Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тәж.нұсқ ОМФ жаңа Ж.С..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.6 Mб
Скачать

6. Әдебиеттер:

  1. Бекітілген терминдер сөздігі (15 мынға жуық термин): словарь–

Алматы: Дайк-Пресс, 2009. - 328 б.

  1. Исакова С. С.

Қазақ тілін үйренейік [Медицина саласы қызметкерлеріне аранлған оқу құралы]. Жалғастырушы деңгей / С. С.Исакова - Алматы: Алаш, 2010. - 248 б.

  1. Ермекова, Күпән.

Танымгер 1: Изучаем казахский легко! Учебное пособие / К. Ермекова. - Алматы: Мектеп, 2009. - 191 б.

  1. Қазақ тілін оқыту методикасы / С Рахметова. - Алматы: Ана тілі, 2011. - 184 б. сур.

  2. Қазақ тілінің стилистикасы: учебник / М. Балақаев, Е. Жанпейісов, М. Томанов. - Алматы, 2010. - 255 б.

  3. Құрманбаева, Шынар.

Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені / Ш. Курманбаева, С. Болатов - Алматы: Қазығұрт, 2010. - 136 б.

  1. Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013.- 166 б.

  2. Сәлім, Е. Қ.

Жоғары кәсіби қазақ тілі: учебное пособие. Медициналық және

фармацевтикалық факультет студенттеріне арналған / Е. Қ. Сәлім, Ғ. Д. Оразымбетова, Г.Т.Тастанбекова -Караганд: ЖК Ақ Нұр, 2013. - 150 б.

  1. Суатай С.Қ. Ісқағаздарымен жұмыс. Оқу құралы.-Қарағанды: ЖК

«Ақнұр баспасы», 2013-98 с.

  1. Шәкенов Ж.

Қазақ тіліндегі күрделі сөздер мен күрделі тұлғалар / Ж. Шакенов. -

Алматы: Ана тілі, 2010. - 120 б.

7.Бақылау.

1. Тақырып №6, атауы: Ғаламтор жүйесі .

2. Сабақтың мақсаты:Ғаламтордың пайдасы мен зияны туралы мағлұмат беру,

студенттердің ой-өрістерін, ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттыру.

3. Оқытудың міндеттері:

  • Студент білу керек:

- мәтін мазмұнын

- тақырып бойынша жаңа сөздерді

  • Студент істей білуі керек:

- мәтінді аудару, мазмұндау, берілген тақырып аясында сұхбаттасу, мәтін

бойынша сұрақ құрастыру, сұрақтарға жауап беру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

ғаламтор- интернет

желі- сеть

электрондық почта- электронная почта

қолайлы- удобный

ақпарат- информация

туындайды- возникает

қызықтыратын- привлекающий

мүмкіндік – возможность

қажетті- необходимый

мәселелер- проблемы, вопросы

5. Сабақ беру және оқыту әдістері: ақпараттық әдіс, түсіндіру әдісі, ізденіс әдісі, жобалау әдісі

Ғаламтор жүйесі

ХХІ ғасыр –компьютер заманы. Ғаламтор - тиімді байланыс құралы. Ғаламтордың арқасына қазіргі ел орталығы мен шет аймақтар арасына алшақтық жойыла түсуде.Ғаламтор - бүкіл ғаламдық тор, әлемдегі компьютерлік желілерді бір - бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі. Қазіргі уақытта кез келген ақпараттық технологияның жаппай техникалық компоненті компьютер болып табылатыны белгілі. Компьютерлік телекоммуникацияны пайдалану – алыстағы компьютермен диалогтық режимде немесе электрондық почта режимде жұмыс істеуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Сондай - ақ, электрондық почта өте қолайлы және аса қымбат емес. Дегенмен, " Web-тен білгім келген нәрсе туралы, ақпарат таба аламын ба?"-деген сұрақ туындайды . Сол себепті бір жаққа телефон соғудан бұрын немесе кітапханаға барар алдында Web-тен ақпарат алады.

Адамдарды іздеу. Егер қажетті адамыңыздың қайда екенің білмесеңіз, оны қайда болмаса да сіз қазіргі уақытта тауып алу мүмкіндігіғңіз бар. Ол үшін сіз қызмет каталогын немесе телефон кітапшасын қолдана аласыз.

Компанияларды, өнімдерді немесе басқа да қызметтерді іздеу. Сары парақ (Yellow Page) атты жаңа каталог қызметі- сізді қызықтыратын мамандықтары бар компанияларды іздеуге мүмкіндік береді.

Зерттеу. Заң кенселері бұрын қажетті ақпарат үшін сағатына $8600 төлесе, қазір олар оны Интернет-тен өте аз бағаға ала алады. Жылжымайтын заттармен айналысатын фирмалар, олардың бағасын бағалау үшін Интернетке сай келетін демографиялық мәліметтерді пайдаланады.

Сапар. Үлкен, кіші қалалар, штаттар және бүкіл мемлекеттерді Web-те туристік және басқа да қажетті ақпараттардан табуға болады. Желіде сапар шегушілер ауа райы туралы мәліметтерді, транспорт қозғалысының уақыт кестесін немесе мұражайдың жұмыс уақыттары туралы мәліметтер ала алады.

Маркетинг және сауда. Мұнда бағдарламалық жабдықтарды шығарушы компаниялар өз өнімдерін сатып, желіде жаңа нұсқаларын ұсынады. Желі көмегімен басқа да түрлі өнімдер сатылады. Электронды кітап және грампластинка дүкендерді оперативті режимде істейді. Клиент өзіне қажетті мәліметті каталогтардан көре алады.

Денсаулық сақтау. Науқас адамдар мен дәрігерлер денсаулық сақтау облысындағы соңғы ашылған жаңалықтарды біліп отырады. Өз білімдерімен алмасып және медициналық мәселелерді шешуде бір-біріне көмектесіп отырады.

Мәтін тапсырмалары

1-тапсырма.Мәтінді оқып аударыңыз.

2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

Ғаламтор деген не?

Компьютермен қанша сағат жұмыс істейсіз?

Компьютерді не үшін қолданасыз?

Сіз интернетке тәуелдісіз бе?

Компьютер алдына ұзақ уақыт болғандықтан достарыңыз, туыстарыңызбен қатынасыңыз бұзылды ма?

3-тапсырма. Диаграмманы толтырып,әңгімелеңіз.

1-жаттығу.Сөйлемдер құраңыз.

Байланыс құралы, электрондық почта, мәліметтер, жаңалықтар, іздеу.

2-жаттығу.Ақпаратқа сүйене отырып, ғаламторға кіру ережесін жазыңыз.

1.Кесте бойынша кіріңіз. Қағазға бір апталық кесте сызып, ғаламторға белгілі бір уақытта кіріп, қай уақытта шығуды жазып қойыңыз. Бір апта бойы осы кесте ғана арқылы кіріңіз. Егер сіз ғаламторда көп уақыт отыруға үйреніп қалсаңыз, алғашқы күндері қиналасыз, бірақ уақыт өте үйреніп кетесіз.

2. Білім деңгейіңізді көтеріңіз. Үйіңізде бұрыннан оқығыңыз келіп жүрген кітаптар бар шығар. Соларды оқуға кірісіңіз. Википедияның орнына энциклопедия оқыңыз. Осылайша интернеттен алшақтап қана қоймай, өз біліміңізді де жетілдіресіз.

3. Керегіңізді жазып алыңыз. Егер ғаламторда сізге керек мәліметтер, жаңалықтар, кестелер, күнтізбелер және ойындар болса оларды қағазға жазып алыңыз. Есесіне сіз ғаламторға көп отырмайсыз, әрі уақытында басқа керек сайттарға кіруге пайдаланасыз.

4. Әуесқой болыңыз. Белгілі бір курстарға жазылыңыз. Өзіңізге ұнайтын спортпен, ән айтумен, би мен айналысыңыз. Достарыңмен киноға немесе концерттерге барыңыз, қызықты кітаптар оқыңыз. Интернет қолжетімді жерлерге барудан бас тартыңыз, мысалы, интернет-кафеге.

5. Отбасы көмегі. Үйдегілердің көмегіне жүгіңіз. Олардан ғаламторда артық уақыт отырғаныңызды көрсе, орнынан тұрғызып жіберуін өтініңіз. Мысалы: ғаламторда, компьютерді, тоқты өшіру сияқты.

6. Компьютерде отыру уақытын шектеңіз. Күніне осынша сағаттан осыншаға дейін отырамын деп арнайы уақыт тағайындаңыз. Аптасына қанша рет шығу керектігіне де кесте жасаңыз. Егер жұмысыңызды аяқтасаңыз, тез шығып кетуге тырысыңыз.

7. Достарыңызбен интернет арқылы сөйлескенше, кездесіп әңгімелесуге тырысыңыз. Әлеуметтік желілерге көп уақыт бөлмеуге тырысыңыз.

8. Таймер қолданыңыз. Компьютерге отырарда таймерді 30 минутқа қойып қойыңыз. Сигнал компьютер алдында қанша уақыт отырғаныңыз жайлы хабар беріп отырады.

9. Компьютер алдында тамақ жемеңіз. Ас үйге барып, тамақ ішу онлайн режимнен біраз уақытқа болса да босатады.

10. Шынай өмірде болыңыз. Ғаламтордың ішіндегі барлық нәрсе шын өмірде бар екенің ұмытпаңыз. Аң – құстарды көргіңіз келсе зоопаркке барыңыз. Футбол көргіңіз келсе стадионға барып көріңіз. Әншілерді көргіңіз келсе олардың концертіне барыңыз. Өз өміріңізді шынайы етіп өткізіңіз.

3-жаттығу.Мәтіннен түсінгендеріңізді кластерге сурет арқылы салыңыз.