Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каржылык талдау - лекция.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
672.26 Кб
Скачать

4 Тәжірибелік сабақтарға әдістемелік нұсқаулар

4.1 Қаржылық талдаудың теориясы

1-тақырып. Қаржылық есептің түрлері және пәні, міндеттері

Қаржылық есеп түсінігі және мазмұны. Талдаудың дамуы мен тарихи пайда болу аспектілері. Қаржылық талдаудың міндеттері. Талдаудың түрлері. Қаржылық есепте талдаудың шетелдік тәжірибесі.

Мақсаты: тақырып бойынша ториялық білімді бекіту

Бақылау сұрақтары:

1. Қаржылық талдауға түсініктеме бер.

2. Қаржылық талдаудығ негізгі мәселесі болып не табылыады?

3. Талдаудың дамуы мен пайда болуының тарихи аспектілері қандай?

4. Қаржылық талдаудың негізгі міндеттерін тізбектеп бер.

5. Қаржылық талдаудың қандай түрлерін білесін?

6. Қаржылық талдаудың ішкі және сыртқы болып бөлінуінің негізгі себебі қандай?

2-тақырып. Қаржылық талдаудың тәсілдері мен амалдары

Пәннің мақсаты: қолданылу әдіснамасын зерттеу:

- негізгі статистикалық тәсілдер: индекстердің қатынас көлемін топтастыру;

- экономикалық талдауды салыстыру;

- баланстық үйлестірілген қаржылық талдаудың вертикалды және горизонтальді талдауы.

1-тапсырма. Баланстық тәсілмен өнеркәсіптің тауарлы (шикізат) балансын талдаңдар.

1-кесте – Талданатын кәсіпорынның тауар қозғалысы

Көрсеткіштер

Жоспар

Факті

Ауытқу

Есепті кезең басындағы тауарлар қоры

8600

8800

Тауарлардың түсуі

9860

12200

Басқа да тауарлардың кетуі

5400

6100

Есепті кезең соңындағы тауарлар қоры

7600

8400

Тауарды сату кезіндегі жалпы ауытқулар

10320

11990

Тауарлы баланстың формуласы

2- тапсырма. Бірінші қосымшада берілген мәліметтер бойынша (Бухгалтерлік баланс) кәсіпорынның денамика амалдарын талдап және олардың қалыптасу деректерін абсолютті және қатысты есептен шығару. Осыған қатысты қорытынды жасандар.

3- тапсырма. Бірінші қосымшада берілген мәліметтер бойынша (Бухгалтерлік баланс) актив пен пассивтің құрылымдық балансын талда. Динамикадағы құрылымдық өзгерістерді және олардың қаржылық талдау қорытындысына әсер ететін деңгейін анықтаңдар. Қорытынды жасандар.

Бақылау сұрақтары

1. Қаржылық талдаудың маңызы мен тәсілдік мазмұны .

2. Қаржылық талдауда қандай статистикалық қабылдаулар қолданылады?

3. Қаржылық талдауда топтасудың ролі қандай?

4. Тізбектеме тәсілдерінің маңыздылығы және абсолютті есептеудің ерекшелігі.

5. Қай кезде баланстық тәсіл қолданылады?

6. Қандай негізгі экономикалық индекстерді білесіндер?

7. Құбылысты графикалық тәсілмен зерттеудің маңыздығы неде?

8. Қаржылық талдауда экономика-математикалық модель қандай роль атқарады?

3-тақырып. Қаржылық талдауды ақпаратпен қамтамасыз ету

Пәннің мақсаты: қаржылық талдауды ұйымдастырудағы талаптарды үйрену; қаржылық есептің формаларын толтыру барысында машықтану және мәліметтердің толықтығын қадағалау; аналитикалық есептерді шығаруды үйрену; қорытынды жасау кезінде машықтану.

1-тапсырма. Бірінші қосымшада берілген мәліметтер бойынша (Бухгалтерлік баланс) бөлімшелердің қорытындысы есептемесінің дұрыстығына, бухгалтерлік баланстың бөлімшелеріне, есепті мерзіміне, кәсіпорынның жеке меншігіне, қолда бар қорды және міндеттемелерге, қалпы мен дебиторлық, кредиторлық берешектің динамикасына тексеріс жасап анықтау.

2-тапсырма. Бірінші қосымшада берілген мәліметтер бойынша баланстық тепе-теңдік құрастырып және кәсіпорынның кезең басындағы және соңындағы қор көлемін анықтаңдар.

3-тапсырма. Екінші қосымшада берілген мәліметтер бойынша (кіріс және шығыс есебі) таза, білік аударымдарының баланста көрсетілуінің дұрыстығын тексеріндер. Кәсіпорынның есепті кезең кезіндегі кірістер мен шығыстар құрылымын зерделендер. Кәсіпорынның кірісін көрсететін өсу қарқының анықтандыр.

4-тапсырма Үшінші қосымшада берілген мәліметтер бойынша (ақша айналымы бойынша есеп) қаржылық, операциялық, инвистициялық аралық қорытындысының дұрыстығын тексеріндер, сонымен қатар соңғы сальдосын шығарындар.