Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тәж.нұсқ ОМФ жаңа Ж.С..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.6 Mб
Скачать

6. Әдебиет:

  1. Бекітілген терминдер сөздігі (15 мынға жуық термин): словарь–

Алматы: Дайк-Пресс, 2009. - 328 б.

  1. Исакова С. С.

Қазақ тілін үйренейік [Медицина саласы қызметкерлеріне аранлған оқу құралы]. Жалғастырушы деңгей / С. С.Исакова - Алматы: Алаш, 2010. - 248 б.

  1. Ермекова, Күпән.

Танымгер 1: Изучаем казахский легко! Учебное пособие / К. Ермекова. - Алматы: Мектеп, 2009. - 191 б.

  1. Қазақ тілін оқыту методикасы / С Рахметова. - Алматы: Ана тілі, 2011. - 184 б. сур.

  2. Қазақ тілінің стилистикасы: учебник / М. Балақаев, Е. Жанпейісов, М. Томанов. - Алматы, 2010. - 255 б.

  3. Құрманбаева, Шынар.

Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені / Ш. Курманбаева, С. Болатов - Алматы: Қазығұрт, 2010. - 136 б.

  1. Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013.- 166 б.

  2. Сәлім, Е. Қ. Жоғары кәсіби қазақ тілі: учебное пособие. Медициналық және

фармацевтикалық факультет студенттеріне арналған / Е. Қ. Сәлім, Ғ. Д. Оразымбетова, Г.Т.Тастанбекова -Караганд: ЖК Ақ Нұр, 2013. - 150 б.

  1. Суатай С.Қ. Ісқағаздарымен жұмыс. Оқу құралы.-Қарағанды: ЖК

«Ақнұр баспасы», 2013-98 с.

  1. Шәкенов Ж. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер мен күрделі тұлғалар / Ж. Шакенов. -

Алматы: Ана тілі, 2010. - 120 б.

7. Бақылау: Тест.

1. Тақырып №16, атауы: Зәр шығару жүйесі

2. Мақсаты: Лексикалық тақырыптарды пайдалана отырып, сауатты жазуға дағдыландыру, сөздік қорын молайту, жазба жұмыстарын орындау.

3. Оқытудың міндеттері:

Студент білу керек:

- зәр шығару жүйесі.

- сабақтың тақырыбы бойынша мәтін мазмұнын;

- тақырып бойынша жаңа сөздерді.

Студент істей білуі керек:

- мәтінді аудару, мазмұндау, берілген тақырып аясында сұхбаттасу,

- мәтін бойынша сұрақ құрастыру, сұрақтарға жауап беру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Зәр шығару жүйесі.

2. Зәр шығару жүйесінің қызметі.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері: жаттығу әдісі, практикалық әдіс, ойын әдісі.

Сөздерді жаттаңыз.

зәр-кіші дәрет – моча

несеп ағар – мочеточник

несеп шығару-мочеиспускание

шат-спайка тазовых костей

жатыр-матка

қуық-мочевой пузырь

түтік-труба

шыжың-недержание мочи ночью

қуықтың қабынуы-цистит

бүйректің қабынуы-нефрит

жыныс қатынасы-половое отношение

бел-поясница

құрысу-судорга

ІІ. Зәр шығару жүйесі.

Зәр шығару жүйесі адам ағзасындағы артық суды, тұздарды, зат алмасудан пайда болған қажетсіз заттарды сыртқа шығару қызметін атқарады. Зәрдің түзілуі – өте күрделі процесс. Ересек адам тәулігіне 1000-1800мг түзеді. Зәр шығару мүшелері екі безден және несепті жинап шығаруға арналған мүшелерден тұрады. Несеп қаннан түзіледі. Несептің құрамында 2-4 % құрғақ зат және қалғаны су болады. Несеп түзу қызметін бүйрек атқарады. Бүйректер құрсақ қуысында жоғары бел омыртқалар тұсында орналасқан. Бүйрек жұп мүше, салмағы 120-200г. Бүйректің негізгі морфофункциялық құрылымы – нефрон. Әрбір бүйректе 1 млн-ға жуық нефрон бар. Оң жақ бүйрек сол жақ бүйректен 1-2 см төмендеу болады. Бүйрекке енген қан құрамынан зәр бөліну прцесі жүреді. Сондай-ақ бүйрек ыдырау процесі пайда болған керексіз заттарды ағзадан шығарып, қанды тұрақты жағдайға келтіріп отырады.

Несеп ағардың ұзындығы 30см, ол бүйрек түбегінен басталып, төмен қарай жүре отырып, қуыққа келіп жалғасады.

Қуық – зәрдің уақытша жиналып тұратын мүшесі. Ол жамбас қуысында шат сүйегінің артында орналасқан. Қуықтың пішіні жалпы оның созылуына, толуына, тік ішек пен жатырдың көлеміне қарай өзгеріп отырады. Қуықтың түбінен несеп каналы басталады.

Несеп каналы – қуықтың зәр шығаратын түтігі.Зәр шығару жүйесі жыныс аппараттарымен морфологиялық және физиологиялық жағынан тығыз байланысты.

Зәр шығару мүшелерінің қабынуына, қызметінің бұзылуына, зәрдің дұрыс жүрмеуіне т.б. себептерге байланысты ауру түрі әр түрлі болады. Зәр шығару мүшелері ауруларына: қуықтың қабынуы, шыжың, бүйректің қабынуы, несептің жоқтығы, үрпінің қабынуы т.б. жатады.

1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

2-тапсырма.Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Зәр шығару мүшелерінің қандай ауруларын білесіз?

2. Бүйректің қабынуы қандай ауру?

3. Бүйрек қай жердеорналасқан?

4. Бүйрек қандай қызмет атқарады?

5. Бүйректе не түзіледі?

6. Несепағардың ұзындығы, диаметрі қанша?

7. Қуықтың пішіні, сыйымдылығы қандай?

3-тапсырма. Сұрақ-жауап. Науқастың жауаптарын дайындаңыз.

1.  – Қай  жеріңіз  ауырады?

 - ...  

2.  – Дене қызуыңыз бар ма?

     -  ...

3.  – Ауру кенеттен басталды ма, әлде көптен бері ауырасыз ба?

     - ...

4.  – Беліңіз қалай ауырады, сыздап ауыра ма, әлде батып ауыра ма?

     - ... 

5.  – Зәріңіздің түсі өзгере ме?

     - ... 

6.  – Басыңыз ауыра ма?

     - ... 

7.  – Әлсіздік сезінесіз бе?

     - ... 

8.  – Бетіңізде, денеңізде ісік пайда болған жоқ па?

1-жаттығу. Сөйлемдердегі көп нүктенің орнына қажетті септік жалғауларын жалғап, жазыңыз.

1. Несеп ... лейкоциттер, бактериялар көбейеді. 2. Науқас ... халі нашарлайды. 3. Несеп... зерттегенде өзгеріс байқалады. 4. Жедел пиелонефрит ... диогнозын ерте қоюдың маңызы бар. 5. Ауру ... белгілері: бел ауруы, қызуы ... көтерілуі. 6. 10-14 күн ... кейін препараттар... ауыстыру керек. 7. Пиелонефрит – бүйрек... ең жиі кездесетін ауруы.

2-жаттығу. Көп нүктенің орнына төмендегі берілген сөздерді пайдаланып, толықтырып жазыңыз.

1. Пиелонефрит - бүйрек ... қабынуы. 2. Бұған несеп жолдарының ... мен бұзылуы, қысылуы және несептің жүруін бұзатын  басқа да ... әсер етеді. 3. Бұл бүйректің ең жиі ... ауруы. 4. Жедел  пиелонефрит ... басталады. 5. Негізгі ... – белдің сыздап ауруы. 6. Науқастың дене қызуы ... .

(Қажетті сөздер: шағымы, кездесетін, көтеріледі, кенеттен, түбегінің, ұлпасының, себептер, тарылуы).

3-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз.

  1. Одно из заболевании мочевыделительной системы – воспаление мочевого пузыря. 2. Часто это заболевание развивается из-за внедрения микробов в мочевой пузырь. 3. Микробы попадают  в мочевой пузырь после заболевании мочеточника и половых органов, гниения почек. 4. Повреждение слизистой оболочки, при осмотре медицинскими инструментами (цитоскопия) мочевого пузыря, наличие камней в мочевом пузыре, сильная простуда и другие факторы могут привести к заболеваниям мочевого пузыря.