- •1. Геодезия пәні және мәселелері.
- •2. Деңгейлік бет. Абсолюттік және салыстырмалы биіктік.
- •4.Геодезияның басқа ғылымдармен байланысы.
- •5.Жердің пішіні мен өлшемдері туралы түсінік.
- •7.Жердің пішіні мен өлшемдері
- •8.«Ортадан» геометриялық нивелирлеу кезінде белгі мен биік айырымын қалай табады?
- •План, карта және жергілікті жердің қимасы (профиль).
- •17.Теодолитті жұмыс жағдайына қалай орналыстыру қажет
- •19.Координаталар жүйесі
- •20.Теодолит өсьтерінің жағдайына қажет талаптарды ата.
- •22.Сызықтың шынайы азимуты,дирекциялық бұрышы және румбы.
- •23.Масштабты және масштабтан тыс шартты белгілердің айырмашылығы неде?
- •25.Меридиандардың жақындасуы
- •26.Еңіс дегеніміз не және қандай формуламен анықталады?
- •28. Сызықтың магниттік азимуты, магниттік бағдаршаның ауытқуы
- •29. Карта бойынша жергілікті жердің сызықтарының профилін қалай құрастыру керек?
- •31. Жіптік қашықтық өлшеуіш
- •32. Дирекциялық бұрышт пен румб арасындағы байланыс.
- •Жергілікті жердің бедері және оның топографиялық картадағы бейнесі, жергілікті жердің бедерінің негізгі түрлері.
- •35. Дирекциялық бұрыш дегеніміз не? Берілген сызықтың тура және кері дирекциялық бұрыштары арасындағы байланыс қандай?
- •Жер бедерін бейнелеуде горизонтальдар әдісінің мәні. Горизонтальдарндың қасиеті.
- •Жер бетіндегі нүктенің географиялық бойлығы мен ендігі дегеніміз не?
- •40. Бұрыштарды өлшеуге арналған құралдар.
- •Бұрыштарды өлшеу дәлдігі.
- •44. Планда горизонтальдарды сызу қалай жүзеге асырылады.
- •49. Түсірістің түрлері. Тахеометрлік түсіріс.
- •52. Нивелирлеу әдістері. Геометриялық нивелирлеуді мәні мен әдістері.
- •53. Алаңды квадраттап нивелирлеу жұмысы қалай жүргізіледі.
- •55.Шеңберлі қисықтың элементтері
- •58. Трасса. Трассаның элементтері. Трассаны техникалық нивелирлеу журналы.
- •59.Тура және кері геодезиялық есептер.
- •61. Сызықтарды бағдарлау
- •62.Горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеу.
5.Жердің пішіні мен өлшемдері туралы түсінік.
Жердің жалпы пішіні үшін, ойша материктер астынан жүргізілген, тыныш жағдайдағы мұхит деңгейінің бетін, яғни жазықтығын түсінеміз. Мұндай жазықтықты деңгей бет деп атайды да, осы жазықтықтан құралған денені геоид дейді. Геоид біздің түсінігіміздегі математикалық пішіндердің ешқайсысымен дәл келмейді, бірақ оның бір жетістігі бар, ол-өзінің кез келген нүктесінде, осы нүкте арқылы түсірілген тіктеуіш сызыққа перпендикуляр болады.
Геодезияда көптеген инженерлік есептердішығаруда, геоид бетін эллипсоидтың айналуынан пайда болатын бет ретінде қабылдайды. Жер денесі ішінде, эллипсоид белгілі шамалармен анықтала орналасып, геоид пішініне барынша жақындай түседі де, оны референц-эллипсоид деп атайды.
Жер эллипсоиды келесі шамалармен өрнектеледі: а – улкен жарты ось; в – кіші жатры ось және альфа – полярлық қысылым (альфа = (а-в)\а).Жер элипсоидының шамалары соңғы рет, үлкен дәлдікпен Ресей ғалымдары Красовский мен Изотовтар басқаруымен астрономо-геодезиялық және гравиметриялық бақылау негізінде 1942 жылы анықталған.
7.Жердің пішіні мен өлшемдері
Жер пішіні, өлшемдері. Жердің сыртқы түр-пішіні туралы алғашқы көзқарастар біздің эрамызға дейінгі уақыттан көп бұрын қалыптасты. Оның шар тәрізді екендігі туралы алғашқы ойлар Пифагор (біздің эрамызға дейін 530 ж.) мен Аристотельдің (біздің эрамызға дейінгі IV ғ.) еңбектерінде жазылған. Аристотель Айдың тұтылуын байқау кезінде Жердің Айға түсірген көлеңкесі доға тәрізді болып шектелетіндігіне көңіл аударған.
Геодезиялық өлшеу жұмыстарының нәтижесі Жердің сыртқы пішіні үш осьті эллипсоидқа (сфероид) жақын екендігін көрсетеді
Жердің орташа радиусы 6371,11 км шамасында деп есептеледі
Жердің шын мәніндегі бейнесі өте күрделі. Ол ешқандай да геометриялық фигураға ұқсамайды. Сондықтан неміс ғалымы — физик И. Люстихтың (1873 ж.) ұсынысы бойынша Жер геоид (жерге ғана тән өзіндік пішін) пішінді деп саналады. Дүниежүзілік мұхиттың орташа тереңдігі 3800 м-ге жуық, ал құрлықтағы кейбір таулардың, мәселен, Эверестің (Джамолунгма) биіктігі 9000м-ге жетеді. Теңіз деңгейінен биіктігі 875 м-ге тең. Сонымен қүрлықтың көлемі дүниежүзілік мұхитқа қараганда едәуір аз және де қүрлықтың мұхит терендігі, қыраттармен салыстырғанда онша биік болмагандықтан, мұхит
деңгейін жердің пішіні ретінде қабылдау қажеттігі туды. Сол себептен, жер беті үшін шамамен дүниежүзілік мұхит пен теңіз суларының тыныш жағдайына сәйкес келетін деңгей беті алынады. Құрлық астынан ойша жүргізілген мұндай бет тұйық фигура жасайды және кез-келген нүктесінде жердің ауырлық центріне бағытталған тіктеуіш сызықты тік бүрыш жасап, қиып өтеді. Яғни мүндай түйық беттің кез-келген нүктесі ауырлық күшінің бағытына перпендикуляр. Осы деңгей бетпен шектелген денені-геоид деп атайды. Геоид-гректің ge—«жер» және daio-«бөлу» деген сөздерінен алынган. Геоидтың пішіні күрделі, оның пішіні мен көлемін дәлірек анықтау үшін, жер бетінің барлығына өлшеулер жүргізіледі.
8.«Ортадан» геометриялық нивелирлеу кезінде белгі мен биік айырымын қалай табады?
Геометриялық нивелирлеуде нүктелердің нүктелердің биіктік өсімшесі нивелир деп аталатын аспап пен рейкалар арқылы анықталады, нивелир горизонталь жазықтыққа келтірілген дүрбі арқылы рейкадан есеп алуға негізделген.Геометриялық нивелирлеудің ортадан және алға нивелирлеу деген әдісі бар,
Ортадан нивелирлеу кезінде нивелир нүктелер арасына, ал рейкалар сол нүктелерге орнатылады.Содан кейін А және В нүктелерінде тұрған рейкаларға кезекпен қарап, дүрбінің визир сәулесінің осы нүктелерден биіктіктері а және в есептеліп алынады. Егер А нүктесін артқы, ал В нүктесін алдыңғы деп белгілесек, онда а рейкадан алынған артқы есеп, ал в алдыңғы есеп болады. Содан В нүктесінің А нүктесіне қарағандағы биіктігінің айырмашылығы былайша анықталады: һ=а-в, мұндағы ,һ биіктік өсімшесі.
Демек, ортадан нивелирлеу әдісінде биіктік өсімшесі артқы және алдыңғы есептердің айырмашылығына тең.Ескере кететін жағдай, егер а>в болса, онда һ оң таңбалы, ал а<в болса, онда һ теріс болады.
Нивелирді екі нүктенің ортасына орнатып, биіктік өсімшесін осылайша анықтауды ортадан нивелирлеу деп атайды.
Ортадан нивелирлеудегі аспаптан рейкаға дейінгі қашықтық нивелирлеу жұмыстың дәлдігіне, сол жердің рельефіне байланысты және де екі қашықтық бір біріне тең болуы қажет.
