Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тәж.нұсқ ОМФ жаңа Ж.С..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.6 Mб
Скачать

6. Әдебиет:

  1. Бекітілген терминдер сөздігі (15 мынға жуық термин): словарь–

Алматы: Дайк-Пресс, 2009. - 328 б.

  1. Исакова С. С.

Қазақ тілін үйренейік [Медицина саласы қызметкерлеріне аранлған оқу құралы]. Жалғастырушы деңгей / С. С.Исакова - Алматы: Алаш, 2010. - 248 б.

  1. Ермекова, Күпән.

Танымгер 1: Изучаем казахский легко! Учебное пособие / К. Ермекова. - Алматы: Мектеп, 2009. - 191 б.

  1. Қазақ тілін оқыту методикасы / С Рахметова. - Алматы: Ана тілі, 2011. - 184 б. сур.

  2. Қазақ тілінің стилистикасы: учебник / М. Балақаев, Е. Жанпейісов, М. Томанов. - Алматы, 2010. - 255 б.

  3. Құрманбаева, Шынар.

Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені / Ш. Курманбаева, С. Болатов - Алматы: Қазығұрт, 2010. - 136 б.

  1. Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013.- 166 б.

  2. Сәлім, Е. Қ.

Жоғары кәсіби қазақ тілі: учебное пособие. Медициналық және

фармацевтикалық факультет студенттеріне арналған / Е. Қ. Сәлім, Ғ. Д. Оразымбетова, Г.Т.Тастанбекова -Караганд: ЖК Ақ Нұр, 2013. - 150 б.

  1. Суатай С.Қ. Ісқағаздарымен жұмыс. Оқу құралы.-Қарағанды: ЖК

«Ақнұр баспасы», 2013-98 с.

  1. Шәкенов Ж.

Қазақ тіліндегі күрделі сөздер мен күрделі тұлғалар / Ж. Шакенов. -

Алматы: Ана тілі, 2010. - 120 б.

7. Бақылау: Тест.

1. Тақырып №17, атауы: Тірек- қимыл жүйесі.

2. Мақсаты: Лексикалық тақырыптарды пайдаланып, сөздік қорын молайту,тілдік дағдыларды шыңдау, салалық терминдер ұғымын түсініп қолдану.

3. Оқытудың міндеттері:

Студент білу керек:

- Тірек- қимыл жүйесін;

- сабақтың тақырыбы бойынша мәтін мазмұнын;

- тақырып бойынша жаңа сөздерді.

Студент істей білуі керек:

- мәтінді аудару, мазмұндау, берілген тақырып аясында сұхбаттасу,

- мәтін бойынша сұрақ құрастыру, сұрақтарға жауап беру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Тірек- қимыл жүйесі.

2. Тірек- қимыл жүйесінің қызметі.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері: түсіндіру әдісі, жаттығу әдісі, практикалық әдіс, ойын әдісі.

Сөздерді жаттаңыз.

Келтіру-приводить; придать; ввести

Буын қалтасы-суставная сумка

Сіңір-сухожилие

Омыртқа жотасы-позвоночный столб

Иық белдеуі-плечевой пояс

Жамбас-тазовая кость

Өзіне тән ерекшелік-специфическая особенность

Икемделу-приспособиться

Жуан-толстый твердый

Мықты-крепкий;сильный; прочный

Бейімделу-адаптация; приспособиться

Жартылай-на половину; не полностью

Жілік-трубчатая кость

Қуыс-полоcть; пустота

Таяныш; тірек-опора

Иілімді-гибкий; пластичный; легко сгибаемый

Табан суйегі-кости стопы

Тірек-қимыл жүйесі.

Тірек-қимыл жүйесі (ТҚЖ) қаңқадан және бұлшықеттерден тұрады. Қаңқаның атқаратын қызметтері: қан жасау, қорғаныш ету, тірек болу. Тірек-қимыл жүйесінің өсуіне гипофиз гармоны соматотропин ықпал етеді.

Адам қаңқасында пішіні мен мөлшері және құрылысы бойынша ерекшеленетін екі жүзден астам сүйектер болады. Олардың барлығы дәнекер, сүйек түптектерінен (ұлпаларынан) құралады. Сүйек түптегінің химиялық құрамы ағзалық (12% оссеин нәруызы) және минералды заттардан (Са, Мg, Р тұздары - 22%) тұрады. Ағзалық заттар сүйекке - серпінділік, ал минералды заттар (тұздар) қаттылық береді. Сондай-ақ сүйектің құрамындамайлар (15%) және су (50%) да облады.

Сүйектердің барлығы ұзындығы бойынша ұзын (қабырға, жамбас) және қысқа (омыртқалар, саусақ, башпайлар) болып бөлінеді. Құрылысы бойынша барлық сүйектер түтікті (ортан жілік, саусақ башпайлары) және жалпақ қабырғалар, жауырын) болып келеді. Түтікті сүйектің сыртқы кұрылысы буын түзетін сүйектерде «дене» және «бас- кішкене бас» болып бөлінеді. Сүйек денесі сүйекқаппен қапталған, сүйекқаптың жасушалары есебінен сүйектің ішкі қабаты жуандап өседі. Сүйекқаптың астында тығыз, тұтас зат болады, қуыстың ішін сары сүйек кемігі - май тәрізді зат толтырады. Сүйектің кішкене басын тегіс гиалинді шеміршек қаптап, буындардағы үйкелісті және түтікті сүйектердің ұзынынан өсуін кемітеді. Сүйектің басында кеуекті зат болады. Түтікті сүйектер дегеніміз - бұл қол-аяқ (білек, шынтақ, көрі жілік немесе қар жілік, ортан жілік, асықты жілік сүйектері) және саусақ башпайлардың ұзын сүйектері. Қалған сүйектердің барлығы (немесе жарым-жартылай қуысты) сүйектер болып саналады. Олардың барлығының сыртын сүйекқап қаптап, соның есебінен барлық бағытта сүйек өседі. Сүйектің ішкі жағы сүйектің қызыл кемігі- ағзаға толы болады, қан жасушаларының барлығы сол ағзада түзіледі. Сүйектердің барлығы тек қана балаларда сүйектің қызыл кемігіне толы болады да, ересектерде сүйек тек қуыс болып келеді.

1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

2-тапсырма.Сұрақтарға жауап беріңіз

1.Тірек- қимыл жүйесін нелер құрайды?

2.Түтікті сүйектерге нелер жатады?

3.Жалпақ сүйектерге нелер жатады?

4.Сүйек байланысының неше түрі бар?

3-тапсырма. Тақырып бойынша сұхбат құрастырыңыз.

1-жаттығу. «Сүйек» сөзін етістіктермен байланыстырыңыз. Мысалы: Сүйегі сынды.

2-жаттығу. «Сүйектерімізден» сөзінен бірнеше сөздер құрастырыңыз.

3-жаттығу. «Тірек-қимыл жүйесі» тақырыбына дәрігер мен науқас арасыда жағдаят құрастырыңыз.