- •1. Геодезия пәні және мәселелері.
- •2. Деңгейлік бет. Абсолюттік және салыстырмалы биіктік.
- •4.Геодезияның басқа ғылымдармен байланысы.
- •5.Жердің пішіні мен өлшемдері туралы түсінік.
- •7.Жердің пішіні мен өлшемдері
- •8.«Ортадан» геометриялық нивелирлеу кезінде белгі мен биік айырымын қалай табады?
- •План, карта және жергілікті жердің қимасы (профиль).
- •17.Теодолитті жұмыс жағдайына қалай орналыстыру қажет
- •19.Координаталар жүйесі
- •20.Теодолит өсьтерінің жағдайына қажет талаптарды ата.
- •22.Сызықтың шынайы азимуты,дирекциялық бұрышы және румбы.
- •23.Масштабты және масштабтан тыс шартты белгілердің айырмашылығы неде?
- •25.Меридиандардың жақындасуы
- •26.Еңіс дегеніміз не және қандай формуламен анықталады?
- •28. Сызықтың магниттік азимуты, магниттік бағдаршаның ауытқуы
- •29. Карта бойынша жергілікті жердің сызықтарының профилін қалай құрастыру керек?
- •31. Жіптік қашықтық өлшеуіш
- •32. Дирекциялық бұрышт пен румб арасындағы байланыс.
- •Жергілікті жердің бедері және оның топографиялық картадағы бейнесі, жергілікті жердің бедерінің негізгі түрлері.
- •35. Дирекциялық бұрыш дегеніміз не? Берілген сызықтың тура және кері дирекциялық бұрыштары арасындағы байланыс қандай?
- •Жер бедерін бейнелеуде горизонтальдар әдісінің мәні. Горизонтальдарндың қасиеті.
- •Жер бетіндегі нүктенің географиялық бойлығы мен ендігі дегеніміз не?
- •40. Бұрыштарды өлшеуге арналған құралдар.
- •Бұрыштарды өлшеу дәлдігі.
- •44. Планда горизонтальдарды сызу қалай жүзеге асырылады.
- •49. Түсірістің түрлері. Тахеометрлік түсіріс.
- •52. Нивелирлеу әдістері. Геометриялық нивелирлеуді мәні мен әдістері.
- •53. Алаңды квадраттап нивелирлеу жұмысы қалай жүргізіледі.
- •55.Шеңберлі қисықтың элементтері
- •58. Трасса. Трассаның элементтері. Трассаны техникалық нивелирлеу журналы.
- •59.Тура және кері геодезиялық есептер.
- •61. Сызықтарды бағдарлау
- •62.Горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеу.
25.Меридиандардың жақындасуы
Меридиандардың жақындасу бұрышы дегеніміз, топографиялық картадан белгілеп алынған белгілі бір нүкте К арқылы өтетін осьтік меридиан және географиялық меридиан бағыттарының арасынд ағы бұрыш γ болып табылады.
Енді, осы аталған атаулардың әрқайсысы, бөлек бөлек белгілі болғаннан соң, олардың арасындағы кейбір тәуелділіктерді анықтауға болады.Мысалы, қалап алынған сызықтың географиялық азимутымен А, оның дирекциялық бұрышы және мери диандардың жақындасу бұрышы арасындағы тәуелділікті
A = α + γ
өрнегімен сипаттай аламыз. Бұл жағдайда, меридиандардың жақындасу бұрышына қатысты, осьтік меридианның шығыс белігінде жатқан нүкте үшін, оның оң шама, ал, батыс бөлігіндегі нүкте үшін, теріс шама деп алынатындыгын ескерген жөн.
Сол сияқты, аталған бағытқа сәйкес алынатын дирекциялық бұрыш плюс немесе минус таңбаларымен анықталып берілуі мүмкін.
Осыған орай, дирекциялық бұрыш оң таңбалы болса, онда оның сан мәні
α = А+ γ,
аралығында, ал, теріс т аңбалы болғанда, аталған бұрыш
α = А – γ
шарттарына сәйкес анықталатынын айтуға болады.
26.Еңіс дегеніміз не және қандай формуламен анықталады?
i=h/d формуласы
28. Сызықтың магниттік азимуты, магниттік бағдаршаның ауытқуы
Географиялык азимут А немесе азимут дегеніміз, топографиялық картада белгілеп анықтаған нүктенің географиялык меридианның солтүстік бағытынан сағат тілі бағытында, берілген бағытқа дейінгі көкжиектік бұрыш (9-сурет) болып табылады.
Сонда, осы айтылған анықтамаға сәйкес, азимут атауының сан мәні 0° және 360° бұрыштық өлшем бірліктерінің аралығында анықталады
Геодезиялық ө лшемдерді анықтау барысында, және де басқа қажетті есептеулерде магниттік азимут атауы жиі кездесіп отырады. Сонда, магниттік азимут атауына токталатын болсақ оның компас немесе буссоль сияқты геодезиялық өл шем құралдарының негізгі бөлігі болып табылатынын айтуға болады.
Магниттік азимут атауы да, географиялық азимут сияқты, сағат тілі бағытында есептелініп,
α = Ам ± γ +δ шартына сәйкес анықталады да, оныц магниттік меридианмен байланысы
А = АМ ± δ,
өрнегімен сипатталады.
Магниттік бұрылу бұрышы:
+ δ — шығыстык бұрыш, - δ — батыстық бұрыш.
Жазылған формуламен суретке қатысты, δ — белгілеуі магнитік бұрышы (11-с у р е т) болып аталады да, оның оң немесе теріс тацбалы болу шарттары, нақты есептеулер де ескеріліп отырылады.
Магниттік бұрылу бұрышының сан мәні Жер беті аудандарының барлық нүктелеріне тең шамалы бірліктер болып есептелінбейді.
Мысалы, дирекциялық бұрыш және магниттік азимут арасындағы
байланысты табу үшін, алдымен магниттік бұрылу бұрышымен δ меридиандардың жақындасу бұрышы γ белгілі болу кажет.
Сонда, қажетті байланыс :
А = α + γ, АМ =А— δ,
өрнектеріне қатысты, анықталатынын
α = АМ — γ + δ
айтуға болады.
29. Карта бойынша жергілікті жердің сызықтарының профилін қалай құрастыру керек?
Топографиялық картада немесе планда АВ сызығы бойынша жердің профилін салу керек болсын. Профильді кез келген берілген масштабта, демек карта масштабында да салуға болвды.
Жергелікті жердің профилін салу үшін берілген бағытты жол-жол миллиметрлік қағазға салады. Оған шығып тұрған барлық горизонтальдарды, жер бетінің кедір-бұдырындағы және беткейлердегі нүктелерді белгілейді.
Содан соң жол-жол миллиметрлік қағазадғы «горизонталь қашықтықтар» графасына көшіріп, олардың мәндерін жазады. Сонымен қатар, «биіктік белгісі» графасына профиль сызығының горизонтальдармен қиылысқан нүктелерінің биіктік белгісінің мәнедері жазылып қойылады.
Профиль нүктелерін биіктік белгісі арқылы тұрғызу шарты горизонттың сызығынан салынады. Көрнекілік үшін профильдің вертикаль масштабы горизонталь масштабпен салыстырғанда 10 есе үлкейтіп алынады, бірақ масштабтардың қатынасы басқаша да болуы мүмкін.
Шартты горизонттың биіктік белгісін ең кіші биіктік белгісі бар нүктеде берілген сызықтан 2-3 см жоғарырақ орналасатындай етіп таңдайды. Шартты горизонттың сызығынан әрбір нүктеде перпендикуляр тұрғызылып, оларға таңдалған масштабта шартты горизонт сызығы мен нүктелердің биіктік белгілерінің айырма салынады. Перпендикуляр ұштарын қисық сызықпен қосып, жергілікті жердің профилін кескіндейді.
