- •Тәртіп мазмұны
- •1 Тақырып. Экономикалық жүйелерді салыстырмалы зерттеудің әдіснамасы
- •2 Тақырып. Экономикалық жүйелерді салыстырудың тарихи тәсілі
- •3 Тақырып. Экономикалық жүйелердің теориясы және олардың типологиясы. Экономикалық жүйелерді салыстыру параметрлері.
- •4 Тақырып. Индустрияға дейінгі экономикалық жүйелердің типологиясы
- •5 Тақырып. Индустриялық экономикалық жүйелердің тарихи типологиясы
- •6 Тақырып. Аралас индустриялық экономикалық жүйе: дамудың негізгі моделдері.
- •7 Тақырып. Дамыған нарықтық жүйелерді салыстырмалы зерттеу және типология
- •8 Тақырып. Дамыған экономикалық жүйелерді салыстырмалы зерттеу және типологиясы
- •11 Тақырып. Трансформациялық экономикалық жүйелер
- •12 Тақырып. Постиндустриалдық экономикалық жүйелердің генезисі
- •13 Тақырып. Экономикалықжүйелердітүраралықсалыстыру
- •Өсөж арналғантақырыптардыңтізімі
- •Сөж арналған тақырыптардың тізімі
- •Реферат тақырыптары
- •1. Экономикалық жүйелердің мәні мен салыстырмалы талдау әдістері
- •2. Экономикалық жүйелер ретроспективада
- •3. Экономикалық жүйелердің теориясы және олардың типологиясы
- •2. Экономикалық жүйелер ретроспективада
- •3. Экономикалық жүйелер теориясы және олардың типологиясы
- •10. Генезисі
- •11. Тақырып
Тәртіп мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
1 Тақырып. Экономикалық жүйелерді салыстырмалы зерттеудің әдіснамасы
Экономикалық жүйелерді салыстырмалы талдау және оның функциялары курсы тақырыбын дамыту. Салыстырмалы талдау, оның ерекшеліктері және ғылыми зерттеу құралдары жүйесіндегі орны.
Салыстырмалы әдіске концептуалдық тәсіл. М.Зелдичтің тұжырымдама логикасы. Т.Шидердің салыстырмалы талдау әдіснамасы және оның параметрлері. Ресей зерттеушілерінің (О.Ананьиннің, Е.Гайдардың және т.б.) концептуалдық тәсілдері. П.Грегори мен Р.Стюарттың түсініктеріндегі экономикалық жүйелерді салыстыру. А.Бузгалин және А.Колгановтың экономикалық жүйелерді салыстырмалы талдау әдіснамасы және оның ерекшеліктері.
Экономикалық жүйелерді салыстырмалы талдау әдісі. Салыстырмалы талдау деңгейлері (теориялық, эмпирикалық, өзіндік ерекшелік, салыстырмалы экономикалық жүйелерді дамыту заңдылықтарын анықтау және оның моделдері), олардың мәндік мінездемесі және параметрлері. Экономикалық жүйелерді салыстырмалы талдау механизмі.
2 Тақырып. Экономикалық жүйелерді салыстырудың тарихи тәсілі
Экономикалық прогресстің кезеңділігіне тәсілдердің көптүрлілігі қоғамдағы нақты процесстердің бейнесі ретінде.
Формациялық тәсіл және қоғамдарды уақыт бойынша салыстыру. Қоғамдық-экономикалық формациялар, олардың типологиясы.
Экономикалық процесс кезеңділігіндегі өркениетті тәсіл қоғамның кеңістіктегі дамуының нәтиіжесі ретінде. Шақырулар мен жауаптар теориясы. Өркениет дамуының типологиясы мен логикасы.
Экономикалық прогресс кезеңділігіндегі дүниежүзілік жүйе. И. Валлерстайн дүниежүзілік жүйе туралы, оның салыстырмалылығы және типтері. Орталық, периферия, жартылайперифелия: оның функциялары және экономиканы дамытудағы ролі.
Постиндустриялық қоғам теория, негізгі әдіснамалық негіздер. Дж. Гэлбрейт, У. Ростоу, Т. Стоньер, А. Турен, О. Тоффлердің постиндустриялық қоғам табиғаты және оның негізгі сипаты туралы тұжырымдамалары. Д.Белл концептуалдық сұлбаны құрудағы үшбағытты сипат туралы. Индустрияға дейінгі, индустриялық және постиндустриялық қоғам: олардың мәндік сиапттамасы, экономикалық белгілері және салыстырмалы талдау.
3 Тақырып. Экономикалық жүйелердің теориясы және олардың типологиясы. Экономикалық жүйелерді салыстыру параметрлері.
Экономикалық теорияның негізгі мектептері: «экономикалық жүйе» түсінігін анықтау үшін концептуалдық тәсілдер. Экономикалық жүйелердің мәндік сипаттамасын және олардың шекараларын анықтаудың түрлі тәсілдері.
Экономикалық жүйе құрылымына дәстүрлі тәсіл. Дарашылдық принципі және ұжымшылдық принципі. Экономикалы жүйенің көп өлшемді құрылымы. А.Колгановтың және А.Бузгалиннің қазіргі заманғы экономикалық жүйелер типологиясы. П. Грегори және Р. Стюарттың экономиканың көп өлшемді құрылымын анықтау тәсілі. Экономикалық жүйелерді анықтаудың төмендегі деңгейделергі қазіргі заманғы тәсілдері: әлемдік (үш топтық типология), жеке жүйе және оның тармақтары. Индустриялық экономикалық жүйенің тарихи типологиясы.
Біртиптік әлеуметтік-экономикалық жүйелер шеңберінде құрылымдық элементтер вариациясының (түрінің өгеруінің) мүмкіндігі. Әлеуметтік-эконопмикалық қатынастар, әлеуметтік және экономикалық көрсеткіштер, салыстыру өлшемдері. Әлеуметтік-экономикалық жүйелердің түрлі типтеріндегі тиімділіктің айрықша (жалпы және жеке) белгілерінің болуы.
А.Бузгалин және А.Колгановтың экономикалық жүйелердің салыстырмалы талдау әдіснамасы. П. Грегори және Р. Стюарттың экономикалық жүйелердің салыстырмалы зерттеу әдіснамасы. Экономикалық өсім көрсеткіштері. Экономикалық жүйелердің тиімділігін салыстыру. Статикалық және динамикалық тиімділік. Экономикалық жүйелердегі табысты бөлуді салыстыру көрсеткіштері. Табысты бөлудегі теңсіздік. Экономикалық тұрақтылық.
Экономикалық жүйелерді салыстырмалы зерттеудегі халықаралық ұйымдардың ролі. Халықаралық ұйымдар қолданатын экономикалық жүйелерді салыстыру әдісі.
