- •Мазмұны
- •1.1. Тәрбие әдісінің мәні мен бөліну ерекшеліктері
- •1.2. Тәрбие әдісінің жаңа міндеттері
- •1.3. Тәрбие әдістерінің қолданылу жолдары
- •2.1. Ойын бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеттің қалыптастыру құралы
- •2.2. «Ойын технологиясы» тәрбие жұмысында
- •2.Бастауыш сынып жасындағыларға ойынды тәрбие құралы ретінде қолданудың жолдары
- •Қорытынды
2.2. «Ойын технологиясы» тәрбие жұмысында
Адам әрекетінің еңбек оқу сияқты негізгі түрлерінің бірі – бұл ойын. Ойын - бұл жағдаят жағдайында қоғамдық тәжірибені игеру және қайта туғызуға бағытталған әрекет түрі. Ойын барысында тұлғаның мінез құлқын өзі басқаруы жетіліп қалыптасады. Отандық педагогика және психология ғылымдары саласында ойындық әрекет бағдарламасын К. Ушинский, П. Блонский, С. Рубинштейн және т. б. жасады. Олардың еңбектерінде тұлғаның даму сатыларында негізгі психикалық қызметтері дамуындағы тұлғаның, өзін – өзі басқаруы мен өзін – өзі билеуіндегі әлеуметтану үрдісінде адамның қоғамдық тәжірибені пайдалану және игерудегі ойынның рөлі зерттеліп негізделген.
Тұлғаның әрекеті ретінде ойын құрылымында келесі мақсаткерлік, жоспарлау мақсатты іске асыру, тұлға өзін субъект ретінде толық көрсететін нәтижелерді талдау сияқты кезеңдер жатады. Ойын әрекетінің түрткісі оның еріктілігімен, таңдау мүмкіндігі, жарыс элементтері болуымен қажеттілігін қанағаттандыру, өзін - өзін бағалау, өзін - өзі көрсетуімен қамтамасыз етіледі. Үрдіс ретінде ойын құрылымына ойнаушының өзіне таңдаған рөлдері
- сол рөлдерді іске асыру құралы ретінде ойын элементтері, нәрселердің ойындық қолданылуы, яғни шынайы нәрселердің шартты түрде не ойын түрінде ауыстырылуы
- ойнаушылар арасындағы шынайы қарым қатынастар
- сюжет ойын басында шартты түрде алынатын шыңдық саласы. ойында бала «адамзат тәжірибесі аясында» өзін – өзін көрсету қызметін көрсетеді. Өйткені, ойын бір жағынан баланың практикада өмірлік нақты қиындықтарды жою жобасын тексеруге және құруға мүмкіндік берсе, екінші жағынан тәжірибесін олқы тұстарын айқындауға мүмкіндік береді. Ойынның диагностикалық қызметі педагогқа баланың әр қырынан интелектуалдық, шығармашылық, эмоционалдық және т. б көрінуін диагностикалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ойын баланың өз күнін нақты сезінетін, өзін - өзі бағалау, еркін әрекеттегі мүмкіндіктерін танитын өзін - өзі көрсету аймағы болып табылады.
Ойынның емдік қызметі – баланың қарым – қатынасына, оқуда, мінез-құлқына туындайтын әр түрлі қиындықтарды жеңу құралы ретінде қолданылуымен түсініледі. Ойынның мұндай қызметін Д. Б. Элконин аса жоғары бағалайды. Ойын тәрбие әдісі ретінде ежелден бері қолданылып келеді. Әсіресе ойынды қолдану халықтық педагогикада, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерде кеңінен тараған. Мысалы мен өзімнің іс – тәжірибемнен айта кетейін Сюжетті рөлдік ойын аптаның жұма күні өтеді.
Тақырыбы «Қонаққа бару»
Мақсаты балаларға қонақ жайлық туралы түсінік беру. Сұрақ - жауап арқылы сұхбатқа үйрету, үлкендерді құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу. Сөздік қорын дамыту, еркін сөйлеуге, әңгімелесуге үйрету. Диалогпен сөйлеуге жаттықтыру. Досының айтқаның аяғына дейін тыңдауға тәрбиелеу. Көрнекілік. Үй жиһаздары, дөңгелек үстел, бесік, ыдыстар.
Сабақ барысы. Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Қонаққа бару» Қонақ туралы балалардың ойын тыңдау. - Қазақ халқы қонақ жай халық. Үйге келген кез келген адамды үйдің қонағы деп санайды.Мынадай мақал бар.
- Ат болатын тай саяққа үйір.
-Адам болатын бала, қонаққа үйір. Екі – үш балаға қайталату, мағынасын ашу. Ойын барысында балаларға бағыт беріп тұру, қорытынды жасау.
Тәрбие әдісі
Категория: Сынып жетекшілік
Тәрбие әдісі (гректің "методос" — жол деген сөз) — бұл мектеп тәжірибесінде тәрбиеге қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланылатын жол, тәсілдер - тәрбиелеу саласына, еркіне, сезіміне, іс-әрекетіне әсер ету шаралары.
Тәрбиелеу мақсаттарына әртүрлі жолдармен жетуге болады. Төрбиеші оқушымен, олардың күш-қуатына, мүмкіңдіктеріне, ынталарына сүйене отырып, істеген жұмысында қанша жол тапса, сонша тәрбие мақсатына жету тәсілі ашылады. Әрине, кейбір жолдар басқасына қарағанда мақсатқа тезірек жеткізеді. Мұғалімнің алдында тәрбиеге сай келетін, көзделген жетістікке тез апаратын және аз күш жұмсайтын жаңа, қолданылмаған жол табу міндеті тұрады. Құрастыру, тандау және тәрбие әдістерін дұрыс пайдалану - кәсіптік педагогиканың асқар шыңы болып есептеледі.
Алайда, тәрбиенің жаңа әдісін жасауға көрінген мұғалімнің күші келе бермейтіні белгілі. Әдіетерді жоғары деңгейге көтеру үнемі алға тартылатын міндет. Тәрбие процесінің жағдайына тура келетіндей, мұғалім өз күші мен мүмкіндігіне қарай жалпы әдістер мен толықтырулар енгізе отырып, өз міндеттерін шеше алады.
Тәрбие тәсілі - жалпы әдістің бөлігі, жеке дара әрекет (әсер ету), нақты іс. Тәсілдер — бұл мұғалімнің қойылған мақсатқа тез жету үшін оқушымен бірге салатын соқпақ жолы деуге болады. Егер оны басқа мұғалімдер де пайдалана бастаса, біртіндеп ол соқпақ үлкен жолға -әдіске айналады. Тәрбие әдістері мен тәсілдерін тану, оларды дұрыс қолдану - бұл педагогикалык. шеберлік деңгейінің маңызды сипаттамасын білдіреді. Демек, тәрбис әдістері мен тәсілдері тығыз байланысты.
Тәрбие құрал-жабдығы кең тусінікті қамтиды. Тәсілдеп жеке әсер етуді түсінсек, құрал түсінігі сол тәсілдердің бірлігін білдіреді. Құрал-жабдық - бұл қолданымдағы тәсіл ес бірак әлі әдістікке жете қоймаған шара. Мысалы, еңбек - тәрбие құралы, бірақ еңбекті бағалау, көрсету, қателігін анықтау - бұл ондағы тәсілдер.. Сөз (кең түсініктегі) - тәрбие құралы, бірақ ескертулер, сын айту, теңеу - бұлар тәсілдерге жатады. Осыған байланысты кейде тәрбие әдісі қойылған мақсатқа жету тәсілдері мен құралдары жүйесі ретінде анықталады, өйткені әдіс құрылымында тәсілдер мен құралдар міндетті түрде бірге қарастырылады.
Әдістердің жақсы, жаманы болмайды, тәрбиелеу жодын алдын-ала оның қандай жағдайда қолданылғанын ескермей тұрып, жемісті-жеміссіз деп жариялауға болмайды.
Әдістерді таңдау көптеген жағдайларға байланысты. Бірақ факторлардың саналуаңдығына қарамастан әдістерді таңдау детерминатты, яғни себепті байланыста болып келеді. Мұғалім қолданған әдістерінің себептерін қаншалықты терең түсінсе, әдістің өзіндік сипатын біліп, қолдануды білсе, соншалықты әдістің өнімдісін, тәрбиелеу жолының дұрысын таңдағаны.
Тәжірибеде үнемі тұратын міндет - әдістің біреуін ғана қолданбай, тиімдісін, нәтижелі болатынын тандау. Тиімді деп - қойылған мақсатқа көп күш-қуат жұмсамай жететін неғүрлым пайдалы жолды айтамыз.
Кейбір жағдайларды жете ескерген, өзіне тиімді педагогикалық іс-әрекетті пайдаланған мұғалім тәрбие жұмысыңда әрқашан жоғары жетістікке жетеді. Тәрбие әдісін таңдау - жоғары өнер. Ал бұл өнер ғылымға сүйенеді.
Тәрбие әдістерін таңдауды анықтайтын жалпы принциптерді қарастырайық. Бірінші кезекте төмендегілер ескерілуі қажет:
1. Тәрбис мақсаттары мен міндеттері. Мақсат әдісті тек жақтап қана коймай, оны белгілейді. Қандай мақсат болса, оғаи жетудің нақты тәсілі болуы керек.
2. Тәрбие мағынасы. Бір міндет бірнеше мағынаға ие болатынын естен шығармау қажет. Сол үшін әдісті мазмұнмен емес, нақты мағынамен байланыстыру тиімді.
3. Оқушылардың жас ерекшеліктері. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне карамай, міндет әртүрлі әдістермен шешіледі. Тәрбие процесінің барлык. Кезеңінде белгілі бір сапалар қалыптасады, бірақ әр жеке сыныпта тәрбие әдісі өзгеріп отыруы тиіс. Бірінші сыныпқа дәл келетіні, үшінші сыныптағыларға сәйкес келмейді, ал бесінші сыныптағылар оны қабылдамауы мүмкін.
4. Ұжымның қалыптасу деңгейі. Ұжымның өзін-өзі басқару формасының дамуына қарай педагогикалық әсер әдістері өзгеріссіз қалмайды: басқарудың ыңғайлы (гибкость) болып келуі мұғалім мен оқушынің бірігіп қызмет етуінің табысты шарты ретінде қажет.
5. Оқушылардың жекелік және түлғалық ерекшеліктері. Жалпы әдістер, жалпы бағдарламалар тәрбиелік өзара әрекеттегі тек бастама ғана. Жекелік және тұлғалық түзетулер (корректировка) қажет. Инабатты мұғалім өз әдістерінде әр тұлғаның өзіне тән қабілеттерін дамытуға, оның өзіндік қасиеттерінің сақталуына, "мендік" белгілерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін әрекеттерді жасайды.
6. Тәрбиелік жағдайлар. Мұндай жағдайларға психологиялық-физиологиялық, санитарлы-гигиеналық, сонымен бірге сыныпта болатын қарым-қатынастар, яғни ұжымның көңіл-жайы, педагогикалық жетекшіліктің стилі жене тағы басқалар жатады. Абстрактты (дерексіз) жағдайлар болмайды, жағдайлар әрдайым нақты келеді. Олардың үйлесуімен жасалатын тәрбиелік шара-істер – педагогикалық ситуация деп аталады.
7.Тәрбие құралдары. Тәрбие әдістері тәрбие процесініңбөліктері ретінде керінеді, олар педагогикалық құралдар бірлігін құрайды. Әдістерден басқа да тәрбие құралдары баршалық, олар әдістермен тығыз байланыста, бірге қолданылады (көрнекі құралдар, өнер шығармалары, бұқаралық ақпарат құралдары). Тәрбие құралдарына олармен бірге, әртүрлі іс-әрекет түрлері (ойын, оқу, еңбек), педагогикалық техника (тіл, ым, қимыл т.б.), мұғалім мен окушының қалыпты өмірлік іс-әрекетін жасауға көмсктесетін құралдар жатады. Егер аталған жабдықтар белгілі бір деңгейде пайдаданылмаса, олардың маңызы еленбейді. Алайда осы жаңа жабдықтар әсері тәрбие әдістерін таңдауға негізгі ықпал жасайды.
8. Педагогикалык дәреже деңгейі. Мұғалім өзі білетін жеке меңгерген әдістерді таңдайды. Көптеген әдістер қиын, әрі көп күш жұмсауды талап етеді: кейбір педагогтар бұл мәселені айналыті өткісі келеді. Осыдан болатын кемшілік - тәрбиенің жетімсіздігі.
9.Тәрбие уақыты. Уақыт аз болып, мақсат ауқымды болған жағдайда "ықпалды әсер ету" әдісі қолданылады. Бұл әдіс әсіресе қысқа мерзімде қайта тәрбиелеу үшін қолданылады. Мектеп уақытының, тұлғаның тұрақтықасиеттерін қалыптастыруға жеткілікті болатынын мойындайтын біртұтас көзқарас жоқ. Кейбір педагогтар уақыттың жеткіліксіздігін алға тартып, ықпалды әсер ету әдістеріне бағытталғанды жөн көреді. Қалай болғанда да, уақыт факторы тәрбие әдістерін таңдауда және жобалауда маңызды рөл атқарады.
10.Күтілетін қорытындылар. Мұғалім әдістерді тандай отырып, оның табысқа жеткізетініне сенімді болуы қажет. Бұл үшін ол қолданылған әдістердің қандай қорытындыға әкелетінін алдынала болжай білуі шарт.
Әдіс құру – тәрбиелеу міндетше орайластырылған жауап болып есептеледі. Педагогикалық әдебиеттерде көптеген мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін әртүрлі әдістерді табуға болады. Әдістер және олардың әртүрлі модельдерінің коптігі соншалық, керекті мақсатқа сай келер әдісті тандауға сол әдістердің жіктелуі ғана комектесе алады. Әдістердің жіктелуі-анықталған белгілерге қарай құрылған әдістер жүйесі. Жіктелудің өзі әдістердің қайсысының жалпы және жалқы екенін. нақты және кездейсоқ теориялық немесе практикалық екенін білуге сонымен бірге оларды дұрыс таңдауға, барынша утымды пайдалануға көмектеседі. Жіктелуге суйене отырып, педагог тек әдістер жүйесін ғана танып қоймай, ол-әртүрлі әдістер белгілерінің өзгерісін жақсы түсінеді.
Кез келген әдістің ғылыми жіктелуі олардың жалпы негіздері мен белгілерін анықтаудан басталады. Тәрбие әдістері жүйесіне орай танылатын белгілер өте көп. Кез келген жалпы белгілерден жеке-дара жіктеме жасауға болады. Қазіргі педагогикада оңдаған жіктеме белгілі, бірі тәжірибелік міндеттерді шешуте қажет болса, екіншісі теориялық міндеттерді қарастырады. Көптеген өдістер жүйесінде жіктелудің логикалық негізі анық емес. Бұған тәжірибелік мәні бар жіктеулерге негіз ретінде әдістің бір емес, бірнеше маңызды және жалпы тұстарының болуы айқын дәлел.
Тәрбие тәсіддері өз ерекшеліктері бойынша былай жіктеледі: сендіру, жаттықтыру, мадақтау және жазалау, іс-әрекетті ұйымдастыру, оқушыларды мінез-құлыққа ынталандыру, түсіндірмелі-көрнекі, үйрету, үйлесімділікке келтіру, өзіндік тәрбие. Тәрбиелік әсер ету әдістерінің нәтижесі бойынша оларды екі толқа бөлуге болады:
1. Адамгершілік қасиеттерін құрайтын ықпалдар: түрткілер, қатынас, көзқарас қалыптастыратын түсініктер, жаңашыл көзқарастар, ой-пікірлер.
2. Қандай да бір көзқарас ұғымдарға сәйкес әдеттер орнықтырушы ықпалдар.
Қазіргі кезде тәрбие әдістерінің тиімді жетілуі бір мақсатқа, мазмұнға негізделген тәрбие бағытын қолдайды. Осыған орай тәрбие әдісінің үш тобын бөлуге болады:
1. Тулғаның ақыл-ойын қалыптастыру әдістері.
2. Іс-әрекеттерді ұйымдастыру және қоғамдық, құқықтық тәжірибе қалыптастыру әдістері.
3. Іс-әрекетке және мінез-құлыққа ынталандыру әдістері.
Тұлғаның ақыл-ойын қалыптастыру әдістері
Көзқарас, түсінік, сенімді қалыптасгыру ушін тұлғаның ақыл-ойын қалыптастыру әдістері қолданылады. Бұл әдістер сенім, қажетті құлықтын эмоционалдық жақтарын қалыптастыруда да маңызды орын алады. Егер оқушылар педагогикалық әсерден тыс қалып отырса, онда қойылған мақсатқа жету процесі өте баяу жүреді. Терең сезім оқушылардың ойы айқын, әсерлі бейнелерге аударылғанда ғана пайда болады. Тәрбиеленудшілердің тәрбие іс-әрекетіне белсенді араласу дайындығы қалыптасқан жағдайда ғаңа әдістер өз мақсатына жетеді.
Әрбір әдістің өзіндік сипаты және қолдау аумағы болады. Педагогтың деңгейі жоғары болған жағдайда бұл топтағы әдістер жүйелі әрі басқалармен бірлескен түрде қодданылады. Мазмұны мен қолданылуына қарай ана-ғүрлым қиын, сөздік-эмоционалдық әсер етуші әдістері мынадай: әңгімелеу, түсіндіру, этикалық кеңес, диспут және көрнекі тәжірибелік әсер ету әдісі, өнеге-өрнек келтіру.
Бастауыш сыныптарда пайдаланылатын этика тақырыбындағы әңгіме – бұл адамгершілік мазмұны бар нақты деректер мен оқиғалардың эмоционалды, айқын көрінісі. Сезімге әсер ету әңгімелері оқушыларді моралды жәйттерді бағалауға, олардың мәнін түсінуге көмектеседі. Этика тақырыбындағы әңгіме бірнеше қызмет орындайды: баланың білім деңгейін көтеру, басқа адамдардың тәжірибесін баланың тұлғалық, адамгершілік тәжірибесін байытуға бағыттау.
Этикалық әңгімені өткізудің жағдайлары:
1. Әңгіме оқушының әлеуметгік деңгейіне сай келуі керек.
2. Әңгіме көрсетпе-көрнекі құралдармен бірге жүрілуі қажет.
3. Қоршаған ортаның эмоциялы әсері әңгіменің мәні мен мазмұнына сай болуы керек.
4. Әңгіме кәсіптік деңгейде еткенде ғана тартымды болады.
5. Әңгіме тыңдаушыларды толғандыруы міндетті.
Түсіндіру - оқушыге эмоционадды - сөзді әсер ету әдісі. Түсіндірудің әңгімелесуден айырмашылығы – берілген топқа немесе нысаналы әсер етуде. Бұл әдісті колдануда педагог ұжым мүшелерінің тулғалық сапасына, сыныптың білім ерекшеліктеріне суйенеді. Бастауыш сынып оқушилары үшін түсіндірудің қарапайым тәсілдері мен құралдары қолданылады: «Былай істеу керек», «Барлығы осылай істейді» т.с.с. Бұл әдіс мынадай жағдайларда колданылады: а) қылық формасы немссе жаңа моралдык. сапаны қалыптастыру және бекіту үшін: б) болған іске гәрбиеленушінің дұрыс қатынасын орнықтыру үшін.
Мектеп тәжірибесінде түсіндіру адам психикасына еніп, іс-ерекеттің себептерін тудыратын және тұлғаға жалпы әсер ететінін сендіруге сүйенеді. Сендіру оқушыге белгілі бір шешім қабылдату жағдайында пайдаланылады. Сендіру басқа тәрбие әдістерінің әсерін күшейту үшін қолданылады.
Этикалы сұхбат мұғалім мен оқушылардың пікір алысуға екі жақты кірісуін керек ететін жүйелі және бірізді әдіс түрі. Сүхбаттың (беседа) әңгімеден айырмашылығы - сөйлеушіні тыңдап, оның ойын ескере отырып, онымен қарым-қатынас жасау жолдарын құру. Мұндай әңгіме моралды, этикалы, тәрбиелі мәні бар тақырыптардан тұрады. Этикалы сұхбат мақсаты – адамгершілік түсініктерін тереңдету және бекіту, білімді жалпылау және нақтылап орнықтыру, адамгершілік көзқарастары мен нанымдар жүйесін қалыптастыру.
Этикалы сүхбатқа нақты деректер, оқиғалар, сыныптағылардың қылықтары себепші болады. Мұндай сүхбаттасу оқиға "ізінше" немесе кейінірек, балалар өз қылықтарының жақсы не жаман екенін ойластырып түсінген соң өткізіледі.
Этикалы сүхбаттасудың нәтижелідігі бірнеше маңызды шарттарға байланысты:
1. Сұхбаттасудың проблемалы болғаны маңызды. Мұғалім шәкірттерін дареншікті емес сұрактар қоюға ынталандырады, сол сұраққа жауапты оқушылардың өздерінін табуына көмектеседі.
2. Этикалы сұхбаттар алдын-ала дайындалғаң, жауаптарын айтып қойған даяр сценарий бойынша етпеуі тиіс, Оқушыларға өз ойларын баяндауға мумкіндік беру қажет, оларды басқалар ойларын сыйлауға, оған дұрыс көзқарас нышанымен қарауға үйрету керек.
3. Сұхбатты дәріс баянға айналдыруға болмайды.
4. Сұхбаттасу құралдары оқушынің эмоционалды тәжірибесіне жақын болғаны абзал.
5. Сұхбаттасу кезінде барлық көзқарастар мен пікірлерді анықтап, оларды салыстыра білудің маңызы зор.
6. Әңгімеге дұрыс жетекшілік – оқушынің оңды шешімге өзбетімен келуіне арқау.
Оқушылармен өткізілетін жеке этикалы сұхбат мұғалімнің жоғары кәсіптік деңгейін керек етеді. Мұндай сүхбат кезінде психикалы тосқауыл туып кетпеуі лазым. Егер мұғалім жеке сұхбаттасуға жан-тәнімен мән берсе, онда оның үлкен табысқа жететіні сөзсіз.
Өнеге-өрнек - өте күшті тәрбие әдісі. Бұл әдіс келесі зандылыққа негізделеді: көру аркылы қабылданатын құбылыстар тез әрі ешбір қиыңдықсыз санада бекиді. Сонымен бірге кітаптағы, кинодағы бас кейіпкерлерді, тарихи тұлғаларды, атақты ғалымдарды, саяси майталмандарды т.б. өнеге ету үлкен тәрбиелік мәнге ие.
Мысалы, бұл жағдайдың психологиялық негізі ретінде еліктеуді айтуға болады. Еліктеудің арқасында адамдар әлеуметтік және адамгершілік тәжірибе жинактайды. Еліктеу - жеке адам іс-әрекеті. Кейде еліктеудің аяқталып, шығармашылықтың басталатын кезін анықтау қиынға соғады. Көбінесе шыгармашылық өзіндік, ерекше еліктеуден болады.
Өмірде жақсы да, жаман да өрнектер бар. Оқушылардың назарын адамдар өміріндегі теріс қимылдарға аударып, соларды талқылап, дұрыс қорытынды шығаруға бағыттау қажет. Уақытында және орынды келтірілген мысалдар оқушынің теріс қылықтардан аулак болуына көмектеседі.
Әрине, мұғалімнің өз өнегесін, оқушыларға қатынасын, іскерлік қасиеттерін, жеке басының қадірін мысал етуі тәрбиенің дұрыс жүргізілуіне әсерін тигізеді. Мұғалім өз тұлғасымен, қадір-қасиетімен жүйелі және бірізді әрекет жасаса, өзін мысал етудің онды әсері ұлғая түседі.
Іс-әрекет ұйымдастыру әдістері
Тәрбие талапқа сай тұлға қалыптастыруы керек. Тұлғаның түсінігі, нанымдары емес, істеген ісі, қылығы оның тәрбиелілігін сипаттайды. Сол себепті қоғамдык қылық тәжірибесін қалыптастыру және іс-әрекет ұйымдастыру тәрбие процесінің түбірі деп қарастырылады.
Бұл топқа кіретін барлық әдістер оқушылардың тәжірибелік іс-әрекетіне негізделген. Осы іс-әрекетті басқаруда педагогтар оны құрамдас бірліктерге, яғни қылық-әрекеттер мен кіші бөліктер - операцияларға бөліп қарастырғандықтан іске асыра алады. Тәрбие процесі педагогтың операцияларды орындаудан әрекеттерді басқаруға, содан кейін оқушы іс-әрекетін басқаруға өтуімен анықталады.
Оқушынің пайдалы істерін ұйымдастыру міндетті түрде олардың басқа адамдармен жан-жақты қарым-қатынас жасауын қажет етеді. Әртүрлі жағдайда болған ұжымдық қарым-қатынае белгілі-бір іске, шешімге, құлықтың бір жолын таңдауға әкеліп соғады, яғни тұлғаның күрделі құлыктары мен белгілері карапайым қылықтар негізінде калыптасады.
Тұлғаның қажетті қасиеттерін қалыптастырудың біртұтас әдісі – бұл жаттықтыру. Қоғамдық қылық тәжірибесін игеруде іс-әрекет шешуші рол атқарады. Оқушыларді нақты, мақсатты бағытталған, белсенді іс-әрекетке кірістірмей, қажетті қылық типін қалыптастыру мүмкін емес. Іс-әрекетке кірістіру тәсілі — жаттықтыру болады. Жаттығу — автоматты түрде жеткізілетін талап әрекетті көп қайталап орындаудан болатын тәрбиенің тәжірибелік әдісі. Жаттығу нәтижесі — түлғаның тұрақты қасиетгері — дағдылар мен әдеттер. Әдеттер сана мен ерікті жаңа жұмыстарды атқаруға босатады. Ойлау қабілетімен айналысып, жақсы әдеттердің қалыптасуын қадағалаудан тыс қалған тәрбие өзінің мықты сүйенішінен айрылады.
Жаттығу нәтижесінің ұтымды болуы мына жағдайларға байланысты:
1) жаттығулар жүйесі; 2) оның мазмұнына; 3) жаттығулардың мүмкіндікке сай болуына; 4) көлеміне; 5) қайталау жиілігіне; 6) бақылау мен түзетуге; 7) оқушынің өзіндік ерекшелігіне; 8) топтық, жеке және ұжымдық жаттығулардың үйлесімділігіне; 9) жатгығудың мотивтік негізіне және ынталандыру істеріне.
Талап – бұл оқушынің білгілі бір іс-әрекетін тежеп не ынталандырып, жекелей қарым-қатынаста жоғарылайтын, баланың белгілі қасиеттерінің көрінуіне себепші әсер ететін тәрбие әдістерінің бір түрі.
Қойылу формасына қарай талаптар мынадай болып бөлінеді: 1) тікелей талап (жеке, нақты, дәл, түсінікті); 2) қосымша (кеңес, өтініш, сенім, қолдау т.б.); 3) талап-кеңес; 4) ойын түріндегі талап; 5) сенім арқылы талап; 6) талап-өтініш; 7) талап-ишара; 8) талап-қуаттау; 9) позитивті және негативті талаптар.
Үйрету – бұл пәрменді жасалатын дағдыландыру. Тез және жоғары деңгейде керекті сапаны қалыптастыру қажеттілігі туғанда осы әдісті қолданамыз.
Гуманистік педагогика катал үйретуте қарсы, себсбі ол адам қүқығына қайшы келеді, оны басқа әдістермен бірге, әсіресе ойын әдістерімен пайдаланған жөн.
Үйрету әдісін дұрыс пайдалану шарттары:
1) мақсаттың айқын болуы;
2) түсінімді үйрету;
3) тапсырманы беру уақытымен санасу;
4) орындау жолдарын және нәтижені көрсету;
5) сапалардың бірізді және қатар тәрбиесі;
6) үнемі бақылау жасау.
Тапсырма беру әдісі жақсы нәтижелер береді. Жүйелі тапсырма беру арқылы оқушыларды дүрыс істерге үйретуге болады. Тапсырма беру әртүрлі болып келеді: ол көбінесе оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты шешіледі. Мысалы, ойыншықтар, модельдер, схемалар дайындау.
Оқушылардың іс-әрекеті мен жасанды жағдайдағы қылығын ұйымдастыру әдісі тәрбиелеуші ситуациялар әдісі деп аталады.
