Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тәж.нұсқ ОМФ жаңа Ж.С..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.6 Mб
Скачать

6. Әдебиет:

  1. Бекітілген терминдер сөздігі (15 мынға жуық термин): словарь–

Алматы: Дайк-Пресс, 2009. - 328 б.

  1. Исакова С. С.

Қазақ тілін үйренейік [Медицина саласы қызметкерлеріне аранлған оқу құралы]. Жалғастырушы деңгей / С. С.Исакова - Алматы: Алаш, 2010. - 248 б.

  1. Ермекова, Күпән.

Танымгер 1: Изучаем казахский легко! Учебное пособие / К. Ермекова. - Алматы: Мектеп, 2009. - 191 б.

  1. Қазақ тілін оқыту методикасы / С Рахметова. - Алматы: Ана тілі, 2011. - 184 б. сур.

  2. Қазақ тілінің стилистикасы: учебник / М. Балақаев, Е. Жанпейісов, М. Томанов. - Алматы, 2010. - 255 б.

  3. Құрманбаева, Шынар.

Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені / Ш. Курманбаева, С. Болатов - Алматы: Қазығұрт, 2010. - 136 б.

  1. Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013.- 166 б.

  2. Сәлім, Е. Қ.

Жоғары кәсіби қазақ тілі: учебное пособие. Медициналық және

фармацевтикалық факультет студенттеріне арналған / Е. Қ. Сәлім, Ғ. Д. Оразымбетова, Г.Т.Тастанбекова -Караганд: ЖК Ақ Нұр, 2013. - 150 б.

  1. Суатай С.Қ. Ісқағаздарымен жұмыс. Оқу құралы.-Қарағанды: ЖК

«Ақнұр баспасы», 2013-98 с.

  1. Шәкенов Ж.

Қазақ тіліндегі күрделі сөздер мен күрделі тұлғалар / Ж. Шакенов. -

Алматы: Ана тілі, 2010. - 120 б.

7. Бақылау: Тест.

1. Тақырып №14, атауы: Жүйке жүйесі.

2. Мақсаты: Жүйке жүйесітуралы мағлұмат беру,мәтінді пайдалана отырып, әңгіме-сұхбат құрғызу, қазақша сөйлеуге дағдыландыру.

3. Оқытудың міндеттері:

Студент білу керек:

- Жүйке жүйесін;

- сабақтың тақырыбы бойынша мәтін мазмұнын;

- тақырып бойынша жаңа сөздерді.

Студент істей білуі керек:

- мәтінді аудару, мазмұндау, берілген тақырып аясында сұхбаттасу,

- мәтін бойынша сұрақ құрастыру, сұрақтарға жауап беру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Жүйке жүйесі.

2. Жүйке жүйесінің қызметі.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері: ақпараттық әдіс, жаттығу әдісі, практикалық әдіс.

Кестедегі термин сөздерді аударыңыз.

Жүйке жүйесі.

Жүйке жүйесі мидан және жұлыннан құралады.Жүйке жүйесі мүшелердің жұмысын реттеп отырады және ағзаның біртұтастығын қамтамасыз етеді. Жүйке жүйесі арқылы адам өзінің айналасындағы ортаны танып, біліп, зерттеп және өзгертуге белсене араласып отырады.

Жүйке жүйесі орталық және аймақтық бөлім болып екіге бөлінеді. Орталық бөлім ми және жұлыннан құралады. Аймақтық бөлімге жүйкелер

мен жүйке түйіндері жатады.

Жұлын омыртқа жотасынын өзегіне орналасады. Оның диаметрі 1 см. Жұлынның ортасына сұйықтыққа толы жұлын өзегі болады. Жұлынның қызметін ми реттеп отырады. Жұлын негізінен рефлекстік және өткізгіштік қызмет атқарады.Жұлын зақымдалғанда өткізгіштік және рефлекстік қызметтері жойылып кетеді. Жұлын мен ми арасындағы байланыстар үзіледі.

Ми бас сүйек қуысында орналасады. Оның орташа салмағы 1300-1400г. Адамның миы 20 жасқа дейін өседі. Ми бес бөліктен тұрады: үлкен ми сыңарлары, аралық ми, ортанғы ми, мишық, сопақша ми. Бұлардың атқаратын қызметі әр түрлі болғанымен, бір-бірімен тығыз байланысты.

Жүйке жүйесінің бір бөлігі қанқа бұлшық еттерінің қызметін реттейді, ол соматикалық жүйке жүйесі деп аталады. Соматикалық жүйке жүйесі арқылы адам іс - әрекетті меңгереді, яғни өз еркімен қимылдайды немесе қозғалысты тоқтатады. Жүйке жүйесінің бір бөлігі ішкі мүшелердің жұмысын реттейді, ол автономиялық жүйке жүйесі деп аталады. Автономиялық жүйке жүйесінің қызметі адам еркіне бағынбайды. Мысалы, жүректі тоқтатуға, астың қорытылуын тездетуге болмайды.

1-тапсырма.Мәтінді оқып, аударыңыз.

2-тапсырма.Сұрақтар бойынша мәтінді мазмұндаңыз.

1. Жүйке жүйесі қандай қызмет атқарады?

2. Жүйке жүйесі нешеге бөлінеді?

3. Жұлын қайда орналасқан?

4. Жұлын қандай қызмет атқарады?

5. Жұлынның диаметрі қанша?

6. Жұлын мен ми арасындағы байланыс қай кезде үзіледі?

7. Ми қайда орналасқан?

8. Соматикалық жүйке жүйесі қандай қызмет атқарады?

9. Автономиялық жүйке жүйесі қандай қызмет атқарады?

3-тапсырма.Суреттегі термин сөздерді аударып,сұхбат әзірлеңіз.

1-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз.

Деятельность нервной системы. К периферическому отделу относятся нервы и нервные углы. Часть нервной системы. Посредством соматической нервной системы. Деятельность внутренних органов. Регулирует работу скелетных мышц. Рефлекторная функция спинного мозга. Связь между спинным и головным мозгом. Обеспечивает работу органов. Спинной мозг расположен в позвоночном канале. Работа автономной нервной системы. Ускорить процесс пищеварения.

2-жаттығу. Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз.

1. Кісі қатесіз болмас,

Көл бақасыз болмас.

2. Жұпарды жасыра алмайсың

3. Болған кісі, болдым демес,

Болдым десе, болғаны емес.

4. Дүниеде тас қатты,

Тастан бас қатты.

5. Адам құлақтан азады,

Қаңқудан тозады.

6. Жігіттің құны — жүз жылқы,

Ары — мың жылқы.

7. Адаспаймын деген жігіт,

Талтүсте адасады.

3-жаттығу.Сөйлемдерді толықтырыңыз.

Жүйке жүйесі ... және ... бөлім болып екіге бөлінеді. Орталық бөлім ... және... құралады. Аймақтық бөлімге... мен жүйке түйіндері жатады.

Жұлын омыртқа жотасынын... орналасады. Оның диаметрі 1 см. Жұлынның ортасына ... толы жұлын өзегі болады. Жұлынның ... ми реттеп отырады. Жұлын негізінен ... және өткізгіштік қызмет атқарады.Жұлын зақымдалғанда ... және рефлекстік қызметтері жойылып кетеді. Жұлын мен ми арасындағы... үзіледі.

(Қажетті сөздер: орталық ,рефлекстік, аймақтық,өзегіне,сұйықтыққа,байланыстар, ми, жұлыннан , жүйкелер, қызметін, өткізгіштік).