Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
syllabus ОГ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
75.03 Кб
Скачать

ҚММУ Ф 4/3-03/04

ҚММУ БЕ 4/04

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Клиникалық фармакология және дәлелді медицина кафедрасы

Силлабус

Пән ДМН-3229 «Дәлелді медицина негіздері»

Мамандығы 5B130100 «Жалпы медицина»

Оқу сағатының көлемі (кредит саны): 45сағат (1кредит)

Курс: III

Семестр: 5

Қарағанды 2016 ж.

Силлабус 5B130100 «Жалпы медицина» мамандығына арналған, ДМН-3229 «Дәлелді медицина негіздері» пәні бойынша жұмыс бағдарламасының негізінде құрастырылған, 27.06.2014 бекітілген.

Силлабус кафедра отырысында қарастырылды және бекітілді

29. 08. 2016ж. Хаттама № 1

Кафедра меңгерушісі Ш.С.Калиева

Оқытушылар жайлы мәліметтер

  • Калиева Шолпан Сабатаевна, медицина ғылымының кандидаты, доцент.

Педагогикалық стажы – 14жыл

Телефон: қызметтік 51-38-97 (ішкі 1224)

Ғылыми қызығушылығы: Қазақстан Республикасында дәрілік заттарды ұтымды қолдану жүйесін жетілдіру, жартылай-патогенді және патогенді микроорганизмдердің антибиотикке төзімділігін зерттеу.

Ғылыми мектебі: 2004 жылы кандидаттық диссертация қорғады, тақырыбы: «Емдеу стандарттарымен емдеуді енгізудің фармакоэкономикалық негізделуі» медицина ғылымының кандидаты атағына ізденуші мамандығы 14.00.25 – фармакология, клиникалық фармакология. 2006 ж. – медицина ғылымының докторы атағына ізденуші ретінде диссертациялық жұмысы бекітілді, тақырыбы: «Жартылай-патогенді және патогенді микроорганизмдердің антибиотикке төзімділік жағдайы және антибактериальды дәрілік заттарды қолдану жүйесін жетілдіру» мамандығы 14.00.25 «фармакология, клиникалық фармакология», ғылыми консультант, ҚР ҰҒА академигі, м.ғ.д., профессор Күлмағамбетов И.Р.

Білім беру қызметі нышандарының 5 интеллектуальды жеке меншіктің куәлігі, 122 астам жарияланымдар, оның ішінде 20 оқу құралы мен әдістемелік нұсқаулар, монография, клиникалық фармакология мен ұтымды фармакотерапия бойынша оқулық бар.

ҚММУ Этикалық комиссия құрамына кіреді, Қарағанды облсының Облыстық денсаулық сақтау департаментінің облыстық формулярлы комиссия төрағасының орынбасары, Республикалық формулярлы комиссиясының мүшесі, ҚММУ «Терапия және фармация» ҒЭК мүшесі, Қарағанды қ. «Терапевтер қоғамының» мүшесі, 2015 жылдан бастап Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бұйрығымен Калиева Ш.С. Қазақстан Республикасының штаттан тыс клиникалық фармкологы болып тағайындалды.

Педагогикалық және кәсіби біліктілігін жетілдірудің 111 сертификаты бар. «Клиникалық фармакология» мамандығы бойынша 1 дәрігерлік категориясы бар.

Эл почта – S-Kalieva@kgmu.kz

  • КЕМЕЛОВА Гульшат Сейтмуратовна, медицина ғылымының кандидаты, доцент .

Педагогикалық стажы – 15 жыл.

Ғылыми қызығушылығы: Фармокоэпидемиологикалық зерттеулер, медициналық білім беру аясындағы зерттеулер

2005 жыл – ҚР-ның туберкулез проблемаларының ұлттық орталығында 14.00.26 фтизиатрия мамандығы бойынша «Туберкулезді құрамдастырылған түрде емдеуде инфрақызыл диапазонында электромагниттік сәуле қолдануды эксперименталдық негіздеу» тақырыбына кандидаттық диссертация қорғады. Практикалық сабақтарды орыс және ағылшын тілдерінде жүргізеді.

Білім беру қызметі нышандарының 3 интеллектуальды жеке меншіктің куәлігі, 1 өнертабыс патенті, 55 астам жарияланымдар, оның ішінде 10 оқу құралы мен әдістемелік нұсқаулар, монография, қазақ тіліне аударылған дәлелді медицина негіздері бойынша оқулық бар.

ҚММУ ОӘК компетентті-бағытталған оқытуды жақсарту бойынша комиссия төрағасы, Ресейлік симуляциялық оқыту бойынша қоғамның (РОСОМЕД, Ресей) мүшесі болып табылады.

Педагогикалық және кәсіби біліктілігін жетілдіру бойынша 50-ден астам сертификаты бар.

Эл почта – kemelova@kgmu.kz

  • МЯСНИКОВА Жанна Владимировна

Педагогикалық стажы – 3 жыл.

Ғылыми қызығушылығы: емнің тиімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың әсерімен қолдану ұтымдылығын зерттеу. «Сәйкестік клиникалық тәжірибе» (GCP) циклы бойынша біліктілігін арттырды, «Биомедициналық статистиканың негіздері» мастер-классында білім алды.

Эл почта – MyasnikovaZ@kgmu.kz

  • ИСАКОВА Жансулу Орукпаевна, медицина ғылымының кандидаты, доцент.

Педагогикалық стажы – 20 жыл

Ғылыми қызығушылығы: дәрілік заттарды ұтымды қолдану.

Ғылыми мектебі: 1999 жылы диссертация қорғады, тақырыбы: « Туберкулезге қарсы псевдоэфедринилуксус қышқылының Nd гидразидасының белсенділігін скринингтеу және негізгі фармакологиялық бағалау», ғылыми жетекшісі: м.ғ.д., профессор Жаугашева С.К. 20-дан астам мақалалар жариялаған. 1999 жылдан бастап клиникалық фармаколог ретінде емдеу жұмысын жүргізеді. Соңғы 5 жылдағы мамандығы бойынша біліктілігін жоғарылату – 432 сағ. «Клиникалық фармакология мен фармакотерапияның өзекті мәселелері», 14.10.2013ж. – 08.11.2013ж., Қарағанды қ., Дәрігерлерді дипломнан кейінгі оқытудың Республикалық институты, 216 сағ., «Клиникалық фармакология мен фармакотерапияның өзекті мәселелері», 28.10.2013-22.11.2013ж, Қарағанды қ., ҚММУ, 216 сағ. Жергілікті (КГП ОМО) және облыстық (ҚОДСБ) формулярлық комиссия мүшесі болып табылады.

Эл почта – jansulu_issakova@mail.ru

  • САГАДАТОВА Торғын Кайролловна

Педагогикалық жұмыс стажы - 14 жыл

Ғылыми қызығушылықтары: педитриялық тәжірибеде емнің тиімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың әсері мен қолдану ұтымдылығын зерттеу. «Медициналық білім берудегі жаңашыл технологиялар», «Клиникалық фармакология мен фармакотерапияның актуальды проблемалары» циклы бойынша квалификациясын жоғарылатудан өтті. 2 білім беру қызметіне арналған интеллектуальды жеке меншік куәлігі бар, 10 астам ғылыми жарияланымдары, оның ішінде 1 оқу құралы мен әдістемелік нұсқаулық, клиникалық фармакология мен ұтымды фармакотерапия бойынша оқулығы бар.

Эл почта – Sagadatova@kgmu.kz

  • ЮХНЕВИЧ Екатерина Александровна, медицина ғылымдарының магистрі, PhD

Педагигикалық жұмыс стажы – 9 жыл

Ғылыми қызығушылықтары: емнің тиімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың әсерімен қолдану ұтымдылығын зерттеу.

Ғылыми мектебі: 2011 жылы 6М110100 Медицина мамандығы бойынша медицина ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін диссертация қорғалды, 2015 жылдың қазанында – 6D110100 Медицина мамандығы «Лямблиозды этиотропты емдеуде жаңа тәсілдерін әзірлеу» тақырыбы бойынша PhD доктор ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғалды. 40-тан астам жарияланымдардың, 1 инновациялық патенттің, 1 интеллектуалды жеке меншіктің, медицина жоғарғы оқу орындарының жоғарғы курс студенттеріне, интерндеріне, жалпы тәжірибе дәрігерлеріне арналған 3 оқу құралының авторы мен соавторы болып табылады. Тәжірибелік денсаулық сақтаудың және білім беру процессіне енгізулердің 3 актісі бар.

International Society for Pharmacoeconomics and Outcome Research фармакоэкономикалық зерттеулердің халықаралық қоғамның мүшесі болып табылады, ҚР ДСМ ДСДРО клиникалық хаттамалар әзірлеу бойынша топтың мүшесі.

Эл.поштасы - yukhnevich@kgmu.kz

  • АМЕНОВА Олеся Анварбековна

Педагогикалық стажы – 6 жыл

Ғылыми қызығушылығы: анестезиология-реаниматология және хирургиялық, токсикологиялық тәжірибеде емнің тиімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың әсері мен ұтымды қолдануын зерттеу. «Сәйкестік клиникалық тәжірибе» (GCP) циклі бойынша квалификациясын жоғарылатудан өтті, «ЖОО-ның оқытушыларының біліктілігін дамыту», «Клиникалық фармакология және фармакотерапияның өзекті мәселелері», «Биомедициналық статистиканың негіздері мастер-классында, «Жоғары қауіпті коморбидті науқасты жүргізу», Темпус бағдарламасының аясында жобаларды мақсатты дайындауда әдістемелік тәсілдер» семинарларында білім алды.

Эл почта – Amenova@kgmu.kz

  • ЖУНУСОВА Женискуль Сардарбековна

Педагогикалық жұмыс стажы – 6 жыл

Ғылыми қызығушылықтары: наркология практикада емнің тиімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың әсерімен қолдану ұтымдылығын зерттеу. «Мәселелік-бағдарланған оқытуды қолданумен оқу технологияларың жетілдіру» семинарында оқытудан, сонымен қатар «Медициналық білім берудегі жаңашыл технологиялар», «Клиникалық фармакология мен фармакотерапияның актуальды проблемалары» циклы бойынша квалификациясын жоғарылатудан өтті.

Интеллектуальды жеке меншіктің куәлігі бар №1037 04.06.2014 объектінің тақырыбы: ««Рабочая учебная программа по элективной дисциплине «Рациональная фармакотерапия в общей врачебной практике» для специальности 5В130100 «Общая медицина» курс VI-VII». «Психиатрия балалар (балалар наркологиясы)» мамандығы бойынша 1 дәрігерлік категориясы бар.

Эл почта – Z.Zhunusova@kgmu.kz

  • ТОНКАБАЕВА Бахытжан Елемесовна

Педагогикалық жұмыс стажы – 5 жыл

Ғылыми қызығушылықтары: Жалпы дәрігерлік практикада емнің тиімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың әсері мен қолдану ұтымдылығын зерттеу. «Клиникалық  фармакология»  мамандығы бойынша қайта дайындықтан  өтіп  маман   сертификатын алды, Қарағанды, ҚММУ, 2013ж. 5В130100 «Жалпы медицина» мамандығы бойынша VI-VII курс интерндеріне арналған «Жалпы дәрігерлік тәжірибесіндегі ұтымды фармакотерапия» элективті пәні бойынша жұмыс бағдарламасы» тақырыпты объектке 11.06.2014ж. №1121 зияткерлік меншікке куәлік тіркелген.

Эл почта – Tonkabaeva@kgmu.kz

  • БЕГЕЙ Наталия Васильевна

Педагогикалық жұмыс стажы-3 жыл.

Ғылыми қызығушылықтары: Акушерлік-гинекологиялық дәрігерлік практикада емнің тиімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың әсері мен қолдану ұтымдылығын зерттеу. «Оқу үрдісіне дәлелді медицинаны енгізу» атты семинарында оқытудан өтті, сонымен қатар,  «Биомедициналық  статистика негіздері» мастер-классына қатысты. «Central European Symposium on Antimicrobials and Antimicrobial Resistance» конгресіне қатысты.

Эл почта – Begey@kgmu.kz

  • CИМОХИНА Наталья Андреевна

Педагогикалық жұмыс стажы – 6 жыл

Ғылыми қызығушылығы: Анестезиологиялық-реанимациялық, хирургиялық және стоматологиялық тәжірибелерде емдеудің тиімділігі және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында дәрілік заттардың әсері мен рационалды қолдануын оқып білу.«Сәйкестік клиникалық тәжірибе» (GCP), «ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыру», «Клиникалық фармакология және фармакотерапияның актуалды мәселелері» циклдары бойынша біліктілігін жетілдіруден өтті, «Биомедицина статистика негіздері» мастер классында, «Қаупі жоғары коморбидті науқасты жүргізу», «Жаңа білім беру және аттестациялық технологияларда тест формаларын қолдану» семинарында оқудан өтті. 5В130100 «Жалпы медицина» мамандығы бойынша VII курс интерндеріне арналған «Ішкі аурулар клиникасындағы ұтымды фармакотерапия» элективті пәні бойынша жұмыс бағдарламасы» тақырыбына объектке 11.06.2014ж. №1122 зияткерлік меншікке куәлік тіркелген.

Эл почта – Simohina@kgmu.kz

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]