?

9. Қаржылық есептің талдауын кім жасайды?

2-тақырып. Баланс активтерінің құрамын, құрылымын және динамикасын талдау

Пән мақсаты: баланстық үйлестірілген қаржылық талдаудың вертикалды және горизонтальді талдауын үйрену; аналитикалық есептеулерді жүргізуді үйрену; қаржылық талдаудың формаларын оқуды үйрену.

1-тапсырма. Бухгалтерлік баланста берілген мәліметтер бойынша (қосымша 1) қаржылардың құрылымы мен құрамына, таратылуына талдау жасау. Есептілігін 1 формалы кестеде көрсетіндер. Кесте қорытындысына қарап қаражаттың құрылымы туралы мына сұрақтарға жауап беріндер: жыл басына қарағанда жыл соңындағы кәсіпорынның барлық қаражатының абсолютті көлемі мен құрылымы қалай өзгерді? Негізгі қаражаттың және басқа да ұзақ мерзімді активтердің, қысқа мерзімді активтердің, қорлардың, соның ішінде шикізат, материалдар мен басқа да құндылықтардың, аяқталмаған өндірістің, дайын өнімнің жыл басына қандай мүмкін себептері ескертілді? Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді активтердің өсу динамикасын, жыл іщіндегі абсолютті сомасындағы және активтердің құрылымындағы өзгерістерді анықтау. Бұл өзгеріс факторларын негіздеу және мөлшерлі өлшеу.

2-кесте – Кәсіпорынның қаражаттық талдауы

Баланстық активтің бабы

Есепті жылдың басында

Есепті жылдың соңында

Есепті жылдағы өзгерістер

Өсу қарқыны ,%

Сомасы, мың.теңге

Үлес салмағы,%

Сомасы, мың.теңге

Үлес салмағы,%

Сомасы, мың.теңге

Үлес салмағы,%

1

2

3

4

5

6

7

8

2-тапсырма. Бухгалтерлік баланста берілген мәліметтер бойынша (қосымша 1) ұзақ мерзімді активтердің құрамы мен құрылымын оқу. Есептілігін 1 формалы кестеде көрсетіндер. Осы есебінде ұзақ мерзімді активтердің жеке баптар құрылымында өзгерістер болуы мүмкін және қорытындысындағы абсолютті формасының және құрылымының өзгерісінен басқа мүмкін себептерді (факторларды) мінездеу. Ұзақ мерзімді активтердің құрылымында үлен үлес орын алатын, әсіресе негізгі қаражаттардың баптарына ықпал ететін мен аяқталмаған құрылыс факторларына қатысты.

3-кесте – Ұзақ мерзімді активтердің талдауының құрылымы

Ұзақ мерзімді активтер

Есепті жылдың басында

Есепті жылдың соңында

Есепті жылдағы өзгерістер

Өсу қарқыны ,%

Сомасы, мың.теңге

Үлес салмағы,%

Сомасы, мың.теңге

Үлес салмағы,%

Сомасы, мың.теңге

Үлес салмағы,%

1

2

3

4

5

6

7

8

3-тапсырма. Бухгалтерлік баланста берілген мәліметтер бойынша (қосымша 1) қысқа мерзімді активтердің құрамы мен құрылымын оқу. Есептілігін 3 формалы кестеде көрсетіндер.

4-кесте – Қысқа мерзімді активтердің құрамы мен құрылымына талдау

Ұзақ мерзімді активтер

Есепті жылдың басында

Есепті жылдың соңында

Есепті жылдағы өзгерістер

Өсу қарқыны ,%

Сомасы, мың.теңге

Үлес салмағы,%

Сомасымың.теңге

Үлес салмағы,%

Сомасы мың.теңге

Үлес салмағы,%

1

2

3

4

5

6

7

8

4-тапсырма. Кәсіпорынның бухгалтерлік балансында берілген мәліметтер бойынша (қосымша 1) есептеу:

1) өндірістік бағыттағы мүліктіктің коэффициенті;

2) кәсіпорын активтерінің мобильділік коэффициенті;

3) мобильдік және иммобильдік қаражаттардың қатынастар коэффициенті;

4) негізгі қаражаттардың нақты құнының коэффициенті.

Жүргізілген есеп бойынша қорытындыны қисынға келтіріп, ұсыныс жасау.