Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тәж.нұсқ ОМФ жаңа Ж.С..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.6 Mб
Скачать

6. Әдебиеттер:

  1. Бекітілген терминдер сөздігі (15 мынға жуық термин): словарь–

Алматы: Дайк-Пресс, 2009. - 328 б.

  1. Исакова С. С.

Қазақ тілін үйренейік [Медицина саласы қызметкерлеріне аранлған оқу құралы]. Жалғастырушы деңгей / С. С.Исакова - Алматы: Алаш, 2010. - 248 б.

  1. Ермекова, Күпән.

Танымгер 1: Изучаем казахский легко! Учебное пособие / К. Ермекова. - Алматы: Мектеп, 2009. - 191 б.

  1. Қазақ тілін оқыту методикасы / С Рахметова. - Алматы: Ана тілі, 2011. - 184 б. сур.

  2. Қазақ тілінің стилистикасы: учебник / М. Балақаев, Е. Жанпейісов, М. Томанов. - Алматы, 2010. - 255 б.

  3. Құрманбаева, Шынар.

Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені / Ш. Курманбаева, С. Болатов - Алматы: Қазығұрт, 2010. - 136 б.

  1. Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі 2013.- 166 б.

  2. Сәлім, Е. Қ.

Жоғары кәсіби қазақ тілі: учебное пособие. Медициналық және

фармацевтикалық факультет студенттеріне арналған / Е. Қ. Сәлім, Ғ. Д. Оразымбетова, Г.Т.Тастанбекова -Караганд: ЖК Ақ Нұр, 2013. - 150 б.

  1. Суатай С.Қ. Ісқағаздарымен жұмыс. Оқу құралы.-Қарағанды: ЖК

«Ақнұр баспасы», 2013-98 с.

  1. Шәкенов Ж.

Қазақ тіліндегі күрделі сөздер мен күрделі тұлғалар / Ж. Шакенов. -

Алматы: Ана тілі, 2010. - 120 б.

7. Бақылау:

1. Тақырып №31, атауы: Көне және заманауи ескерткіштер.

2. Сабақтың мақсаты: Студенттердің ойлау белсенділігін, ой-өрісін арттыру, сөздік

қорын молайту, шығармашылыққа баулу.Елін, жерін

сүюге,мақтан тұтуға тәрбиелеу.

3. Оқытудың міндеттері:

  • Студент білу керек:

-өз ойын жеткізе білу

- жаңа сөздерді, мәтін мазмұнын

  • Студент істей білуі керек:

- мәтінді аудару, мазмұндау, берілген тақырып аясында сұхбаттасу.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Көне және заманауи ескерткіштер.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері: ақпараттық әдіс, ізденіс әдісі, ойын әдісі, жобалау әдісі

Бәйтерек

Бәйтерек Астана қаласында 2001 жылы салынған мәдениет және сәулет туындысы. Бәйтерек Астана қаласының жаңа орталығының орта тұсында орналасқан. Әсемдеп жасалған темір конструкциялардың жоғары жағында жұмыртқа бейнесіндегі шар орналастырылған. Бұл аңыз бойынша самұрықтың жұмыртқасы іспетті. Жұмыртқа байлықты, дәулетті, тыныштықты білдіреді. Өйткені самұрық құс өз дұшпандарынан сақтанып, жұмыртқасын осындай биік ағаштың басына салады екен. «Астана-Бәйтерек» монументі – Астананың нағыз символы, оның танымал карточкасы. Құрылым биіктігі 105 метрді құрайды. Салмағы 1000 т асып, 500 қалқаға тіреледі. 97 метрді құрайтын көрініс кешені заманауи қаланың көркем бейнесін ашады. 97 саны кездейсоқ емес, ол астананың Алматыдан Астанаға ауысуын білдіреді.

Панорамалық зал ортасында 17 жапырақтан тұратын, 17 әртүрлі әлем діндерінің уәкілдерінің қолы қойылған ағаш глобусы орналасқан. Ал қасында монументті жасау ойы туындаған Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алақанының ізі бар. Егер алақанға қолды қойып, арман-тілек тілесе орындалады деп айтылады.

«Бәйтерек» кешенін жобалаушы архитекторлар тобы А.Рүстембеков (топ жетекшісі), С.Базарбаев пен Ж.Айтбалаев, инженер-конструкторы М.Вахштейн, интерьер дизайншысы А.Оспанов; сондай-ақ оның жобасын жасауға “Аэропорт” ААҚ, “ЭМК” ЖШС, “Архфонд” ЖАҚ, Архитекторлар одағы және “Алуа” ЖШС секілді қазақстандық жетекші фирмалардың мамандары қатысты; ал құрылысын “Имсталькон” ААҚ құрылыс компаниясы (бас директоры В.Т. Кананыхин) салды. Бәйтерек бейбіт өмір мен келісімге ұмтылған барлық қазақстандықтардың ғұмырлық мұратын білдіреді.

Мәтін тапсырмалары

1-тапсырма. Мәтінді оқып аударыңыз.

2-тапсырма. Мәтінге сөздік жасаңыз.

3-тапсырма. Суретте не бейнеленген? Ол туралы не айта аласыз?

1-жаттығу.Мәтінге тірек сөздер жазыңыз.

2-жаттығу . Бәйтеректің архитектуралық ерекшеліктерін сипаттап жазыңыз.

3-жаттығу. Туған жеріңіздің ескерткіші туралы ақпарат дайындаңыз.