- •1. Геодезия пәні және мәселелері.
- •2. Деңгейлік бет. Абсолюттік және салыстырмалы биіктік.
- •4.Геодезияның басқа ғылымдармен байланысы.
- •5.Жердің пішіні мен өлшемдері туралы түсінік.
- •7.Жердің пішіні мен өлшемдері
- •8.«Ортадан» геометриялық нивелирлеу кезінде белгі мен биік айырымын қалай табады?
- •План, карта және жергілікті жердің қимасы (профиль).
- •17.Теодолитті жұмыс жағдайына қалай орналыстыру қажет
- •19.Координаталар жүйесі
- •20.Теодолит өсьтерінің жағдайына қажет талаптарды ата.
- •22.Сызықтың шынайы азимуты,дирекциялық бұрышы және румбы.
- •23.Масштабты және масштабтан тыс шартты белгілердің айырмашылығы неде?
- •25.Меридиандардың жақындасуы
- •26.Еңіс дегеніміз не және қандай формуламен анықталады?
- •28. Сызықтың магниттік азимуты, магниттік бағдаршаның ауытқуы
- •29. Карта бойынша жергілікті жердің сызықтарының профилін қалай құрастыру керек?
- •31. Жіптік қашықтық өлшеуіш
- •32. Дирекциялық бұрышт пен румб арасындағы байланыс.
- •Жергілікті жердің бедері және оның топографиялық картадағы бейнесі, жергілікті жердің бедерінің негізгі түрлері.
- •35. Дирекциялық бұрыш дегеніміз не? Берілген сызықтың тура және кері дирекциялық бұрыштары арасындағы байланыс қандай?
- •Жер бедерін бейнелеуде горизонтальдар әдісінің мәні. Горизонтальдарндың қасиеті.
- •Жер бетіндегі нүктенің географиялық бойлығы мен ендігі дегеніміз не?
- •40. Бұрыштарды өлшеуге арналған құралдар.
- •Бұрыштарды өлшеу дәлдігі.
- •44. Планда горизонтальдарды сызу қалай жүзеге асырылады.
- •49. Түсірістің түрлері. Тахеометрлік түсіріс.
- •52. Нивелирлеу әдістері. Геометриялық нивелирлеуді мәні мен әдістері.
- •53. Алаңды квадраттап нивелирлеу жұмысы қалай жүргізіледі.
- •55.Шеңберлі қисықтың элементтері
- •58. Трасса. Трассаның элементтері. Трассаны техникалық нивелирлеу журналы.
- •59.Тура және кері геодезиялық есептер.
- •61. Сызықтарды бағдарлау
- •62.Горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеу.
План, карта және жергілікті жердің қимасы (профиль).
Кішірейтіп, дәлдеп салынған кішігірім жер бетінің горизонталь проекциясы план деп аталады. Планда жер бетінің қисықтығы еске алынбайды, яғни жер беті жазықтық ретінде қабылданады.
Жер бетінің үлкен аймақтарын н-е барлық жер бетін қағаз бетіне кескіндеу, яғни картасын жасау үшін, алдымен оның кіші бөліктерінің планын жасайды. Әрі қарай математикалық жолмен тор көз құрады да, оған жер бетіндегі құрылымдардың сұлбасын және жер бедерін салады. Осындай ретті әдіспен жер бетінің үлкен аймағын қағазға түсіру карта деп аталады.
Карта дегеніміз қағазға кішірейтіліп өзара белгілі бір заңдылықпен салынған аумақты жер бетінің бейнесі. Картада жердің қисықтығы есептелінеді.
План мен картаның айырмашылықтары өзара ерекшеліктеріне байланысты. Планның ерекшеліктері: 1) кішігірім жердің бейнесі көрсетіледі, сол бөлікте жердің дқңестігі ескерілмейді; 2) кішірейту дәрежесі тұрақты; 3) план горизонталь жазықтыққа түсіріледі;
Картаның ерекшеліктері: 1) жердің дөңестігі ескеріледі; 2) жер бетіндегі әртүрлі белгілер, объекттер картада дәл түсірілмейді; 3) жер беті картада меридиан мен параллельдерден тұратын картаграфиялық тор арқылы белгіленеді.
Топографиялық планда н-е картада берілген бағытпен жердің вертикалдық кесіндісінің бейнесін жасауға болады, оны профиль деп атайды. Профиль жердің рельефін сипаттайды. Карта, план және профиль инженерлік құрылысты жобалағанда және салғанда бастапқы құжат ретінде пайдаланылады.
Құралдың горизонты дегеніміз не? Трассаның пикеттік және аралық нүктелерінің белгісін қалай анықтайды.
Құрал горизонты соңғы нүктенің биіктігіне, осы нүктенің үстіне қойылған рейкадан алынған есепті қосқанға тең. ГИ деп визерлік сәуленің биіктігін атайды.
ГИ = На + 0
На – А нүктесінің биіктік белгісі, 0 – сол нүктеге қойылған рейканың қара жағынан алынған санағы.
Геодезияда қолданылатын өлшем бірліктер
14. Вертикальды шеңбердің нольдік орны дегеніміз не?
Вертикаль дөңгелектің нольдік орны (НО) нольге н-е нольге жақын мәнге тең болу керек. Бұл шартты тексеру үшін өлшеу жұмыстарының алдында дүрбінің екі жақ жағдайында бірнеше рет НО-ды анықтайды. Егер НО-ның орта мәні санақ құрылғысының дәлдігінің 2 еселінген мәнінен аз н-е оған тең болса, (НО > 2t) онда НО тексерілмейді. Ондай болмаса НО-ның мәні 0-ге н-е жуық мәнге келу керек.
16. Гаусс-Крюгер зоналық көлденең-цилиндрлік проекциясы туралы түсінік.
Жердің деңгейлік беті қисық болғандықтан оның көп бөлігін жазықтықта өзгеріссіз кескіндеу мүмкін емес, осы себепті бірнеше картографиялық проекциялар қолданылады. ТМД елдерінде 1928 жылы қабылданған, Гаусс ұсынған арнаулы проекция енгізілген.
Бұл п-ның мағынасы мынада: жердің деңгейлік беті 60 бөлек аумақтарға бқлінген, әрқайсысы 2 меридианмен шектелген, олардың ендігінің шамасы 6 градустан. Бұл бөліктерді зона деп атайды. Әр зонаның ортаңғы меридианы осьтік меридиан деп аталады.
Проекциялау әдістерін таңдағанда қоятын шарттары бар, ол кіші аймақтарды цилиндрге кескіндегенде, олардың шамасы жер бетіндегі шамасына тең(ұқсас) болуы керек. Яғни бір-біріне сай 2 бағыттың арасындағы бұрыштың проекциядағы және шар үстіндегі шамалары бірдей болуы керек.
Картографияда мұндай проекцияны теңбұрышты проекция деп атайды, сондықтан Гаусс проекциясын көлденең цилиндрлік теңбұрышты проекция дейді. Сонымен бірге Гаусс проекциясында кесінді ұзындықтары дәл берілмейді, оның үстіне бұл дәлсіздік шамасы зонаның шетінде осьтік меридианнан мейілінше көп ұзаған кезде ең үлкен шамасына жетеді. Ірі масштабтардағы карталарды құру кезінде 3 градустық зоналарды пайдаланады, олардағы ауытқу шамалары өте аз және ондағы атқарылатын дәлдік талаптарын қанағаттандырады.
