Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тәж.нұсқ ОМФ жаңа Ж.С..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.6 Mб
Скачать

6. Әдебиет:

  1. Бекітілген терминдер сөздігі (15 мынға жуық термин): словарь–

Алматы: Дайк-Пресс, 2009. - 328 б.

  1. Исакова С. С.

Қазақ тілін үйренейік [Медицина саласы қызметкерлеріне аранлған оқу құралы]. Жалғастырушы деңгей / С. С.Исакова - Алматы: Алаш, 2010. - 248 б.

  1. Ермекова, Күпән.

Танымгер 1: Изучаем казахский легко! Учебное пособие / К. Ермекова. - Алматы: Мектеп, 2009. - 191 б.

  1. Қазақ тілін оқыту методикасы / С Рахметова. - Алматы: Ана тілі, 2011. - 184 б. сур.

  2. Қазақ тілінің стилистикасы: учебник / М. Балақаев, Е. Жанпейісов, М. Томанов. - Алматы, 2010. - 255 б.

  3. Құрманбаева, Шынар.

Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені / Ш. Курманбаева, С. Болатов - Алматы: Қазығұрт, 2010. - 136 б.

  1. Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013.- 166 б.

  2. Сәлім, Е. Қ.

Жоғары кәсіби қазақ тілі: учебное пособие. Медициналық және

фармацевтикалық факультет студенттеріне арналған / Е. Қ. Сәлім, Ғ. Д. Оразымбетова, Г.Т.Тастанбекова -Караганд: ЖК Ақ Нұр, 2013. - 150 б.

  1. Суатай С.Қ. Ісқағаздарымен жұмыс. Оқу құралы.-Қарағанды: ЖК

«Ақнұр баспасы», 2013-98 с.

  1. Шәкенов Ж.

Қазақ тіліндегі күрделі сөздер мен күрделі тұлғалар / Ж. Шакенов. -

Алматы: Ана тілі, 2010. - 120 б.

7. Бақылау: Тест.

1. Тақырып №3, атауы: Бөгде сөз. Ел басқару жүйесі. Президент.

2. Сабақтың мақсаты: Бөгде сөз және оның түрлерімен таныстыра отырып, олардың

сөйлем ішінде дұрыс берілуін, тыныс белгілерінің дұрыс

қойылуын меңгерту. Студенттердің ойлау, сөйлеу қабілеттерін

арттыру.

3. Оқытудың міндеттері:

  • Студент білу керек:

- бөгде сөз туралы түсінік

-бөгде сөз және оның түрлері

- сабақтың тақырыбы бойынша мәтін мазмұнын;

- тақырып бойынша жаңа сөздерді

  • Студент істей білуі керек:

- бөгде сөздерді таба білу

- төл сөз бен төлеу сөздерді ажырату

- мәтінді аудару, мазмұндау, сұрақтарға жауап беру, сөйлемдерді толықтыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Бөгде сөз.

2. Бөгде сөз және оның түрлері.

3. Ел басқару жүйесі. Президент.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері: ақпараттық әдіс, түсіндіру әдісі, жаттығу әдісі, ізденіс әдісі, жобалау әдісі

1. Автор сөйлеген кезде немесе жазғанда өзі баяндап отырған оқиғаға, мәселеге байланысты басқа біреулердің пікірін,сөзін келтіреді. Мұндай келтірінді сөздер автор үшін бөгде сөз болады.

Бөгде сөздерді қолданудың түрлі тәсілдері болады:

§ Бөтен біреудің сөзі ешқандай өзгеріссіз, сөзбе-сөз алынады;

§ Ол азды-көпті өзгертіліп, грамматикалық тың формалар қосылып, не түсіріліп айтылады. Соған қарай бөгде сөз төл сөз бен төлеу сөз болып екіге бөлінеді.

2. Сөйлеуші не жазушы адам өз сөзінің ішінде басқа біреудің сөзін өзгертпей сол күйінде келтірсе, ондай сөйлемді төл сөзді сөйлем дейміз.

Мұнда басқа біреудің сөзі төл сөз болады да, сөйлеуші не жазушы адамның сөзі автор сөзі болады.

Төл сөз құрамы жағынан әр алуан болып келеді. Ол жеке бір сөз болуы да, бір сөйлем болуы да немесе әлденеше сөйлемдер тізбегінен құралған тұтас бір үзінді болуы да мүмкін.

Қандай құрамда айтылса да ол автор сөзімен байланысты болады. Бұл байланысты қамтамасыз ететін дәнекер –де ( деді, дейтін, деген, депті, деп, десе)етістігі.

3.Автор сөзі орналасуы жағынан да түрлі-түрлі болады:

1) Төл сөзден кейін автор сөзі келеді. Мұндай жағдайда олардың арасына де етістігі кекледі. Егер автор сөзі төл сөздің иесін атаумен ғана тынатын болса, де етістігі тиянақты формада айтылады: Мені қайда апарасыңдар, – деді Ботакөз.

2) Автор сөзінен кейін төл сөз келеді: өзара қатынасы тәуелсіз тұрады. Төл сөзден бұрын келетін автор сөзі кейде өзінен кейін төл сөздің келетінін білдірсе, соған нұсқап айтылады. Мұндай жағдайда автор сөзі ішінде мынау, былай, мынаны деген тәріздес сілтеу мәнді сөздер де болады.

3) Төл сөз автор сөзінің ортасында келеді. Қазақ тілі синтаксисінде көп қолданылатын, көне түрі.

4) Төл сөз – автор сөзі – төл сөз. Мұндай қолданыс әдеби тілімізде кейін қалыптасқан.

Автор біреудің айтқанын төл сөз күйінде бермей, өз тарапынан өзгеріске түсіріп те беруі мүмкін. Мұндайда біреудің айтқанының негізгі ойы сақталады да, оның өзіне тән басқа ерекшеліктері: ритмика- интонациялық бояуы өз тарапынан сөздер, қосымшалар қосып, грамматикалық кейбір формаларын өзгертіп пайдаланады.

басқару – управлять

жүйе – система

басшы – глава

бағыт – направление

айқындау – определять

құқық – права

бостандық – свобода

кепіл – гарантия

лауазым – должность

қудалану – преследовать

Президент.

Республика Президентi - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға.

Республика Президентi - халық пен мемлекеттік билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi.

Республика Президентi мемлекеттік билiктiң барлық тармағының келісіп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi.

Республика Президентiне халық пен мемлекеттiң атынан сөйлеу құқығы берiледi.

Республика Президентiне, оның абыройы мен қадiр-қасиетiне ешкiмнiң тиiсуiне болмайды. Республика Президентінің абыройы мен қадір-қасиетiне нұқсан келтiру заң бойынша қудаланады.

ҚР Президенті - Н.Ә.Назарбаев Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1990 жылғы 24 сәуірде Қазақ КСР Президенті лауазымын белгіледі. Нұрсұлтан Назарбаев Республиканың  Жоғарғы Кеңесі сессиясында Қазақстан тарихындағы тұңғыш Президент болып  сайланды. 1991 жылғы 1 желтоқсанда Республика Президентінің алғашқы бүкілхалықтық сайлауы өтіп, оның барысында Назарбаев сайлаушыларының толық қолдауына ие болды.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1991 жылғы 10 желтоқсанда Қазақ КСР атауын Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы заң қабылдады және Қазақстан  Президентін ұлықтау рәсімін өткізді. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Республиканың мемлекеттік тәуелсіздігін жария етті. Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз Қазақстан  Республикасының Президенті қызметіне кірісті. Тәуелсіз Қазақстанның жаңа дәуірі басталды. Ардақты ұлын ұлықтаған ұлағатты ұлтымыз айнымас басшысының еңбегін жоғары бағалады.

Қазақстан Республикасының қайта қабылданған Конституциялық заңы негізінде 2010 жылы 15 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Елбасы (Ұлт Көшбасшысы) мәртебесі берілді.

Мәтінге тапсырмалар:

1-тапсырма. Мәтінді оқып аударыңыз.

2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

а. Еліміздегі басқару жүйесі дегеніміз не?

ә. ҚР Президенті кім?

б. Қазақстан  Президентін ұлықтау рәсімі қашан өткізілді?

в. Президент қызметі қандай?

3-тапсырма. Сұрақтар негізінде мәтінді мазмұндаңыз.

1-жаттығу. Сөйлемдерді мәтін бойынша толықтырыңыз.

Республика Президентiне .... сөйлеу құқығы берiледi. Республика Президентiне ..... ешкiмнiң тиiсуiне болмайды. Қазақстан  Президентін .... рәсімі өткізілді. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі республиканың .... жария етті. Қазақстан Республикасының қайта қабылданған Конституциялық заңы негізінде 2010 жылы 15 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа .... мәртебесі берілді. Тәуелсіз Қазақстанның .... басталды.

2-жаттығу. Диаграмманы толықтырыңыз.

3-жаттығу. Бөгде сөз және оның түрлеріне мысалдар жазыңыз.