Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тәж.нұсқ ОМФ жаңа Ж.С..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.6 Mб
Скачать

6. Әдебиет:

  1. Бекітілген терминдер сөздігі (15 мынға жуық термин): словарь–

Алматы: Дайк-Пресс, 2009. - 328 б.

  1. Исакова С. С.

Қазақ тілін үйренейік [Медицина саласы қызметкерлеріне аранлған оқу құралы]. Жалғастырушы деңгей / С. С.Исакова - Алматы: Алаш, 2010. - 248 б.

  1. Ермекова, Күпән. Танымгер 1: Изучаем казахский легко! Учебное пособие / К. Ермекова. - Алматы: Мектеп, 2009. - 191 б.

  2. Қазақ тілін оқыту методикасы / С Рахметова. - Алматы: Ана тілі, 2011. - 184 б. сур.

  3. Қазақ тілінің стилистикасы: учебник / М. Балақаев, Е. Жанпейісов, М. Томанов. - Алматы, 2010. - 255 б.

  4. Құрманбаева, Шынар.

Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені / Ш. Курманбаева, С. Болатов - Алматы: Қазығұрт, 2010. - 136 б.

  1. Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013.- 166 б.

  2. Сәлім, Е. Қ. Жоғары кәсіби қазақ тілі: учебное пособие. Медициналық және

фармацевтикалық факультет студенттеріне арналған / Е. Қ. Сәлім, Ғ. Д. Оразымбетова, Г.Т.Тастанбекова -Караганд: ЖК Ақ Нұр, 2013. - 150 б.

  1. Суатай С.Қ. Ісқағаздарымен жұмыс. Оқу құралы.-Қарағанды: ЖК

«Ақнұр баспасы», 2013-98 с.

  1. Шәкенов Ж. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер мен күрделі тұлғалар / Ж. Шакенов. -

Алматы: Ана тілі, 2010. - 120 б.

7. Бақылау: Тест.

Тақырып №21, аталуы: Нәресте және оны күту.

2. Мақсаты: Лексикалық тақырыпты пайдаланып, кәсіби сөз мағыналары мен салалық терминдер ұғымын түсініп қолдану.

3. Оқытудың міндеттері:

Студент білу керек:

- берілген сұрақтарға сөздік қорды пайдаланып дұрыс жауап беру;

- тақырып бойынша өз ойын дұрыс жүйелі түрде жаза білу;

Студент істей білуі керек:

- жұмыс істеу барысында тапсырмаларды толық, тиянақты орындау;

- қабылдаған мәліметті қорытындылау.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Нәресте.

2. Нәрестені күту.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері: ақпараттық әдіс, түсіндіру әдісі, жаттығу әдісі.

Жаңа сөздерді орыс тіліне аударыңыз.

Күту,нәресте, екпе, жаялық, қалыпты, сергек, аптабойы, сарғыш, кіндік, шомылу, ішінің кебуі, ұқалау, созу, есінеу, керілу, кекіру, ықылықтау, құсу, нәжіс..

Нәресте және оны күту

Кіндік кесілгеннен кейін оның түбірі қалады. Кіндік жарасы оңай қабынады. Бірақ мұның алдын алу аса қиын емес. Кіндігі түспей тұрып нәрестені таза сумен шомылдыруға болады. Кіндікке қол тигізбестен бұрын қолыңызды жақсылап тазалап жуыңыз! Қайнап, суыған сумен ылғалданғанмақтамен кіндікті күн сайын тазартқаныңыз жөн. Кіндікті құрғақ ұстаңыз. Ол 3 – 7 күннен кейін қарайып, өзінен-өзі түсіп қалады. Егер жара қызарып, іріңдеп, жағымсыз иіс шығара бастаса,бұл оған инфекция түсті деген сөз. Баланы дереу дәрігерге көрсету керек.

Туылғаннан кейін бірнеше апта бойы нәрестенің көзінен көбіне сарғыш шырыш бөлініп тұрады. Оны қайнап, суыған суға малынған немесе емшектен аздап сүт тамызған мақтамен жайлап тазалауға болады. Ал егер көз іріңдеумен қатар қызарып, ісіп жатса, дәрігерге қарату керек.

Көптеген нәрестелердің денесі туылғаннан бір тәуліктен кейін сарғыштанып кетеді. Бұл қалыпты жағдай, оған арнайы емнің қажеті жоқ. Тек жиірек, 2 – 3 сағат сайын емізіп, күннің сейілген жарығымен сәулелендіріңіз. Әдетте сарғыштық 3–6 күннен кейін өздігінен басылады. Бірақ емшек еметін нәрестелерде ол одан да көбірек уақытқа сақталуы мүмкін.Нәресте сергек, емуі дұрыс, күніне 3 – 4 рет кіші дәретке, 1 – 2 күнде бір рет үлкен дәретке отыратын болса, алаңдамауға да болады. Ал егер сарғыштық күшейе түсіп, бір аптадан кейін де басылмай тұра берсе немесе туылғаннан кейінгі 24 сағат өтпей тұрып-ақ пайда болса, дереу дәрігермен байланысыңыз.

Мәтін тапсырмалары:

1-тапсырма.Мәтінді түсініп оқып мазмұндаңыз.

2-тапсырма. Нәресте және оны күтуге қатысты ақыл - кеңес жазыңыз.

3-тапсырма.Сурет бойынша әңгіме құрастырыңыз.

1-жаттығу.Сөздерді орыс тіліне аударыңыз.

Нәресте, екпе, жаялық, қалыпты, сергек, апта бойы, сарғыш, кіндік, шомылу, ішінің кебуі, ұқалау, созу, есінеу, керілу, кекіру, ықылықтау, құсу, нәжісі, зәр шығаруы.

2-жаттығу. Мақал-мәтелдердің орыс тіліндегі баламасын беріп,мағынасын түсіндіріңіз.

Адам болатын бала алысқа қарайды.

***

Атың жаман болса, қырың кетер,

Балаң жаман болса, арың кетер.

***

Ат болатын құлынның бауыры жазық келер,

Адам болар баланың маңдайы жазық келер.

***

Асығу — баланың ісі, аттандыру — ананың ісі.

***

Артында қызы қалғанның — ісі қалғаны,

Ұлы қалғанның — өзі қалғаны.

***

3-жаттығу. Бесік жырын жаттаңыз.

Әй-әй бөпем, әй бөпем. Ән айтайын, бал бөпем. Ән тыңдағын келсе егер, Және айтайын, жан көкем…

Бөпем менің ай ма екен? Шекер ме екен, бал ма екен? Ойнақтап бір бәйгеден Озып келер тай ме екен?!

Тас бұлақтар тауда екен, Жас құрақтар сайда екен. Көлбең-көлбең ұшатын Көбелектр қайда екен?!

Қара қарға қарда екен. Жапалақтар жарда екен. Балпаң-балпаң басатын Балапандар қайда екен?!

Әй-әй бөпем, әй бөпем, Ұйықтадың ба, бал бөпем? Алдағанға көнетін Аңқау бөпе қайда екен?