Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тәж.нұсқ ОМФ жаңа Ж.С..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.6 Mб
Скачать

6. Әдебиет:

  1. Бекітілген терминдер сөздігі (15 мынға жуық термин): словарь–

Алматы: Дайк-Пресс, 2009. - 328 б.

  1. Исакова С. С.

Қазақ тілін үйренейік [Медицина саласы қызметкерлеріне аранлған оқу құралы]. Жалғастырушы деңгей / С. С.Исакова - Алматы: Алаш, 2010. - 248 б.

  1. Ермекова, Күпән.

Танымгер 1: Изучаем казахский легко! Учебное пособие / К. Ермекова. - Алматы: Мектеп, 2009. - 191 б.

  1. Қазақ тілін оқыту методикасы / С Рахметова. - Алматы: Ана тілі, 2011. - 184 б. сур.

  2. Қазақ тілінің стилистикасы: учебник / М. Балақаев, Е. Жанпейісов, М. Томанов. - Алматы, 2010. - 255 б.

  3. Құрманбаева, Шынар.

Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені / Ш. Курманбаева, С. Болатов - Алматы: Қазығұрт, 2010. - 136 б.

  1. Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013.- 166 б.

  2. Сәлім, Е. Қ.

Жоғары кәсіби қазақ тілі: учебное пособие. Медициналық және

фармацевтикалық факультет студенттеріне арналған / Е. Қ. Сәлім, Ғ. Д. Оразымбетова, Г.Т.Тастанбекова -Караганд: ЖК Ақ Нұр, 2013. - 150 б.

  1. Суатай С.Қ. Ісқағаздарымен жұмыс. Оқу құралы.-Қарағанды: ЖК

«Ақнұр баспасы», 2013-98 с.

  1. Шәкенов Ж.

Қазақ тіліндегі күрделі сөздер мен күрделі тұлғалар / Ж. Шакенов. -

Алматы: Ана тілі, 2010. - 120 б.

7. Бақылау: Тест.

1.Тақырып №31, аталуы: Құлақ аурулары.

2. Мақсаты: Лексикалық тақырыптарды пайдалана отырып, өз ойын еркін жеткізуге және ұсынылған материалдар бойынша сипаттама, салыстырма, қорытынды жасай білу.

3. Оқытудың міндеттері:

Студент білу керек:

- берілген сұрақтарға сөздік қорды пайдаланып дұрыс жауап беру;

- тақырып бойынша өз ойын дұрыс жүйелі түрде жаза білу;

Студент істей білуі керек:

- жұмыс істеу барысында тапсырмаларды толық, тиянақты орындау;

- қабылдаған мәліметті қорытындылау.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Құлақ аурулары.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері: ақпараттық әдіс, түсіндіру әдісі, жаттығу әдісі, практикалық әдісі, кейс әдісі.

Сөздік

дыбыс-звук

өткізу-пропустить,провести

бұлық-гной,ушная сера

дабыл жарғағы-барабанная перепонка

жарылу-взорваться,трескаться

саябырсу-стихнуть,спокоиться

бітелу-закупорка,закрыться

Құлақ аурулары және оның алдын алу

Есту қызметіне құлақтың бір-бірімен байланысты үш бөлімі қатысады. Мысалы, сыртқы құлақта жиналған дыбысты ортаңғы құлақ ішкі құлаққа өткізеді, ал ішкі құлақ осы дыбысты қабылдап, оны есту орталығына жібереді. Міне, осы жүйенің түрлі себептермен бұзылуы көбінесе жедел және созылмалы құлақ ауруларына әкеліп соқтырады.

Әр түрлі микробтардың енуінен құлақтан бұлық ағады. Бұл аурудың жедел түріне жатады. Бастапқыда құлақ қатты ауырады, онан соң дабыл жарғағындағы ірің жарылып, ауру саябырсып, ақыры жазыла бастайды. Егер мезгілінде емделмесе, аурудың созылмалы түріне айналады. Кейде бұл сүйекті де зақымдауы мүмкін. Бұндай жағдай балалар арасында 2-пайыз, ал ересектер арасында 1 пайызға жуық кездеседі.

Құлақтан бұлақ ағу емшек жасындағы сәбилерде ас қорытудың бұзылуы және өкпе ауруларына шалдығумен байланысты туындап дамиды. Ал тұмау эпидемиясы кезінде құлақ ерекше қабынады, одан қан ағып, есту бірден нашарлайды.

Құлақ ауруларының зардаптары ауыр. Мысалы, инфекцияның қанға тарауына (сепсис), ми қабықтарының қабынуына(менингит), ми мен мишықтарда іріңнің(абцесс) пайда болуына, көк тамыр қуыстарының бітелуіне(трамбоз) әкеліп соғады. Дегенмен, соңғы кезде мұндай зардаптар азайып келеді. Әрине бұл сырқаттың алдын алу мен дер кезінде емделудің нәтижесі.

Мәтін тапсырмалары

1-тапсырма. Мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз.

2-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз.

4-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Есту бөліміне нелер жатады?

2.Үш бөлімнің қызыметтері қандай?

3.Есту жүйесінің бұзылуы неге әкеліп соқтырады?

4.Құлақтан қай кезде бұлық ағады?

5.Бұл аурудың қандай белгілері бар?

6. Құлақ ауруларының зардаптары қандай аурулаға себеп болуы мүмкін?

1-жаттығу.Мәтіні бойынша кездесетін сөз тіркестерін аударыңыз.

Есту қызметі, құлақтың үш бөлімі, бір-бірімен байланысты, үш бөлімі, сыртқы құлақ, есту орталығына жіберу, әр түрлі микробтардың енуі, құлақтың қатты ауруы, ірің жарылу, ауру саябырсу, ауру жазыла бастау, ас қорытудың бұзылуы, өкпе ауруларына шалдығу, тұмау эпидемиясы, құлақтан қан ағу, құлақ аурудың зардабы, инфекцияның қанға тарауы, сырқаттың алдын алу, дер кезінде емделу.

2-жаттығу.

Төменде науқас адамның жауаптары берілген,соған лайықтап дәрігердің тиісті сұрақтарын жазыңыз.

1-...?

-Құлағым шыңылдайды (шуылдайды).

2.-...?

-Жақсы(нашар) естимін.

3-...?

-Бала кезімде ауырған.

4-...?

-Жарақат алған жоқпын.

5-...?

-Жоқ,қазір бұлық ақпайды.Бірақ бала кезімде бұлақ ағатын.

6-...?

-Иә,аппараттармен қарап көріңізші.

7-...?

-Ішкі құлағыма жараның орны бар дейсіз бе?Ол неден қалуы мүмкін?

8-...?

-Иә,бала кезімдегі отит ауруынан қалған шығар.

9-...?

-Барлық емдеріңізді(антибиотиктеорді де,физиоемдеуді де,құлаққа массаж жасауды да) орындаймын.

3-жаттығу.Мәтін бойынша сұхбат құрастырып жазыңыз.