Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каржылык талдау - лекция.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
672.26 Кб
Скачать

5.2 Тәжірибелік сабақтарға дайындалуға арналған тапсырмалар:

5.2.1 Қаржылық талдаудың теориясы

1-тақырып. Қаржылық есептің түрлері және пәні, міндеттері

Қаржылық есеп түсінігі және мазмұны. Талдаудың дамуы мен тарихи пайда болу аспектілері. Қаржылық талдаудың міндеттері. Талдаудың түрлері. Қаржылық есепте талдаудың шетелдік тәжірибесі.

Мақсаты: тақырып бойынша ториялық білімді бекіту

Бақылау сұрақтары:

1. Қаржылық талдауға түсініктеме бер.

2. Қаржылық талдаудығ негізгі мәселесі болып не табылыады?

3. Талдаудың дамуы мен пайда болуының тарихи аспектілері қандай?

4. Қаржылық талдаудың негізгі міндеттерін тізбектеп бер.

5. Қаржылық талдаудың қандай түрлерін білесін?

6. Қаржылық талдаудың ішкі және сыртқы болып бөлінуінің негізгі себебі қандай?

2-тақырып. Қаржылық талдаудың тәсілдері мен амалдары

Пәннің мақсаты: қолданылу әдіснамасын зерттеу:

1. Негізгі статистикалық тәсілдер: индекстердің қатынас көлемін топтастыру;

2. Экономикалық талдауды салыстыру;

3. Баланстық үйлестірілген қаржылық талдаудың вертикалды және горизонтальді талдауы.

Бақылау сұрақтары:

1. Қаржылық талдаудың маңызы мен тәсілдік мазмұны .

2. Қаржылық талдауда қандай статистикалық қабылдаулар қолданылады?

3 Қаржылық талдауда топтасудың ролі қандай?

4 Тізбектеме тәсілдерінің маңыздылығы және абсолютті есептеудің ерекшелігі.

5. Қай кезде баланстық тәсіл қолданылады?

6. Қандай негізгі экономикалық индекстерді білесіндер?

7. Құбылысты графикалық тәсілмен зерттеудің маңыздығы неде?

8. Қаржылық талдауда экономика-математикалық модель қандай роль атқарады?

3-тақырып. Қаржылық талдауды ақпаратпен қамтамасыз ету

Пәннің мақсаты: қаржылық талдауды ұйымдастырудағы талаптарды үйрену; қаржылық есептің формаларын толтыру барысында машықтану және мәліметтердің толықтығын қадағалау; аналитикалық есептерді шығаруды үйрену; қорытынды жасау кезінде машықтану.

Бақылау сұрақтары

1. Қаржылық есептің формаларын анықтандар.

2. Қаржылық есептің формаларына қатысы бар заңдық және нормативтік құжаттарды атандар.

3. Бухгалтерлік баланстың маңыздылығы неде?

4. Бухгалтерлік баланстың құрылым тәртібі қандай?

5. Қаржылық есептің № 2 формасында қандай ақпарат бар?

6. Қандай ақша айналым есебін жүргізудің тәсілдерін білесін?

7. № 3 форманың құрылуы кезіндегі тура және қосымша тәсілдердің ерекшелігі қандай?

8. Кәсіпорынның операциялық қызметінің мағынасы неде?

9. Кәсіпорынның қаржылық қызметі өзіне не қосады?

10. Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің негізгі бағыттары қандай?

11. Кәсіпорынның № 4 қаржылық есеп нысанында қандай ақпарат бар?

12. Қаржылық есептілік жүйесінде бухгалтерлік баланс қандай роль атқарады?

13. Бухгалтерлік баланстың экономикалық маңызы қандай?

14. Баланстық тепе-теңдіктің маңызы неде?

15. Баланстың активі өзінен не ұсынады?

16. Баланстың пассивінде не орналасқан?

17. Кәсіпорынның қандай қаржылық құжатында кірісі мен шығыны көрсетілген?

18. Кәсіпорынның кірістерін ата.

19. Кәсіпорынның шығынын ата.

20. Кәсіпорынның таза және қосымша пайдалары қалай есептеледі?

21. Қандай есепті құжатта қолма-қол ақша қаражатының келіп түсуі және шығындалуы туралы мағлұмат көрсетіледі?

22. Ақша қаражатының айналымында көрініс табатын, кәсіпорынның қандай негізгі қызмет бағыттарын білесін?