Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
САБА ЖОСПАРЛАРЫ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
154.57 Кб
Скачать

IV. Сабақты бекіту.

Дұрыс, енді тақтаға назар аударайық. Осы өтілген тақырып бойынша сұрақтар шығады, сендер соған жауап бересіңдер.

  1. «Түркістан» өлеңі қай тақырыпқа арналып жазылған? (туған жер, атамекен)

  2. Бүкіл түрік елі Түркістанды киелі жер – екінші Мекке деп түсінеді. Себебі неде? («Бабаның басына барып қайту-үлкен сауап», - деп саналады)

  3. «Ер Түрік» дегенде «ер» деген эпитеттің ақынның қолданысындағы мәні неде деп түсінесіңдер?

  4. «Тұранда түрік ойнаған ұқсап отқа,

Түріктен басқа от болып жан туып па?

Көп түрік енші алысып тарасқанда,

Қазақта қара шаңырақ қалған жоқ па?!»

Өлеңнің осы шумағындағы ақынның айтайын деген ойын анықтаңдар.

5. Бұл өлең қандай лирикаға жатады?

Қорытынды:

- Міне, балалар, ақын ағаларыңның туған жеріне деген жан толғанысы кез -келгенімізді бей-жай қалдырмайды деп ойлаймын.

Туған еліміздің жыр маржанын төккен асыл ұлдарын әрқашан ардақтап, жадымыздан шығармауымыз керек.

V. Балаларды бағалау.

VІ. Үйге тапсырма: «Түркістан» өлеңін жаттау. «Жыр толғау». «Сыр толғау».

Пән мұғалімі______________ Оқу ісі меңгерушісі________________

М.С. Сакиров Ж.Д. Даутов

Сабақ № «___» _________ 2017 жыл.

5-сынып

Сабақ тақырыбы: Әбділда Тәжібаев «Толағай»

Сабақ мақсаты: Әбділда Тәжібаев өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.

Міндеті:

1.Әдеби ертегілермен таныстыру. «Толағай» ертегісінің мазмұнын меңгерту, шығарма мазмұнына, идеясына, тақырыбына талдау жасату

2. Шығарманы талдау арқылы өз ойын қорғай білуін, нақты сөйлей білуін дамыту, сөздік қорын молайту

3.Әңгіме мазмұны арқылы оқушылар бойында адамгершілік, жанашырлық сияқты қасиеттерді қалыптастыру, табиғатты, қоршаған ортаны аялауға, оның заңдылығын бұзуға жол бермеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Түсініктеме күнделігі», «Әңгіме кестесі»

ассоциация, талдау, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушы зейінін сабаққа аудару

II. Үй тапсырмасын сұрау

III. Жаңа сабақ

Сабақтың мақсатымен таныстырамын.

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Ертегінің бір саласы-әдеби ертегілер. Әдеби ертегінің жазған авторы белгілі болғандықтан, оны әдеби ертегі деп атаймыз.Бұл ертегілер аңыз әңгімелердің негізінде пайда болған. Олар өлең және қарасөз түрінде айтыла береді.Әдеби ертегілірге: «Жүсіп хан», «Саяхатшы бақа» т.б. ертегілер жатады.

Сондай ертегілердің бірі Әбділда Тәжібаевтың «Толағай» ертегісі.

Ә.Тәжібаевтың өмір жолына шолу жасау.

Туған жері

Ақмешіт «Қызылорда облысы)

Қызметі

Қазақ поэзиясының аса көрнекті шебері,драматург, әдебиет зерттеушісі

1915

Әкесі қайтыс болып, 6-13 жасында қала сыртындағы Қараөзек деген жерде шешесі Айманкүл мен нағашы атасы Далдабайдың тәрбиесінде өседі.Ақындыққа осы кісілердің септігі тиді.

1922

Интернатта оқыды.Алғашқы өлеңдері осы жерде туындады.Шымкенттегі жеті жылдық мектепте оқыды.

1929-1932

Абай атындағы ҚазПи-да оқыды.

1953-1956

Мәскеудегі жоғары әдебиет курсын бітірді.

Марапаттаулары

Екі мәрте Еңбек Қызыл ту, «Құрмет белгісі» ордендермен,медельдармен марапатталған.

Шығармалары

«Күй атасы, Оркестр, Қазақстан- алтын сандық, Майра, Ақ қайың, Монологтар, Сағынамын күн сайын, Толағай, Абыл»т.б

Мәтін үйде оқып келуге тапсырылған.

Енді шығарманы толық талдау үшін әрі алдымызға қойған мақсатымызға жету үшін мен мынадай 4 дейгейлік жұмысты таңдап отырмын. Сабақ соңына дейін 4 деңгейді де толық орындап, мақсатымызғы жетеміз деп ойлаймын.

Шығармашылық

деңгей

Эвристикалық

деңгей

Алгоритмдік

деңгей

Оқушы деңгейі

1. Оқушы деңгейі Сұрақ-жауап әдісі

а.Ақын суреттеп отырған оқиға қай заманға сай келеді?

ә.Толағайдың жанашырлық, елге деген сүйіспеншілік сезімдері өз бойыңнан табыла ма?

б.Толағай секілді ер болу қолдарыңнан келе ме?

2. Алгоритмдік деңгей Оқулықпен жұмыс

О қулықты пайдалана отырып, шығарма тілімен Толағайға сипаттама беру

.