Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Геодезия!!!!!!.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
59.01 Кб
Скачать

52. Нивелирлеу әдістері. Геометриялық нивелирлеуді мәні мен әдістері.

Техникалық нивелирлеу.

Қажетті өлшеу жұмыстарының жүргізу талаптарына қатысты нивелирлеу әдістері

- геометриялық

- тригонометриялық

- физикалық

- стереофотограмматериялық

- автоматтандырылған

атауларда болып, әрқайсысы жеке-жеке қолданылуда тұжырымдалады.

Инженерлік геодезия жиі қолданылатын геометриялық нивелирлеу әдісі

- ортадан басталына нивелирлеу

- өлшемдер бағытындағы нивелирлеу

түрлеріне бөлініп қарастыаылады.

Енді осы нивелирлеу әдістерінің бірінші түріне тоқталатын болсақ, онда нивелир аспабы, жергілікті аудан

бөлігінен қалап алынған А және В нүктелерінің ортасына орналастырып оның нысаналау түтікшесін

көкжиектік бағытта бағыттайды.

Сонда, аталған нүктелердегі А және В тікелік рейкалардан есептеулерді төменнен жоғары бағытта

есептей отырып

h = a – b , (52)

Айырмасын жазумызға болады.

Мұндағы а және в белгілеулері тікелек рейкалардан анықталған биіктік өлшем бірліктер.

Бұл жағдайда нивелирлеу жұмысы А нүктесінен В нүктесі бағытында жүргізген болса, онда А нүктесінде орналастырылған тікелік рейка есептеліну басындағы,ал, В нүктесіндегі рейка есептелінуі сонындағы рейка болып аталады да, бастапқы және соңғы рйкалар есептелінулерінің айырмасы үшін, А > В болса, сол айырма оң шама, А<В болса, теріс шама болатын шарттары анықталады.

Сол сияқты, нивелирлеу әдісінің екінші әдісінің келесі тұжырымдарды айтуға болады.

Сонда, нивелирдің акуляр бөлігі ав бағытына сәкес келетін қалыпта, а нүктесінен өтетін тікелік түзумен сәкестікте орналастырады да, нысыналық ось көкжиектік бағытқа келтіріледі. Содан кейін, өлшем аспабының биіктік бірлігі I алдына ала анықталып, В нүктесіндегі тікелік рейкадан есептеліну бірліктері в белгілі болғаннан соң, биіктіктер айырмасын

h = i - b, (53)

Есептеп шығаруымызға болады.

Егер, ортада басталына нивелирлеу әдісіне сәйкес, А нүктесінің деңгейлік биіктен биіктігі ha белгілі болатын h болса, онда В нүктесінің Hв = Ha + h (54)

Биіктік бірлігін теңдігіне қатысты анықтауға болатынын айта аламыз. Міне, осындай анықтамаларға сәйкес,жергілікті аудан бөлігіне талап алынған нүктелер үшін, олардың жалпы жағдайдағы биіктік өлшем бірліктерін Hi белгілеуінде алып,

Hi = Ha + a, немесе Hв= Hi – b,

теңдіктерін жазамызда, нақты нүкте биіктігінін өлшем бірлігі, өллшеу аспабының көкжиектік бағыт бірлігімен қарастырылып отырылған нүктелік тікелік рейкадағы есептеліну бірлігі айырмасы арқылы анықталатынын ескертуге болады.

Бұл атылып отырылған, өлшем аспабының көкжиектік бағытына қатысты нүктелердің биіктік өлшем бірліктерінің жалпы түрдегі анықталу нәтижелері инженерлік-құрылыс жұмыстарында өте жиі қолданылады. Себебі, мұндай шартта, өлшем аспабының бастапқы орнына сәйкес, бірнеше нүктенің биіктік өлшемдерін анықтауға болады. Кейбір жағдайларда, айтарлықтай, ұзындық өлшем бірлігінде болатын қашықтықтарды ниверлирлеу жұмыстарын жүргізіліп, оның профильдік кескінін анықтай кажет болып келеді.Енді, осы атау бағытында нақты қортындылар жасау үшін, жергіліті ауданның нивелирленетін түзуіне АС тоқталамыз да, оны бөліктерге бөліп қарастырамыз. Сонда тізбекті бөліктердің бастапқы бөлігіндегі К нүктесіне өлшем аспабына орналастырып, бірінші нүктенің биіктік айырмасы

H1= a1-b1 , ( 57 )

есептелініп шығарылады.

Содан кейін, өлшем аспабының келесі бөліктерге ауыстырылып орналастыруына сәйкес, екі және бір,үш және екі,жане де басқа жалғасқан аралықтардың биіктік айырмалары H2,H3,…мәндері есептелініп шығарылады. Егер осы аталынып отырылған бірліктер саны n латын болса, онда ең соңғы нүкте үшін, Hc - Ha = h0 = h1+h2+…+hn=Σ h

Немесе H0 = Σ (a - b) = Σ (a-b)n

Өрнегі анықталады да,соңғы нүктенің С биіктік бірлігімен бастапқы нүкте А биіктігі бірлігі айрмасын анықтау мүмкіндігінде болмыз.

Яғни, С нүктесі үшін Hc = ha + h0 Формуласын жаза аламыз. Бұл жағдайда АС бағытындағы бөліктер белгілеуіндегі нүктелер,әрбір бөлікте, тізбекті өлшеулер жүргізілуіне байланысты, байланыстырушы нүктелер деп аталады. Байланыстырушы нүктелер арасында жататын нүктелер мысалы суреттегі +71 және +66 белгілеулеріндегі нүктелер +71 және +66 аралық нүктелер атауындаа болады да, оларға қатысты тікелік рйканың қолданылуына сәйкес белгілі болатын мәндік шамалар жалпы есептеуге кірістірілмейді.

Техникалық нивелирлеу 1:500–1:5 000 масштабтардағы топографиялық түсірістердің биіктік негіздеулерін құру мақсатымен, сондай-ақ барлау, жобалау және әр түрлі инженерлік құрылыстарды салу үшін жасалынады.

Топографиялық түсірістердің биіктік негіздеуін жасағанда техникалық нивелирлеу жүрісінің ұзьндығы жер бедері қимасының берілген биіктігіне байланысты болады .

Нивелирлеу бір бағытта орындалады. Рейкалар бойынша есептеулер тек қана орта жіптен алынады.

Әдеттегі екі жақты рейкаларды қолданғанда станциядағы жұмыс атқару реті төмендегідей болады: 1) артқы рейканың қара және қызыл жақтарынан есептеулер алу; 2) алдыңғы рейканың қара және қызыл жақтарынан есептеулер алу.

Жұмыс кезінде бір жақты рейкаларды да қолдануға болады. Бұл жағдайда станциядағы жұмыс атқару реті мынадай болуы тиіс: 1) артқы рейкадан есептеу; 2) алдыңғы рейкадан есептеу; 3) нивелирдің горизонтын 10 см-ден артық шамаға өзгерту; 4) қайтадан алдыңғы рейкадан есептеу; 5) қайтадан артқы рейкадан есептеу.