Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курстык жумыс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
107.15 Кб
Скачать

2.Бастауыш сынып жасындағыларға ойынды тәрбие құралы ретінде қолданудың жолдары

Ойын ақыл – ой дамуына да әсер етеді, бала ойын үстінде заттар мен іс - әрекеттерді жалпылауды, сөздің жалпылама мағынасын қолдануды т.б. үйренеді. Ойын жағдайына ену баланың ақыл – ой әрекетінің түрлі формаларының шарты болып табылады. Мәселен, затпен қимылдар жасай отырып, ойлаудан елестете ойлауға бал затқа оның тиісті өз атын бермей қазіргі ойын жағдайына қажетті заттың атын беруден бастап ауысады. Бұл жағдайда, таңдалынған нәрсе, біріншіден, жобаланған зат туралы ойлаудың өзгеше бір сыртқы тірегі және, екіншіден, осы затпен жасалынатын шынайы іс - әрекеттер тірегі ретінде көрінеді. Сонымен ойында ой жүзінде іс - әрекеттер жасау қабілеті дами бастайды. Ойын әсері психикалық іс - әрекеттің басқа формаларын дамыту үшін де үлкен маңызы бар. Мәселен, қиял тек ойын жағдайларында және соның әсерімен ғана дами бастайды.

Ойын әсері арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Ойын терапиясы - ойынды колдану арқылы балаларға психотерапевтік әсер ету әдісі. Ойын терапиясын балаларда байқалатын ұялшақтық, тұйықтық, қарым-катынасқа түсе білмеу, мінез-құлықтың бұзылуы, жағымсыз әдеттер және т.б. кездерде қолданған тиімді болады.

Ойынды коррекциялық мақсатта қолдануда психологқа мына бір сәттерді есте ұстаған жөн: баланы қабылдау үшін жағымды атмосфераны қалыптастыру: балаға эмоциялық қолдау көрсету; балаға түсінікті және анық етіп, оның мәселелерін жеткізу; ойынды қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету.

Ойынды түзету құралы ретінде жүзеге асыруда психолог бірнеше припциптерді де қолданады:

Баланы толық қабылдау (достық қатынас, бала қандай болса, сол қалпында кабылдау және т.б.);

Коррекциялық үрдісті басқаруда директивтіліктің болмауы (ойын үрдісін жеделдету немесе баяулату тәрізді әрекеттерден аулақ болуы);

Бала сезіміне мән беру (баланың сезімін ашық көрсетуіне қол жеткізу, оны түсінуге талпыну).

Ойынды түзету құралы ретінде жұмыс жүргізуде арнайы бөлме керек. Бөлменің безендірілуіне, заттардың орналасуына мән берген дұрыс. Бөлмеде ойыншықтарды және басқа да материалдарды жинау үшін арнайы шкафтар болғаны жен. Шкафтардың биіктігі баланың бойына шақ болса, ол оны өзі алып, қайтадан орындарына жинай алады.

Ойын терапиясында қолданылатын ойыншықтар мен ойыншық материалдарын таңдауға ерекше назар аударған жөн. Ойыншықтарды үш топқа топтастырамыз:

1.Өмірден алынған ойыншықтар: қуыршақтар, қуыршаққа арналған үйшік, отбасын бейнелейтін ойыншықтар, машинаның түрлері және т.б.

2.Агрессияға арналған ойыншықтар: солдаттар, мылтықтар, резина пышақ, крокодил және т.б. Бұл ойыншықтар балаға ашу-ызасын сыртқа шығаруға көмектеседі. Олар одан қанағат алады, сөйтіп біртіндеп олардың жағымды сезімдері дами түседі.

3.Мұнда көбінесе құм мен су қолданылады. Құм мен судың кұрылымы жоқ, сондықтан бала онымен не істегісі келсе, соны істейді.

Ойын терапиясын жүргізетін психологқа қойылатын талаптарға тоқталуда артық емес. Оған келесі талаптар койылады: психологиядан білімінің жан-жақты болуы (балалар психологиясы, кеңес беру психологиясы, психотерапия және т.б.); зерттеу жүргізу іскерлігінің жетік болуы; балаларды жүйелі бақылау; балаға өздігінен әрекет етуге мүмкіндік беру; күтпеген. оқыс жағдайларға даяр болу; барлық болып жатқандарды ынтамен қабылдау; баланы тани білу; баланы бағалаудан аулак болу; ашық болу; өз кемшіліктерін көре білу және оған мән беру.

Жекеленген жұмыс.

Жекеленген жұмыста психологтың педагогтық рөлі өте үлкен. Ол сабақ тақырыбын береді, баланың тәртібін бақылайды және оның әсерін анықтайды. Өзінің алдыдағы тәртібін осы бақылауларға сүйене жүргізеді. Осында қолданылатын, психотерапиялық метафралар арнайы әр балаға, оның қиыншылықтары және жұмысының мақсатына қарай қарастырылып жасалады.

Мамандарын айтуы бойынша жалпы метафралар сол және оң ми жарты шарларының өзара байланысын қамтамасыз етеді. Ертегілерді қабылдау процессінде сол жақ жарты шар жұмыс істейді, көріністен логикалық мағына шығарады, ал сол сәтте он жақ жарты шар армандарға, қиялға, елеске босайды.

Келешектерімен жұмыс істейтін психологтардың айтуынша түсіну вербальды деңгейде бала ойынды қабылдамауы да мүмкін, бірақ жұмыстың жақсы әсері бәрі, бір болады, яғни өзгеріс көп жағдайда саналы деңгейде болады. Бұл кезде тамаша факт байқалады. Сол бір ертегі, ойын әр балаға әртүрлі әсер етіп, әрбіреуі мол ертегідеген керектігін алып, өзіне актуалды болып, мәселесін шешуге жөн табады.

Ертегінің кейіпкерін таңдауға аса көңіл бөлінеді, психологтың ертегіні өзі ойлап шығарманы не әдеби екендігі маңызды болмайды. Ертегіде міндетті түрде басты кейіпкердің жанжалдарға қатсушылар мен сәйкестігі және олардың шындықпен сабақтастығын орнату керек.

И.В. Дубровина айтқандай, егер шындықта басты мәселе ата-аналар арасында тәрбиелеудің келіспейтін әдісінде негізін алса, әкесі баласына жоғары талаптар қойса, сонда ананың баласын қорғауы көрінеді, сол кезде ертегі көрінісі мынадай түрде «сиқырлы кеменің мүшелері, қатал капитал оның мейірімді көмекшісі және жас юнга» болады.

Ертегінің балаға қызықты болуы үшін, баланың қызығушылығын және немен айналысатынын анықтау, оқиғаның тууына және таңдалуына негіз болады. Егер ертегі баланы қарапайым тілімен түсінікті болса, ертегі кейіпкерлерінің образын түсініп, өзінің сол кейіпкермен ұқсастығын көріп, қиын мәселеден шығу сол ертегідегі жағдаяттан жол табады.

Бұл бағыттың маңызды уақытының бірі болып психологтың жұмысын құру, оқушының бар өзгерістерін, яғни тыныс алуын, мимикасын пактомимикасын, оның реакциясын зерттеуі болып табылады. Тіпті көзінің қозғалысы адамның ішкі жан дүниесін соның ішінде көзінің солға және төмен қарауы кинестетикалық сезуін білдіреді.

Ертегінің айтылуы кезінде кідіріс жасау, интонацияны өзгерту, тексті оқу кезінде дауыстың жоғарылануы маңызды. Егер бұл ертегіні психологтың өзі құраса, маңызды бір ақпаратты айтуды клиентің атын немесе оған ұқсас атты кірістіру керек.

Топтағы жұмыс

Топтағы жұмыс әртүрлі формада іске асуы мүмкін.

Ертегілерді тыңдау және анализ (интерпретация). Мақсаты – түсіну, әр ертегінің жағдайының, фразасының, жаңа кейіпкердің, көрініс конструкциясының артында тұрған интерпретация.

Ертегіні топпен айту. Бұл жағдайда әңгімелеуші балалар (жеткіншектер немесе үлкендер тобы болады. Бүкіл топқа белгілі ертегі айтылады. әр қатысушы кезекпен ертегінің кішкентай бөлігін айтады. Баяндау бөлшектерге еркін бөлінеді, бұл алдыңғы әңгімелеуші әңгіменің қай бөлігін айтатынына байланысты. Егер әңгіме балалар тобына жүргізілсе, онда жүргізуші әңгімелеуде өзі де қатыса алады. [16]

Әйгілі ертегіні әңгімелеу және оған сөйлем құрау. Ертегі әңгімеленіп болғаннан кейін топтағы қатысушылар оған сөйлем құрайды және соңғы әңгімелеуші ертегіні аяқтау керек.

Топпен ертегі құрастыру. Біреу бірінші біразын айтып бастайлы. Мысалы: кейбір патшалықта, кейбір елде, келесі топтағы қатысушы ертегіге бір немесе екі фраза қосады, сөйтіп ары қарай жалғаса береді.

Ертегі айту. Бірінші жақ кейіпкері және әр түрлі кейіпкерлерден тұрады. Осы ертегі тобының қатысыушылары өздері айтытын ертегілерін таңдап алады. Бұл ертегінің қойылымы мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларға өте қызықты.

Осы топтағы балалармен жұмыстың процесін үш кезеңге бөліп қарастыруымызға болады.

Бірінші кезең 2-3 сабақты алады, бұл дайындық түрінде қалады. Енді бір жұмыс балаларды топқа біріктіріп, осы жұмыстың ережелерімен таныстыру. Негізінде бірінші сабақта топтағы балалардың құқықтары, ережелері, уәделері қарастырылады.

Егер топ жиналған болса, бұл жерде топ балаларының бір-бірімен қарым-қатынасы, танысулары жүргізіледі.

Сабақты өткізгенде музыкалық безендіру, сондай-ақ ертегіні тыңдағанда және суреттегенде қосымша жағдайлар терапиялық эффект туғызады.

Балалар ертегіні тек қана ойнап, жаттығуларды орындап қана қоймау керек. Олар өздерін басқа өмірде жүргендей сезіну керек. Бала өзін ертегіге кіргенде қалай сезінсе, шыққанда да солай шығу керек.

Әр педагог, психолог, ата-аналар бала тәрбиесіне жақсы көзбен қарау керек. Сондықтан баламен жұмыс жасаған кезде өз ертегісінің жоспарын құру қажет.

№1 Сабақ.

«Мен бүкіл әлемде жалғыбын.»

Мақсаты: Балалардың психологпен және бір-бірімен танысуы; сабақта көңілді атмосфера құру; ең бірінші рет ым, мимика, интонация, ұғымдарымен танысу;

Сабақтың барысы:

Балалар кабинетке кіріп жайғасады.

Жүргізуші: Қазір біз сіздермен бірімізгі-біріміз бөгет жасамайтындай тату-тәтті орналасамыз. Біз мына жерде сендермен күліп, сөйлесіп отырғанда, біздің айналамызда көптеген жағдайлар болып жатыр. Көрші топтағы балалар сабаққа дайындалып жатыр, гүлдер өсіп тұр, машиналар жүріп, құстар терезенін жанында ұшып , екінші қабатта орындық қозғалды, станцияға поезд келіп тоқтады, қаладан самолет ұшты. Міне осының барлығы бір уақытта болды, бірақ біз мұны естімейміз және сезінбейміз. Адам әрине бәрін бірден көріп, естімейді. Ал қазір барлығымыз көңілімізді бір нәрсеге аударайық.

Біз күнделікті таңертен тұрып жуынамыз, тісімізді тазалаймыз және балабақшаға келеміз. Міне осының барлығын жүгіріп жүріп істеп жүргендетіптен гүлі алып иіскеуге уақытымыз жоқ. Планетамыз айналып тұрады, гүлдер өседі, күн шығады... Ал енді көзімізді жұмып әдемі қара космоста жылтыраған жұлдыздардың арасында жылы домалақ планета ілініп тұр деп көз алдарына елестетіндер. Ол айналып тұр, онда адамдар тұрады, аңдар жүгіріп, секіреді, көбелектер ұшып жүр. Қане енді планетаға көңіл аударып қарайық.

Көздеріңді ашыңдар, сендер таңғаларлықтай нәрсені көрдіңдер ме? Ешқайда, ешқандай планетада міне мынадай бала жоқ, ешқайда мына әдем і қыз бала, ешқайда дәл мынадай сүйкімді ұл бла жоқ. Тіпті оны қанша іздесек сендер сияқты балаларды таппаймыз.

Мұның барлығы әр бір балаға шын ниетпен айтылады. Міне осы уақытта психолог топ балаларымен «сен» деп қарым-қатынас жасайды.

Жүргізуші: Ал енді бірімізбен-біріміз танысайық. Барлығымыз бірімізді-біріміз көру үшін дөңгелек жасап отырайық.

«Домалақ қар » ойыны.

Балалар ең бірінші өздері айтқан балалардың аттарын одан соң өздерінің есімдерін айтады. Психолог барлық балалардың есімдерін айтым, өз есімін айтып аяқтайды.

Жүргізуші: Тамаша сендердің барлығыңның өздеріңнің керемет есімдерің бар екен. Қане мен сендерді көріп жіберейін. Барлғыңда көз бар екен. Барлығыңда екі көз бар ма? Барлығыңда мұрын, барлығыңда ауыз, екі қол, қане кімде үшеу? А-а-а балалар барлығың бірдей екенсіңдер ғой.

Психолог «бірдей» деген сөзге тоқталап балаларға өздерінің бірдей емес екендігін айтуға мүмкіндік жасайды. Балалар «біз әртүрліміз» деген жауаптарына психолог былай деп айтады:

Қане сендердің әртүрлі екендерің? Міне аяқтарың, міне қолдарың, міне құлақтарың... А шаштарың, мінездерің әртүрлі ме? Жақсы сендер мені көндірдіңдер. Ал қане қазір сендердің қайдай ерекшеліктеріңді тауып көрейік.

Балалар психологпен өздерінің ерекшеліктерін санайды: мінездері, бет пішіні, әдеттері, ойлары, ішкі жан дүниелері. «Ішкі жан дүние» сөзі ерекше айтылады.

Ішкі жан дүние деген не? Сыртқы орта барлығымызға белгілі, олар: табиғат, аспан, күн. Ал ішкі ше? Негізінде міздің ішкі жан дүниемізде де аспан, күн бар.Егер күнді бұл басса көңіл күйіміз бұзылып, жаңбыр жауса көзімізден жас ағады, ал егер күн жарқырап тұрса көңілденіп ән шырқаймыз.Біздің көңіл күйіміз қандай болса барлығы соған байланысты болмақ.Көңілсіз болсақ аузымыз шүршиіп, балалар доппен, қыздар қуыршақтарын да ойнамайды. Қане айтыңдаршы көңілсіз адам қандай болады? Басы салбырап, қабағын түиіп аузы шүршиіп кетеді. Ал енді көңілді адам қандай болады? Қане барлығымыз күлімдеп тұріп біраз секірейік. Шаршадық па? Ал шаршаған адамның түрі қандай? Уф қолымыз ауыр барлығымыз құлаймыз, жатыңдар. Демаламыз.

Жаңа біз не жасадық? Біз оны қалай жасадық? Дұрыс айтасың. Адамның ішкі жан дүниесі барлық жағдайды істесй алады. Ымның көмегімен. Қане барлығымыз қолымызды атынан былғайық... Осыдан кейін біздің қайғымыз бетімізден көрінеді. Бұл біздің мимикамыз. Қане барлығымыз мимикамен көзіміз жұмылып ұйқымыз келіп тұрғанын көрсетейік.Және біздің дауысымыз бар, интонация. Қане дауысымызбен еркелейі. «Мама менің тұрғым келмейді» міне осылардың барлығы – ым, мимика, интонация бірігіп жүмыс атқарады. Негізінде біз әртүрлі жандармыз, қаншалықты барлығымыздың екі қолымыз, екі көзіміз, бір танауымыз, екі аяғымыз болса да.

Біз өзіміздің кім екндігімізді, біздің қаншалықты керемет, ешкімге ұқсамайтынымызды үйде: таңертен енді-енді көзімізді ашқанда, тіпті таранып жуынбай –ақ айнаға қарайық. Өзімізді көріп- біз қандаймыз, біз қандай қызықтымыз, ой менің кірпіктерім, ой менің тістерім қандай. Сендер айнадан өздеріңді көріп, өздерің онда не көргендеріңді , сендерге ненің ұнағанын, ненің ұнамағанын келесі сабақта айтып бересіңдер. Ал бүгінгі сабағымыз осымен аяқталды. Сау болыңдар.

№2 Сабақ

Түсінудің сиқырлы құралдары.

Мақсаты: психикалық процестерін дамыта отырып, баланы ой өрісі дамыған, шығармашылық қабілеті, сенімділігі жоғары адам етіп тәрбиелеу.

«Ертегілердің үйшігі» ойыны он екі суреттен тұрады. Беттің екі жағына да мектеп жасына дейінгі балаларға мәлім ертегілер мысалы: «Үш торай», «Бауырсақ», «Маша мен аю», «Мысық, түлкі және тауық», және солардың басы кейіпкерлері.Ертегінің құрылымы әдейілеп әртүрлі жоспармен бірін-бірі толықтыратын басты кейіпкерлердің рөлдері алынады. Батырлар суреттерде және қосымша беттерде қызу күй жағдайлары екі-үш түрде бейнеленген. Мысалы: « Ертегілердің үйшігі » ойыны ол Беттің екі жағына екі суреттен тұрады . иә мектеп жасына дейінгі балаларға мәлім ертегілер мысалы :« Үш торай »,« Қызыл телпек »,« Бауырсақ »,« мен аю Машасы »,« Мысық , түлкі және тауық », және солардың бастарына Ертегінің құрылымы әдейілеп әртүрлі жоспармен бірін - бірі толықтыратын басты кейіпкерлердің рөлдері алынады . кейіпкерлері . Мысалы Батырлар суреттерде және қосымша беттерде қызу күй жағдайлары екі - үш түрде бейнеленген . Мысалы: сабырлы, қуанышты қорыққан, жүгірген, жылаған, қорқытқан, агрессиялық.

Әрбір карточкада батырлардың орнында тесік бар. ( Дөңгелек ,төртбұрыш немесе үшбұрышты). Бұл тесіктің орнына өзіңне ұнаған батырларды салуға болады. Мысалы: « үш торай » ертегісіне түсуі мүмкін, ал бауырсақ – « қоян үйшігіні» ертегісіне. Сайып келгенде, ескі сюжетке қарама –қайшы лезде ертегіге «бөтен» батыр салынады. Бұл жағдайда бала «дұрыссыздықты» көріп, өзінше эксперимен жасап, өзінің шығармашылық позициясын көрсетуге мүмкіндік жасайды.

Әке-шешелерге арналған көмекші тапсырмалардың 30 түр «ертегілер үйшігінде» суреттелген. Тәрбиешілер мен ұстаздарға арналған басқа да екі көмекші құрал бар. Олардың біреуінде 45 ойындық тапсырмалар бар. Олар бала бақшадағы орта, үлкен және даярлық топтарға бөлінеді. Ал басқа көмекші құралда 110 ойындық тапсырма фукционалдық белгілер түрінде 4 жастан 10 жасқа дейінгі балалардың психикалық функцияларына арналған.

«Ертегілер үйшігіндегі» барлық ойындық тапсырмаларды ересектер балаға айқын шығармашылық түрде көрсетіп, пайдалануға үйрету керек. Кейінірек бала бұл көрсетілген ойынды бала бақшада, мектепте немесе үйде өз бетінше достарымен ойнайтын болады. Әрбір ойындық тапсырмаларда көмекші құралдарға «балаға қалай көмек көрсету керек» деген сияқты кепілдеме өткізіледі. Әрбір ойындық тапсырмада өзінің көптеген өткізілу түрлері болады. Дәл осылай сіз « ертегілер үйшігі» ойынын бірнеше жыл бойы қолдана аласыз. Балаға барлық күрделі немесе балаға белгілі ойын түрін өзгертіп ойындық тапсырманы ұсынылады.

Елестеудің, жадтың, сөйлудің- барлық берік психикалық процестерің дамыта отырып, баланы ой өрісі дамыған, шығармашылық қабілеті жағары адам етіп тәрбиелей аламыз.

«Ертегілер үйшінің» арқасында балада мыналар дамиды: -ойлау әр түрлі түрлері ( жүйелік , бейнелі , - ( көп вариантты ), символды , кисынды ).

-шығармашылық елестеулер,

-қызу сфера, бала сенімділігі

Жинақтағы ойынның маңызды екі педагогикалық ерекшеліктермен ұйымдастырылады. Олар: дидактикалық, шығармашылық және психологиялық.

Ойынның дидактикалық мүмкіншіліктері.

Мұғалім «Ертегілер үйшігі» оқу процесіндегі қолдана алады. Мұғалімдерге арналған көмекші құралда, ұстаздардың және әке-шешелерінің геометриялық пішіндермен таныстыққа бағытталған ойындық тапсырмалар суреттелген.

Ойынның шығармашылық мүмкіншіліктері.

Егер жаңа карточкаға қосымша бетті сыйғызсақ, онда біз басқа ертегіге түскен батырымыз туралы қызықты, күшті әсер бере аламыз. Бұл жаңа жағдайды жасауға және баламен бірге өзіндік ертегіні жазуға мүмкіндік туғызады. Мынау күрделі және - әзірше бір балаға арналған мақсат ,бірақ тек жаңа шешімдерге итеруші, шығармашылық әрекетті қолдайтын, үлкендермен болу керек.

Үлкендердің негізгі мақсаты- шешім қабылдау үшін қызу жағдай жасау, балалар шығармашылық тапсырмаларды орындауда оларды дұрыс жасай алмадым деп қорықпаулары үшін.

Дәл осындай жағдайды өткізу маңызды: дидактикалық тапсырманың ішінде әрқашанда дұрыс жауаптар, қосымша түрлері мен мөлшері тесікке сай, батыры өз ертегісінде болады. Және де шығармашылық тапсырмалар да бар. Онда тіптен дұрыс жауаптар жоқ. Мұнда тек әртүрлі мүмкіндіктер бар, әрбір автор. Ересек және балалар қалай орындағылары келеді өз еріктерінде. Бірінші шығармашылық адымдарынан кейін балалар өз ертегілерінде барлығын жасай алатындықтарын сезінеді, олар жасалған жаңа жұмыстың авторы, жаңа нақтылықтың және шығармашылықта автормен барлығы болады.

Балаллар өмірге келген күннен бастап ана-аналарының, тәрбиешінің қамқорында болады. Сондықтан оларға шығармашылық армандарын жүзеге асыруға мүмкіндік беру керек. Бірақ балалар бұл жерде бұл уақытта, бұл жағдайда шығармашылық ойын «Ертегілер үйшігімен» өзінің шегінен шықпауларын түсіну керек.

Ойын тапсырмасы.

Сіздің балаңызға таныс ертегінің батырлары «Ертегі үйшігі » ойында салынған карточкалардағы ертегі орманындағы әртүрлі бұрыштарда өмір сүреді. Бұл недеген керемет- ол қайсібір тесіктерден карточкаларда толық емес салынған батырлардың суретін көреді.

Алдымен балаға өзіне белгілі ертегіні жинауды үйрету, яғни қосымша беттегі карточкаларғы тесіктерге батырларды тауып алып торға салу керек. Ал қандай батыр және қандай тор – керек ? Балаға керек сюжет - суретті және керек торды көптеген карточкалар арасынан іздеп, табылған кейіпкер батырды оның ертегісіне қайтаруға тура келеді. бұл жаттығулар оның есін,зейінін,қисынды ойлауын, қолдарының білезіктерінің ұсақ бұлшық еттерін дамытады.