- •1.1 Пәнаралық байланыстар сипаты мен функциясы
- •І бөлім. Химияны оқыту әдістемесіндегі жаратылыстану ғылымдарының маңызы
- •Химияны оқыту әдістемесінің зерттейтін мәселелері
- •Химияны оқыту әдістемесінің зерттеу әдістері және оның басқа ғылымдармен байланысы
- •Яндекс.Директ
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиет
Химияны оқыту әдістемесінің зерттеу әдістері және оның басқа ғылымдармен байланысы
Осының алдында ғана баяндалған химияны оқыту әдістемесін зерттеуді төрт мәселеге топтастыруға болады. Химияны оқыту әдістемесі алдымен химия ғылымымен тығыз байланысты қарастырылады. Себебі, химияны оқыту әдістемесі мектеп химиясының мазмұнын анықтауда шешуші роль атқарады. Мектеп химиясы оқушыларға химия ғылымы ашқан теориялар мен заңдылықтарды, деректерді, ұғымдар мен түсініктердің негізін үйретеді. Химиядан оқу материалын іріктегенде, көрнекі көрсетілетін және зертханалық тәжірибелерді жетілдіруде, көрнекі құралдардың жаңа түрлерін жасауда, оқытудың формалары мен әдістері қолданылады. Оларға жататындар: оқу материалын іріктеу, химия ғылымының мазмұнын әдістемелік талдау, бұрыннан қолданылып келе жатқан көрнекіліктерді, зертханалық тәжірибелерді, көрнекі құралдарды жетілдіру және жаңадан ұсыну оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарының тапсырмаларын жасауы т.б.
Химияны оқыту әдістемесі зерттеу объектісі және әдістері жөнінен, ең алдымен, дидактикамен байланысты. Өзінің ең негізгі міндеті – химия пәнінен білім берудің мазмұнын анықтағанда химия ғылымының қол жеткен жетістіктеріне дидактикалық талдау және іріктеу жасайды. Химия жаратылыстану ғылымдарының жүйесінде физика, биология, геология ғылымдарымен тығыз байланысты. Қазіргі заманғы ғылымдардың көптеген тараулары осы ғылымдардың түйісу шегінде қалыптасқан: физикалық химия, геохимия, биохимия. Әсіресе, химия мен биология арасындағы терең байланыс негізінде медициналық химия, агрохимия секілді жаңа ғылым салалары дүниеге келді.Сонымен қатар, экология, геохимия, космостық медицина секілді кешенді ғылымдар қалыптасты.
Химия ғылым ретінде пайда болғалы бері физикамен тығыз байланыста дамып келеді.Физиканың көптеген тараулары химия ғылымының ғылыми – теориялық аппаратын құрайды. Қазірігі кезде химия ғылымында пайдаланылып келе жатқан әдістер негізінен физикалық әдістер болып табылады. Олар массаның, көлемнің, жылудың сандық өзгерісімен байланысты. Сонымен қатар, химияны оқытуда заттың әртүрлі агрегаттық күйдегі макроскопиялық қасиеттері мен заттың бір күйден екінші күйге өтуінің заңдылықтарын түсіндіруге мүмкіндік беретін материяның атомдық – молекулалық құрылысы туралы түсініктерге негізделген молекулалық физиканың маңызы үлкен.Химия – заттардың бір түрден екінші түрге айналуын, құрамы мен құрылысын зерттейтін ғылым. Басқаша сөзбен айтқанда, химияда да, молекулалық физикада да заттың құрылысы мен қасиеттері негізге алынады, соған қарамастан заттың құрылысы мен құрамының оның химиялық қасиеттеріне, ал молекулалық физикада физикалық қасиеттеріне әсері негізге алынады. Осыған байланысты орта мектепте химия мен молекулалық физиканы байланыстыра оқыту мәселесі қарастырылады.
Мектептегі химияны оқытуда оның молекулалық физикамен байланысы екі бағытта көрініс табады. Біріншісі оқушылар меңгерген молекулалық ережелерін химия сабақтарында пайдалануға негізделген. Екіншісі химиялық білімдер негізін молекулалық физикада зерттелетін мәліметтермен толықтыру болып табылады. Химия ғылым мен техниканың басқа салаларымен де тығыз байланысты. Химияда математикалық әдістер кеңінен қолданылады, процестерді есептеу мен модельдеуде электронды есептеуіш машиналары пайдаланылады. Қазіргі заманғы химияда көптеген жекелеген тараулар бөлініп шықты: бейорганикалық химия, органикалық химия, полимерлер химиясы, аналитикалық химия, электрохимия, коллоидты химия және басқалары.
Биология мен химия пәнаралық байланыста экологиялық білім және сабақ үстінде әр тақырыпты өткенде жан-жақты байланыстыра отырып білім беру үшін материалдарды сұрыптағанда қоршаған ортадағы болып жатқан әр түрлі құбылыстарды жалпы және жеке заңдар мен ережелер негізінде түсіндіруге бастаса, оқушыларда қоршаған орта жүйесіндегі түрлі үдерістерге танымдық көзқарас қалыптасып, ол жалпы білімнен мамандықтарына қатысты кәсіби білімге ұласады. Ал мұндай білім беру жүйесін іске асыру үшін, ең алдымен пәнаралық байланыста оқытылатын пәннің мазмұны оқытудың мақсатын, нәтижесін анықтайтындай оқу бағдарламасында көрініс табуы қажет. Биология, химияның тақырыптары мен олардағы материалдар бойынша пәнаралық байланыста беруге болатын ғылыми экологиялық ұғымдар, биологиялық және химиялық ұғымдар ,экологиялық білім оқушылардың мүмкіндігінше тиімді пайдалану негізге алынған. Оқу құралдарының мазмұны, оқытудың формалары, мұғалімнің оқытудағы іс-әрекеті мен тұлғаның оқу әрекеттерінің қабысуы негізінде оларда теориялық біліммен қатар адамгершілік, инабаттылық тәрбиесін жоғары деңгейге көтеру мақсаты жүзеге асады. Биология және химияны оқушыларға оқытқанда кез-келген тақырыптағы мәліметтер бір-бірімен байланысып отыратыны анық. Соның әдісін тауып, оқушыларға ұғындыру пән бойынша нәтижесін береді.Осылайша, пәнаралық байланысты қолдану нәтижесінде оқушылардың белсенділігі артып, олар сабақ үшін жаңа, тың материалдарды іздестіру қажеттілігін сезіне біледі деп ойлаймын. Балалар қарапайым оқу рефераттары мен баяндамаларын жазуда белсенділік таныта бастайды және жазу сауаттылығы жоғарылайды.
ДЕНСАУЛЫҚ
АСПАЗ
КЕҢЕСТЕР
Басты бет Баяндама «Химия пәні мен биология пәнінің тығыз байланыстылығы –оқушының құзіреттілігін арттырады»
Баяндама
«Химия пәні мен биология пәнінің тығыз байланыстылығы –оқушының құзіреттілігін арттырады»
182
