Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
компартивистика аударма.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
116.26 Кб
Скачать

4 Тақырып. Индустрияға дейінгі экономикалық жүйелердің типологиясы

Индустрияға дейінгі экономикалық жүйеге көзқарастардың дамуы. Индустрияға дейінгі өндіріс шеңберінде технологиялық құрылыс (әдет, тәртіп) түрлері. Индустрияға дейінгі жүйелерді үйлестірудің табиғи-шаруашылық тәсілі.

Экономикадан тыс зорлаушылық бұл жұмысшы мен өндіріс меншік иесінің арасындағы қатынастың негізгі типі, сондай-ақ табысты қайтабөлудің қатынасы ретінде. Экономикадан тыс зорлаушылықтың негізгі түрлері.

Индустрияға дейінгі экономика сыныптамасы өндіріс тәсілдерінің негізінде: алғашқы қауым меншігі, азиялық тәсіл, көне тәсіл, феодал тәсілі. Қарапайым тауар шаруашылығы өндірістің азиялық тәсілінің жұмыс істеп тұрған моделі ретінде болып табылады. Құрылымдық тауар шаруашылығы көне экономиканы ұйымдастырудың мәндік типі ретінде. Жүйелік тауар шаруашылығы феодал өндірістің жұмыс істеп тұрған моделі ретінде.

Индустрияға дейінгі экономикалық жүйе (дамудың түрлі сатысында) заңдылығын салыстырмалы талдау

5 Тақырып. Индустриялық экономикалық жүйелердің тарихи типологиясы

Индустриялық экономикалық жүйенің негізгі белгілері. Екінші экономикалық сектор. Капитал шектеуші ықпал ретінде. Үстем топ – капитал меншік иелері. Экономикалық өсім индустриялық қоғам қызметінің базалық принципі ретінде.

Нарықтық экономика генезисі және әлемдік капиталистік шаруашылық әлемдік процесс ретінде: нарықтық экномика дамуының (нарықтық экономика моделі) алғышарттары, барысын және нәтижесін салыстырмалы талдау. Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңіндегі батыс елдерінің экономикалық қайта құрылымы және оның басымдықтары. Қоғамның мегатенденциясы және экономикалық емес факторлар, экономикалық өмірді автономдау, шаруашылық мәселелерді шешудегі прагматикалық тұрғы, экономикалық өсімнің біртіндеушілігі, саудадағы инновация, технологиядағы инновация және ұйымдағы инновация. Өндірістің фабрикалық жүйесін қалыптастыру: негізгі белгілері мен елдер бойынша бейімделуі.

«Нақты социализм» индустриялық негіздегі капиталистік емес жүйе ретінде. «Социалистік» жүйе эволюциясы. Өндіріс құралдары қолжетімділігіне бюрократтық көзбен қарау. Еңбек уәждемесінің ақшалай және ақшасыз нысандарының ара-салмағы. Жеке меншікті құқығын нақты бөлу. Жеке меншік нысандарының құрылымы. Экономиканың «социалистік емес» (мемлекеттік емес) секторларының болуы. Экономикалық және технологиялық даму ресурстарын жұмылдыру тәсілдері. Табыстарды саралау және оларды алу тәсілдері. «Нақты социализм» экономикасының типологиясы (А.Бузгалин мен А.Колгановтың жоспар мен нарық қатынасы негізіндегі тәсілі). «Нақты социализм» экономикасының түрлі моделдерін салыстырмалы талдау. «Нақты социализм» экономикасының дағдарысы іске асырылмаған мақсат дағдарысы ретінде.

6 Тақырып. Аралас индустриялық экономикалық жүйе: дамудың негізгі моделдері.

Аралас экономика және дамыған капиталистік елдердегі оның генезисі.

Аралас экономика моделдерін іске асырудың үш бағытты сипаты.

Индустриалдық елдердегі аралас экономика моделдерінің типологиясы: неоэтатистік, неолибералдық, орталықтандырылған келісім моделі. М.Альбердің аралас экономика моделдерінің сыныптамасы. Рейндік және неоамерикандық моделдер.

Аралас экономиканың неолибералдық моделі. АҚШ-тағы неолибералдық моделдің дамуы. ГФР-дағы неолибералдық моделдің қалыптасуы. Тиімділік принциптері негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шарттарын қамтамасыз ету саясаты. Әлеуметтік қорғау. Әлеуметтік әлем.

Аралас экономиканың неоэтатистік моделі. Аралас экономиканы дамытудың француздық моделі. Мемлекеттендіру. Мемлекеттік жоспарлау. Ұлыбританияның аралас экономикасын дамытудың моделі кейнсшілдік принциптердің тәжірибелік іске асыру ретінде. Толық жұмыспен қамту. Қоғамдық абаттандыру. Ааралас экономиканың жапондық моделі құрылымдық және конъюктуралық саясат үйлесімдігінің нәтижесі ретінде. Белсенді экономикалық саясат. Кейнсшілдік типтің антициклдық саясаты.

Орталықтандырылған келісім моделдері және оны Европаның кіші елдерінде іске асыру. Келісім экономикасының екіжақты құрылымы. Швециядағы орталықтандырылған келісім моделі. Әлеуметтік саясат. Құрылымдық саясаттың әлеуметтік-бейімділік сипаты. Голандиядағы орталықтандырылған келісім моделінің дамуы. Инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік саладағы табыстарды бөлудегі мемлекет ролінің өсімі. Бельгиядағы және Австриядағы орталықтандырылған келісім моделі.

Аралас экономика моделдерінің дағдарысы (қазіргі заманғы кәсіпорынның туындауы, «қоғамдық абаттандырудың» қалыптасуы, ТНК-ның пайда болуы, кәсіподақтар мен бюрократияның тез өсімі). «Жаңа шынайылықтың» туындауы.