Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каржылык талдау - лекция.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
672.26 Кб
Скачать

Бақылау сұрақтар

1. Кәсіпорын балансы дегеніміз не?

2. Кәсіпорынның активтерін қандай негізгі статьялар мінездейді?

3. Кәсіпорынның ұзақмерзімді активтерін талдау өткізудің тәртібі.

4. Кәсіпорынның өнеркәсіптік потенциалының құрамына не кіреді?

5. Актив мобильдігі коэффициенті не көрсетеді, ол қалай есептеледі?

6. Мобильді және иммобильді қаражаттардын салыстыру коэффициенті не үшін есептеледі?

7. Негізгі қордың нақты бағасының коэффициенті не көрсетеді?

3-тақырып. Кәсіпорын активтерін қалыптастыру көздерінің құрамын, құрылымын және динамикасын талдау

Пән мақсаты: баланстық пассивті жүргізу тәсілін талдау; аналитикалық есептілікті талдауды үйрену; қаржылық есептің формаларын оқу кезінде машықтану.

1-тапсырма. Кәсіпорынның бухгалтерлік балансында берілген мәліметтер бойынша (қосымша 1) кәсіпорынның аванстық капитал құрамы мен құрылымына талдау жасау. Тәуелсіздік, қаржылық, тартылған және өзіндік капиталдың, қаржыландырудың коэффициентін анықтандар. Талдаудың қорытындысын кесте түрінде көрсет.

2-тапсырма. Кәсіпорынның бухгалтерлік балансында берілген мәліметтер бойынша (қосымша 1) кәсіпорын қаражатының дерекнамасының құрамы мен құрылымының орналасуына талдау жасау. Есептілігін 4 формалы кестеде көрсетіндер. Абсолюттік сома мен оның құрылымындағы өзгерістерді анықтау. Осы өлшеуіштің факторларын мөлшерлеме бойынша өлшеп және әр баптың берілген өзгерістері бойынша себептерін негіздеу.

5-кесте – Кәсіпорын қаражатының дерекнамасының құрамы мен құрылымының орналасуына талдау жасау

Ұзақ мерзімді активтер

Есепті жылдың басында

Есепті жылдың соңында

Есепті жылдағы өзгерістер

Өсу қарқыны %

Сомасы, мың.теңге

Үлес салмағы,%

Сомасы, мың.теңге

Үлес салмағы,%

Сомасы, мың.теңге

Үлес салмағы%

1

2

3

4

5

6

7

8

4-тапсырма. Баланстың берілгені бойынша (қосымша 1) 5 кестеге қарап жыл басындағы және жыл соңындағы дебеторлық және кредиторлық берешектердің өсу темпін анықтаңдар. Осыған қатысты қорытынды жасандар.

6-кесте – Жыл басындағы және жыл соңындағы дебеторлық және кредиторлық берешектердің байланысы

Көрсеткіштер

Есепті жылдың басында

Есепті жылдың соңында

Өзгерістер, +; -

Өсу қарқыны ,%

Дебеторлық берешек, мың.теңге

Кредиторлық берешек, мың.теңге

Дебеторлық және кредиторлық берешектердің байланысы

Бақылау сұрақтары

1. Баланс активтері қалыптасуының меншікті және тартылған көздерін атаңыз.

2. Меншікті айналым капиталы барын қандай көрсеткіштер айқындайды?

3. Меншікті айналым қаражат мөлшері қалай есептеледі?

4. Кәсіпорынның тәуелсіздігі нені мінездейді?

5. Кәсіпорынның тәуелсіздігінің кері көрсеткіштері болып қандай коэффициент табылады?

6. Қаржыландыру коэффициенті нені көрсетеді және ол қалай есептеледі?

7. Қандай мақсатпен инвестициялық коэффициентті есептейді?

4-тақырып. Меншікті және несиелік капиталды талдау

Мақсаты: Меншікті және несиелік капиталды талдаудың тәсілдерін оқу, қорытындылар мен ұсыныстарды жасау кезінде машықтану және тұжырымдау.

1-тапсырма. Бірінші қосымшада берілген мәліметтер бойынша (Бухгалтерлік баланс) кәсіпорынның қаржылық динамикасына, абсолютті және қатысты есептілік бастауына тұжырымдама, талдау жасау. Қорытынды жасандар.

2-тапсырма. Бірінші қосымшада берілген мәліметтер бойынша (Бухгалтерлік баланс) баланстың актив пен пассив құрылымын талдаңдар. Динамикадағы құрылым өзгерістерін, қаржылық қорытынды көрсеткіштеріне әсер етуін анықтандар. Қорытынды жасаңдар.