Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тәж.нұсқ ОМФ жаңа Ж.С..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.6 Mб
Скачать

6. Әдебиеттер:

  1. Бекітілген терминдер сөздігі (15 мынға жуық термин): словарь–

Алматы: Дайк-Пресс, 2009. - 328 б.

  1. Исакова С. С.

Қазақ тілін үйренейік [Медицина саласы қызметкерлеріне аранлған оқу құралы]. Жалғастырушы деңгей / С. С.Исакова - Алматы: Алаш, 2010. - 248 б.

  1. Ермекова, Күпән.

Танымгер 1: Изучаем казахский легко! Учебное пособие / К. Ермекова. - Алматы: Мектеп, 2009. - 191 б.

  1. Қазақ тілін оқыту методикасы / С Рахметова. - Алматы: Ана тілі, 2011. - 184 б. сур.

  2. Қазақ тілінің стилистикасы: учебник / М. Балақаев, Е. Жанпейісов, М. Томанов. - Алматы, 2010. - 255 б.

  3. Құрманбаева, Шынар.

Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені / Ш. Курманбаева, С. Болатов - Алматы: Қазығұрт, 2010. - 136 б.

  1. Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013.- 166 б.

  2. Сәлім, Е. Қ.

Жоғары кәсіби қазақ тілі: учебное пособие. Медициналық және

фармацевтикалық факультет студенттеріне арналған / Е. Қ. Сәлім, Ғ. Д. Оразымбетова, Г.Т.Тастанбекова -Караганд: ЖК Ақ Нұр, 2013. - 150 б.

  1. Суатай С.Қ. Ісқағаздарымен жұмыс. Оқу құралы.-Қарағанды: ЖК

«Ақнұр баспасы», 2013-98 с.

  1. Шәкенов Ж.

Қазақ тіліндегі күрделі сөздер мен күрделі тұлғалар / Ж. Шакенов. -

Алматы: Ана тілі, 2010. - 120 б.

7. Бақылау:

1.Тақырып №6, атауы: Болымсыздық категориясы. Экономикалық жүйе. Ішкі

және сыртқы сауда.

2.Сабақтың мақсаты: Етістіктің болымсыздық категориясын практикалық жолмен

меңгерту.Студенттердің ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттыру.

Өз ойларын ортаға салу.

3. Оқытудың міндеттері:

  • Студент білу керек:

- болымсыздық категориясын

- болымсыздық категория жасалу жолдары

- сабақтың тақырыбы бойынша мәтін мазмұнын

- тақырып бойынша жаңа сөздерді

  • Студент істей білуі керек:

  • - болымды етістіктерді болымсызға айландыру

  • - мәтіннен болымсыз етістіктерді таба білу

- мәтінді аудару, мазмұндау, берілген тақырып аясында сұхбаттасу, мәтін

бойынша сұрақ құрастыру, сұрақтарға жауап беру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Болымсыздық категориясы.

2. Болымсыздық категория жасалу жолдары.

3. Экономикалық жүйе. Ішкі және сыртқы сауда.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері: ақпараттық әдіс, түсіндіру әдісі, жаттығу әдісі, ізденіс әдісі,жобалау әдісі

Болымсыздық категориясы — іс-әрекеттің болмауы туралы хабардар ететін етістіктің формасы. Болымдылық етістіктің түбір, туынды және күрделі формалары арқылы беріледі (айт, көмектес, бере сал), болымсыздық сол формаларға арнаулы -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе қосымшалары жалғану арқылы жасалады (айтпа, көмектеспе, бере салма). Етістік негіздеріне жалғанатын езге формалардың бәрі де (есімше, көсемше, рай, жіктік жалғаулары) осы болымсыз түр қосымшасынан кейін қолданылады (айтпаса, айтпаған, айтпас-ты т. б.). Болымсыздық қосымшасы стильдің талабына сай күрделі (аналитикалық) етістіктердің біреуіне ғана жалғанып та болымсыздық мән бере береді (алмай қойды, ала қоймады, таба қоймады т. б.). Болымсыздық мән етістіктің есімше формаларына -ар, -ер, -р, -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, - пек, -қан, -кен, -ған, -ген, -атын, -етін, -йтын, -йтін қосымшалар және емес, жоқ сездері тіркесу арқылы да беріледі (барар емес, барған жоқ, алатын емес т. б.). Болымсыздық есімдіктері де сөйлемде бастауыштық, анықтауыштық, пысықтауыштық қызметтің бірінде келіп, болымсыздық мәнді айқындай түседі (ешкім келмеді, ешбір жұмысты істемеді т. б.). Сөздік

шаруашылық игеру – овладевать хозяйством

есептеу – считать

қарапайым – простой

қамтылады – охватывает

ұрпақ- потомки

тұрмыс – быт

күнделікті – ежедневно

күрес – борьба

бақыт – счастье

үйлену – жениться

шарт - условие

Экономиканы табиғатпен салыстыруға болады. Экономика да, табиғат та объективті. Экономика заңдары табиғат заңдарымен тығыз байланысты, ол да объективті. Егер табиғатты түсінбесек, табиғат байлығын игере алмаймыз. Экономика да солай: егер экономиканы білсек, ол бізге байлық, пайда әкеледі.

Экономика – бұл үй шаруашылығын игеру, басқару өнері дегенді білдіретін көне грек сөзі. Бір сөзбен айтсақ, экономика дегеніміз - өзіміздің тұрмысымыз.

Базарға шыққанда кімнің тауарын аласыз, кімге сатасыз, қанша аласыз, бәрін есептеу – экономика. Мамандық таңдау кезінде сіз ойлайсыз, қай мамандық қоғамға көбірек қажетсіз оны да есептейсіз. Күнделікті өмірде қандай мамандарға сұраныс көп, дәрігер ме, экономист пе, заңгер ме, оқытушы ма, инженер ме - мұны білу де – экономика, яғни экономиканы білмесек, тұрмысымыз төмендей береді.

Экономика сіз өмірге келгеннен бастап-ақ өміріңізге араласа бастайды. Бала дүниеге келеді, ата-ана қуанып, той жасайды немесе нәрсе – сол балаға қарапайым нәрсе киім алу керек, ол да белгілі мөлшердегі ақшаны қажет етеді. Ол бала өседі, мектепке барады, университетте оқиды, ол да –ақша. Жігіт үйленеді, ол үшін кішкентай мемлекет пайда болады. Ал кішкентай мемлекетті басқару - үлкен өнер. Шетелде жастар үйленген кезде некелік шартқа тұрады. Кәдімгі екі мемлекет сияқты. Шартта көп мәселе қамтылады: болашағымыз бала десек, некелік шартта сол баланың болашағына дейін ойластырылған. Яғни ұрпаққа нені қалдырамын, ұрпағым нені жалғастырады деп ойлау да – экономика.

Ал ұрпақ үшін күрес, ұрпақ үшін еңбек ету, өмір сүру - ол да экономика, себебі сіз баланы жеткізу, аяғынан тұрғызу үшін, көп нәрсені есептейсіз, сіз ауырмауды ойлайсыз, шаршамауды ойлайсыз, бала үшін өзіңіздің күшті болуыңызды ойлайсыз, сонымен өзіңді ойлау, денсаулығыңды ойлау – бәрі де экономика.

Тағы да қысқа айтар болсақ, экономика – байлыққа, бақытқа, тыныштыққа барар жол.

Мәтінге тапсырмалар:

1-тапсырма. Мәтінді оқып аударыңыз.

2-тапсырма. Тірек сөздерді теріп жазыңыз.

3 – тапсырма. «Экономика» тақырыбы бойынша сұхбатты жалғастырыңыз.

- «Экономика» сөзі қандай мағынаны білдіреді?

- ..............................................................................

- «Экономика» сөзі қай тілден енген?

- .................................................................................

- Еліміздің экономикасын дамыту үшін не істеу керек?

- ........................................................................................................

- Үй шаруашылығында үнемдеуді қалай ұйымдастыруға болады?

- .......................................................................................................................

- Отбасы бюджетін қалай ұйымдастыру қажет.

- .......................................................................................................................

1-жаттығу.Мәтіннен бес етістік теріп жазыңыз.

2-жаттығу. Теріп жазған етістіктеріңізді болымсыз етістіктерге айналдырып, сөйлем құрастырыңыз.

3-жаттығу. Диаграмманы толтырыңыз.