- •1. Геодезия пәні және мәселелері.
- •2. Деңгейлік бет. Абсолюттік және салыстырмалы биіктік.
- •4.Геодезияның басқа ғылымдармен байланысы.
- •5.Жердің пішіні мен өлшемдері туралы түсінік.
- •7.Жердің пішіні мен өлшемдері
- •8.«Ортадан» геометриялық нивелирлеу кезінде белгі мен биік айырымын қалай табады?
- •План, карта және жергілікті жердің қимасы (профиль).
- •17.Теодолитті жұмыс жағдайына қалай орналыстыру қажет
- •19.Координаталар жүйесі
- •20.Теодолит өсьтерінің жағдайына қажет талаптарды ата.
- •22.Сызықтың шынайы азимуты,дирекциялық бұрышы және румбы.
- •23.Масштабты және масштабтан тыс шартты белгілердің айырмашылығы неде?
- •25.Меридиандардың жақындасуы
- •26.Еңіс дегеніміз не және қандай формуламен анықталады?
- •28. Сызықтың магниттік азимуты, магниттік бағдаршаның ауытқуы
- •29. Карта бойынша жергілікті жердің сызықтарының профилін қалай құрастыру керек?
- •31. Жіптік қашықтық өлшеуіш
- •32. Дирекциялық бұрышт пен румб арасындағы байланыс.
- •Жергілікті жердің бедері және оның топографиялық картадағы бейнесі, жергілікті жердің бедерінің негізгі түрлері.
- •35. Дирекциялық бұрыш дегеніміз не? Берілген сызықтың тура және кері дирекциялық бұрыштары арасындағы байланыс қандай?
- •Жер бедерін бейнелеуде горизонтальдар әдісінің мәні. Горизонтальдарндың қасиеті.
- •Жер бетіндегі нүктенің географиялық бойлығы мен ендігі дегеніміз не?
- •40. Бұрыштарды өлшеуге арналған құралдар.
- •Бұрыштарды өлшеу дәлдігі.
- •44. Планда горизонтальдарды сызу қалай жүзеге асырылады.
- •49. Түсірістің түрлері. Тахеометрлік түсіріс.
- •52. Нивелирлеу әдістері. Геометриялық нивелирлеуді мәні мен әдістері.
- •53. Алаңды квадраттап нивелирлеу жұмысы қалай жүргізіледі.
- •55.Шеңберлі қисықтың элементтері
- •58. Трасса. Трассаның элементтері. Трассаны техникалық нивелирлеу журналы.
- •59.Тура және кері геодезиялық есептер.
- •61. Сызықтарды бағдарлау
- •62.Горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеу.
58. Трасса. Трассаның элементтері. Трассаны техникалық нивелирлеу журналы.
Трасса дегеніміз – жобалайтын сызықтық құрылыстың осі, ол картаға, планға, фотопланға координаталармен түсіріледі және жердің бетінде бекітіледі.
Яғни, жерде белгіленген және картада салынған жобаланатын сызқтық құрылыстың осі – трасса.
Трассаның элементтері: план және профиль.
Трассаның негізгі нүктелері: трассаның басы, соңы және бұрылыс бұрыштың төбесі.
Трассаның жобалау кезінде қолданылатын карталардың масштабтары: М1: 10 000-М1: 25 000.
Трассада пикетаж жасау – трассаны пикетке бөлу. Пикеттік нүктелердің аралығы – 100 м.
Трассаның бойындағы жұмыстар пикетаж журналында көрсетіледі.
Шеңберлі қисықтың элементтері трассаның бұрылыс бұрышымен θ және қисықтық радиусы R арқылы анықталады.
Трасса мүмкіндігінше түзу сызықты және мүмкіндік берілген еңістіктен аспауы қажет. Жергілікті жерде трассаны әртүрлі кедергілерден бұруға, өте еңіс жерлерден, геологиялық және гидрогеологиялық тұрғыдан жарамсыз сипаттағы жерлерден айналдырып өткізуге тура келеді. Осыған байланысты трасса әртүрлі радиустағы қисықтармен жалғанған түзулерден тұрады. Трассаның көлденең профильі тік вертикальдармен байланысқан әртүрлі еңістіктерден тұрады. Кейбір трассалар, мысалы электрсымдары кеңістікте үзік сызықтармен көрсетіліп, қисықтары ажыратылмайды.
опографиялық жұмыстарды жүргізу кезінде түсіру пункттерінің биіктіктері техникалық нивелирлеу арқылы анықталады. Техникалық нивелирлеу сондай-ақ, инженерлік құрылыстарды, темір жолдар мен тас жолдарды жобалау, құру және профиль сызудан тұрады.
Трассаны белгілеу түсірілетін жерді алдын-ала байқап, келешекте салынатын құрылыстың осін белгілеп, пикеттерді және құрылыс нүктелерін бекіту. Трассаның осі бойынша әр 100 м сайын пикеттер мен плюстік ерекше нүктелер бекітіледі. Пикеттік нүктелердің нөлден бастап неше жүз метр жүргізілгенін көрсетеді. Плюстік нүктелер жердің ой-қырлы жерлерін белгілеуге керек, олардың тұрған жерін анықтау үшін алдыңғы пикеттің плюстік нүктеге дейінгі қашықтығы өлшенеді
Трассаны белгілеумен қатар, трасса осіне перпендикуляр бағытта түсірілетін нүктелерде бекітіледі. Мұндай түсірулерді кесе-көлденең нивелирлеу деп атайды. Көлденең профильдердің ұзындығы 20-25 м-ге дейін жетеді
59.Тура және кері геодезиялық есептер.
Тура геодезиялық есеп: бастапқы нүктенің координаталары, сызықтың ұзындығы
және дирекциялық бұрыш белгілі болған жағдайда, екінші нүктенің
координаталарын анықтау.
Бер: ХА; УА; αАВ; SAB.
Т/к: ХВ; УВ;
Шешуі:
1) Координаталар өсімшесін анықтау:
𝛥𝑥 = 𝑐𝑜𝑠𝛼 ∗ 𝑆𝐴𝐵
𝛥𝑦 = 𝑠𝑖𝑛𝛼 ∗ 𝑆𝐴𝐵
2) Соңғы нүктенің координаталарын анықтау:
𝑋𝐵 = 𝑋𝐴 + 𝛥𝑥
𝑌𝐵 = 𝑌𝐴 + 𝛥𝑦
Кері геодезиялық есеп: Екі нүктенің координаталары белгілі болған жағдайда,
олардың ара қашықтығын және дирекциялық бұрышын анықтау.
Бер: ХА; УА; ХВ; УВ;
Т/к: SAB; αАВ.
Шешуі:
1) Арақашықтықты анықтау: 𝑆 = √𝛥𝑥2 + 𝛥𝑦2
2) Румбты анықтау: 𝑟 = 𝑎𝑟𝑐𝑡𝑔
𝛥𝑦
𝛥𝑥
3) Дирекциялық бұрыш және румб арасындағы байланыс, координалар
өсімшелері кестесіне қарай отырып дирекциялық бұрышты табу.
61. Сызықтарды бағдарлау
Геодезия ғылымында жиі кездесіп, қажетті бағыттарды анықтауда
қолданылатын атаулардың бірі — бағдарлау.
Сонда, осы бағдарлау түсінігіне тоқталып, нақты тұжырымда болу
үшін, алдымен, келесі мазмұнда анықтама келтіруімізге болады.
Бағдарлау дегеніміз, белтілі бір ауданда, қалап алынған жергілікті
белгіге қатысты, басқа белгілерге қарағандағы бағыттарын анықтау
болып табылады.
Геодезия пәнінде, бастапкы қалап алынған белгілі бағыт ретінде:
- нүктенің астрономиялық немесе геодезиялық меридианы,
- Гаусс-Крюгер проекциялардағы осьтік меридиан болып
табылатын, тікбұрышты координата осьтерінің абсцисса осіне
параллель бағытталған сызықтар немесе магниттік меридиан
атауларының бірін алуға болады да, осы аталған сызықтар
бағыттарының бұрышты бірлігі үшін, азимут, румб және дирекциялық
бұрыш өлшем бірліктерін пайдаланады.
Енді, осы аталған бұрыштық өлшем бірліктеріне бөлек-бөлек
тоқтала отырып, қысқаша анықтамалар берелік.
Географиялык азимут А немесе азимут дегеніміз, топографиялық
картада белгілеп анықтаған нүктенің географиялык меридианның
солтүстік бағытынан сағат тілі бағытында, берілген бағытқа дейінгі
көкжиектік бұрыш (9-сурет) болып табылады.
Сонда, осы айтылған анықтамаға сәйкес, азимут атауының сан
мәні 0° және 360° бұрыштық өлшем бірліктерінің аралығында
анықталады.
Практикалық есептеулерде, азимут атауымен қатар, румб өлшем
бірлігі де жиі қолданылып отырылады.
Румб r дегеніміз топографиялық картада калап алынып,
бағытталған сызықтан меридианның осы сызыққа ең жақын жатқан бір
бөлігіне дейін есептелетін көкжиектік (10-сурет) бұрыш болып та-
былады.
Басқа сөзбен айтқанда, анықтамаға сәйкес, бұрыштық бірлік -румб
атауы:
шығыс—батыс—солтүстік—оңтүстік
бағыттарына катысты екі әріппен белгіленеді: СШ, ОШ және т.б.
