Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тәж.нұсқ ОМФ жаңа Ж.С..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.6 Mб
Скачать

3. Оқытудың міндеттері:

  • Студент білу керек:

- мерекелер туралы мәліметтерді

- жаңа сөздерді, мәтін мазмұнын

  • Студент істей білуі керек:

- мәтінді аудару, мазмұндау, берілген тақырып аясында сұхбаттасу, мәтін

бойынша сұрақ құрастыру, сұрақтарға жауап беру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Халықаралық,мемлекеттік атаулы күн, мерекелер.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері: ақпараттық әдіс, кейс әдісі, жаттығу әдісі, ізденіс әдісі

Сөздік

Мереке – праздник

Кәсіп – деятельность

Ресми – официально

Құрмет – уважение

Құттықау – поздравлять

Бірлік – единство

Оқиға – проишествие

Жеңіс күні – День Победы

Мереке күндер

Қазақстан Республикасының «Мерекелер туралы» Заңы бар. Еліміздегі мерекелік даталар тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді.

Қазақстанда ұлттық, мемлекеттік, кәсіби және басқа да мерекелер атап өтіледі.

Ұлттық мереке тарихи маңызы бар оқиғалардың құрметіне арналады. Олар – дәстүрлі түрде атап өтілетін ерекше мейрамдар. Бұл күндері ресми іс-шаралар өткізіліп, мәдениет және қоғам қайраткерлері, әскери шенділер мен құқық қорғау саласының қызметкерлері және басқа да азаматтар табысты еңбектері үшін мемлекеттік наградалармен марапатталады.

Еліміздегі ұлттық мереке – 16-17 желтоқсанда атап өтілетін Тәуелсіздік күні.

Мемлекеттік мерекелер – қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғаларға арналған мейрамдар. Мемлекеттік мерекелер тізіміне «Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні» мерекесі қосылды. Бұл мейрам желтоқсанның 1-і күні тойланды.

Мемлекеттік мерекелер мына күндері өткізіледі:

1-2 қаңтар – Жаңа жыл;

8 – Халықаралық әйелдер күні;

21-23 – Наурыз мейрамы;

1 мамыр -Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні;

9 мамыр – Жеңіс күні;

6 шілде – Астана күні;

30 тамыз – Қазақстан Республикасы Конституциясы күні.

Діни мейрамдар: Құрбан айт және Рождество мерекесі.

Бұл мерекелер әртүрлі уақыттарда тойланады.

Ал кәсіби және басқа да атаулы күндер мерекелік күндер ретінде атап өтіледі. Дәстүрлі қазақ қоғамының өмірінде мерекелердің алатын орны ерекше. Бұл күндері адамдар бір-бірін мерекемен құттықтап, мәдени орындарға барып демалады.

Мәтін тапсырмалары:

1-тапсырма. Мәтінді оқып, түсініңіздер.

2-тапсырма. Мәтінге жоспар құрыңыздар.

3-тапсырма. Мәтінді әңгімелеңіздер.

1-жаттығу. Қандай мереке тойланады?Кестені толтырыңыз.

1 қаңтар

22 наурыз

1 мамыр

9 мамыр

30 тамыз

16 желтоқсан

8 наурыз

2-жаттығу Қазақстан Республикасында аталып өтетін мереке күндерін мына топтарға бөліңіздер.

мемлекеттік

ТМД елдеріне ортақ

діни

халықаралық

3-жаттығу. Халықаралық,мемлекеттік атаулы күн, мереке жөнінде ақпарат жинап жазыңыз.