- •1. Геодезия пәні және мәселелері.
- •2. Деңгейлік бет. Абсолюттік және салыстырмалы биіктік.
- •4.Геодезияның басқа ғылымдармен байланысы.
- •5.Жердің пішіні мен өлшемдері туралы түсінік.
- •7.Жердің пішіні мен өлшемдері
- •8.«Ортадан» геометриялық нивелирлеу кезінде белгі мен биік айырымын қалай табады?
- •План, карта және жергілікті жердің қимасы (профиль).
- •17.Теодолитті жұмыс жағдайына қалай орналыстыру қажет
- •19.Координаталар жүйесі
- •20.Теодолит өсьтерінің жағдайына қажет талаптарды ата.
- •22.Сызықтың шынайы азимуты,дирекциялық бұрышы және румбы.
- •23.Масштабты және масштабтан тыс шартты белгілердің айырмашылығы неде?
- •25.Меридиандардың жақындасуы
- •26.Еңіс дегеніміз не және қандай формуламен анықталады?
- •28. Сызықтың магниттік азимуты, магниттік бағдаршаның ауытқуы
- •29. Карта бойынша жергілікті жердің сызықтарының профилін қалай құрастыру керек?
- •31. Жіптік қашықтық өлшеуіш
- •32. Дирекциялық бұрышт пен румб арасындағы байланыс.
- •Жергілікті жердің бедері және оның топографиялық картадағы бейнесі, жергілікті жердің бедерінің негізгі түрлері.
- •35. Дирекциялық бұрыш дегеніміз не? Берілген сызықтың тура және кері дирекциялық бұрыштары арасындағы байланыс қандай?
- •Жер бедерін бейнелеуде горизонтальдар әдісінің мәні. Горизонтальдарндың қасиеті.
- •Жер бетіндегі нүктенің географиялық бойлығы мен ендігі дегеніміз не?
- •40. Бұрыштарды өлшеуге арналған құралдар.
- •Бұрыштарды өлшеу дәлдігі.
- •44. Планда горизонтальдарды сызу қалай жүзеге асырылады.
- •49. Түсірістің түрлері. Тахеометрлік түсіріс.
- •52. Нивелирлеу әдістері. Геометриялық нивелирлеуді мәні мен әдістері.
- •53. Алаңды квадраттап нивелирлеу жұмысы қалай жүргізіледі.
- •55.Шеңберлі қисықтың элементтері
- •58. Трасса. Трассаның элементтері. Трассаны техникалық нивелирлеу журналы.
- •59.Тура және кері геодезиялық есептер.
- •61. Сызықтарды бағдарлау
- •62.Горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеу.
31. Жіптік қашықтық өлшеуіш
Іс-жүзінде тұрақты параллактикалық бұрышты, яғни жіпті қашықтық өлшегіш көп тараған. Көру дүрбісінің ішіндегі екі қосымша жазық жіп торынан(тор сызығынан) және есеп алатын бөліктері бар рейкадан тұрады. Рейкадан арақашықтықты келесі ретпен алады. Өлшенетін арақашықтықтың бір басына аспапты(теодолит немесе нивелир), ал екінші басына рейканы орнатады. Аспапты қалыпты жағдайға келтіреді де, аспап дүрбісін рейкаға бағыттайды. Айталық, дүрбінің жоғарғы тор жібінен(сызығынан) алынған есеп -1257, ал төменгі сызығынан алынған есеп-1387. Екі есептің айырмасы n=130-рейкадағы сантиметрлік сан. Жіпті қашықтық өлшегішпен өлшенген арақашықтықты төмендегі формуламен есептейді:
L=Kn+c,
Мұндағы, K- қашықтық өлшегіштің коэффиценті,қазіргі теодолиттерде бұл сан 100ге тең
n- рейканың жоғарғы және төменгі жіп сызықтарынан алынған есептердің айырмасы
c- қашықтық өлшегіштің тұрақты саны, қазіргі аспаптарда іс жүзінде нольге тең.
К-қашықтық өлшегіш коэффицентін анықтау үшін, жер бетінді 50, 100, 150м қашықтықты таспамен тиянақты өлшеп, белгілейді де, сол арақашықтықтарды арақашықтық өлшегішпен өлшейді, сонда екі бірдей болуы керек.
Жіпті қашықтық өлшегішпен өлшеу дәлдігі 1:200 -1:400 қатынасындай болуы керек.
32. Дирекциялық бұрышт пен румб арасындағы байланыс.
Алты немесе үш градусты зона ішінде сызықтарды бағдарлауда негізгі меридиан емес, осьтік меридианға параллель сызық пайдаланылады. Сонда азимуттардың орнына дирекциондық бұрыштар деген түсінік қолданылады.
Дирекциялық бұрыш дегеніміз топографиялық карта қа лап алынған сызық бағытымен осьтік меридианның солтүстік бөлігі, немесе оған параллель бағытта болатын түзу арасындағы көкжиектік бүрыш α болып табылады.
Азимут сияқты, дирекциондық бұрыш сағат тілінің бағытымен, абсцисса осінің оң мәнді бағытынан берілген бағытқа(сызыққа) дейін өлшенеді. Дирекциондық бұрыш 0 градустан 360 градусқа дейін өзгереді.
Меридиандардың жақындасу бұрышы дегеніміз, топографиялық картадан белгілеп алынған белгілі бір нүкте К арқылы өтетін осьтік меридиан және географиялық меридиан бағыттарының арасындағы бұрыш γ болып табылады.
Енді, осы аталған атаулардың әрқайсысы, бөлек бөлек белгілі болғаннан соң, олардың арасындағы кейбір тәуелділіктерді анықтауға болады.
Мысалы, қалап алынған сызықтың географиялық азимутымен А, оның дирекциялық бұрышы және меридиандардың жақындасу бұрышы арасындағы тәуелділікті A = α + γ өрнегімен сипаттай аламыз. Бұл жағдайда, меридиандардың жақындасу бұрышына қатысты, осьтік меридианның шығыс белігінде жатқан нүкте үшін, оның оң шама, ал, батыс бөлігіндегі нүкте үшін, теріс шама деп алынатындыгын ескерген жөн.
Сол сияқты, аталған бағытқа сәйкес алынатын дирекциялық бұрыш плюс немесе минус таңбаларымен анықталып берілуі мүмкін.
Осыған орай, дирекциялық бұрыш оң таңбалы болса, онда оның сан мәні α = А+ γ, аралығында, ал, теріс таңбалы болғанда, аталған бұрыш α = А – γ шарттарына сәйкес анықталатынын айтуға болады.
α 1= α±180º, себебі тура және кері дирекциондық бұрыштардың бір-бірінен ылғи да 180º айырмашылықтары болады. Бір сызықтың дирекциондық бұрышы оның кез келген нүктесінде өзгермейді, ал сол сызықтың азимуты оның әр нүктесінде әртүрлі болады.
Есептеуге оңай болуы үшін, көбінесе дирекциондық бұрыштың орнына румбты қолданады. Дирекциондық бұрыш пен румбтың арасындағы байланысқа ұқсас болвп келеді де, төмендегі формулаламен өрнектеледі:
І(СШ) a=r r=a
ІІ(ОШ) a=180-r r=180-a
ІІІ(ОБ) a=180+r r=a-180
ІV(СБ) a=360-r r=360-a
