Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Геодезия!!!!!!.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
59.01 Кб
Скачать

1. Геодезия пәні және мәселелері.

Геодезия — жер туралы ерте ежелгі ғылымдардың бірі. Адамзаттың бағзы заманда жер бетінде қашықтық пен ауданды елшеудегі ашқан заңдылықтары геометрия мен геодезияның ғылым ретінде дуниеге келуіне негіз болды. Грек тілінен аударғанда «геодезия» сезі «жерді бөлу» деген мағынаны білдіреді. Қазіргі заманғы геодезияның жерді бөлу мағынасы шенберінен әлдеқашан шыққаны түсінікті.

Геодезия—жердің немесе оның жекелеген бөліктерінің пішіні мен көлемін, жерді карталар мен пландарға түсіру, және адамның инженерлік қызметтің әр түрлі міндеттерін атқару мақсатында жер бетін елшеу әдістерін зерттейтін ғылым.

2. Деңгейлік бет. Абсолюттік және салыстырмалы биіктік.

Абсолюттік биіктікжергілікті жердің метрмен есептегендегі теңіз деңгейінен биіктігі (бұрынғы КСРО-да Балтық теңізініңдеңгейінен жоғары нүкте есепке алынды). Топографиялық карталарда нүктенің абсолюттік биіктігі "жазу" депаталады. Екі нүктенің абсолюттік биіктіктерінің айырымы (жергілікті жердің бір нүктесінің екіншісіне қарағандабиік болуы) салыстырмалы биіктік деп аталады. салыстырмалы биіктік

(Относительная высота)

жер бетінің қандай да бір нүктесінің басқа нүктемен салыстырғандағы, осы нүктелрдің абсолюттік биіктігініңайырмасына тең биіктік.

4.Геодезияның басқа ғылымдармен байланысы.

Адамзат қоғамының дамуына және ғылым мен техниканың есуіне байланысты, геодезия бірсыпыра дербес ғылыми және ғылыми-техникалық пәндерге бөлінеді:

1. Жоғарғы геодезия — жердің және планеталардың фигура- лары мен келемдерін зерттеу, сондай-ақ геодезиялық негізгі ті- рек жүйелерін қүру женіндегі міндеттерді шешеді. Жоғарғы геодезия міндеттерін шешу әдістерін егжей-тегжейлі зерттеу үстінде одан жеке пәндер болып геодезиялық астрономия, гео- дезиялық гравиметрия және ғарыш геодезиясы белінеді.

Геодезиялық астрономия — геодезиялық тірек жүйелері үшін аспан шырақтарын бақылау негізінде координаталык бастапқы мәліметтерді анықтап беру мәселелерімен айналысады.

Геодезияық гравиметрия — жер бетінің жекелеген нүкте-лерінің ауырлық күшін арнайы аспаптармен елшеу арқылы жер-дің фигурасын зерттеумен шұғылданады.

Ғарыш геодезиясы— Жердің жасанды серіктерінің көмегі-мен жербеті нүктелерінің геометриялық арақатынастарын зерт-тейді.

2. Геодезия немесетопография жер бетінің біршама шағын учаскелерін түсірумен байлаиысты мәселелерді зерттейді.

3. Картография жер бетінің едәуір территорияларынын кес-кіндерін әр түрлі мақсаттағы карталар түрінде жасау әдістерімен процестерін, оларды жасау және көбейту технологиясын зерттейді.

4. Аэрофототопография жердің карталары мен пландарын фотосуреттер және әуеден тусірген фотосуреттер бойынша жа-саудың әдістерін талдаумен айналысады.

5. Теңіз геодезиясы мұхиттар мен теңіздер тубінін табиғи корларын барлау мен картаға түсіруге байланысты арнайы өл-шеу әдістерін талдал жасайды.

6. Қолданбалы геодезия іздеулер, кұрылыстар мен инженер-лік ғимараттарды салу және пайдалану, жабдықтарды мон-таждау, сонымен катар еліміздің табиғат байлықтарын пайда-лану кезінде атқарылатын геодезиялық жұмыстардыц әдістерін зерттеумен айналысады. Қолдаибалы геодезия өзінің жұмыс барысында геодезия әдістерін кең пайдаланады, ал кейбір жағ-дайларда оиы өз тәсілдері мен кұралдары арқылы шешеді.