Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тәж.нұсқ ОМФ жаңа Ж.С..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.6 Mб
Скачать

6. Әдебиеттер:

  1. Бекітілген терминдер сөздігі (15 мынға жуық термин): словарь–

Алматы: Дайк-Пресс, 2009. - 328 б.

  1. Исакова С. С.

Қазақ тілін үйренейік [Медицина саласы қызметкерлеріне аранлған оқу құралы]. Жалғастырушы деңгей / С. С.Исакова - Алматы: Алаш, 2010. - 248 б.

  1. Ермекова, Күпән.

Танымгер 1: Изучаем казахский легко! Учебное пособие / К. Ермекова. - Алматы: Мектеп, 2009. - 191 б.

  1. Қазақ тілін оқыту методикасы / С Рахметова. - Алматы: Ана тілі, 2011. - 184 б. сур.

  2. Қазақ тілінің стилистикасы: учебник / М. Балақаев, Е. Жанпейісов, М. Томанов. - Алматы, 2010. - 255 б.

  3. Құрманбаева, Шынар.

Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені / Ш. Курманбаева, С. Болатов - Алматы: Қазығұрт, 2010. - 136 б.

  1. Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013.- 166 б.

  2. Сәлім, Е. Қ.

Жоғары кәсіби қазақ тілі: учебное пособие. Медициналық және

фармацевтикалық факультет студенттеріне арналған / Е. Қ. Сәлім, Ғ. Д. Оразымбетова, Г.Т.Тастанбекова -Караганд: ЖК Ақ Нұр, 2013. - 150 б.

  1. Суатай С.Қ. Ісқағаздарымен жұмыс. Оқу құралы.-Қарағанды: ЖК

«Ақнұр баспасы», 2013-98 с.

  1. Шәкенов Ж.

Қазақ тіліндегі күрделі сөздер мен күрделі тұлғалар / Ж. Шакенов. -

Алматы: Ана тілі, 2010. - 120 б.

7. Бақылау:

1. Тақырып №34, атауы: Туризм индустриясы.

2. Сабақтың мақсаты: Өз ойларын анық жеткізе білуге, сауатты

жазуға дағдыландыру, сөздік қорын молайту.

3. Оқытудың міндеттері:

  • Студент білу керек:

- жаңа сөздерді, мәтін мазмұнын

  • Студент істей білуі керек:

- мәтінді аудару, мазмұндау, сурет бойынша әңгімелеу, сұхбаттасу, сұрақтарға

жауап беру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары: 1. Туризм индустриясы.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері: ақпараттық әдіс, түсіндіру әдісі, жаттығу әдісі, ойын әдісі, жобалау әдісі

Бурабай туралы аңыз

Ескі аңыз-әңгіме бойынша Алла дүниені жаратқанда бір халыққа орман байлығын, біреуге ұлан ғайыр даланы және ірі өзендерді, енді біреулерге әдемі таулар мен көгілдір көлдерді берген екен. Қазаққа тек қана дала тиіпті. Оған өкпелі қазақтар жаратқанның өздеріне назар аударуын және таңғажайып табиғаттың бір бөлігін беруін сұрапты. Сонда Алла өзінің қоржынынан ерекше мүсінді тау мен тасты аймақты, көгілдір суымен сұлу көлді даланың ортасына төге салыпты. Бұл жер шалғынды, гүлдерге бай әсем жер жанаты. Тауларында әртүрлі ағаштар мен бұталар, құстар мен жыртқыштар мекендейді. Көлдерінде балығы тулап, шалғынында көбелектер мен шыбын-шіркейлері тіршілік етеді. Табиғаттың осы бір көркем де сұлу таңғажайып бұрышын қазақтар ежелден-ақ Бурабай деп атаған. Бұл бура деген сөзден шыққан (түйенің атауы).  Халық Көкшетау өңірінде өмір сүрген түйелер туралы да аңыз сақтап қалған. Ол тау етегінде жайылып жүріп жау әскерінің жақындағанын сезіп, халықтың басына төніп тұрған қауіпті өзінің түйеге тән даусымен халыққа ескертіп отырған. Осы аңызға сәйкес Көкшетау тауларының бірінде екі өркешті түйенің бейнесі сақталған. Жергілікті жердің биік шыңы – Көкшетау. Панорамалық көріністің бірі – оңтүстікке қарай орналасқан Бурабай тауы (690 м). Одан оңтүстікке қарай Шучье қыраты орналасқан, оның ең биік нүктесі «Жеке батыр» (826 м) деп аталады. 

Оқжетпес  Оқжетпес туралы мынадай аңыз бар екен:Қалмақ қызына Абылай ханның әскерлері «мен аламын» деп таласады. Сонда Абылай жауынгерлерін ренжітіп алмас үшін “Бұйырдым тұтқын қыздың қалауына” дейді. Тұтқын қыз жігіттердің өнерін сынау үшін үш шарт қояды. Біріншісі — Көкшенің ең биік шыңының басындағы найза ағашқа байланған шәйі орамалды атып түсіруі еді. Қыздан дәмелі хан батырларының барлығы да “шіреніп садақтарын шыңға кезегенімен” ешқайсысы сыннан өте алмайды. Шың содан кейін Оқжетпес аталыпты. Оқжетпестің дәл қарсысында, Бурабай көлінің ақ жазықты шығанағында, судың нақ ортасында тағы бір жартас Жұмбақтас тұр. Жұмбақтас десе жұмбақ тас.

Мәтін тапсырмалары

1 – тапсырма. Мәтінді оқыңыз.

2 – тапсырма. Жаңа сөздерге сөздік жасаңыз.

3 – тапсырма. Сурет бойынша мәтінді мазмұндап беріңіз.

1 – жаттығу.Сөз тіркестеімен сөйлем құрастырыңыз.

Әдемі таулар,таңғажайып табиғат,аңызға сәйкес, Шучье қыраты орналасқан.

2 – жаттығу. Мәтінді аударыңыз.

Все берега озера поросли хвойным лесом, отсюда название — Боровое.

Историческое название — Аулиеколь в перевод означает «Священное озеро».

Озеро имеет несколько небольших заливов. В северо-западном заливе находится скалистый остров Жумбактас («Сфинкс»), имеющий форму гриба и возвышающийся над водой на 20 м. На берегу этого залива расположена гора Окжетпес (дословно «не долетит стрела», другое неофициальное название «Слоник») высотой около 300 м. Озеро находится на территории Государственного Национального природного парка «Бурбарай».

Вода озера является лечебной, на восточном берегу расположен известный курорт Бурабай (Боровое), а также Музей природы (каз. Табиғат мұражайы).

3 – жаттығу.Қазақстанның көрікті бір жері туралы жазыңыз.