Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тәж.нұсқ ОМФ жаңа Ж.С..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.6 Mб
Скачать

6. Әдебиеттер:

  1. Бекітілген терминдер сөздігі (15 мынға жуық термин): словарь–

Алматы: Дайк-Пресс, 2009. - 328 б.

  1. Исакова С. С.

Қазақ тілін үйренейік [Медицина саласы қызметкерлеріне аранлған оқу құралы]. Жалғастырушы деңгей / С. С.Исакова - Алматы: Алаш, 2010. - 248 б.

  1. Ермекова, Күпән.

Танымгер 1: Изучаем казахский легко! Учебное пособие / К. Ермекова. - Алматы: Мектеп, 2009. - 191 б.

  1. Қазақ тілін оқыту методикасы / С Рахметова. - Алматы: Ана тілі, 2011. - 184 б. сур.

  2. Қазақ тілінің стилистикасы: учебник / М. Балақаев, Е. Жанпейісов, М. Томанов. - Алматы, 2010. - 255 б.

  3. Құрманбаева, Шынар.

Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені / Ш. Курманбаева, С. Болатов - Алматы: Қазығұрт, 2010. - 136 б.

  1. Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013.- 166 б.

  2. Сәлім, Е. Қ.

Жоғары кәсіби қазақ тілі: учебное пособие. Медициналық және

фармацевтикалық факультет студенттеріне арналған / Е. Қ. Сәлім, Ғ. Д. Оразымбетова, Г.Т.Тастанбекова -Караганд: ЖК Ақ Нұр, 2013. - 150 б.

  1. Суатай С.Қ. Ісқағаздарымен жұмыс. Оқу құралы.-Қарағанды: ЖК

«Ақнұр баспасы», 2013-98 с.

  1. Шәкенов Ж.

Қазақ тіліндегі күрделі сөздер мен күрделі тұлғалар / Ж. Шакенов. -

Алматы: Ана тілі, 2010. - 120 б.

7. Бақылау:

1. Тақырып №7, атауы: Сан-мөлшер категориясы. Ақша-кредит саясаты. Ұлттық

валюта.

2. Сабақтың мақсаты: Сан-мөлшер категориясын меңгерту.Ұлттық валюта туралы мағлұмат беру. Отанға деген сүйіспеншілігін, мақтаныш сезімін арттыру.

3. Оқытудың міндеттері:

  • Студент білу керек:

- сан-мөлшер категориясын

-көптік ұғымның берілу жолдарын

- сабақтың тақырыбы бойынша мәтін мазмұнын

- тақырып бойынша жаңа сөздерді

  • Студент істей білуі керек:

- мәтінен көптік ұғымды білдіретін сөздерді табу,мәтінді аудару, мазмұндау,

берілген тақырып аясында сұхбаттасу, сұрақтарға жауап беру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Сан-мөлшер категориясы.

2. Көптік ұғымның берілу жолдары.

3. Ұлттық валюта.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері: түсіндіру әдісі, жаттығу әдісі, ізденіс әдісі, ойын әдісі, жобалау әдісі

Сан-мөлшер категориясы

Көптік мағына заттың санымен байланысты, бірақ заттың санын дәл атамайды, тек қана заттың саны көп екенін білуге болады. Ал заттың санын дәл көрсету қажет жағдайларда сан есім қолданылады. Мысалы, елу кітап, отыз студент дегенде кітаптың да, студенттің де саны белгілі, ал кітаптар, студенттер дегенде тек қана заттың көптігін ұғуға болады, бірақ саны анық емес.

Тілімізде заттың санын дәл атауды қажет етпейтін, бірақ көптік ұғым берілетін жағдайлар көп кездеседі. Мысалы, қымыз, көбелек, қоян, бидай т.б. Бұл сөздер ешбір қосымшасыз-ақ санауға келмейтін заттардың аты ретінде көптік ұғымды білдіреді. Немесе бірталай адам, қыруар мал дегенде зат есімнің алдында келіп, қосымшасыз анықтауыш болып тұрған бірталай, қыруар сөздері көптік ұғым жасап тұр. Ал жидектер, гүлдер дегенде -тер, дер жалғаулары көптік мағынаны білдіреді.

Көптік ұғымның ғылымда танылып жүрген берілу жолдары мынадай:

а) Көптік ұғымды сөздің тікелей өз лексикалық мағынасы арқылы білдіру лексикалық тәсіл деп аталады.

Тілімізде лексикалық тәсілмен көптік ұғымды білдіретін сөздер тобы бірнешеу:

- жеке-даралап санауға келмейтін заттардың аттары (су, сұт, ұн т.б.).

- ру, халық, ұлт, ел аттары (қазақ, қырғыз, өзбек т.б.).

- әр қилы жәндіктер, аң, хайуанат атаулары (көбелек, қоңыз, түлкі т.б.).

- өсімдік аттары (арпа, сұлы, жусан т.б).

- адамның ішкі құбылыстарының, дүниедегі сын-сипаттардың, іс- әрекеттердің, күй-жайлардың аттары (ермек, қуаныш, ізгілікт.б.).

ә) Көптік мағынаның сөз тіркесі арқылы берілу жолы синтаксистік тәсіл деп аталады. Мысалы, жиырма үй, сексен трактор, тау-тау астық, бірталай жыл т.б

б) Көптік мағынаның сөздерге тиісті қосымшалар қосылу арқылы берілу жолы морфологиялық тәсіл деп аталады.

Сөздік

ұлттық байлық– национальное богатство

көрсеткіш – показатель

есептеп шығарған – высчитал

бағалау – оценка

мұра – наследие

жер асты байлығы – подземное богатство

бір бетінде – на одной стороне

күш-қуат - сила

құпия белгі – секретный знак

ұлы перзенттері - великие личности

басы байлы болу–быть зависимым

дербес ел – суверенное государство

қамтамасыз ететін – обеспечивающий

ықпал жасайтын – влияющий