Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каржылык талдау - лекция.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
672.26 Кб
Скачать

Бақылау сұрақтар

1. Кәсіпорын қаржылық тұрақтылығының анықтамасын беріңіз.

2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалаудың негізгі критериі қандай?

3. Меншікті айналым капитал дегеніміз не, ол қалай есептеледі?

4. Қандай көрсеткіштер кәсіпорынның меншікті айналым қаражатымен қамтамасыз етуін мінездейді?

5. Кәсіпорынды меншікті айналым капиталымен қамтамасыз етуін талдау не үшін өткізіледі?

6. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақтылық жағынан қандай түрлерге бөлінеді?

6-тақырып. Өтімділікті талдау

Пән мақсаты: өтімділіктік талдаудың тәсілдерін үйрену; аналитикалық есептілікті жүргізуді үйрену; қорытынды тұжырымдама жасау үшін машықтану және ұсыныс жасау.

1-тапсырма. Бірінші қосымшада берілген мәліметтер бойынша (Бухгалтерлік баланс) баланстық активтің баптарын өтімділік деңгейіне байланысты және пассивтік баптарды төлеу мерзіне жылдамдығына қарай топтастырындар, өтімді қаражаттың және міндеттемелердің көлемін анықтандар. Топтастыру қорытындысына қарап абсолютті, аралық және жалпы өтімділікті есептендер. Қорытынды қалыптастырындар. Баланстық өтімділікке жалпы баға беріндер.

2-тапсырма Баланстың берілгені бойынша (қосымша 1) кәсіпорынның өтімділігі мен қаржылық тұрақтылығын талдандар. Қорытынды қалыптастырындар және қаржылық жағдайды нығайтуға ұсыныс жасандар.

Бақылау сұрақтар

1. «Өтімділік» термині не білдіреді?

2. «Баланс өтімділігі» терминін қалай ұғуға болады?

3. «Кәсіпорынның өтімділігі» терминін қалай ұғуға болады?

4. Өтімді активтердің ішіне не кіреді?

5. Баланс активі өтімділік деңгейінен қандай топтарға бөлінеді?

6. Баланс пассивінде төлем жеделдігінен қандай топтарды белгілеуге болады?

7. Қандай жағдайда баланс өтімділігі абсолюттік болады?

8. Ағымды өтімділік дегеніміз не?

9. Болашақты өтімділікті қандай көрсеткіштер мінездейді?

7-тақырып. Кәсіпорынның төлем қабілетін талдау

Пән мақсаты: кәсіпорынның төлем қабілетіне талдау жасаудың тәсілдерін оқу; аналитикалық есептілікті жүргізуді үйрену және төлем қаражат көлемін арттыру жолдарын анықтау; қорытындылар мен ұсыныстарды жасау кезінде машықтану.

1-тапсырма. Баланстың берілгені бойынша (қосымша 1) кәсіпорынның төлем қабілетіне баға беріндер. Жедел төлем міндеттемелерімен бірге төлем қаражатының түсуін салыстырындар. Талдау қорытындыларын 8 кестеге толтырындар.

8-кесте – Төлем қаражатының түсуін салыстыру

Төлем қаражаты

Сомасы, мың теңге

Жедел міндеттемелер

Сомасы, мың .теңге

Есеп шотындағы қалдық қаражат

Бюджетке салымдар бойынша берешек

Кассадағы ақшалай қалдық қаражат

Банктік қысқа мерзімді несиелерді төлеу

т.с.с.

т. с.с.

Барлығы

Барлығы

Төлем қаражатына жедел міндеттемені жоғарылату

Баланс

2-тапсырма. Баланстың берілгені бойынша (қосымша 1) кәсіпорынның болашағы мол төлем қабілетінің бағалық көрсеткіштерін анықтау. Есептелген мәліметтер бойынша көрсеткіш динамикасын және төлем қаражатының өсу жолдарын анықтандар. Қатысты қорытынды тұжырымдама жасандар.