Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тәж.нұсқ ОМФ жаңа Ж.С..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.6 Mб
Скачать

6. Әдебиет:

  1. Бекітілген терминдер сөздігі (15 мынға жуық термин): словарь–

Алматы: Дайк-Пресс, 2009. - 328 б.

  1. Исакова С. С.

Қазақ тілін үйренейік [Медицина саласы қызметкерлеріне аранлған оқу құралы]. Жалғастырушы деңгей / С. С.Исакова - Алматы: Алаш, 2010. - 248 б.

  1. Ермекова, Күпән.

Танымгер 1: Изучаем казахский легко! Учебное пособие / К. Ермекова. - Алматы: Мектеп, 2009. - 191 б.

  1. Қазақ тілін оқыту методикасы / С Рахметова. - Алматы: Ана тілі, 2011. - 184 б. сур.

  2. Қазақ тілінің стилистикасы: учебник / М. Балақаев, Е. Жанпейісов, М. Томанов. - Алматы, 2010. - 255 б.

  3. Құрманбаева, Шынар.

Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені / Ш. Курманбаева, С. Болатов - Алматы: Қазығұрт, 2010. - 136 б.

  1. Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013.- 166 б.

  2. Сәлім, Е. Қ.

Жоғары кәсіби қазақ тілі: учебное пособие. Медициналық және

фармацевтикалық факультет студенттеріне арналған / Е. Қ. Сәлім, Ғ. Д. Оразымбетова, Г.Т.Тастанбекова -Караганд: ЖК Ақ Нұр, 2013. - 150 б.

  1. Суатай С.Қ. Ісқағаздарымен жұмыс. Оқу құралы.-Қарағанды: ЖК

«Ақнұр баспасы», 2013-98 с.

  1. Шәкенов Ж.

Қазақ тіліндегі күрделі сөздер мен күрделі тұлғалар / Ж. Шакенов. -

Алматы: Ана тілі, 2010. - 120 б.

7. Бақылау: Тест.

1. Тақырып №33, аталуы: Наша тартудың зияны.

2. Мақсаты: Лексикалық тақырыпты пайдалана отырып, ойын еркін жеткізуге және ұсынылған материалдар бойынша қорытынды жасай білу, салалық терминдер ұғымын түсініп қолдану.

3. Оқытудың міндеттері:

Студент білу керек:

- берілген сұрақтарға сөздік қорды пайдаланып дұрыс жауап беру;

- тақырып бойынша өз ойын дұрыс жүйелі түрде жаза білу;

Студент істей білуі керек:

- тапсырмаларды толық, тиянақты орындау;

- қабылдаған мәліметті қорытындылау.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Наша

2. Наша тартудың зияны.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері: ақпараттық әдіс, түсіндіру әдісі, жаттығу әдісі, ізденіс әдісі.

Термин сөздерді қазақ тіліне аударыңыз.

наркомания

борьба против наркомании

ядовитое вещество

печаль, горе, скорбь

облегчить

широко распространяться

тяжелые последствия

развеселиться

пристрастие, страстное желание

взбеситься

бездушный, бездушие

потерять рассудок

Наша тарту

Нашалар (грек тілінде – кісенделу деген түсінікті білдіреді) - бұлар синтетикалық немесе табиғи заттар түрінде алынады, олар көбінесе жүйке жүйесіне әсер етіп, көңілдену, жаныңа жақсы сезім ұялатқандай, барлығыда жақсы болып кеткендей өтірік сезімге бөлейді. Жақсы тыныққандай немесе тыныштығыңды арттырып қозу жағдайын тудырады. Кейбір нашалар иллюзия мен галлюцинацияны тудырады, бұл дегеніміз құлағыңа бір дауыстар естіліп немесе көз алдыңа бір бейнелер көрінгендей қалыпқа түсу. Үлкен мөлшердегі наша адамды мас етіп, құлағын бітеп, нашалық ұйқыға душар етумен қатар жеңіл түрде улайды.

Наша тарту адамның өмірін қысқартады. Наша шегуге әсіресе жастар үйір келеді. Әрине, олар оның денсаулыққа тигізетін зиянын түсінбейді. Үндістанда тағы басқа ыстық жақтарда өсетін кендір тәрізді өсімдіктерден алынған заттарды – гашиш, анаша (наша), немесе марихуана деп атайды. Бұл заттар зәрлі болғандықтан наркотиктер тобына жатады.

Шығыс халықтары, Азия және Африка елдеріндегі адамдар қайғы-қасіреттерін жеңілдету үшін наша тартып, елігіп, көңілдерін көтереді екен. Сондықтан Шығыс пен Азия халықтарының арасында наша тарту кең таралған.

Қазіргі орта Азия республикалары мен Қазақстан халқы арасында да наша тартушылар аз емес болып отыр. Нашаның құрамында улы зат бар. Ол тартқан адамның миына зақым келтіріледі. Басын айналдырып масаттандырады.

Нашаны салынып тартудың түбі құмарлыққа соқтырады. Бұл өте қауіпті. Оларда жанұя мүшелеріне, туған-туысқандарына деген мейірімділік болмайды. Наша денеге сіңгеннен кейін, адам тез есіреді, кейде 10-12 сағат калың ұйқыға шомады.

Асқазан ішек-қарын, мүшелерінің қызметі бұзылады, ақылынан адасады. Келе-келе қолы қалтырайды, маңдай терісі қағаздай жұқарып, қыртыстанады. Бет әлпеті өзгеріп, сарғыштанады. Екі көзі үңірейеді, жүріс-тұрысы өзгереді. Жұртпен қатынасты үзеді. Сөйтіп, нашаның ақыры жазылмайтын нағыз құмарлыққа (наркоманияға) айналады.Сондықтан наша тартушыларға қарсы қатты күрес ұйымдастырып, бұл зиянды әдетті біржолата жою керек.

1-тапсырма. Мәтінді оқып,аударыңыз.

2-тапсырма. «Нашақорлық – денсаулық дұшпаны» атты қабырға газеттерін шығарып, ақпараттар таратыңыздар.

3-тапсырма.Газетті қорғаңыздар.

1-жаттығу. Есірткінің биологиялық, әлеуметтік,экономикалық зияндарын жазыңыз.

Есірткінің биологиялық зияны: • • • • Есірткінің әлеуметтік зияны: • • • • Есірткінің экономикалық зияны: • • •

2-жаттығу.«Тілеп алған аурудың емі болмас» тақырыбына шығарма жазыңыз.

3-жаттығу. Аурудың белгілерін жазыңыз.