- •Мазмұны
- •1.1. Тәрбие әдісінің мәні мен бөліну ерекшеліктері
- •1.2. Тәрбие әдісінің жаңа міндеттері
- •1.3. Тәрбие әдістерінің қолданылу жолдары
- •2.1. Ойын бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеттің қалыптастыру құралы
- •2.2. «Ойын технологиясы» тәрбие жұмысында
- •2.Бастауыш сынып жасындағыларға ойынды тәрбие құралы ретінде қолданудың жолдары
- •Қорытынды
Қорытынды
Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдық тарихи өмірде жинақталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.
Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардық өмір сүру тәртібін меңгереді.
Педагогика баланы оқыту, тәрбиелеу тәжірибелерін қорытып, тәрбие және даму үшін қажетті жағдайларды анықтайды.
Сонымен, әр түрлі авторлардың анықтамаларына сүйеніп, мынадай қортынды жасауға болады. Тәрбие әдісі – тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байлайыс іс-әрекеттерінде оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына бағытталған педагогикалық жұмыс тәсілдері. Мұндай анықтама ынтымақтастық педагогика талабына сәйкес келеді. Ынтымақтастық педагогика мұғалім мен балалардың, бірлесу еңбегіне сүйеніп, оларды қуаныш сезіміне бөлейді, табысқа жеткізеді. Тәрбие жұмыстарының әдістері тәрбиенің мақсатына, принциптеріне және мазмұнына, балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, олардың тәрбиелік дәрежесіне байланысты. Тәрбие әдістері тәрбие жұмысының мақсаттары және мазмұны анықталады, ал мақсат әдістің бас критерийі. Барлық әдістер тәрбие мақсаттарын іске асыруға, оқушыларды мінез-құлықтың қоғамдық нормасына үйретуге, адамдармен қарым-қатынас жасауға және олардың іс-әрекеттерінінде құнды тәжірибелерін пайдалануға бағытталуы қажет.
Әдістерді іске асыру барысында тәрбиеші оқушыларға педагогикалық ықпал жасайтын тәрбиенің тәсілдері мен құралда рын да қолданады. Тәсіл әдістің құрамды бөліктері, әрбір әдістің тәсілдері болады. Мысалы, үйрету мен жаттықтыру әдістерінің тәсілді нұсқау, көрсету, машықтандыру, тапсырма т.б. Нақты тәрбие барысында әдістер мен тәсілдер арасында нақты шекара жоқ, ол құбылмалы (өзгергіш), жылжымалы болады. Тәрбие құралдарына іс-әрекеттерінің түрлері, көрнекі құралдар, көптеген коммуникация құралдары, педагогикалық ықпал жасау құралдары (мұғалім, ата-ана, ересек адамдардың сөзі, олардың өнегесі т. б.) жатады. Тәрбие мақсаты жемісті болу үшін осы құралдарды тиімді пайдалану қажет.
Қорыта айтқанда, тәрбие әдісі - қоғамның тарихи әлеуметтік-экономикалық жағдайларынан туатын объективтік процесс.Тәрбие процесінде бала өзінің дамуына қажетті жағдайларды пайдалануға тиіс. Табиғи және әлеуметтік орта оның көзқарасын дамытады.
Қорыта келгенде, ойын – балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп өркендей алмайды. Бұл – өмірдің заңдылығы. Сондықтан да қазақ тілі сабағында ойын элементтерін пайдаланудың оқушылардың ой белсенділігін арттырудағы маңызы зор.
«Ең қарапайым мәселені қозғайтын ойындардың өзінде тәрбиеге ұқсас жалпы элементтер көп кездеседі. Екі жағдайда да (ойын мен тәрбие) ең бастысы койылған мақсаттың болуы, сонан соң қиындықтың болуы, оны жеңу, жаңалықты ашу қуаныш. Міне, сондықтан да, бар адамдарды, жасына карамастан, ойын өзіне тартып тұрады.»
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Р.Қоянбаев. Тәрбие теориясы. - Алматы, 1991.
А.О.Пинт. Ата-аналар сіздер үшін. - Алматы, 1990.
Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы. -Алматы, 1994.
Қ.Жарыңбаев, С.Қалиев. Қазақтың тәлім-тәрбиесі. -Алматы, 1995.
Қ.Жарыңбаев, Ж.Базарбаевт.б. Инабат. - Алматы, 1995.
С.Қалиев, т.б. Қазақтың салт-дәстүрлері. - Алматы, 1994.
Наурыз. Жаңарған салт-дәстүрлер. - Алматы, 1991.
«Қазақстан мектебі» журналы №9-10 2005ж
Аскар Молдагаринов «Казахские детские игры» Алматы «Жалын» 1987ж
Базарбек Төтенаев «Қазақтың ұлттық ойындары»Алматы «Қайнар» 1994ж
«Бастауыш мектеп» журналы 2001\2002 ж 17 қазан 34-37 беттер
«Бастауыш мектеп» журналы 7-2003 ж 3-7 беттер
«Бастауыш мектеп» журналы 1-2002ж
«Қазақстан мектебі» журналы 2-2004 72-беттер
«Бастауыш мектеп» журналы 5-2003 17-бет
«Жер жүзінің жүзге жуық жұмбақтары»Балауса 2004ж
