Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тәж.нұсқ ОМФ жаңа Ж.С..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.6 Mб
Скачать

6. Әдебиеттер:

  1. Бекітілген терминдер сөздігі (15 мынға жуық термин): словарь–

Алматы: Дайк-Пресс, 2009. - 328 б.

  1. Исакова С. С.

Қазақ тілін үйренейік [Медицина саласы қызметкерлеріне аранлған оқу құралы]. Жалғастырушы деңгей / С. С.Исакова - Алматы: Алаш, 2010. - 248 б.

  1. Ермекова, Күпән.

Танымгер 1: Изучаем казахский легко! Учебное пособие / К. Ермекова. - Алматы: Мектеп, 2009. - 191 б.

  1. Қазақ тілін оқыту методикасы / С Рахметова. - Алматы: Ана тілі, 2011. - 184 б. сур.

  2. Қазақ тілінің стилистикасы: учебник / М. Балақаев, Е. Жанпейісов, М. Томанов. - Алматы, 2010. - 255 б.

  3. Құрманбаева, Шынар.

Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені / Ш. Курманбаева, С. Болатов - Алматы: Қазығұрт, 2010. - 136 б.

  1. Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013.- 166 б.

  2. Сәлім, Е. Қ.

Жоғары кәсіби қазақ тілі: учебное пособие. Медициналық және

фармацевтикалық факультет студенттеріне арналған / Е. Қ. Сәлім, Ғ. Д. Оразымбетова, Г.Т.Тастанбекова -Караганд: ЖК Ақ Нұр, 2013. - 150 б.

  1. Суатай С.Қ. Ісқағаздарымен жұмыс. Оқу құралы.-Қарағанды: ЖК

«Ақнұр баспасы», 2013-98 с.

  1. Шәкенов Ж.

Қазақ тіліндегі күрделі сөздер мен күрделі тұлғалар / Ж. Шакенов. -

Алматы: Ана тілі, 2010. - 120 б.

7. Бақылау:

1. Тақырып №2, атауы: Ұлттық мейрамдар.

2. Сабақтың мақсаты: Наурыз және қазақ халқының басқа да ұлттық мерекелері туралы жалпылама мәлімет бере отырып, мерекелердің маңызын ұғындыру. Ұлттық мерекелердің маңыздылығын түсіндіре отырып рухани тәрбие беру, имандылыққа тәрбиелеу, ұлттық дәстүрлерге құрметпен қарауға үйрету.

3. Оқытудың міндеттері:

  • Студент білу керек:

  • жаңа сөздерді,мәтін мазмұнын

  • Студент істей білуі керек:

- сөйлемдер құрастыру

- өз ойларын жеткізу

- тақырып бойынша сұрақ қойып, сұрақтарға жауап беру, әңгімелеу.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Ұлттық мейрамдар.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері: ақпараттық әдіс , жаттығу әдісі, ізденіс әдісі, жобалау әдісі

Ұлттық мейрамдар

Әр халықтың өзіне тән ұлттық салт – дәстүрлері мен ұлттық мәдениеті болады. Қазақ халқының да ертеден қалыптасқан өзіндік салт – дәстүрі және әдет – ғұрыптары ба. Әдет – ғұрыптар шаруашылық, дүниетанымдық, отбасылық, қоғамдық сияқты түрлі тармақтарға бөлінеді. Сондай мейрамдардың бірі - Наурыз мейрамы.

Наурыз - көне иран сөзі, қазақша мағынасы «Жаңа күн» дегенді білдіреді. Наурыздың 22 - сі қазақтар үшін жыл басы – жаңа жыл, күн мен түннің теңелетін уақыты. Сондықтан да Наурыз тойын – Ұлыстың ұлы күні деп атаған. «Ұлыс» деген сөз мемлекет, ел деген мағынаны білдіреді. Жер беті бусанып, қардың еріп, көктің шыға бастайтын бұл уақытты «жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер» шағы деп текке айтпаған. Мал төлдеп, қыстан қиналып шыққан халықтың аузы көкке тиіп, бір жасап қалады.Наурыз күні жұрт бар жақсыларын киіп, үлкен қуанышпен қарсы алады. Бір – біріне өкпелі адамдар барлық реніштерін ұмытып, құшақтасып, төс қағысып, көрісетін болған. Бір – біріне жақсы, игі тілектер айтып, ақ ниетпен бата беріскен. Тіпті, осы наурыз күні Орта Азия билеушілері зындандағы тұтқындарына да бостандық берген деседі. «Самарқанның көк тасы да жібиді» деген сөз содан қалса керек.

Наурыз күні жеті түрлі тағам қосылған наурыз көже дайындалады. Әр үйдің дастарқаны бұл күні наурыз көжемен бірге ұлттық тағамдарға толады. Ойын – сауық ұйымдастырылып, түрлі мерекелік шаралар өткізіледі.

Қазақстан КСРО құрамында болған кезде наурыз мейрамын тойлауға тыйым салынған. Еліміз тәуелсіздік алғаннан соң ғана бұл мерекені тойлауға қол жеткіздік.

Қазақ халқында той ұлттық ойынсыз, сайыстарсыз өтпейді. Бәйге, күрес, көкпар, қыз қуу, айтыс, жамбы ату сияқты ұлттық сайыстар өткізіледі.Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы, Наурыздың 22 – інде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп көктем келеді. Тіршілік басталады. Ол тіршілік арқауы – тамақ. Малының қыстан аман шығуы. Оның өсіп - өніп төлдеуі. Қазақ халқы үшін үлкен мейрам – жаңа жыл болып саналған. Жыл басы – Наурыз, Баба халқымыздың салтында, ойын – күлкінің көркімен сәні Жиренше, Қожанасыр, Алдаркөсе, Тазша бала болған.

Мәтін тапсырмалары

1-тапсырма.Мәтінді оқып аударыңыз.

2-тапсырма. Мәтінді бөліктерге бөліңіз.

3-тапсырма.Сұрақтарға жауап беріңіз.

а.“Ұлыстың ұлы күні” деп қандай күнді айтады?

ә.Наурыз мейрамы қалай тойланады?

б. Қазақтың қандай дәстүрлері ұлттық ойындарын білесіңдер?

в. Наурыз көже қанша тағамнан жасалады?

г. Наурыз күні қай күні тойлана?

1-жаттығу.Мәтіннен «наурыз», «ұлыс» сөздерінің түсіндірмесін жазыңыз.

2-жаттығу. Наурызға қатысты бата, тілек жазыңыз.

3-жаттығу. «Менің сүйікті мерекем» тақырыбына шығарма жазыңыз.