Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тәж.нұсқ ОМФ жаңа Ж.С..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.6 Mб
Скачать

6. Әдебиет:

  1. Бекітілген терминдер сөздігі (15 мынға жуық термин): словарь–

Алматы: Дайк-Пресс, 2009. - 328 б.

  1. Исакова С. С.

Қазақ тілін үйренейік [Медицина саласы қызметкерлеріне аранлған оқу құралы]. Жалғастырушы деңгей / С. С.Исакова - Алматы: Алаш, 2010. - 248 б.

  1. Ермекова, Күпән.

Танымгер 1: Изучаем казахский легко! Учебное пособие / К. Ермекова. - Алматы: Мектеп, 2009. - 191 б.

  1. Қазақ тілін оқыту методикасы / С Рахметова. - Алматы: Ана тілі, 2011. - 184 б. сур.

  2. Қазақ тілінің стилистикасы: учебник / М. Балақаев, Е. Жанпейісов, М. Томанов. - Алматы, 2010. - 255 б.

  3. Құрманбаева, Шынар.

Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені / Ш. Курманбаева, С. Болатов - Алматы: Қазығұрт, 2010. - 136 б.

  1. Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013.- 166 б.

  2. Сәлім, Е. Қ.

Жоғары кәсіби қазақ тілі: учебное пособие. Медициналық және

фармацевтикалық факультет студенттеріне арналған / Е. Қ. Сәлім, Ғ. Д. Оразымбетова, Г.Т.Тастанбекова -Караганд: ЖК Ақ Нұр, 2013. - 150 б.

  1. Суатай С.Қ. Ісқағаздарымен жұмыс. Оқу құралы.-Қарағанды: ЖК

«Ақнұр баспасы», 2013-98 с.

  1. Шәкенов Ж.

Қазақ тіліндегі күрделі сөздер мен күрделі тұлғалар / Ж. Шакенов. -

Алматы: Ана тілі, 2010. - 120 б.

7. Бақылау: Тест.

Тақырып №28, аталуы: Өт жолдарының аурулары.

2. Мақсаты: Лексикалық тақырыпты пайдалана отырып, өз ойын еркін жеткізуге және ұсынылған материалдар бойынша сипаттама, салыстырма, қорытынды жасай білу.

3. Оқытудың міндеттері:

Студент білу керек:

- сөздік қорды пайдаланып дұрыс жауап беру;

- ойын дұрыс жүйелі түрде жаза білу;

Студент істей білуі керек:

- тапсырмаларды толық, тиянақты орындау;

- мәліметті қорытындылау.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Өт жолы.

2. Өт жолдарының аурулары.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері: түсіндіру әдісі, жаттығу әдісі, практикалық әдіс.

внешний вид-сыртқы

круглый-дөңгелек

брюшная полость-құрсақ қуысы

опасный- қауіпті

ровный- тегіс

гладкий-жылтыр

незаметно- білінбеу

жаренный- қуырылған

мерзнуть- тоңу

отравление-улану

проливать- төгілу

шишка-түйін

тошнота-құсу

вредный- зиянды

желчь-өт

гнойный-іріңді

продолговатый-сопақша

неровный-бұжыр

Мәтінде мазұндаңыз.

Өт жолдарының аурулары.

Өттің құрамындағы холестериннің көбюі тастың пайда болуына әсер етеді. Сондай-ақ өт жолдарының қабынуы да оның пайда болуына бірден-бір себеп. Тастардың сыртқы түрлері әртүрлі: дөңгелек, сопақша, көпбұрышты, сырты бұжыр-бұжыр немесе тегіс, жылтыр болады. Олар өт жолында,өт қабында, кейде екеуінде де болады. Өт жолында пайда болған тас ауруы көп жағдайда белгісіз дамып, жылдар бойы адам ағзасында білінбей жүре беруі мүкін.

Оның негізгі және алғашқы белгісі – оң қабырғаның асты бірден шаншып ауыра бастайды. Бұл шаншу көбінесе майлы, сүр ет, қуырылған тамақнемесе жұмыртқажегеннен кейін басталды. Шаншу күні уақыт өткен сайын күшейе түседі, оң жауырынға берілді. Бірнеше рет жүрегі айнып, құсады. Кейбір науқастар біресе тоңып, біресе қызуы көтеріліп мазасы кетеді, шөлдеп, ауызы құрғап, әлсірейді, жағдайы мүлдем нашарлайды. Өт жолы немесе бауыр ішіндегі өт жүретін жолдары таспен жабылып қалғанда, адам денесі, көзі сарғая бастайды. Ол көбінесе екі-үш күннен кейін байқалады. Кіші дәрітінің түсі қоңырланып, кейде ағарып кетуі мүмкін.

Өт жүретін жолдарда ірінді қабыну басталады (халангит), Өттің айналасында түйін пайда болады, сары сулы сұйықтар(перитонит) шыға бастайды, осының әсерінен көбінесе адам сарғайып кетеді. Себебі өт жолын ішіндегі тас (тастар) жауып, өттің қанға таралуына жағдай туғызады. Содан адамның бүкіл денесі өз өтіне уланады. Өт жолдарындағы қысымның артуына және қабынудың күшеюіне байланысты өт қабы жарылып, ішіндегі өт және іріңді сұйық құрсақ қуысына төгіледі. Мұндай кезде науқастың өміріне қатер төнеді, шұғыл түрде ауруханаға жатқызып, сырқатқа қолма-қол ота жасап, емдеу қажет.

1-тапсырма.Сұрақтарға ауызша жауап беріңіз.

Тастың пайда болу себебі?

Тастардың түрлері?

Тастар орналасу жерлері?

Аурудың негізгі белгісі?

Халангит дегеніміз не ?

Шаншу қашан басталады?

Аурудың басқа белгілері?

Адамның сарғаю себебі?

Науқас өміріне қатер төнген кездегі іс- шаралар?

Өттегі қысымның жоғарлауы неге әкелуі мүмкін?

2-тапсырма. Мәтінге сүйене отырып, « Дәрігердің қабылдауында» атты сұхбат әзірлеңіздер.

3-тапсырма. Мәтінді сұрақтар негізінде мазмұндаңыз.

1- жаттығу. Сөздерді қазақ тіліне аударып жазыңыз.

Внешний вид, круглый, брюшная полость, опасный, ровный, гладкий, незаметно, жаренный, мерзнуть, отравление.

2 - жаттығу. Сөздерді қазақ тіліне аударып, сөйлем құрастырыңыз

Проливаться, шишка, тошнота, вредный, мочевыделительная система, пострадавший, желчь, гнойный, продолговатый, неровный.

3-жаттығу. Аурулардың белгілерін жазыңыз.