Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тәж.нұсқ ОМФ жаңа Ж.С..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.6 Mб
Скачать

6. Әдебиет:

  1. Бекітілген терминдер сөздігі (15 мынға жуық термин): словарь–

Алматы: Дайк-Пресс, 2009. - 328 б.

  1. Исакова С. С.

Қазақ тілін үйренейік [Медицина саласы қызметкерлеріне аранлған оқу құралы]. Жалғастырушы деңгей / С. С.Исакова - Алматы: Алаш, 2010. - 248 б.

  1. Ермекова, Күпән.

Танымгер 1: Изучаем казахский легко! Учебное пособие / К. Ермекова. - Алматы: Мектеп, 2009. - 191 б.

  1. Қазақ тілін оқыту методикасы / С Рахметова. - Алматы: Ана тілі, 2011. - 184 б. сур.

  2. Қазақ тілінің стилистикасы: учебник / М. Балақаев, Е. Жанпейісов, М. Томанов. - Алматы, 2010. - 255 б.

  3. Құрманбаева, Шынар.

Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені / Ш. Курманбаева, С. Болатов - Алматы: Қазығұрт, 2010. - 136 б.

  1. Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013.- 166 б.

  2. Сәлім, Е. Қ. Жоғары кәсіби қазақ тілі: учебное пособие. Медициналық және

фармацевтикалық факультет студенттеріне арналған / Е. Қ. Сәлім, Ғ. Д. Оразымбетова, Г.Т.Тастанбекова -Караганд: ЖК Ақ Нұр, 2013. - 150 б.

  1. Суатай С.Қ. Ісқағаздарымен жұмыс. Оқу құралы.-Қарағанды: ЖК

«Ақнұр баспасы», 2013-98 с.

  1. Шәкенов Ж.

Қазақ тіліндегі күрделі сөздер мен күрделі тұлғалар / Ж. Шакенов. -

Алматы: Ана тілі, 2010. - 120 б.

7. Бақылау: Тест.

1. Тақырып №12, атауы: Қан тамырлары.

2. Мақсаты: Лексикалық тақырыпты пайдалана отырып, кәсіби сөз мағыналары мен салалық терминдер ұғымын түсініп қолдану, сөздік қорын молайту.

3. Оқытудың міндеттері:

Студент білу керек:

- қан тамырларын;

- сабақтың тақырыбы бойынша мәтін мазмұнын;

- тақырып бойынша жаңа сөздерді.

Студент істей білуі керек:

- мәтінді аудару, мазмұндау, берілген тақырып аясында сұхбаттасу,

- мәтін бойынша сұрақ құрастыру, сұрақтарға жауап беру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Қан тамырлары.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері: түсіндіру әдісі, жаттығу әдісі.

1. Сөздерді жаттап, сөйлем құраңыз.

қаныққан – насыщенный

тарамдалу – разветвление

шамамен – приблизительно; примерно

серпімді – упругий

шақырым – километр

құяды–вливает

тасымалдайды–переносит

өтеді–протекает

айналады–циркулируется

көбейеді–увеличивается

сіңіреді–усваивается

торлайды–заволакивать

2. Қан тамырлары

Қан тамырлары (vasa sanguinea, лат. vasa — тамыр, sanguis — қан) — адам мен жануарлар ағзасының жүрек-тамырлар жүйесіне жататын, қабырғасы серпімді келген түтікше мүшелер. Қантамырлар ағзаны түгелдей торлап жатады. Қантамырлар: күре тамырлар (артериялар), көктамырлар (веналар) және қылтамырлар (капиллярлар) деп 3 топқа бөлінеді.

Күре тамыр (гр. arteria – қантамыр) - қанды жүректен мүшелер мен ұлпаларға тарататын қантамырлар тобы. Ең үлкен күре тамыр қолқа деп аталады. Күре тамыр жүректің сол құлақшасынан басталады. Онда қан жоғары қысыммен ағады.Күре тамырдың қабырғасы қалың, мықты және серпімді болады. Күре тамырлар бұлшық етке батыңқырап орналасады да, тарамдалып қыл тамырларға бөлінеді, қыл тамырлар арқылы зат алмасу әрекетіне қатысады.

Қылтамырлар (капилляр), лат. capillaris - шаш тәрізді қылдай деген ұғым береді, адам шашынан 50 есе жіңішке. Олар дененің барлық мүшелері мен ұлпаларын торлайды. Адам ағзасында 150 млд-тай қылтамыр бар. Қыл тамырлардың бәрін қосқанда жалпы ұзындығы 100 000 шақырымға дейін жетеді. Қылтамырлардың қабырғасы өте жұка, эпителий жасушаларынан түзілген бір қабаттан тұрады.Қыл тамырлар қабырғасы арқылы оттегін ұлпаға, жасушаларға тасып, олардан көмірқышқыл газын сіңіреді.Сондықтан қанның құрамында оттегі азаяды да, көмір қышқыл газы көбейеді. Қанның түсі өзгеріп, көк тамыр қанына айналады. Қан қыл тамырдан көк тамырға өтедіде, одан соң жүректің оң жақ құлақшасына келіп құяды.

Көк тамыр (лат. vena - қантамыр, сіңір) — мүшелер мен ұлпалардан көмірқышқыл газына, зат алмасу өнімдеріне, гормондарға және т. б. қаныққан қанды жүрекке тасымалдайды. Көк тамырда қан қысымы төмен, оттегі аз, көмір қышқыл газы көп болады.

1-тапсырма. Мәтінді оқып аударыңыз, мәтін бойынша сұрақтар әзірлеңіз.

2-тапсырма.Сөз тіркестерін пайдаланып дәрігерлік кеңес жазыңыз.

Күре тамыр, қылтамырлар, көк тамыр.

3-тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударып, мәтінге қосымша ақпарат ретінде пайдаланыңыз.

Кровь выполняет транспортную функцию. 2. Она приносит к клеткам всех органов питательные вещества и кислород. 3. Кровь обеспечивает защитные реакции организма от инфекций. В плазме находятся клетки крови – эритроциты, лейкоциты и тромбоциты. 5. Плазма в основном состоит из воды. 6. Вода составляет в плазме 90%, остальные 10% - это белки, жиры, глюкоза, минеральные соли и другие вещества. 7. В легких кровь освобождается от углекислого газа.

1 – жаттығу. Сөйлемдерді толықтырыңыз.

Оттегіне қаныққан алқызыл түсті қан ... тамырлармен ағады. ... тамыр жүректің сол құлақшасынан басталады. ... тамырлар оттегін ұлпаға, жасушаларға тасып, олардан көмірқышықыл газын сіңіреді. ... ... – жүректен шыққан қанды денеге тарататын тамыр. Денедегі қанды жүрекке қуатын тамыр - ... ... . Зат алмасу жүретін тамырлар - ... ... .

2 – жаттығу. Сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз.

Қан қысымы, бұлшық ет, тамырдың қабырғасы, зат алмасу, қан тамырлары, жүрек құлақшасы, қоректік заттар, қорғаныс қасиеті.

3 – жаттығу. Тамыр, қан сөздеріне қатысты сөздер мен тіркес сөздерді есіңізге сақтаңыз және сол сөздермен сөйлем құрыңыз.

Алпыс екі тамыры босады – елжіреп,мейірімі түсті, кескен жерінен қан шықпас – ұятсыз адам, бір ұрты май, бір ұрты қан – зұлым, екі жүзді.