Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тәж.нұсқ ОМФ жаңа Ж.С..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.6 Mб
Скачать

3. Оқытудың міндеттері:

  • Студент білу керек:

- сөйлем құрастыра білу;

- сабақтың тақырыбы бойынша мәтін мазмұнын;

- тақырып бойынша жаңа сөздерді

  • Студент істей білуі керек:

- сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айландыру

- мәтінді аудару, берілген тақырып аясында сұхбаттасу, мәтін

бойынша сұрақ құрастыру, сұрақтарға жауап беру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Сұрау мәнді сөйлем.

2.Сұраулы сөйлемдер жасалу жолдары.

3. Ұлттық қауіпсіздік

5. Сабақ беру және оқыту әдістері: ақпараттық әдіс, түсіндіру әдісі, жаттығу әдісі, ізденіс әдісі, жобалау әдісі

Сұрау мәнді сөйлем – біреуден жауап алу мақсатымен айтылатын сөйлем. Мысалы: Жиналысқа кім қатыспады?

Сұраулы сөйлемнің соңында (?) сұрау белгісі қойылады.

Сұраулы сөйлемдер мынадай жолдармен жасалады: а) Сөйлемде сұрау есімдігінің қолданылуы арқылы. Не үшін? ә) ма, ме, ба, бе, па, пе, ша,ше шылауларының қолдануы арқылы. Жерім жаман ба? б) ғой, қой, ау, еу шылауларының , ә, сірә сияқты оқшау сөздердің; болар, шығар, қайтеді, білемін деген көмекші сөздердің сұрау мәнінде қолданылуы арқылы: – Осы ғой алған жоспары?

–Иә,осы. в) Сұрау интонация арқылы. Япырай, ие бермей кетпесе?

Сұрау мәнді сөйлем. Кейде хабарлауға тиісті ой тікелей сұраулы сөйлем түрінде баяндалады. Оны риторикалық шешендік сұрақ дейміз:. Мысалы:

Күнде жақсы бола ма, бір қылығы жаққанға?

Ұлттық - национальный

Тұжырымдама - концепция

Қоғам құндылықтары – общественные ценности

Экономикалық қауіпсіздік – экономическая безопасность

Нарық – рынок

Көзқарас – взгляд

Шаралар жүйесі – система мероприятий

Қауымдық құрылымдар – общественные организации

Қаржы жағдайы – денежное состояние

Ұлттық қауіпсіздік ұғымының мазмұны.

Ұлттық қауіпсіздіктің тұжырымдамасы – жеке адам мен азаматтардың конституциялық құқықтарын, Қазақстан қоғамының құндылықтарын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі ресми қабылданған көзқарастар мен шаралар жүйесі.

Жеке адамның ,қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінің адамзат өрекениетінің даму жолындай ұзақ тарихы бар. Қауіпсіздік ұғымының өзі әр елде әрқилы ұғынылып тарихи кезеңдердің ауысуы барысында өзгеріп отырған. Кезеңде экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуі ету ісінде қауымдық құрылымдар зор рөл атқарды. Сол себепті қоғам мүшесінің қауіпсіздігі көбінесе адамдардың өзіне емес ,керісінше, оның өзін-өзі ұстаудың және бағынудың жетік ұйымдастырылған құрылымына қаншалықты кіріге алуына байланысты еді. Ұлттық қауіпсіздіктің ұғымын ақша – нарық қатынастары енгізген капиталистік экономиканың ,дамуы бұзды. Соның салдарынан адамның қауіпсіздігі оның өмір сүруіндегі қаржы жағдайымен белгілене бастады. Ақша мен меншік адам баласының нарықтың капиталистік экономика жағдайында өмір сүруін қауіпсіз етіп, оның жекелігі, тәуелсіздігі иллюзиясын дүниеге келтірді. Адам баласы одан әрі өз қауіпсіздігінің шарты ретінде ғылым мен технологияларға арқа сүйей бастады. Алайда философ Джон Локк айтқандай, адам баласы табиғат күштерінің алдында осал күйінде қала беретін болса, оның қауіпсіздігіне де ешқашан кепілдік берілмейді. Жалпы қабылданған тұжырым бойынша қауіпсіздік-белгілі бір нысанның сыртқы және ішкі қатер әсерінен қорғана білу ахуалы. Бұл орайда көптеген зерттеушілер қауіпсіздік ұғымын неғұрлым кең мағынада “қолмен ұстауға келмейтін бейматериалдық және нақты дүниедегі әртүрлі нысандардың өмір сүру қабілетінің, өмірге бейімделе білуінің интегралдық пішіні түріндегі философиялық категория деп қарауға бейім.

Осы айқындаманы тірек ете отырып, ресейлік ғалымдар қорғана білу ахуалы, әлеуметтік ағзаның қоршаған ортадағы өзгерістерге икемді түрде үн қата білу қасиеті болып табылады, ал өмір сүру қабілетінің дәрежесі мынандай параметрлермен: өзіне-өзі жеткіліктілігімен, әлеуетімен (иммунитет) өзінің өмірлік маңызды мүдделерін белгілеп, соларды жүзеге асыру мақсатында әрекет ету қабілетімен айқындалады деп есептейді.

Мәтінге тапсырмалар:

1-тапсырма. Мәтінді оқыңып аударыңыз.

2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

а.Ұлттық қауіпсіздіктің тұжырымдамасы дегеніміз не?

ә.Ұлттық қауіпсіздіктің ұғымының дамуын не бұзды?

б.Ұлттық қауіпсіздік туралы философ Джон Локк не деді?

в.Ресейлік ғалымдар қорғана білу туралы не деді?

3-тапсырма. Мәтінге жоспар құрыңыз.

1-жаттығу.Төмендегі сөздерді пайдаланып, сөйлем құрыңыз.

Ұлттық қауіпсіздік, құқық қорғау, тұжырымдама, конституциялық құқықтар,адамзат

өрекениеті, экономикалық қауіпсіздік.

2-жаттығу. Сөйлемдеріңізді сұраулы сөйлемге айналдырыңыз.

3-жаттығу. «Менің құқықтарым» деген тақырыпта сұхбат құрастырып жазыңыз.