Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тәж.нұсқ ОМФ жаңа Ж.С..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.6 Mб
Скачать

6. Әдебиет:

  1. Бекітілген терминдер сөздігі (15 мынға жуық термин): словарь–

Алматы: Дайк-Пресс, 2009. - 328 б.

  1. Исакова С. С.

Қазақ тілін үйренейік [Медицина саласы қызметкерлеріне аранлған оқу құралы]. Жалғастырушы деңгей / С. С.Исакова - Алматы: Алаш, 2010. - 248 б.

  1. Ермекова, Күпән.

Танымгер 1: Изучаем казахский легко! Учебное пособие / К. Ермекова. - Алматы: Мектеп, 2009. - 191 б.

  1. Қазақ тілін оқыту методикасы / С Рахметова. - Алматы: Ана тілі, 2011. - 184 б. сур.

  2. Қазақ тілінің стилистикасы: учебник / М. Балақаев, Е. Жанпейісов, М. Томанов. - Алматы, 2010. - 255 б.

  3. Құрманбаева, Шынар.

Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені / Ш. Курманбаева, С. Болатов - Алматы: Қазығұрт, 2010. - 136 б.

  1. Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013.- 166 б.

  2. Сәлім, Е. Қ.

Жоғары кәсіби қазақ тілі: учебное пособие. Медициналық және

фармацевтикалық факультет студенттеріне арналған / Е. Қ. Сәлім, Ғ. Д. Оразымбетова, Г.Т.Тастанбекова -Караганд: ЖК Ақ Нұр, 2013. - 150 б.

  1. Суатай С.Қ. Ісқағаздарымен жұмыс. Оқу құралы.-Қарағанды: ЖК

«Ақнұр баспасы», 2013-98 с.

  1. Шәкенов Ж.

Қазақ тіліндегі күрделі сөздер мен күрделі тұлғалар / Ж. Шакенов. -

Алматы: Ана тілі, 2010. - 120 б.

7. Бақылау: Тест.

Тақырып №29, аталуы: Гипертония.

2. Мақсаты: Лексикалық тақырыпты пайдалана отырып, сауатты жазуға дағдыландыру, сөздік қорын молайту, ойын еркін жеткізуге білуге дағдыландыру.

3. Оқытудың міндеттері:

Студент білу керек:

- берілген сұрақтарға сөздік қорды пайдаланып дұрыс жауап беру;

- тақырып бойынша өз ойын дұрыс жүйелі түрде жаза білу;

Студент істей білуі керек:

- тапсырмаларды толық, тиянақты орындау;

- қабылдаған мәліметті қорытындылау.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Гипертония.

2. Гипертониялық аурулар.

Сөздерді жаттаңыз.

тұқым – потомство

зәру – нужда

қажу – переутомление

елес – галлюцинация, привидение

ұю – застыть, задеревенеть

жансыздану – онемение

демікпе – одышка, астма

құрысу – судорога, корчиться

ашуланшақтық – раздражительность

күйзеліс – депрессия

Гипертония

Гипертония— қан қысымының артуынан болады. Дені сау адамның да кейде ауыр ой еңбегінен кейін уақытша қан қысымы көтерілуі мүмкін. Ол қауіпті емес. Қан қысымы бүйрек қабынуынан, ішкі секреция бездерінің сырқатынан да жоғарылайды. Гипертонияда ұсақ қан тамырларының іші тарылады да, қанның күретамырларға өту үрдісі қиындайды. Осының салдарынан күретамырлардақан қысымы жоғарылайды. Қажу, тұрмыстың жағдайсыздығы, қайғы-қасірет шегу, жүйке жүйелерін зақымдап алу – гипертонияның пайда болуына әсер етеді. Ұдайы майлы тағам пайдалану (ет, май), қара жұмыспен шұғылданбау да гипертонияға себепші болады. Оның үстіне тұқымында осы аурумен ауырған адам болса, мұндай жанұяда гипертониямен ауыратындар жиі кездеседі.

аурудың алғашқы кезеңінде күретамырда және басқа мүшелерде ешқандай өзгеріс сезілмейді. Қан қысымы өршіген кезде тарылған тамырларға жүрек қанды күшпен тартады. Сөйтіп, жүректің қызметі артады. Осының салдарынан жүректің көлемі ұлғайып, бұлшық еті қалыңдайды. Тамырдың тарылуы әсерінен қанның мүшелерге жеткізілуі нашарлайды. Сөйтіп, мүшелер оттегі мен басқа түрлі қоректік заттарға зәру болады, тіпті ауыра бастайды.

ауру біліне бастаған кезде аздап бас ауырады, жүрек қатты соғады, шаншиды және желке тұсы қысады. Қан қысымы жоғарылайды. Дегенмен, бұл кезеңде қан қысымын емдеп қалпына келтіруге болады. Ал, ауру білінісімен емдемесе, ол асқына береді, адамның басы айналып, саусақтары мен башпайлары ұйиды. Көзі қарауытып, елес пайда болады, ұйқысы нашарлап, тез шаршайды. Еңбек қабілеті кемиді. Аурудың екінші склероздық кезеңі ұзаққа созылуы мүмкін. Үшінші, соңғы кезеңінде жүрек, бүйрек қызметі нашарлайды және жүрек ентікпесі пайда болады, бауыр ұлғайып, дене ісінеді. Ми гипертониясында бас айналып, ауру күшейеді. Құлақ шуылдайды, нашар көреді. Қан тамырлары жарылып, миға қан құйылса, дененің бір жағы жансызданып, адам сал болып қалады.

гипертониялық криз қан қысымының кенеттен өзінің қалыпты деңгейінен өте жоғары деңгейге көтерілуі салдарынан пайда болады. Ол, көбінесе, гипертония ауруының асқынуынан болады. Гипертониялық криздерді өршітуші себептер:

  • Көңіл-күй күйзелістері;

  • Ауа- райы өзгерістері;

  • Тұз бен суды мөлшерден көп қолдану т.б. жатады.

Криздің басталуы қатты бас ауруымен, бас айналуымен, көздің қарауытуымен сипатталады. Науқас ашуланшақ, мазасыз болады. Аяқ-қолы дірілдеп, мұздайды. Жүрек тұсында шаншу сезімі байқалады, ентігуі мүмкін. Науқастың бетінің, мойнының, қолының тері жамылғылары қызарады.

Гипертониялық криздің қан айналымының бұзылуына байланысты – церебралды және құрысу, ал жүрекке байланысты кардиалды түрлері болады.

церебралды түрінде бастың желке тұсы ауырады, әлсіздік, ұйқышылдық, есеңгіреу, құлақта шудың естілуі, жүрек айну, көру мен есту қабілетінің бұзылуы, аяқ-қолдың жансыздануы сияқты белгілер пайда болады.

құрысу түрінде науқастың денесі қалтырап, тоникалық және клоникалық құрысуға ұласады.

кардиалды түрінде жүрек демікпесі байқалады. Науқас адамның жүрек тұсы ауырып, ентігуі мүмкін.

емдеу.ол науқастың көңіл-күйіне, жасына, гипертония ауруының сатысына, криздің түріне қарай жүргізіледі. Гипертониялық криз кезінде науқастың басын көтеріңкі етіп төсекке жатқызады. Бөлмеде тыныштық сақтаған жөн және оның ауасы таза болуы қажет. Кеселдің асқынбаған түрінде науқастың көңіл-күйі қалыпты жағдайда болса, дәрі-дәрмектің біреуін не қоспасын ішкізеді немесе тілінің астына қояды

1-тапсырма. Мәтінді оқып аударыңыз.

2-тапсырма.Мәтінге сұрақтар әзірлеңіз.

3-тапсырма.Гипертониялық криз диагнозы қойылған науқасқа алғашқы көмекті қалай беру керектігі туралы баяндаңыз (мәтін бойынша).

1-жаттығу. Мағынасына қарай екі бағанды сәйкестендіру.

Аурудың алғашқы кезеңінде күре тамырда және

құлақта шудың естілуі, аяқ-қолдың жансыздануы сияқты белгілер пайда болады.

Дені сау адамның да кейде ауыр ой еңбегінен кейін уақытша қан қысымы көтерілуі мүмкін,

өте жоғары деңгейге көтерілуі салдарынан пайда болады.

Церебралды түрінде бастың желке тұсы ауырады, әлсіздік, ұйқышылдық, есеңгіреу,

гипертонияның пайда болуына әсер етеді.

Гипертониялық криз қан қысымының кенеттен өзінің қалыпты деңгейінен

басқа мүшелерде ешқандай өзгеріс сезілмейді.

Оның үстіне тұқымында осы аурумен ауырған адам болса,

бірақ ол қауіпті емес.

Қажу, тұрмыстың жағдайсыздығы, қайғы-қасірет шегу, жүйке жүйелерін зақымдап алу –

мұндай жанұяда гипертониямен ауыратындар жиі кездеседі.

2-жаттығу. Жүрек сөзіне қатысты фразалық тіркестерді оқып, мағынасын сәйкестендіріңіз. Осы сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрыңыз.

Жүрегі айну

толқу

Жүрегі алып ұшу

жайлану, жай табу

Жүрегі тас төбесіне шығу

құсқысы келу

Жүрегі орнығу

қатты қорқу

3-жаттығу.Cіз болашақ дәрігерсіз. Бөлімшеңізге түскен науқас жайлы мәтіндегі үлгі бойынша сырқатнама толтырыңыз.

Төлқұжат бөлімі:

Науқастың шағымдары:

Қазіргі (осы) аурудың даму тарихы:

Науқастың өмірбаяны:

Аурудың қазіргі жалпы жағдайы: