- •Бронх демікпесінің жіктелуі
- •Бронх демікпесінің қауіп-қатер факторлар
- •Бронх демікпесінің диагностикасы
- •Бронх демікпесі (астмасы) кезіндегі негізгі жəне қосымша диагностиклық шаралар тізімі
- •Бронх демікпесі кезіндегі емдеу тактикасы
- •Дəрі-дəрмектік ем
- •Бронх демікпесін емдеуде негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі
- •Бронх демікпесін алдын алу
- •Астматикалық статус
Бронх демікпесін емдеуде негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі
Негізгі дəрі дəрмектер тізімі:
**Бекламетазон аэрозоль 200 доза.
*Ипратропий бромиді аэрозоль 100 доза.
Кромоглиций қышқылы дозаланған аэрозоль 5 мг; капсула 20 мг.
**Сальбутамол аэрозоль 100 мкг/доза; капсула 2 мг, 8 мг; небулайзер үшін ерітінді 20 мл.
**Теофиллин таблетка 100 мг, 200 мг, 300 мг; капсула 100 мг; 200 мг; 300 мг; капсула ретард 350 мг.
*Фенотерол аэрозоль 200 доза.
*Амброксол таблетка 30 мг; сироп 30 мг/5 мл.
**Преднизолон, таблетка 5 мг; инъекция үшін ерітінді 30мг/1 мл.
Буденосид 100 мг, аэрозоль.
*Ипратропия бромиді 21 мкг+фенотерол гидробромиді 50 мкг.
*Сальметерол+флутиказон 25мкг/50 мкг120доза, 25/125 мкг/120 доза, 25/250 мкг/120 доза аэрозоль (ДАИ), 50мкг/100 мкг 60доза, 50/250 мкг 60 доза, 50/500 мкг 60 доза ұнтақтық ингалятор.
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
**Флютиказон аэрозоль 60 доза, 120 доза (немесе олардың комбинациясы: салметерол, флютиказона пропионат, 25/50 мкг; 25/250 мкг).
*Кларитромицин 500 мг, табл.
*Спирамицин 3 млн. ЕД, табл.
*Аминофиллин инъекция үшін ерітінді 2,4% в ампуле 5 мл, 10 мл.
**Салметерол ингаляции үшін аэрозоль 25 мкг/доза.
*Амоксициллин+клавулонды қышқыл табл, оның қабықшасын жабу 500 мг/125мг, 875 мг/125 мг.
*Азитромицин 500 мг, капсулы.
Ем тиімділігінің индикаторлары:
симптомдардың айқындылығын азайту жəне оларды жою;
өкпе функциясын жақсарту;
асқынулардың дамуын алдын алу;
дəрілік заттарды қабылдау қажеттілігін азайту;
емнің жанама əсерінің даму қаупін төмендету;
науқастарды өзін-өзі емдеуге оқыту.
Госпитализациялауға көрсетімдер: бронхолиттік терапия тиімсіздігі, 6-8 сағат бойы басылмайтын тұншығу ұстамалары, тыныс алу жеткіліксіздігінің үдеуі, «мылқау өкпе».
Бронх демікпесін алдын алу
Бріншілік профилактика: пайда болуына жəне/немесе асқынуына триггерлердің əсер ету профилактикасы.
Профилактикалық шаралар:
Бөлмедегі шаңды тазарту, фильтрация жүйесін пайдалану.
Үй кенелеріне аллергия болған кезде – оларды жою.
Әрі қарай жүргізу: жылына 2-3 рет терапевттің қарауы, пульмонолог, аллерголог – жылына 1 рет.
Диспансерлік бақылау – БД кез келген формасы мен ауырлық дəрежесінде науқасты оқыту қажет. Емделуші БД мəнін, тұншығу ұстамаларын өзі басуды, қай жағдайда дəрігерді шақыру керектігін, демкпенің жеке триггерлерін, тұншығу белгілерін жəне ахуалының нашарлауын жəне бронхтық өтімділікті, демікпені бақылап отыру үшін күнделікті қабылданатын профилактикалық препараттардың жеке дозасын білуі қажет.
Астматикалық статус
Демікпелік статус немесе астматикалық статус деп бронх қабырғаларының жалпылама ісінуінен,өзектерінің қою кілегеймен бітелуінен дамитын және симпатомиметиктерге резистентті аса ауыр бронхтық обструкция. Оның дамуы бронхтар қабырғасында β адренорецепторларының терең блокталуынан болады.
Патогенезіне байланысты астмалық статустың екі түрін ажыратады:
Анафилаксиялық
Метаболизмдік
Анафилаксиялық түрі. Дәрінің немесе аллергендердің әсерінен тез дамитын тотальды обструкциямен жүретін анафилаксиялық шоктың бір түрі. Кейде бұл β-адреноблокаторларды қате қолданғанда болады.
Метаболизмдік түрі . Жиілеу кездеседі және анафилаксиялық түріне қарағанда баяу астманың өршуінің үстінде біртіндеп дамиды.Астмалық статустың бүл түрі де β адренорецепторлардың терең тежелуіне алып келетін жағдайларда пайда болады:
Қабыну процесі;
Симпатомиметиктерді жиі бей берекет қолдану.Бұл дәрмектер тамырларды аса кеңітуінен, қанның сұйық заты бронхтардың қабырғасына сіңіп өзегіне өтедіжәне қою кілегейдің секрециясын күшейтеді.Сондықтан ауыр обструкцияны бронхтардың “құлыпталу” аталатын синдромын туғызуы мүмкін.
Кортикостероидтардың дозасын күрт төмендету немесе тоқтату;
Инфекциялық қосылу.
Демікпелік статустың клиникалық сатылары:
І сатысы (біршама компенсацияланған). Көрінісі ұзаққа созылатын тұншығу ұстамасына ұқсайды,бірақ симпатомиметиктерге берілмейтін,қақырықтың түсуі тоқтайды.Ұстама он екі сағат,одан да ұзақ уақытқа емге берілмейді.Бірақ жағдайының ауырлығына қарамастан, қанның газдық құрамы шамалы өзгереді.Бұл кезде гипервинтеляция болып жатса,науқас гипокапнияның салдарынан тыныстық алкалозға түсуі мүмкін.
ІІ декомпенсация сатысы (“үнсіз өкпе”). Бронхтар өтімділігі одан сайын нашарлайды,өзектері қою кілегеймен бітеледі, “үнсіз өкпе” көрінісі пайда болады. Өкпенің кейбір аймақтарында бұрын естілген ысқырықты сырылдар жойылады,тыныс әлсіреп шаққа естіледі.Қанның газдық құрамы едәуір өзгереді.Науқастың жағдайы өте ауыр,цианоз күшееді,тер шығады, тахикардия минутына 120 ға дейін барады.
ІІІ гипоксемиялық және гиперкапниялық команың сатысы. “Үнсіз өкпе” көрінісі күшейе түседі, терінің бозғылт көкшіл түсі қызғылт көкшілге ауысады.Қанның газдық құрамының ауыр өзгерістері мен респирациялық ацидозға байланысты церебральдік, неврологиялық бұзылыстар пайда болады,науқас есінен айырылады.
Демікпелік статус диагностикалық критерийлері:
Симпатомиметиктерге резистенттіліктің күшейе түсуі
Қақырықсыз жөтел
Комаға дейін алып баруы мүмкін жедел тыныс шамасыздығының тез дамуы.
Сонымен қатар сусыздану, полицитемия және қанның қышқыл-сілтілік жағдайының бұзылыстары пайда болады.
Асқынуы.
Ем көмегі болмағанда тыныс бұзылыстарының күшеюі
Гипоксияның және эуфиллиннің,симпатомиметиктердің, кардиотоксиндік әсерінен жүректің тоқтауы.
Пневмоторокс,пневмомедиастинум( спонтанды немесе өкпенің жасанды вентиляциясының салдарынан)
Демікпелік статус емі:
1. Глюкокортикоидтық ем.
І сатыда преднизалон вена ішіне 60-90 мг әр 2-3 сағат сайын, қосымша 15-20 мг ішкізіледі.
ІІ сатыда преднизалон 90-120 мг вена ішіне әр 1-1,5 сағат сайын және 15-20 мг ішкізеді.Жеңілдік болмаса глюкокортикоидтардың дозасын көбейтіп, гидрокортизонды 125-250 мг әр 6 сағат сайын енгізеді.
ІІІ сатыда преднизалон 125-150мг әр сағат сайын,гидрокортизонды 125-250 мг 4 сағат сайын енгізеді.
Метилксантиндер. Эуфиллин 6мг/кг бастап шамамен 15 мл өте жай,10-15 мин көлемінде вена ішіне енгізеді.әрі қарай сағатына 1мг/кг есебімен, жағдайы жақсарғанша салады. Қақырықтың түсуін жеңілдету үшін 2-2,5 л одан да артық көлемде гидратация жүргізеді. Гидратация жүргізгенде диурез сағатына 80 мл аз болып,мойын веналары ісінсе және оң қарынша шамасыздығы, өкпенің ісінуі басталса диуретиктер салынады. Бактериялық инфекциядан күдіктенгенде антибиотиктер тағайындалады, бірақ астмалық статуста немесе оның даму қаупінде гентамицинді қолданбайды себебі ол нерв бұлшықеттік байланысты бұзады.
Обструкциямен күресу үшін иптратроиум бромидінің ингаляциясын куніне 4 рет жасайды және сонымен бір уақытта сальбутамолды вена ішіне 2,5 мкг/кг дозада немесе тербуталин 5-10 мкг/ кг 4-6 сағат сайын тері астына. Тыныс шамасыздығы ауырлай түссе онда әр 15 минут сайын адреналинді 0,10 мг/кг тері астына салады немесе 0,05-0,1 мкг/кг мин вена ішіне бояу тамшылатады.
