Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тәж.нұсқ ОМФ жаңа Ж.С..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.6 Mб
Скачать

6. Әдебиеттер:

  1. Бекітілген терминдер сөздігі (15 мынға жуық термин): словарь–

Алматы: Дайк-Пресс, 2009. - 328 б.

  1. Исакова С. С.

Қазақ тілін үйренейік [Медицина саласы қызметкерлеріне аранлған оқу құралы]. Жалғастырушы деңгей / С. С.Исакова - Алматы: Алаш, 2010. - 248 б.

  1. Ермекова, Күпән.

Танымгер 1: Изучаем казахский легко! Учебное пособие / К. Ермекова. - Алматы: Мектеп, 2009. - 191 б.

  1. Қазақ тілін оқыту методикасы / С Рахметова. - Алматы: Ана тілі, 2011. - 184 б. сур.

  2. Қазақ тілінің стилистикасы: учебник / М. Балақаев, Е. Жанпейісов, М. Томанов. - Алматы, 2010. - 255 б.

  3. Құрманбаева, Шынар.

Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені / Ш. Курманбаева, С. Болатов - Алматы: Қазығұрт, 2010. - 136 б.

  1. Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013.- 166 б.

  2. Сәлім, Е. Қ.

Жоғары кәсіби қазақ тілі: учебное пособие. Медициналық және

фармацевтикалық факультет студенттеріне арналған / Е. Қ. Сәлім, Ғ. Д. Оразымбетова, Г.Т.Тастанбекова -Караганд: ЖК Ақ Нұр, 2013. - 150 б.

  1. Суатай С.Қ. Ісқағаздарымен жұмыс. Оқу құралы.-Қарағанды: ЖК

«Ақнұр баспасы», 2013-98 с.

  1. Шәкенов Ж.

Қазақ тіліндегі күрделі сөздер мен күрделі тұлғалар / Ж. Шакенов. -

Алматы: Ана тілі, 2010. - 120 б.

7. Бақылау:

1. Тақырып №33, атауы: Көлік тасымалы- логистика. Байланыс.

2. Сабақтың мақсаты: Сөз мағынасын түсіне, әдеби тілде сөйлей білуге тәрбиелеу.

Сұрақтарға жауап беру арқылы студенттердің сөйлеу қабілеттерін арттыру.

3. Оқытудың міндеттері:

  • Студент білу керек:

  • жаңа сөздерді,мәтін мазмұнын

  • Студент істей білуі керек:

- өз ойларын жеткізу

- тақырып бойынша сұрақ қойып, сұрақтарға жауап беру, әңгімелеу.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Көлік тасымалы- логистика. Байланыс.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері: кейс әдісі, ізденіс әдісі, ойын әдісі, жобалау әдісі

Сөздік

тәжірибе – опыт

заман – век

мыңжылдық – тысячилетие

әскери – военное

патша – король

қаруландыру – вооружение

өлшеу – измерять

тәсіл - метод

тиімді – выгодное

қаржы – бюджет

ағым – течение

Логистика – бұл көне тарихы бар атау, ол ежелгі өркениет орталығы Грекияда пайда болған. Логистика түсінігі тікелей грек тілінен аударғанда «ойлау, есептеу өнері» деген ұғымды береді. Әйгілі грек математигі Архимедтің айтуынша біздің дәуірімізге дейінгі ІV ғасырда Афинада 10 логист болған екен. Олардың міндеттері есептеулерді жетік меңгерудің арқасында мемлекеттің қалыпты істеуіне қажетті қаражаттарды анықтау және сол қаражаттарға мемлекеттік бақылау жүргізу болған екен.

Кейіннен ежелгі Римде «логистер» деп азық-түлікті бөлумен айналысатын адамдарды айтқан. Біздің дәуіріміздің бірінші мыңжылдығында бірқатар елдердің әскери лексиконында логистиканы қарулы күштерді материалдық ресурстармен қамтамасыз ету және олардың қорын сақтау бойынша қызметпен байланыстырған. Мысалы, византийлік патша VІ Леон (б.д. 865-912ж.ж.) кезінде логистиканың міндеттеріне әскерді қаруландыру, оларды әскери мүлікпен қамтамасыз ету, олардың қажеттіліктерін уақтылы қарайластыру жатады деп есептеген.Логистика – қойылған мақсаттарға жету үшін микро-, мезо- немесе макроэкономикалық жүйелерді анықтауда мәліметтік және қаржылық ағымдармен байланысты қызмет көрсету ағымдарын, материалдық ағымдарды басқару мен тиімдету ғылымы.

Логистиканың мақсаты болып еңбектік және материалдық ресурстардың өз шығынына дәл уақытында жүктерді жеткізу табылады. Осы жағдайларды орындау үшін материалды ағымдарды жеделдетіп, магистральды көлікте өнеркәсіп пен оның шетіндегі объектілерде жүктерді араластырудың қажетті маршруттарын жоспарлауды, қоймалаудың тиімді жүйесін жүргізуді, тасымалдауды контейнерлеу мен пакеттеу, жүк бірліктерін, орам мен ыдысты рационализациялауда іс - шараларының кешенін жүзеге асырады.

Мәтін тапсырмалры

1- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыныздар.

2- тапсырма. Мәтінге сұрақ құрастырып, сұрақтар бойынша мазмұндап беріңіз.

3 тапсырма. Мәтінді аударыңыз.

1- жаттығу. Сөйлем құраңыз.

Халықаралық, тәсілдер, жүкті жеткізу, өркениет, грек тілі,логистикарың мақсаты.

2- жаттығу. Логистика жайында көршіңізбен сұхбат құрыңыз.

3- жаттығу. Логистикаға өз көзқарасыңызды жазыңыз.